Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Суреттерді ретімен орналастырып, әңгімелейді, мәтіналды тапсырманы орындайды, Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: 2-тапсырмада берілген мәінді мұқият оқып, негізгі ақпараттарды анықтайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: 2-тапсырмада берілген негізгі ақпараттарды жинақтап, өз сөзімен жазады |
Ұйымдастыру 8 минут | Оқушылармен амандасу Сәлеметсіңдер ме, балалар! (оқушылардың жауабы) Жақсы, ортаңғы қатарға шеңбер болып тұрайық. «Сәлем-сөздің анасы» тренингі.-Кел, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер жасайық! Бір-бірімізге қарама-қарсы жұп болып тұрамыз. Бір-біріміздің көзімізге тура қарап, қол беріп амандасамыз, хал-жағдай сұрасайық.Сәлемдесіп болғаннан кейін ең басты мәселеге назар аударайық, ең басты байлық-денсаулық, олай болса, көзге, басқа, қолға жаттығу жасайық.:көз- көзге салмақ түседі, көздің алмасын оңға, солға, жоғары, төмен қозғаймыз, басымызға осылай жаттығу жасаймыз, қолымызды , саусақтарымызды шынықтырамыз, ендеше, денсаулықтарың мықты болсын, отбасыңыз аман болсын! | |
Ортасы 27 минут | Суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме құрастырыңыз. Мәтіналды тапсырма «Ой шақыру» сұрақтары Қазақ отбасында бала тәрбиесіне қалай мән берген? Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі Қазақ отбасындағы ер бала тәрбиесі Берілген мәтінді мұқият түсініп оқыңыз. Оқу барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кестенің екінші бағанына белгіленген ақпараттарды қолдана отырып, мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Дескриптор: Білім алушы - мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп алады; - іріктелген ақпараттар негізінде мәтінді өз сөзімен жазады. Тапсырма Берілген мәтінді мұқият түсініп оқыңыз. Оқу барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кестенің екінші бағанына белгіленген ақпараттарды қолдана отырып, мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз (60-70 сөз). Мәтін | Жинақы мәтін | Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. | | | Дескриптор | Білім алушы - мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп алады; - іріктелген ақпараттар негізінде мәтінді өз сөзімен жазады. |
| Оқулық, суреттер Таратпа қағаз, шахмат тақтасы суреті |
Қорытынды 5 минут | Бағалау Қалыптастырушы бағалау Рефлексия пирамидға жабыстырады Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы (2 мин) 1.Мен ................. білдім. 2.Мен ................. үйрендім. 3.Маған ............ ұнады. 4. Маған ............ қиындық туғызды. 5. Менің көңіл- күйім. | |