kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шәкәрім мақаласындағы есімдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шәкәрім мақаласындағы есімдер.  Шәкәрім мақаласында кездесетін кейбір есімдер туралы жазылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шәкәрім мақаласындағы есімдер»

Шәкірім мақаласындағы есімдер

Алғали А.Н.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.

Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды.

Адам санасына сіңіп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем шығармалардың тәрбиелік мәні зор.

Шәкәрім Құдайбердіұлының артынан мол мұра қалды. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрді. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік-ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған. Хафиз, Физули, А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды [1, 10 б.].

Кезінде Шәкәрімнің қазақ баспасөз беттерінде оның ішінде «Айқап», «Сарыарқа», «Қазақ», «Қазақ тілі» газет-журналдарында көптеген мақалалары жарияланып тұрған. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» атты мақалалары жарияланған.

«Би һәм билік туралы», «Қазақта ай аты жоқ», «Ашық хат», «Семей обылысына қараған барша қазақ ағайындарына ашық хат», «Сын әм сынауды сынау», «Сөз таласы», т.б. еңбектерінде қазақ қоғамының дамуының әлеуметтік-саяси мәселелерін қозғайды. Ақын елді жөндеудің басты  жолы билікті жөндеу деп біледі. Әділетті билік қана ел мүддесін көздейтін бір шараларды жүзеге асырады. Сондықтан билікке шын таза жандардың, білімділердің отырғаны абзал деген ұранды уағыздайды.

Би мен билік жөнінде билеуші мен биліктің ара қатынасын ашып, қазаққа тиімді жолдарын көрсетеді. Шәкәрім мақаласында қазақ халқының мақсат-мүдделеріне сай келетін биліктің маңыздылығына мән береді. Халықтың көкейкесті мәселелерін шешуге қабілетті, биліктің тиімді жағына назар аударады.

Шәкәрімнің оқу-ағарту, ұлттық әдет-ғұрып, қазқ шежіресі сынды сан алуан өзекті мәселелерге арналған парасат пайымындағы сыншылдық ойтолғамына құралған «Керек», «Жазу мәселесі», «Барша қазақ білімділеріне ашық хат», «Өтініш», «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды: Керей таңбасы жайлы», «Билік туралы» мақалалары жарық көреді. «Егер де арғы жердегі сөздердің қатесі бар деушілер болса, оны дәлелмен, білімді жұрттың шежіресімен анықтау керек. Олай болмағанда, құр ғана «менікі дұрыс» деген толық бола алмайды» деп ата тарихының мәуелі арнасы шежіре түзеуде адалдықпен ақиқат жолын нұсқайды. Қазақтың басты руларының шежіресін кітапша етіп бастыру керектігіне қатысты ұсынысын да айтады. «Қазақ» газетінде Шәкәрімнің жарық көрген кітаптарына, қоғамдық қызметі, шығармаларына қатысты маңызды деректерге құралған түрлі сипаттағы мақалалар молынан жарық көрді [2,464 б.].

Сол мұраларының ішіндегі құндысы әр жылдары шыққан «Қазақ», «Сарыарқа», «Қазақ тілі» газеттерінде, «Айқап» журналындағы мақалалары болып табылады. Шәкәрімнің көтерер жүгі бар сүбелі мақалаларын оқып отырып, мақаласының мазмұнына, тарихына, өзіндік ерекшеліктері бар. Мақалаларын оқып отырғанда Физули, А.С.Пушкин, Бичер-Стоу есімдерімен қатар Шаһ Тахтинский есімі де кездеседі. Мәселен, «Қазақ» газетінің 1913 жылғы №22 санында жарық көрген «Жазу мәселесі» мақаласында Шаһ Тахтинский есімі кездеседі. Мақалада «Қазақ дыбысына қарай харіф түзету турасындағы ойым: бұл харіф түзету деген бүгін басталған сөз емес. Шаһ Тахтинский «уәу» орнына цифрлар да салып қараған. Бірақ оны қауым қабыл алмаған соң қалған. Және біздің харфіміз араб харфі; оны өзгертуді жұрт ұнатпайтындығы белгілі болған» деп жазылған [3,46 б.]. Шаһ Тахтинский кім деген, Шәкәрім онымен қалай таныс болған деген сұрақ кімді болса да ойландырады.

2008 жылы жарыққа шыққан «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясында Шаһ Тахтинский есімін кездестіре алмадық. Энциклопедия - белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталған, ғылыми ортаға және көпшілік оқырманға арналған анықтамалық басылым. Олай болса Шаһ Тахтинский есімі энциклопедияға неге енбей қалған деген сауалдың тууы заңды нәрсе. Дерек көзіне сүйене отырып, шын мәнінде Шаһ Тахтинский кім дегенге тоқталып кететін болсақ: Мұхаммед - Ага Мұхаммед –Таги Сұлтан оглы Щахтахтинский (Мамед - Ага Шах -Тахтинский) – аса көрнекті Әзербайжанның публицисті, ағартушы, шығыстанушы, тілтанушы, педагог, қоғам қайраткері, Халықаралық фонетика қоғамының мүшесі, Халықаралық Азия қоғамының мүшесі, Кавказдағы бөлімде императордың орыс географиялық қоғам мүшесі. Өзінің ғылымдағы ізденісін Германиядағы Шығыс тарихын зерттеуден бастайды. XIX ғасырдың 70 жылдары Щахтахтинский М.Ф.Ахундовтың ізбасары болып жүріп, араб алфавитін қайтадан жасап және өзгертуде ізбасары болады. Алғаш рет Шығыс тарихында қайтадан алфавитті жасап, өзгертіп 1879 жылы Тифлисте «Жетілдірілген мұсылмандық алфавит» деген кітабын жариялады. Біршама уақыт «Московские ведомости» газетінде қызметкер және Станбулда арнайы тілші болып жұмыс істейді. 1891 – 1893 жылдар арлығында «Каспий» газетінде уақытша редактор болады. Щахтахтинский 1898 жылы «Тифлис» газетін әзербайжан тілінде шығармақшы болады, бірақ патшалық цензура газетті шығаруға рұқсат бермеді. Сол жылы Щахтахтинский Европаға кетеді. 1902 жылы дейін Парижде өмір сүреді және сонда шығыс тілінен Француз колледжінде сабақ береді. Щахтахтинский профессор П.Пассина жетекшілігімен Сорбон университетінде фонетика саласында зерттеу жұмысын жүргізеді және 1901 жылы Француз лингвистінің құрмет дипломын алады. 1902 жылы Тифлисте арнайы типография ашады, сол жерде 1903 жылыдың наурыз айынан бастап «Шарги - Рус» (Русский Восток) газетін шығарады. «Шарги - Рус» (Русский Восток) газетінде көкейкесі саяси ақпараттармен қоса Ресей елінде тұрып жатқан мұсылман қауымының өміріне аса көңіл бөлінеді. Біруақытты «Шарги - Рус» (Русский Восток) газетінде жаңа әдеби шығармалар, оның ішінде маңызды орын алған аудармалар жарияланады. Ол араб алфавитін латын тіліне көшуді насихаттаған[4]. Шаһ Тахтинский кім дегенге жауап бергенмен, Шәкәрім шын мәнінде Шаһ Тахтинскиймен байлаланысын нақты тарихи деректермен дәлеледуді қажет етеді. Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ» газетіннің 1914 жылғы 4 апрельде жарияланған «Өтініш» мақаласында былай дейді: «47 – нөмір «Қазақтағы» Досмұхаммед Тілшібай қажы баласының «Аш, жұтаған, ауған қазақ» деп бастаған сөзінен мағұлым болды: Жизақ уезі Қызылқұм болысында біздің арғын тобықты нәсілінен ел бар екендігі». Осындағы Досмұхамед Тілшібай есімі кейінгі жинақтарда әр алуан берілген. Тағы бір ескеретін дүние «Қазақ» газетінің 1914 жылғы №47 санын парақтар қарағанда «Аш, жұтаған, ауған қазақ» мақаласының соңында автор ретінде Досмұхаммед Қылышбай қажы баласы деп көрсетілген. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлының 2007 жылы «Жібек жолы» баспасынан шыққан екі томдық шығармалар жинағында осы есім Досмұхамед Нілшібай деп берілген [5,300 б.]. Бір ғана есімнің неліктен әр баспада әр түрлі берілгендігін анықтай алмадық. Шәкәрім Құдайбердіұлының артынан мол мұра қалды. Кеңестік заманның әділетсіздігінен зардап шегіп, қарақшының қанды қолынан қаза болған көрнекті ақын, философ әрі сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының соңында қалған мол мұрасымен туған халқы кешігіп қауышты. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы әр түрлі ғылым салалары тарапынан зерттеліп, соңғы жылдары Шәкәрімтану жеке ғылым саласы ретінде біршама жетістіктерге жетіп, қалыптаса бастағаны белгілі. Шәкәрім болмысының күрделілігі мен оның қалдырған мұраларының сан салалы сипаты әр түрлі ғылым өкілдерінің назарын аудартып тың ізденістер тудыруда. Болашақта жоғарыда айтылған Шәкәрім мақалаларында кездескен есимдерді нақтылап зерттеп, мәнін ашса деймін.





Пайданылған әдебиеттер

  1. Мұқаметқанов Қ.Шәкәрім (Өмірі мен шығармашылығы жайында). – Алматы: Жалын.1992.

  2. ШӘКӘРІМ. Энциклопедия. – Семей, 2008.

  3. «Қазақ» газеті 1913 жыл. – Алматы: Арыс, 2009.

  4. Интернет желісі (yandex.ru)

  5. Шәкәрім Құдайбердіұылы шығармалары .2 том. – Алматы: Жібек жолы, 2007.














































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шәкәрім мақаласындағы есімдер

Автор: Алгали Айым Нурланкызы

Дата: 02.04.2017

Номер свидетельства: 405910

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Дара ж?не к?рделі  сан есімдер "
    ["seo_title"] => string(36) "dara-zh-nie-kurdieli-san-iesimdier-1"
    ["file_id"] => string(6) "177235"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424607001"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""К?мекші есімдер. Астананы? к?рікті жерлері" "
    ["seo_title"] => string(48) "komiekshi-iesimdier-astananyn-korikti-zhierlieri"
    ["file_id"] => string(6) "199318"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428566899"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Елімні? есіл ерлері"
    ["seo_title"] => string(23) "ielimnin-iesil-ierlieri"
    ["file_id"] => string(6) "210050"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431358636"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі."
    ["seo_title"] => string(37) "mag_zhan_zhu_mabaiev_suiiemin_olien_i"
    ["file_id"] => string(6) "409261"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492186849"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сынып са?аты "Ер есімі - Ел есінде""
    ["seo_title"] => string(31) "synypsagatyieriesimiieliesindie"
    ["file_id"] => string(6) "266436"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450163642"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства