kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жырын тыңда Дулаттың"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, туған елінің тарихи бір кезін жырлап өткен, халқымыздың маңдайына біткен қайталанбас ұлы ақындарының бірі — Дулат Бабатайұлы  Семей облысы, Аягөз ауданының Ақшатау кеңшарында 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау мен Сандықтас. 1871 жылы  атамекенінде қайтыс болған. Осы жерде ақын басына кесене тұрғызылған.Дулат ескіше оқыған, сауатты болған. Ол өз өлеңдерін қолжазба кітап етіп жазып жүрген.Ақынның алғашқы жинағы «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы Қазанда басылды. 1991 жылы бір топ шығармаларын « Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жырын тыңда Дулаттың"»


№20 орта мектеп






(тәрбие сағаты) 5,7-сыныптар


Өткізген: Қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.К.Адилханова










2015-2016 оқу жылы


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жырын тында Дулаттың»
Тәрбие сағатының мақсаты:Елдіктің жырлаушысы, еркіндіктің жоқшысы ақын Дулат Бабатайұлының өмірін, шығармаларын оқушыларға терең таныстыру.
Ақынның шығармалары арқылы елін, халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Д. Бабатайұлының суреті, плакатқа жазылған Дулат Бабатайұлы туралы жазылған пікірлер, ақпарат материалдары, ақын шығармалары,слайдтар
Барысы: Мұғалім сөзі

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, туған елінің тарихи бір кезін жырлап өткен, халқымыздың маңдайына біткен қайталанбас ұлы ақындарының бірі — Дулат Бабатайұлы Семей облысы, Аягөз ауданының Ақшатау кеңшарында 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау мен Сандықтас. 1871 жылы атамекенінде қайтыс болған. Осы жерде ақын басына кесене тұрғызылған.Дулат ескіше оқыған, сауатты болған. Ол өз өлеңдерін қолжазба кітап етіп жазып жүрген.Ақынның алғашқы жинағы «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы Қазанда басылды. 1991 жылы бір топ шығармаларын « Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарды.

ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ.
Дулат ақын,
Заман жыры толғаған,
Бодандықтан тәуелсіз,
Жұрт болуды қорғаған.
Отарлаған патшаға,
Әділет іздеп,
Жыр найзасын жолдаған.
Билеуші, қиянатшыл,
Озбырлармен де алысты.
сөз құдіретімен,
байлап - матап қарысты.
Жауға шауып,
Қылыш - найза сермемей,
майданға түсіп,
Өлең - жырмен сайысты.
Уа, жарандар, ғибрат ал сөзінен,
Келген өтіп, бұлдыр заман тезінен.
Игіліктің ерте - кеші жоқ деген,
Бүгінгі ұрпақ тілдесейік енді өзіңмен.

Дулат Бабатайұлы әдебиетке, соның iшiнде поэзияға қоғамдық сипат берген ақын. Поэзияны өнер, құрал деп танып, оны айта бiлген ақын.Туған өлкесiн, оның сұлу табиғатын сүйiп ардақтаған Дулат өзiн соны қызғыштай қорыған құсына теңейді. «Ата қоныс Арқада», «Әуелгi қазақ деген жұрт»  өлеңдерiнде елi үшiн, туған жерi үшiн жанын пида еткен ерлердiң аянышты қазасын көз алдыңызға келтiредi. Ақын елдiң  қоныстан, жерiнен қысым кiргенiн бүкпесiз жырлайды.

«Ата қоныс Арқада» өлеңі

Ата қоныс Арқадан

Басында қазақ ауғанда,

Күзді күнгі нөсердей

Көзінің жасы жауғанда

Ақтабан боп шұбырып,

Асып асқар таудан да,

Алақакөлді айналып

Ақ қайыңды сауғанда

Арысын белден омырып,

Қалмақ тартып барды алды

Ұйқысы түссіз қанбаған

Ер қалап,ер таңдаған

Берген серттен танбаған

Аққұба ару жарады алды

Тең арқаны қиылып

Артқан жүгі үйіліп

Өрде шөгіп нар қалды

Күз тоқсан,қыстың маусымы

Үдерде тартсаң азбайтын,

Айсыз түнде адассаң,

Ауылыңнан жазбайтын

Аударып алды тарланды

Аш күзендей бүгілтті

Алтын қарғы арланды

Аталақтай ақсақал

Алласына сыйынып

Тілегі мүлде қиылып,

Сәждеде жатып зарланды.

Аналықтай бәйбіше

Көкірегін кернеген,

Күндіз күлкі көрмеген,

Түнде ұйқы бермеген

Көзінен төкті арманды.

Ел үшін кешіп жанынан,

Ереуілге шыққан ер,

Өлексесін құшақтап,

Қала берді туған жер.

Айырылды қанат-құйрықтан

Қанды көз,қайқы қаракер.

Қара бұлтай қабындап,

Халықты басты қайғы-шер.

Сол бетіменшұбырып,

Торғайдай тозып Сыр түсті.

Туған жерді көксететер

Халықта сөнбес сыр күшті

Есін жинап алған соң,

Бозбала үйде жатпады,

Тобышақ атты баптады,

Болат сүңгі саптады.

Ата кегін алмаққа,

Ат терлігін кептірмей,

Жиі аттанды қалмаққа.

Дау аяғы айналды

Жазылмас ауру толғаққа

Кемеліне келген соң,

Арқаны қазақ көкседі,

Арасынан қалмақпен

Бәленің оты өшпеді,

Өшпек түгіл үстеді.

«Әуелгі қазақ деген жұрт» өлеңі

Әуелгі қазақ деген ғаріп жұрт,

Миығыңды көрсетпей,

Ұстарасыз өскен мұрт

Ұйқы басып сезбедік

Шырмағанын жаудың сырт,

Емін-еркін ен жайлап,

Өсіп едің Бұхарда.

Елің сонда жүргенде,

Қызық дәурен сүргенде

Бәйшешек шығып бүргенге

Ерлерің тартпай жабыға

Тартушы еді тұлпарға

Кешегі сенің бірауызды күніңде

Үш жүздің ұлы қараған

Алдынан соның тараған

Әбілпейіз,Абылай-

Екі сұлтан сұңқарға.

Еркін өскен қайран ел,

Дәулетің бейне шалқар көл,

Айдының бейне асқар бел,

Ботадай бейне өскен тел.

Сен Бұхарада кезіңде,

Бәтуа бар сөзіңде,

Келелі биің сенімді,

Қара бір халқы көнімді,

Тыныш еді еліміз.

Шаңына малың аунаған,

Дәулетің өсіп қаулаған,

Тел емес малды саумаған,

Бұхар-ай шәрі дейтұғын

Өскен,өнген жеріңіз.

«Ақтан жас» өлеңiнде Дулат елдi бiрiктiретiн жас батырды армандаса,«О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Аягөз» өлеңдерi туған жердiң сұлу табиғатына арналған.

«Ақтан жас»

О,Ақтан жас,Ақтан жас!

Сен де жетер ме екенсің

Жетімдіктің белінен

Асып өтер ме екенсің

Жарық сәуле көре алмай,

Сол бойы кетер ме екенсің

Жапанға біткен жапырақ,

Жамылсаң,тоңар ма екенсің

Жазғы шыққан бүлдірген

Сұғынсаң,тояр ма екенсің

Күрек тісін қасқайтып,

Сұлу сүйер ме екенсің

Бадана көз,тоғыз тор

Сауыт киер ме екенсің

Білтеліні тұтатып,

Түтіні үзбей оқ атып,

Жау қашырар ма екенсің

Тұлпар атты жаратып

Құйрық,жалын таратып

Бежін ерді ерлетіп,

Жорыққа жортып,терлетіп,

Сырты қырлы,жүзі алмас,

Салған дағы жоғалмас

Сапы асынар ма екенсің

Босағасын борлатқан,

Керегесін торлатқан,

Тегереші манаттан,

Жібектен ызып бау таққан

Үйге де кірер ме екенсің

Жетімдікттен өтерсің,

Шаң бермей әлі кетерсің,

Қажыма,Ақтан,қажыма,

Жетерсің,әлі жетерсің!

«О,Сарыарқа,Сарыарқа» өлеңі

О,Сарыарқа,Сарыарқа!

Самалың салқын жон едің.

Сырдан ауып келгенде,

Жапырылмай шалғының,

Балауса балдыр балғының,

Тимеген ірге соны едің

Ойың балау шайырлы,

Бетеге қырық шайырлы,

Толықсып толып лықсыған,

Олқы емес едің,толы едің.

Өрісің бейбіт дер едің,

Қонысың кең кер едің,

Тебініңді теуіп тел өскен

Төрт түлікті жер едің,

Ойың көкпен ойылған,

Қом жасап түйең тойынған,

Жылқыңның шабы бусаған,

Ыңыранып қой жусаған,

Шөбіңді сенің татқан мал

Құламасы сусаған,

Масаты кілем жайғандай

Қоныстың шұрай жер едің!

Жеген мал қысыр қалмаған

Бетеге,тарлау,шырышың,

Қарабөктер мүк,жусан,

Ерте қашақан шыбышың,

Саған келіп ішіп ек

Тұнықты мөлдір шынысын.

«Аягөз» өлеңі

Тауды екіге жарасың,

Тастың қашап арасын.

Кесіп өтіп кезеңді,

Аягөз,қайда бараасын?!

Жағаңдағы сұлу тал,

Саясының шөбі бал,

Ерекше семіз ішкен малү

Сумаң қағып сүйріктей,

Шалқып шапқан жүйріктей

Екіге бөліп ерке су

Қас пенен көздің арасын!

Тарбағатай тауынан

Тоқсан сала қосылып,

Тоғыз өзен түйісіп,

Ақтың төмен жосылып.

Ағының тасты ағызып,

Арнаң қалды осылып.

Күркіреген үніңнен

Аңдар қашты шошынып.

Шынардан биік санам бар,
Ақылдан алпыс санам бар,
Қорған құрыш сөзім бар.
Жырымды менің тыңдаған!
Сөз ұғатын соңғы адам,
Шыңдаудан әсте тынбаған,
Сарқырап аққан жылғадан,
Жыр арнасы суатпын - деп бар ақындық өмірін қазақ халқының ары мен ожданы, бостандығы мен тәуелсіздігі жолына бағыштаған Дулат Бабатайұлы өз заманының

сыншыл ақыны бола білді. Дулаттың ел қамы туралы, кейінгі ұрпақты тәрбиелеудегі аса маңызды, мағыналы әр толғауларын кезінде үлкен де, кіші де құлақ құрышын қандыра тыңдаған.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абайға ұлағатты ұстаз болған. Оған ақындық өнер жолында тұңғыш бата берген Дулат Бабатайұлы. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов « Дулат қазақ халқының қамқоры, Абайды идея жағынан тәрбиелеуші» - деп баға береді.
Дулат Бабатайұлы ауыртпалығы зор, өзгерісі де мол ғасырмен құрдас болды. Ол патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан - таражға салу халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелді жұртқа айналдыру әрекеттеріне қарсы шыққан. Халықты күреске үгіттеу міндеттерін алдына мақсат қылған нағыз ел қамқоры, сыншыл да, сыршыл күрескер.
Дулат Бабатайұлы Ресейдің отаршыл әскерлерін қатты сынаған ақын. Сондықтан да көп уақыт бойы ақынның шығармалары ұлтын, туған жерін жан жүрегімен елжірей сүйіп жазған өлеңдері ұлтшылдық ретінде бағаланып, дәріптелмей келді. Сондай өлеңдері « Асқар таудың сәні жоқ», «Дүние жемтік мен төбет»

« Асқар таудың сәні жоқ» өлеңі

Би мен бекті сәні жоқ,
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса,
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса.
Батырлықтың сәні жоқ,
Елірген тұлпар ерттеліп,
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын құстай толғанып,
Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашырып,
Ұлын қорып жауынан,
Ереулеген егер дауынан
Тұтамдап оқ жанбаса.

«Дүние-жемтік,мен-төбет» өлеңі

Сөзім бар да,көзім жоқ,

Көзім бар деп жатпадым

Би мен бекті жақтадым,

Бай,мырзаны мақтвдым.

Бәйбішенің мойнына

Жырдан алқа таққаным.

Өсек болды баққаным-

Момынға құрған қақпаным.

Өсекші-тәңірі дұшпаны,

Күнәмді қалай ақтадым?!

Аз нәрсеге ант ішіп,

Аруақты аттадым.

Қылмыстыны қызықтап,

Маңдайыннан сипадым,

Қабағына қақпадым.

Бәріне мен кіріптар,

Қайсысы менің тапқаным?!

Біреудің отын үрледім,

Өз отымды жақпадым,

Сонда дағы оңбадым:

Көн шалбар түспей бұтымнан,

Қыс болса-тапшы қызылдан,

Жаз болса-шала жұтымнан.

Адал сопы мен емес

Пірдің сөзін тұтынған.

Саудагер сарттай қайтты өмір

Құмар ойнап ұтылған.

Мөңіреп жұртқа ой қатты

Бұзауы өлген сиырдай.

Ләпсі-төбет қабаған:

Жемтік көрсе,тұра ма

Ырылдап,таңау жиырмай?!

Өзімнен өзім қызғанып,

Азын-аулақ жиғаным

Өзіме де бұйырмай.

Күнәм-жойқын,тәубем-аз,

Тіршіліктен не таптым?

Дүние-жемтік,мен-төбет,

Соны бақпай,не бақтым?

Ырылдасып әркіммен,

Не қапқыздым,не қаптым....

Дулат Бабатайұлы қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет мысал жазған ақын. Оған мысал «Шымшық пен бөдене», «Шаштараз»,« Бiр патшаның бiр кезде»,«Сары шымшық» шығармалары үлгі, өнеге, ақыл ретінде келіп, кішіпейілділік, бірлік, әділеттілік жақталып, мақтаншақтық, менмендік, бейшаралық, орынсыз пасықтық саналады.Оның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні өте зор.

«Бір патшаның бір кезде» өлеңі

Бір патшаның бір кезде

Тасыды бағы тасқындай,

Дәулет пенен қазына

Басып жатқан басқындай.

Маңайынан озса да,

Сонда-дағы тоймайды,

Әлемді түгел алсам деп,

Жатса-тұрса ойлайды.

Қанағат жоқ,тәуба жоқ,

Тәңірге де наразы,

Билесем деген жер жүзін,

Жатса-тұрса қаразы.

Кетпеген соң пәнде тең,

Тәуір болды аразы.

Ертеңгі-кеш тәңірді

Қарғайды да сілейді,

Тілегімді бермеген

Демен деп,сірә,тәңірі

Тілсіз,үнсіз дүлейді.

Аттандырып әскерін,

Көрші елдерін шабады,

Жазығы жоқ,жай жатқан

Талай елді талады.

Тәубесі кеміп күн санап,

Аса берді кеселі.

Қанша бақыты асқанмен,

Көңілі судай тасқанмен,

Жаманшылық күн таяп

Сыбағалы,еселі

Сарайының түбіне

Бір ағаш шығып өседі,

Екпей шыққан ағашты

Қасиетті деседі.

Күн асқан сайын ұзарып,

Аспанменен тілдесіп,

Сансыз бұтақ таралып,

Жапырағы гүлдесті,

Ең басына ағаштың

Көз жетпестей биік боп,

Күн аса алмай басынан,

Тұрғандай бейне тиіп көк.

Көлеңкесі шаһарға

Тегісімен түседі,

Ғажап етіп жаратқан

Тәңірімнің ісі еді.

« Сары шымшық» өлеңі

Үйренішті әдеті-

Әркімнің ата жолдасы,

Адам деп ат қояйн

Әдетіне болмашы.

