Просмотр содержимого документа
«Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы.»
Турысбекова Жанар Кажимовна
ШҚО, Үржар ауданы,Таскескен ауылы
«Үржар колледжі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әзілхан Нұршайықовтың өмір жолы мен жазушылық қызметі,шығармашылығынан мағлұмат беру.«Ақиқат пен аңыз» романының тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылық: Студенттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін,рухани жан дүниесін байыту.Ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік:Жазушы шығармалары арқылы студентерді адами қасиеттерге баулу,азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ типі: іздендіру сабағы Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,шығармашылық зерттеу.
Пәнаралық байланыс:тарих.
Көрнекілігі: Әзілхан Нұршайықовтың портреті,кітаптар көрмесі. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, дайындығына назар аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Зейін Шашкин «Доктор Дарханов» мазмұнымен танысу.
3.Жаңа сабақ.
Мұғалім: Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Болашақ жазушы сегіз жасқа толғанда ата-анасы қайта құрылған «Ақбұзау» деген колхозға көшіп келеді.Осында Әзілхан алғаш оқуға барып,жеті жылдық мектепті бітіреді.Әзілхан 14 жастан бастап поэзияға ден қоя бастады.Алғашқы өлеңдері мен мақалалары аудандық,облыстық және республикалық басылымдарда жарық көре бастады.Жас ақын Семейдегі Абай атындағы Қазақ педагогикалық училищесіне оқуға түседі,оны аяқтаған соң сол қаладағы н.Крупская атындағы педагогикалық институтта оқиды.1940 жылы жарма облысындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады.1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда 19 жасар Әзілхан Қызыл Армия қатарына шақырылады.Ол бүкіл майданды 100-інші Қазақ атқыштар бригадасында командир болып жүріп өтті. Калинин ,2-ші Прибалтика,1-ші,2-ші Белоруссия майдандарында шайқасты.Соғыс кезінде Әзілхан Нұршайықовтың Ақын Жамбылмен хат жазысқаны кеңінен мәлім.Осы хат жазысу бойынша Әзілханның «Жамбылға хат» атты кітабы жарық көрді.1946 жылы Әзілхан өзін майданнан тосқан сүйіктісі Халимамен шаңырақ көтереді.1948 жылы Ақбұзау ауылында Жанна есімді тұңғыштары дүниеге келеді,алайда бала сәби кезінде шетінеп кетеді.
Әзілхан мен Халима қайғыны ұмыту үшін Алматыға қоныс аударады.Халима қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне ,Әзілхан С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі.Оңың оқытушылары белгілі қазақ жазушылары М.Әуезов пен С.Мұқановтар болды.Ә.Нұршайықов М.Әуезовтің «Абай жолы» романын ұстазына сыйлыққа тура окоптан әкеледі.Ұлы жазушы шет-шеті отқа шалынған кітапты иіскеп тұрып, «Оқтың иісі шығады» деген екен.Университеттен кейін Әзілхан «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында істейді.Жай әдеби қызметкер ретінде бастап 17 жылдың ішінде бас редактордың орынбасары дәрежесіне дейін көтеріледі.1953-1956жылдары «Қызыл ту» Павлодар облыстық газетініңредакторы,1963-1965 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды.Кейін М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болып,қазақ театры Тарихының бірінші томын құрастыруға атсалысты.1968 жылы оны қайта ашылған Қазақ совет энциклопедиясының редакциясына жіберді.Осы жерде ол тіл,әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі болып бес жыл жұмыс істеді.Журналистік қызметпен қатарӘзілхан Нұршайықов жазушылықпен де айналысады,очерк жанрының шеберіне айналады,повестер мен романдар жазады.1956 жылы «Дружба народов» журналының №11-санында «Қазақстан жолдарымен» атты очеркі жарық көреді.Сол кезде Жазушылар Одағын басқарып отырған Ғабит Мүсірепов осы очеркті оқыған соң Ә.Нұршайықовты Одаққа мүше ғып қабылдайды.Бұл жас автордың әдеби еңбегіне берілген жоғары баға еді.Қанаттанған Ә. Нұршайықов бірнеше жинақтарын баспа беттеріне береді.Шын мәнінде халық ықыласына бөленген туындысы-«Махаббат, қызық мол жылдар»романы (1970).Романда таза ,ақ махаббат,шынайы достық,кейіпкерлер арасындағы тартыс қызықты суреттеледі.Роман оқырмандар сұрауы бойынша бірнеше рет қайталанып басылып шығады.Келесі көрнекті туындысы- даңқты батыр Бауыржан Момышұлына арналған «Ақиқат пен аңыз» романы (1976).
Ә.Нұршайықов қазақ әдебиетіндегі үздік жазушы-мемуаристердің бірі болды.Оған дәлел-1985 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Екі естелік» кітабы.Мұнда қазақ әдебиетінің классиктері-Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов туралы естеліктер топтастырылған.Филология ғылымдарының докторпы Бакытжан Майтанов бұл туынды туралы: «Бұл кітап М.Әуезов пенС.Мұқановқа қойылған әдеби ескерткіш»деген баға берді.2001 жылы жазушының жары Халима қайтыс болды.Жазушы жарының қазасына қатты қайғырып, «Халима туралы жиырма сөзін» жазады.Бұл повестің желісімен кейіннен 2005 жылы «Мәңгілік махаббат туралы аңыз» атты поэма-кітап жарық көрді.
Әзілхан Нұршайықов-Қазақстанның халық жазушысы,Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,А.Фадеев атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты,Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі,соғыс ардагері.III дәрежелі Даңқ орденінің(1944), «Құрмет белгісінің»(1956), «Халықтар достығының»(1984), «Парасат»(2005), «Отан»(2010)ордендерінің, «Ерлігі үшін»(1943) т.б.медальдардың иегері.Жазушы 2011 жылы12 ақпанда қайтыс болды.
4.Бекіту.
1.Әзілхан Нұршайықовтың өмірі туралы әңгімелеңдер.
2.Ә.Нұршайықовтың басты шығармаларын атаңдар.
2.Жазушы романдарының құндылығы неде деп ойлайсыңдар?
5.Үй тапсырмасы.
Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқып келу.
«Ақиқат пен аңыз» романын оқып шығып,мазмұнын меңгеріп келу.Басты кейіпкерлерге мінездеме беру..