kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Пути внедрения программы по трехъязычию в школе

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данной статье описываются эффективные пути внедрения трехъязычия в школе. Сохраняя традиций, культуру, язык своего народа, мы будем изучать английский язык наравне с родным языком.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Пути внедрения программы по трехъязычию в школе»

К.Х.Смагулова

«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасының мектепте қолдану жолдары

«№ 33 мектеп – балабақша кешені» КММ

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы


Менің қозғайын деп отырған мәселем оқырмандықты уағыздау арқылы тілді дамыту болмақ. Оның бірнеше себептері бар. Өзім үшін жеке оқу тәжірибе философиясын құру, оқушылардың тілдік мүмкіндіктерін дамытуға мазмұнды орта құру. Себебі, бастауыш сыныптан бастап сапалы оқыту ортасын құру қажеттілігі туды, өйткені біздің балалар жоғары сыныптарға барғанда жаратылыстану-математика бағытында пәндерді үш тілде меңгермек. Байқап зерделесеңіз қайбір тілдік пән болмасын, мейлі қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі оқулықтар мазмұны бастауыш сыныптардан бастап дерлік 70 пайызы грамматикалық, фонетикалық, пунктуациялық құрғақ материалдардан тұрады, бағдарламаның негізі лингвистика ғылымын қамтиды. Мүмкін, сондықтан болар, тіл мамандары алдында сауаттылық туралы сөз қозғасаң олар көп жағдайда жазу сауаттылығымен байланыстырады. Баланың тілі толыққанды шықпай жатып, ойды жүйелеп сөйлеуді үйренбей жатып немесе енді ғана өз ана тілінде, не орысша, не ағылшынша сөздерді үйреніп жатқан балаға фонетикалық талдау жасату немесе қайта-қайта ережені сұрап, өмірлік түсінік беретін астарлы ойы жоқ жаттығулар мен диктант жазғызып сол үшін төмен бағалап жатқанымыз біздің қай сасқанымыз,-деп ойлансам да бұл жағдаятты әріптестерім арасында күнде көремін. Тіл дамыту бағытында грамматикалық білімді жаттап, оны өмірде де емес тек оқулықтағы жаттығуларда ғана қолданып, сонымен оқулық жабылып, тіл дамыттық деп мәз болып масайрағанымыз менің ойымша артық жұмысбастылық, артық әрекет, күнделікті біліммен байланысы жоқ теорияға ұрынғандық деп есептеймін. Сыныптан сыныпқа өткенше осы жүйені қайталай беру оқушының танымдық қызығушылығын төмендетіп, тіпті тәрбие ортасының жойылып кеткенің де байқайсың.

Оқушылармен I тоқсан барысында күзгі каникулға дейін мәтіндерді оқып талқылауды үйрендік. Орыс тілі болғандықтан ең бірінші «Ботақаным» журналындағы «Без семьи» атты жетім бала Джон туралы әңгімені оқыдық. Балаларға қатты әсер етті. Сабақ «Что значит для Вас семья? Что вы знаете о детях-сиротах, которые живут в детских домах?» деген сұрақтардан басталуы сабаққа деген сезімді оятты. Сабақ барысында қызық ситуациялармен пікірталас туындады. Әртүрлі көзқарастар болғанына оқушылар өздері таңқалысты. Соңында эссе жазумен айналысып, Ботақаным авторы Аида Сұлтановаға да хат жазғымыз келді. Қиын сөздер көп кездескен жоқ, өйткені әңгіме өте жеңіл, бала тілімен жазылған. Келесі іс –әрекет менде күнтізбелік жоспар «Имя существительное как часть речи» болғандықтан, мен осы мәтінмен жұмыс жасауды жалғастыруды шештім. Бірақ біз бір сағат бойы қазақ тілінде «Зат есім» туралы ақпараттар мен орыс тіліндегі ақпараттарды салыстыра отырып «Имя существительное» деген текст жасадым, оны оқып толық танысып, талқылап шыққаннан соң әдеби мәтінің ішіндегі барлық зат есімге қатысты сөздерді іздестірдік, қазақша баламасын таптық, салыстырдық, сұрақ қойдық. Оқушыларға мәтін таныс болғандықтан, оларға ақпарат іздеу қызықты болды.

Тіл сабақтары нағыз оқырманды тәрбиелеуші орта болуы керек екенін жақсы түсіндім. Тіл сабағында тек қана жаттығулардың ішіндегі грамматикалық тапсырмаларды орындаумен шектелу дұрыс емес деп санадым. Бала үнемі оқымаса, сөздің жазылуымен, айтылуымен, мағынасымен, төркінімен күнделікті кездесіп отырмаса, оны талқыға саомаса ол қайдан сөз танымақ? Тағы да бір түйсік қалыптасты: оқу процесінде балалар да, мен де сөз тұрмақ, өзімізді де жаңа қырынан тани бастадық. Ең бастысы менің терең ұғынғаным оқырмандықты дамыту баланың бойында кездесетін түрлі проблемалар мен кедергілерді кешенді түрде шешілуіне даңғыл жол салады деген қорытынды жасадым:

Олар:

  • тәрбиелік орта құрылуы;

  • танымдық қабілетті арттыруды;

  • сыныптағы қарым-қатынасты түзеу;

  • қоршаған ортаға сыни көзқарасты тудыруы;

  • тілдік мәдениетті дамытуды кеңейтуі;

  • оқушының өз қоғамында әлеуметтенуі;

  • өзін-өзі оқыту социумының рөлін түсінуі;

  • сауатты оқуға немесе жазуға ғана емес, сауатты азамат болып қалыптасуға мүмкіндік алуы.

Оқушыларымның бойындағы қасиеттер осы және басқа да өзгерістерді қамтыды. Өз сыныбымда 21 оқушы бар. Қысқы каникулдан кейін 20 оқушыда өз кітаптары болды. Кітаптар әр тарапта болды, танымдық –жер, космос, жануарлар әлемі, әйгілі адамдар туралы, сондай-ақ, түрлі әдеби кітаптармен және ертегілер мен аңыздардан тұрды. Осы тамаша кітаптар бізге оқулық орнына жүрді деп айтсам қателеспеймін. Күнделікті сыныпқа келгеннен кейін дәптерді ашпай жатып, әркім жеке өз кітабынан бір үзінді оқимыз:

  • Мен оқыған жолдардан ойыма не тоқыдым?

  • Осы оқыған бөлімнен не түсіндім?

  • Авторға, досыма немесе өзіме деген менің сұрағым.

Осы сұрақтар бойынша біз үзіндіні жұпта және топта талқылаймыз.

Оқушы өз бетімен кітап оқуға дайын болғанға дейін оны жетелеу, уағыздау, үйрету бүгінгі күннің сауатты азаматын тәрбиелеу дегеніміз, ол – өзекті екенін түсінетін кез келіп, уақытынан озып барады.

«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы идеясының авторы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ең алғаш рет бұл идея 2006 жылғы қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында айтылған болатын. Үштұғырлық идеясы мынадай қарапайым және түсінікті формуладан тұрады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін оқимыз. Азаматтардың үш тілді игеруіне бағыт ұстаған қазақстан қазіргі күнгі жағдайды ескереді: тілдердің үштұғырлығы елдің бәсекелетік қабілетінің көрінісі болып табылады. Кезінде Абай атамыз қазақ халқын орыс тілін оқуға шақболатын, әрине ол орыс тілі мен орыс мәдениеті арқылы ұлтымыздың әлемдік өркениеттің жемісіне ие болатынын түсінгендіктен айтқан еді. Дәл солай болды да. ХХI ғасырда біздің алдымызда жаңа міндеттер туындады: өз түп-тамырымызды, ана тіліміз бен мәдениетімізді сақтай отырып, біздің технологиялық және гуманитарлық серпінді әлемдік процестерді де игеруіміз қажеттілігі туды. Бұған ағылшын тілі арқылы жете аламыз.

Қазіргі күні ағылшын тілі Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда және Кариб теңізі бассейні мен Оңтүстік Африка Республикасында, Ирландияда қолданылады және орыс, араб, португал, испан, қытай тілдерімен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс тілдерінің бірі болып табылады. Бұрынғы Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарының барлық отарларында да өз әлеуетін сақтап жүр. Жалпы Әлемдік рейтингте ағылшын тілі бірінші орынды алады, мәселен Интернетте ана тілінде сөйлеушілерінің саны қытай тілінен кем болғанына қарамастан ағылшын тілі қолданушыларының саны бойынша бірінші орында тұр.

Енді тақырыбымызға қайта оралып, ағылшын және қазақ тілдеріне қатысты мәселелерге тоқтала кетсек. Ағылшын тілі Қазақстанда елеулі орын ала бастады және бұл өте жақсы үрдіс. «Тілдерді үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған ағылшын тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасын арттыру және үш тілде оқытуды дамыту жөніндегі мәселелерді қарастыру қажет. Сондай-ақ, оқушылардың түрлі санаттарының ағылшын тілінде толыққанды білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындауды жүзеге асыру керек. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік және орыс тілдерін оқып-үйреніп қана қоймай, олардың әлемдік экономика тілі – ағылшын тілі оқуы мәселесін шешу көзделгені де біз үшін маңызды.

Тілді меңгеру үшін тыңдаушылардың сабаққа жүйелі түрде қатысып, бағдарламаны толық меңгеруі керектігін барлығымыз жақсы түсінеміз. «Қазақтың ақылы – көзінде, қасиеті - сөзінде» - дегендей, халықтың мүмкіндігінше бақуатты болғанын мен де қалап отырмын. Біз барлығы да тез болса екен дейміз. Бірақ, ол болмайды. Келе жатқан арбаны шұғыл бұрып, аударып тастауға да болады. Қазақтың мақалы бар ғой: «Асықпасаң, арбамен қоянға жетесің» - деген. Неше жүздеген ұсақ халықтар жер бетінен мәдениетімен, тілімен қоса құрдымға кетті. Кедейшіліктен ептеп күн көрерміз-ау, бірақ тілсіз өмір сүре алмайсыз, ағайын! Осыны ұмытпайық!



Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қарымсақұлы Итен, «Мемлекеттік тілдің қажеттілігі» // Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту, №1, 2004.

  2. Ткатова А., «Тіл-достықтың тірегі» // Қазақ тілі, №1, 2011.

  3. Оралова Л., Мухышева Г. «Қазақ тілді ортада ағылшын тілін үйренудің кейбір ерекшеліктері», Семей, 2012. 598 б.

  4. Рахымбаева М., «Тіл сабағында грамматикалық талаптарды қалай шешеміз» // Исследование процесса обучения. Лучший опыт учителей. Алматы, 2009, 226 б.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Пути внедрения программы по трехъязычию в школе

Автор: Смагулова Кульзия Хасеновна

Дата: 08.06.2019

Номер свидетельства: 513990

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Актуализация идеи  триединство  языков в контексте интегративного обучения "
    ["seo_title"] => string(85) "aktualizatsiia-idiei-triiedinstvo-iazykov-v-kontiekstie-intieghrativnogho-obuchieniia"
    ["file_id"] => string(6) "126960"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415249804"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства