Жамбыл – асқан шебер жыршы, ол кісі жырды айтудың өзін шығармашылық деп түсінеді, яғни Жәкең белгілі эпосты жырлаған шақта да импровизация жасап отырады. Бұған Жәкең жырлаған “Өтеген батырдың” екі нұсқасын салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Бір сюжетке құрылған екі шығарма болып шыққан.
Жамбыл атамыз өзі «тау етегінде, қақаған боранды күні мен туыппын. Маған сол көне таудың есімі қойылыпты. Бұл 1846 жылдың ақпан айы екен. Менің әкем – Жапа, шешем Ұлпан көшпелі кедей болған» дейді.
