Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары»
Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары
10 сынып
І кезең
Аңыз әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
С.Аронұлы мен М.Сұлтанқожаұлы шығармашылығындағы адамгершілік тақырыбы.
“Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...” (ұлы Абайдың рухани мұрасы туралы толғаныс)
Бар жылылық бір өзіңнен тарайды.
ІІ кезең
1.Көп қырлы талант иесі – М.Мақатаев. Поэма дегеніміз не?
2. Пунктуация.
3.Морфологиялық талдау
Өте бір түтеген боран соғып кетпесе, жылқы баласы қандай ызғарлы суықта да желге қарсы қарап қар тебеді.(С.Мұқанов)
Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары
11 сынып
І кезең
Қасым Аманжолов поэзиясындағы достық пен махаббат, елдік пен ерлік, ой мен сезім.
“Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...” (М.Мақатаевтың, Қ.Мырза-Әлінің, Т.Молдағалиевтің жырларына тән сезім иірімдері).
Менің өз туған халқымның, аяулы Отанымның алдындағы перзенттік парызым.
Шымкентім - шырайлым.
ІІ кезең
«Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім – күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген».
Авторы кім? Шығармашылығы.
2. Ықпал, оның түрлері..
3.Морфологиялық талдау жаса.
Дуылдаған той басталып, кешегідей талай тостар айтылып, тамақ ішіліп, енді ойын- сауық пен биге кезек келгенде, тәтті ұйқы қысып манаурай бастады. (С.Мұратбеков)