Ұстаз-ол біріншіден ана, әйел заты, құдіретті күш иесі. ”Алғашқы ұстаз мектеп жүрегі”- демекші: Ұстаз деген мәңгі өшпейтін, мәңгі жасайтын есім - дегендей менің алғашқы ұстазым – Кабенова Шолпан Социалқызы. Мен алғаш рет мектеп есігін ашқанда мені мейіріммен құшақ жая қарсы алды. Ол ақылды, білімді, мені алғашқы әліппені оқуды, жазуды үйретті. Бастауышта сабақ берген ұстазым -Кабылдина Жұлдыз Мырзабекқызы. Ол кісіге айтар алғысым шексіз. Жұлдыз апай ешкімге ұқсамайтын, өте мейірімді, кең пейілді, еңбекқор адам. Барлығымызды өз баласындай көріп, әлі де ақылын айтып жүреді. Жұлдыз апайдың орны әрқашанда ерекше. Ол кісіден үйренгенім көп: жаттауды, мазмұндауды, оқуды, өз білгенінді ешкімнен жасырмай айтуды үйретті. Жұлдыз апайдың шәкірттері өте көп. Шәкірттері Жұлдыз апайға әлі де алғыстарын жаудырып, ұмытпай, үнемі құрмет тұтып, әрбір қоңырау сайын жүгіріп барып, хал-жағдайын сұрап кетеді. Ол шәкірттерінің артынан біз ердік. Бізде қазір Жұлдыз апайға барып амандасып, қал-жағдайын сұраймыз. Ол кісіні құрмет тұтамыз.
“Бастауышым-бал бұлағым деп”,-бастауышты аяқтадық. Сосын ортаңғы буынға аяқ бастық.
Біз қазір ортаңғы буындамын, 6 сыныпта оқып жүрмін. Менің білгенім
әр пәннің мұғалімі әр түрлі. Сабағымыздың үлгерімі жақсы.
Ұстаз-деген ұлы есім. Ақылшы, досым, жанашырым -Зилькенова Алтын Айтмағанбетовна. Алтын апай біздің сынып жетекшіміз және математика пәнінен бізге сабақ береді. Алтын апай арқылы математика туралы бар тақырыптарды біліп жатырмыз. Ол мейірімді,а қкөңіл мұғалім
Алтын апай тәлімін,
Алғандар жаман болмайды.
Оқушылардың, бәрінің,
Ертеңгі гүлдеп жайнайды.
Алтын апай үнемі
Білім нәрін береді.
Балажан ұстаз әрқашан,
Ол- мектептің жүрегі!
Ұстаз мен үшін ең қымбат, ең ардақты адам. Себебі, олар бізді білімге баулып, тәрбие береді. Мұғалімнің талабымен жақсы оқып жүрсек, ары қарай орта, жоғарғы сыныптарда жақсы оқитын боламыз. Оқу оқып, жаза білген өте жақсы.
Менің жақсы көретін пәнім - математика, орыс тілі, қазақ әдебиеті. Математиканы жақсы көретін себебім -өскенде әр түрлі мамандыққа түсе аласың.Орыс тіліні жақсы көретінім-орыс тілі қандай жағдайда болсын керек болады. Ауылда жүрсең де, қалада жүрсең де керек болады. Әдебиетті жақсы көретін себебім біздің –Зәуреш апай әдебиет пәніне қызығушылығымызды ояттты. Егер де Зәуреш апай бізді кітапқа құмар етпесе, біз кітапты оқымай, бет-бетімізден кетер едік. “Оқыған жетер –мұратқа”-, демекші оқығанды жақсы көремін. Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі...
Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы.
Білім алып, тәрбиеңді құптағанмын,
Ұстаз жолын өмірге ұстағанмын
Дүниеде қымбат жан біздер үшін,
Еңбегің жана берсін ұстаздарым.
***
Жарқын жүзді ұстазым,
Мейірімді, сабырлы
Ауызыңнан шыққан сөз,
Біз-шәкіртке қадірлі.
Тағы да бір жақсы көретін пәнім-тарих. Тарихтан беретін апайым -Тлеубаева Алия Алибаевна. Алия апай көп оқыған, тоқыған адам.Тарих пәні ол кісіні көп жетістіктерге жеткізді. Алия апай бізге білім беруден жалықпайды. Барлық ұстаздар шәкірттеріне не үйретті, оқушылары соны жетік меңгергенін қалайды.
Әрбір ұстаздың еңбегі ауыр әрі жауапты. Мен осы маған үміт артып отырған ұздарымның үмітін ақтаймын деп ойлаймын. Оқуды “Білімдінің күні жарық” демекші ұстаздарымның арқасында қызыл дипломға бітіргім келеді.
Ұстаздарымыз біздің дүниемізді түсінеді, бізді ренжітпейді, қателесіп кететін болсақ, ақылмен қатемізді түсіндіреді. Әр мұғалімнің борышы-ұстаз деген ардақты есімді арындай таза ұстау, жақсы ұстаз атану. Ұстаз-деген өз пәнін, кәсібін, барлық шәкіртін, мектебін жақсы көруі керек. Ұстаздың қаншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі, өзін қоршаған орта мен барлық шәкіртіне жауапкершілікпен, сезімталдықпен қарым-қатынас жасауында. ХХI ғасыр білімділер, біліктілер ғасыры екен.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршасада осы жылдың бойында,
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.
Маған әр ұстаздың дидары елестеп, еріксіз қиялға батырып, жарқын естеліктерге жетелей жөнеледі. Мен әр ұстазымды мәңгі бақи мақтан етіп өтемін.
Ұстаз - өмірлік тәжірибиесі бар, мол, нағыз ізденімпаз, ұшқыр ойлы маман. Тағы бір жақсы көретін ұстазым - Күлшара Қабылбекқызы. Күлшара апай бізге бастауыш сыныпта өзін-өзі тану сабағынан берген болатын. Ол кісі сабақты бізге түсінікті қылдырып түсіндіреді. Күлшара апай қазір-Биология-валеология, өзін-өзі тану сабақтарынан береді.
Ардақты ұстаз, дара тұлға,
Білімнің нәрін сепкен қыз бен ұлға.
Аяулы ұстаз, ақылы дана,
Әр күнімді бөлеген сәулелі нұрға.
Жақында 4-қазанда Ұстаздар күні болды. Бұл мейрам әрбір жыл сайын тойланады. Ұстаздарымызды төл мерекесімен құттықтаймыз! Ұстаздарымызға тілейтінім: жұмыстарыңызға жеміс тілейміз, өмірлеріңіз ұзақ болсын. Тек Аллаһ Тағала ұстаздарымыздың санын көбейте берсін!