Әдеті билеп жетелеп,

Әркімді жүр оңдырмай,

Мойнына әсте алмайды,

Титығып құрып болдырмай

Жаман әдет қоймайды,

Жарым лашық тіктіріп,

Жар басына қондырмай.

Жауқазын іздеп қаңғырып,

Тұмсығына шаң кіріп,

Таңдайы кеуіп мәңгіріп,

Көлге келді бір шымшық.

Мойнын созып қоңыр қаз,

Жүзіп ішіп үйрек мәз,

Көл қорыған шырылдап

Қызғыштар да емес аз.

Байсаланданып,құсыңсып,

Көлді кім онан қориды,

Шымшық құстан қу тұмсық?

Қанып ішіп саптаңды,

Жолдасына қайта кеп,

Қоразданып мақтаңды,

Әдетіне бастап ол жымсық.

«Барсам,көлде дүйім құс

Сақадай болып сайлана,

Аққу отыр ортада,

Әмірін шашып жайлана.

Қызғыштар жүр көл қорып,

Шыр көбелек айнала,

Жете алмады бәрі де

Сонда да менің айлама.

Сездірмей соның біріне

Суды ұрлап іштім де,

Кірімді әбден кептіріп»

Шомылдым суға түстім түстім де.

Сол мезгілде, шарықтап

Қаршыға жүрді аспанда,

Қаз қамысқа тығылып

Аққулар жаман сасқанда,

Суға сүңгіп үйректер,

Көлден бәрі қашқанда,

Мен орнымнан тырп етпей,

Ерлігім соның бәрінен

Ел сүйінді асқанда.

Түсуге маған бата алмай,

Қаршыға жүрді қаңғырып,

Қаршығадан шошынып,

Басқа құс кетті мәңгіріп.

Тез кетпей және күлдім де,

Ішпесін деп басқасы,

Былғап кеттім саңғытып».

«Ерлік ісің бәрінен,-

Деді оған жолдасы,-

Амалын да, тапқасын,

Өзім де бұрын білуші ем

Қаршыға саған батпасын.

Ерлігіне ебі сай

Мақтаса,сені мақтасын»

«Шаштараз» өлеңі

Елін баққан ер болмақ,

Жауын болжап,жер шолмақ.

Аузын баққан би болмақ,

Алыстан шолып,кең толғап.

Зейнеті көп,пайдасы аз,

Айта берсең-бәрі сөз.

Құлақта қақас қоспа көп,

Дәл сөйленбес көрмей көз.

Сөз қоспай дәл айтпасаң,

Естіме,көрме,сөзден без.

Аузыңа ие болмасаң,

Бәле үйір,жалакез.

Аузыңнан шықса,жел естіп,

Жер түбіне жетер тез.

Таққа мінген бір патша

Дәл он жеті жасында.

Тітіреткен қаһары

Досы менен қасын да,

Қос мүйізі патшаның

Болады екен басында.

Жан қарамай бетіне,

Ақау түспей сағына,

Әмірі жүрген патшаның

Төрт құбыла жағына.

Күннен-күнге өрледі

Шыққан күндей бағы да.

Мүйізін біреу көрсе егер,

Патшаның бағы таймақшы,

Халыққа сырын таратып,

Көруші болса айғақшы.

Тірі жанға көрсетпей,

Басынан тәжін шешпеді.

Сөлекет болды патшаға

Орасан шашы өскені.

Оңашада өзінің

Ұнамсыз болды көзіне

Айнаға қарап кескіні.

Сол шаһарда бар еді

Мақтаулы шаштаразы,

Әдеттенген өнері

Күн көрістің қаразы.

Кеткен емес алдынан

Кім де кім болып наразы.

Мақтаны асып басынан,

Ол дағы адам талғайтын,

Бай-патша,байлар болмаса,

Басқаның шашын алмайтын.

Шақырып алып шеберді,

Патша бір күн алдында

Барлық сырын сөйледі,

Оңаша үйге алды да

-Басыңа жақсы үй берем,

Салтанаттым бақшалы.

Қазынадан да алып тұр

Қанша керек ақшаны.

Дүнияда не қажет,

Керегіңнің бәрін ал-

Қызметкер-күң мен құл,

Өлі жиһаз,тірі мал.

Алғыр құс,атқыш мерген бар,

Саяхаттап сайран сал.

Ұнатып елден сұлу сүй,

Лебізі тәтті,шәрбәт-бал.

Бірақ саған үш түрлі

Қоятұғын шартым бар

Бірінші,менен басқаның

Әсте де шашын алмайсың,

Аламын деп,жазаға

Кіріптар болып қалмайсың.

Екінші шартым-аузыңнан

Берген серттен танбайсың!

Дулаттың елiм деп, жерiм деп, халқым деп соққан жүрегi ел қорғаны боларлық ердiң батырлық тұлғасын жасаған поэма жазуға түрткi болды.  Онысы –«Еспембет» поэмасы.

Академик Қ. Жұмалиевтiң айтуынша, поэманың идеялың  мазмұны екi-ақ жолға сыйғызылған.

      Еспембеттей ер кайда?

      Ер күтетiн ел қайда?-деген тармақтары Дулаттың ел, ер туралы айтары жатқандығын көрсетедi.Дастанның бас қаһарманы-жетiм бала Еспембет. Нағашысының қолында тәрбиеленiп, ер жетiп, ел қор¬аны болды. Ол ерлiк қимылдар үстiнде танылады. Елiнiң жауын жеңудi, дұшпанын мұқатуды армандайды. Дулат Еспембет ерлiгiн кейiнгiлерге үлгi етедi.

«Еспембет» поэмасынан үзінді оқылады.

Шығармашылығына зер салып, зерттеген ғалымдар көп. Мұхтар Әуезов, Әбділда Тәжібаев, Қажым Жұмалиев,Ысқақ Дүйсенбаев, Қайым Мұхамедханов, Мұхтар Мағауин т. б. Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рабиға Сыздықова: «Дулат — Абайдың алдында өткен қазақ сөз зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол мәдени-рухани дүниемізден өз орнын, үлкен орнын алуға тиіс ақын», — деп бағалаған.

Арнау:
Шонжарды шоқ тілімен тулататын,
Қарық қылып, көп елді шулататын.
Бүгінде мерейтойы өтіп отыр,
Ақиық арқадағы Дулат ақын.
Ал енді кейіпкер шығармамның,
Шығады көңілімнен сыңарманның.
Ішінде серкесіндей көрінеді,
Он жеті ақын шыққан Сыбандардың.
Ешқашан айтар сөзін ірікпеген,
Тұнба боп, тула бойда жүріпті өлең.
Дүркіреп дүйім ел - жұрт жатқанында,
Мендағы маңдай терім сылып көрем.
Қошемет қайда барсаң бөленгенің,
Басына тік көтерді көлемді елің.
Зергері асыл сөздің, орақ тілдің,
Жоғалмас қалды артында өлеңдерің.

Дулат ақын туған жерін "Шалқып шапқан жүйріктей" деп Аягөз өзені мен оның шүйгін де жемісті өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлесе,

Аягөз деген – аядай бұлақ деседі.

Жұрттардан қалған жұмбақты кімдер шешеді?

Аягөз болып ғасырлар алға көшеді.

Аягөз – арулар елі кешегі! –деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Аягөзді жырға қосса, Аягөздік композитор Тұрсынғазы Рахымов әнін жазып, «Аягөз ару» әнін орындайтын Аягөздің тумасы мектебіміздің кішіқамту қызметкері Искаков Қоныс ағай.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Жырын тыңда Дулаттың"

Автор: Адилханова Жанар Капиятовна

Дата: 18.12.2016

Номер свидетельства: 370821

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Дулат Бабатай?лы к?рнекті а?ын"
    ["seo_title"] => string(28) "dulatbabataiulykorniektiakyn"
    ["file_id"] => string(6) "321788"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461395263"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства