Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиада – 2016
Блоктар:
- Қазақ тілі – 25 балл
- Математика – 25 балл
- Дүниетану – 25 балл
- Педагогика және психология – 25 балл
Барлығы ең жоғары балл – 100 балл
Тапсырмалар күрделілік деңгейіне қарай 1 балдан 4 балға дейін құрылған.
.
- Қазақ тілі (25 балл)
- Бірде есімдік, бірде шылау, бірде жалғау. Бұл қай сөз? 1б.
- «Қ» әрпінен басталып аяқталатын, оңынан да, солынан да оқығанда бірдей оқылатын 5 сөз табыңыз. 2б.
- Логогриф.
Табиғаттың атауына қоссаң,
Егер бақаны,
Ыстық жерде
Жәндік болып жатады.
0,5б.
Жоғарыда тұрағы,
Бәрін ойлап тұрады.
Қоссам егер бір буын
Кітап,журнал шығады.
0,5б.
Метаграмма.
Әсем жермін, ұлы дүбір думанмын,
Қ-ны қоссаң пешке керек құралмын.
0,5б.
Бұйырсаңыз, етістік боп кетеді,
С-ны қоссаң, айқасатын алаңда ол өтеді.
0,5б.
- Берілген сөздер ненің атын білдіретінін тауып, жақшаның ішіне жазыңыз.
Аққұтан (…….), ақсерке (…….), ерулік (…….), атұстар (…….), бастаңғы (…….), ақсүйек (…….), ұрын бару (…….), зақпы (…….), құбылнама (…….).
2б.
- «Г» әрпіне байланысты ережені жазыңыз. Бұл ереже қай сыныпта? Тақырып қалай аталады? 2б.
- Абстрактілі ұғымды білдіретін 10 сын есім жазыңыз. Бұл сын есімдер қандай сын есімдер (қалай аталады?) 2б.
- Өлең жолдарын жалғастырыңыз.
«Астанама қарашы,
Елімнің жас қаласы.» 3б.