kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дулат Бабатай?лы к?рнекті а?ын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дулат Бабатай?лы (1802, Шы?ыс ?аза?стан облысыАяг?з ауданы Санды?тас ?онысы — 1874, сонда) — к?рнекті а?ын. ?ле?дері ел ішінде к?п тара?ан. Дулат шы?армалары негізінен дидактикалы? негізде жазыл?ан. 1880 жылы ?азанда жары? керген «?сиетнама» деген жина?ына а?ынны? замана туралы тол?аулары енген.

Орта ж?з ??рамында?ы найман тайпасынан шы??ан. ?мірі туралы деректер толы? зерттелмеген. ?ле?дері ел ішіне ауызша ж?не ?олжазба т?рінде тарал?ан. Кейбір ?ле?дері ?азан ?аласынан 1880 жылы ал?аш рет “?сиетнама” деген атпен жеке кітап болып жары? к?рген. Жина??а а?ынны? сол кезе?дегі ?аза? еліні? саяси-?леуметтік ?мірін шыншылды?пен жырла?ан ой-тол?аныстары енген. А?ынны? кейбір ?ле?дері ке?ес д?уірінде ?р т?рлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ?асырларда?ы ?аза? а?ындарыны? шы?армалары” (?аза? КСР ?ылым академиясыны? баспасы, А., 1962) деген жина?та, кейін “?ш ?асыр жырлайды” (Революция?а дейінгі ?аза? а?ындарыны? шы?армалары. А., 1965) жина?ында басылып шы?ты. Ал, “Еспембет” поэмасы ал?аш рет 1957 жылы “Ж?лдыз” журналыны? 5-н?мірінде жарияланды. Дулат шы?армаларын барынша зерттеп, жинап баспа?а ?зірлеген ?.?мір?лиев болды. А?ынны? жеке жыр жина?ы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жары? к?рді. Дулатты? ?ле?-жырларыны? басты сарыны — 19 ?асырды? ал?аш?ы жартысында?ы отаршылды? ?рекеттерге рухани ?арсылы? к?рсету. А?ын “Тегімді мені? с?раса?”, “О, Сарыар?а, Сарыар?а”, “Ас?ар тауды? с?ні жо?”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айт?ан “С?лейменге”, “Бара??а”, “Ке?есбай?а”, т.б. арнау ?ле?дерінде ?аза? жеріні? отарлануын, ел билеушілерді? отаршыл саясатты? шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, ?аза? елі ж??арды., Орысты? к?рсе ?лы?ын, ?ыздан да?ы ?ылы?ты., Майырды? алса б?йры?ын, Борбай?а ?ысып ??йры?ын, Ел пысы?ы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдыр?ан. Д-ты? а?ынды? ?нері, негізінен, 19 ?асырды? ал?аш?ы жартысында ?алыптасты. Осы кезе?ні? ?мір шынды?ы Дулат шы?армаларына ар?ау боп ?рілді. ?аза? даласында?ы д?ст?рлі ханды? бас?ару ж?йесін жою саясатын орны?тыр?ан Ресей империясыны? 1822 — 1824 жылдары шы?ар?ан ?аза? даласын бас?ару ж?ніндегі ережелеріне ?арсылы? Дулат шы?армаларыны? та?ырыпты?, стильдік, жанрлы? ерекшелігін ай?ындады. Дулатты? уытты, шыншыл с?здеріні? кімдерге арнал?анын оны?: “Халы??а емес сыйымды, Пара?ор баспа? биі?ді, Ел б?лдіргіш бегі?ді, Улы тілмен улаттым”, — деген ?ле? жолдары к?рсетіп т?р. Ту?ан хал?ыны? екі жа?ты езгіге т?сіп, к?з жасыны? к?л боп а?уы, ?ай?ысы мен м??ы а?ынны? жан сыры ретінде жыр болып т?гілді. Дулатты? образ жасау, ?ле? ?рнегін жетілдіру, замана сазына ?арай а?ынды? ?нерде жанрлы?, стильдік, сонылы? таныту ерекшелігі кейін Абай шы?армаларында дамытылып, жал?асты? тап?ан. Дулат ендірген ?аза? ?ле?і ??рылысында?ы жа?алы?ты, я?ни “а а а б” т?ріндегі желілі ?й?асты Абай а?ынды? д?ст?р ретінде ?абылдап, “Келдік талай жерге енді” ?ле?інде одан ?рі дамытты. 19 ?асырды? 1-жартысында ертеректе ту?ан батырлы? ж?не лиро-эпос жырлары сия?ты фольклорлы? туындылар немесе тарихи жырлар болмаса, ?аза? топыра?ында к?не та?ырыпты алып, ойдан сюжет ??рып, поэма жанры ?лгісінде шы?арма жазу д?ст?рге енбеген еді. Дулат ?зіні? “елге ?ор?ан ер туса” деген идеясын халы??а жеткізу ?шін, ?аза?-?алма? со?ысы т?сында?ы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жаз?ан. “Еспембет” жанрлы? ерекшелігі жа?ынан батырлы? эпос?а жа?ын. Елдік, елді? батыр ?лдары туралы идея “Еспембеттей ер ?айда?, Ер к?тетін ел ?айда”, — деп басталатын ірі туындыда ай?ын к?рініс тап?ан. Дулатты? б?дан бас?а “Шаштараз”, “Тымсал ?ле?” атты ірі шы?армалары бар. М.?уезов Дулатты ?ылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жо?ары ба?алайды. 1947 жыл?ы ?КП ОК-ні? ?дебиет, ?нер ж?ніндегі ?аулысында?ы Дулатты діншіл, ханды? д?уірді, ескілікті а?саушы кертартпа а?ын деген теріс ба?адан кейін, 1959 жылы ?ткен ?аза? ?дебиетіні? негізгі проблемаларына арнал?ан ?ылыми конференцияны? ?сыныстарында Дулат ж?нінде “. творчествосын орта мектепте о?ыту ?ажетсіз деп саналсын”, — деген саяси ?орытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында ?з атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. ?йтсе де, Дулат шы?армалары хрестоматиялы? о?улы?тарда, кейбір жина?тарда жарияланып келді. Дулат м?расы ?аза? ?дебиеті тарихында ?р ?илы таным т?р?ысынан ба?аланып, 1940 — 1950 жылдары ?ызу пікірталас нысанына айналды. Дулат м?расы ж?ніндегі ?ылыми таным мен д?рыс ба?а талантты ?алым ?.?мір?лиевті?“?аза? поэзиясыны? жанры мен стилі” деп аталатын к?лемді ?ылым монографиясыны? басылым к?руіне байланысты т?ра?тана бастады.[1]

Шы?армашылы?ы

Дулат Бабатай?лы

А?ын «Тегімді мені? с?раса?», «Ал, ?ара?ай с?лу сындарлы», «О, Сарыар?а, Сарыар?а», «Ас?ар тауды? с?ні жо?» атты ?ле?дерінде ел бас?ару ісіндегі озбырлы?, ?ділетсіздікті, патшаны? отаршылды? саясатыны? ?серінен жер-?онысынан айрыл?ан ел жа?дайын с?з етсе, «С?лейменге», «Ке?есбай?а», «Бара??а», «Ел арала?ан ишан?а», «Еспембет» ?ле?дерін жеке кісілерге арнайды. А?ын 19 ?асырды? 40-50 жылдарында ?ндіре жаз?ан. Б?л - Ресей патшалы?ыны? ?аза? жерін отарлау саясатыны? барлы? салада бел ал?ан кезі. Дулат осыны жыр ?зегі етсе, кертартпа феодалды?-ханды? д?уірді жо?та?аны емес, т?уелсіздікті, еркіндікті а?са?аны еді.

«Сауыр жерден айрылып,
?аза? елі ж??арды.
Сауыр емес, шап болды.
Заман?а сай адамы -
?у заман?а с?м басшы
Сорымыз?а тап болды.»

- десе, тіпті ?ткен ?асырды? орта т?сы емес, одан 100-150 жыл кейінгі бізді? заманымызда?ы ?аза? хал?ыны?, оны? ?о?амыны? к?й-?алпын суреттеп отыр?андай. Дулат а?ын айт?андай:

«Орысты? к?рсе ?лы?ын, ?ыздан да?ы ?ылы?ты.
Майырды? алса б?йры?ын.
Борбай?а ?ысып ??йры?ын
Ел пысы?ы жортады-ай»

- сия?ты шынды? жергілікті басшылар?а б?дан бір, бір жарым ?асыр б?рын ?ана емес, «ода?тасып» т?р?ан кезіміздегі бізді? де ?лы?тарымыз?а т?н еді. Дулат а?ынны? б?л жердегі бай?а?ышты?ын кейін ?лы Абайдан да к?рмейміз бе? Отаршылды? ?амытын мы?тап киген ?аза? ?о?амыны? ащы шынды?ын жырлау?а келгенде, Дулат пен Абай к?п с?ттерде бір-біріне ?ндес келіп жатады. Дулат суреттеген ?з елін, ?аза?ты ?ор?ытатын «ел пысы?ы», айталы?, болыс «майырды? б?йры?ын ал?анда, борбайына ??йры?ын ?ысып, алдына т?сіп томпа?даса», Абай бейнелеген болыс та:

«К?штілерім сез айтса,
Бас изеймін шыбындап.
?лсізді? сезін сал?ыртсып,
Шала ??амын ?ырындап.»

-деп ?зі мойындайды. Абай да:

«М?з болады болысы? Ар?а?а ?лы? ?а??ан?а.
Шелтірейтіп орысы? Шенді шекпен жап?ан?а.» -

деп, Дулат айт?ан «шен-шекпенге сатыл?ан, батпа??а елін батыр?ан» ?лы?тар портретіне ??сас етіп беріп т?р. ?рине, б?л жерде Абай образды Дулаттан «?рлап т?р?ан» жо?: екеуін де осылайша с?йлетіп ?ой?ан - ?мір шынды?ы, оларды? сол шынды??а бар?ан суреткерлік тал?амдары. Абайды? ?аза? хал?ыны? та?дырын тол?а?ан кеп с?зі ж?з жыл кейінгі бізді? заманымыз?а арнал?андай к?рінсе, Дулатты? да:

«Жері?ні? алды ш?райын,
Дуан салып жайланып.
Даты?ды айтса? майыр?а,
Сібірге кетті? айдалып.
Бейне? ?андай болды екен,
?араса?шы бір мезгіл ?одцары?а айна алып.» -

дегені де бейне бізге айтып т?р?андай. Ар жа?ын былай ?ой?анда, со??ы 70-80 жыл бойы Дулат айт?андай:

«Болаша?ты болжамай,
Жол сауданы олжалай.
А?бекендей алданып,
Жыл?ыдай делбе сандалып.» -

империялы? тор?а, коммунистік ?міршілдік ??ры?ына т?скен жо?пыз ба? Жал?ыз ел билеу, за?-сот істеріне ?атысты ?ана емес, езге с?ттерде де екі алыпты? ?ндес, идеялас т?р?анын кереміз. Мысалы, а?ын?а, а?ынды??а екеуі де ?ата? талап ?ояды. Дулат:

«Жыршыны? аты жыршы ма,
?ркімнен еле? жаттаса.
Сез - жібек жіп, жыр - кесте,
Айшы?ы ай?ын к?рінбес,
?рнексіз ?ылып баттаса.»

десе, Абай:

«?ле? - сезді? патшасы, с?з сарасы,
?иыннан ?иыстырар ер данасы.
Тілге же?іл, ж?рекке жылы тиіп,
Теп-тегіс ж?мыр келсін айналасы.»

деген талап ?ояды. Біра? «тілге же?іл, ж?рекке жылы тиген» с?з патшасын ?алы? ж?ртшылы? т?гел ?абылдап жатыр ма? Абайды?:

«Айтушы мен ты?даушы к?бі надан, Б?л ж?ртты? сез танымас бір парасы.» -

деп зар илегені ж?не белгілі.

«Кім жал?ыз б?л жал?анда, есті жал?ыз,
М??дасар болма?ан со? бір сы?ары.
Жалта?дап жал?ыз Абай ?ткен жо? па?
?аза?ты? табылды ма соны? пары?
?ле?імен ж?батты ?зін-?зі,
Е?бегі еш, іші беріш, ж?зі сары.
С?зін ??ып, а?ылын алма?ан со?,
Патша ?ойса не керек ?аза? шары?!»

-деп Ш?к?рім айт?андай, ?лы Абай «с?зімді айналама жеткізе алмадым, ??ып ты?дар адам аз» деп к??іренсе, осы ойды Дулаттан да к?реміз. Ол бірде:

«Б?рі тегін жер тезек ?айсысын та?дап алайын, Асыл с?зден б?л кетті.»

- дей келіп, сол асыл с?зді айтатын да, ты?дайтын да кісі жо?, ыл?и «?ылжы?, ?ылжа? туыс?ан, ?ырт пен мылжы? а?айын» десе, та?ы бірде:

«Ел ??ла?ы са?ырау, Кімге айтамын с?зімді. Б?рін айт та, бірін айт, ??ынар м?ны ел кайда?.» -

деп, заман жайын тол?ап, ел билеген ?лы?тар мен ?адірі ас?ан жа?сыларды сынап, «?армайт??ын талы ?алмай, тере?ге с??гіген елі» туралы «т?нде ?й?ы бермеген к?зінен т?ккен арманын» айтады. Б?л - Дулат пен Абайды? орта? зары, заманы, ортасы тудыр?ан шынды? ?ні. Дулат - Абай?а дейінгі ?аза? а?ындарыны? ішінде жазба поэзия?а бір табан жа?ын келген, Европа мен орыс м?дениетінде классикалы? поэзия деп аталатын ?ле? с?зді? біраз белгілеріні? ?аза?та?ы бастауын таныт?ан а?ын. ?аза? поэзиясы Абай?а дейін ауызша жаралып, ауызша тарал?ан, біра? тілі ауыз ?дебиеті тілінен ?згеше т?сетін, авторлы поэзия болды, ?азіргі жо?ары ?лгідегі жазба поэзияны бастаушы - ?лы Абай десек, Абайды? та?ыр жерден ?нер таппа?анын ж?не білуіміз керек. ?аза?ты? жазба поэзиясыны? ал?аш?ы нышандары Дулат ?ле?дерінен к?рінеді. Іргетасты ?ала?ан Абай болса, соны ?алау кезе?і ту?анды?ын, ?алайша ?алауды? ал?аш?ы ?лгілерін к?рсеткен Дулат деп айту?а ?бден болады. С?зіміз ??р?а? болмас ?шін «кезбен к?рсетіп, ?олмен ?стататын» мысалдармен д?лелделік.

Дулат ?ле?деріні? ерекшілігі

Дулат - жыраулы? мектептен шы?ып, а?ынды? мектепті к?шейткен суреткер. Б?л - жыраулы?ты? т?мендігінен, ?лсіздігінен емес, заман талабынан ту?ан бетб?рыс. 19 ?асырда?ы ?аза? поэзиясы ?шін енді ?ле? ар?ылы а?ыл-насихат дидактикалы? сипат пен заман, ?о?ам, адам туралы жалпы философиялы? тол?аныстар азды? етеді. Е?дігі жердегі поэзиядан на?тылы??а к?шіп, заман?а ілесіп отыру, жалпы насихаттан г?рі сынау, к?йіну, с?йіну сия?ты на?ты суреттерге бару талап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп ата?анымен ж?не сырт ?ара?анда ?ле?-жырлары 7-8 буынды жыр ?лшемімен келгенімен, ол жырау емес, а?ын. ?йткені, ??рылымды? ж?не та?ырыпты? бітімі жа?ынан Дулатты? ?ле?дері б?рын?ы жырауларды былай ?ой?анда, тіпті кешегі Б?хар тол?ауларынан, одан ?алды езімен т?стас а?ындарды? туындыларынан м?лде ?згеше ??рыл?ан д?ниелер. Жазба поэзияны? ?ле? ?дісі ауызша дамы?ан ?ле?-жырлардан ерекшеленетін болса, сол ?згешелікті? бірі - шы?арманы? белгілі ма?сатпен ажыратылатын ірі б?ліктерге, ?ылым тілімен айт?анда, шо?ыр (тирада) дегендерге б?лінуі. ?р б?лік бір ша?ын идеяны (та?ырыпты) білдіруі шарт, сонымен ?атар ?р б?лікті шо?ыр етіп т?ратын ??рылымды? белгілері болуы ?ажет. Шо?ырларды? тарма? сандары біркелкі болмайды ж?не ?р шо?ырды? со??ы жолында?ы ?й?ас ?зге шо?ырларды? е? со??ы жолында?ы ?й?аспен бірдей т?сіп, сол еле?ді т?тас д?ние етіп ??растырып т?руы керек. Демек, ?ле?дегі шума? пен шо?ырды шатастыру?а болмайды: шума? - ?аза? поэзиясы ??рылымында б?рыннан бар т?сіл, оны? тарма? сандары біркелкі болады. ?ле?ді шо?ырлар?а б?ліп ??растыру т?сілі ?аза?ты? ауызша дамы?ан ?ле?-жырлары?да жо?. Ол - жазба ?дебиетке т?н ?ле? ??рылымы. Б?л ??рылым ?аза? поэзиясында Дулаттан басталады. А?ынны? «Тегімді мені? с?раса?» деп басталатын ?ле?і 6 шо?ырдан т?рады. 1- шо?ыр:

«Тегімді мені? с?раса?,
?алы? найман нуынан.
Жырымды мені? с?раса?,
Сары алтынны? буынан.
Сырымды мені? с?раса?,
Т?маны? т?ны? суынан.
Кеудеме ?ай?ы тол?ан со?,
Т?ны? жырмен жуынам.
Сор?ала?ан н?сердей Жырын ты?да ДУЛАТТЫ?.»

М?нда?ы та?ырып - а?ынды таныстыру, алды??ы 8 тарма? екі-екіден б?лініп, ?зара ?й?ас?ан (нуынан, буынан, суынан), е? со??ы 10 тарма? жо?ар?ы ?й?астан тыс Дулатты? деген с?збен ая?талады. Келесі 6 жол бір шо?ыр, м?нда?ы та?ырып - жырын ты?дау?а ша?ыр?ан а?ынны? ?андай екендігін таныстыру, б?л шо?ырды? ?з ішінде «а?ызып, тамызып, тойында, ойында» деген ?й?астары бар, е? со??ы жолы «Дулатты?» деген с?збен ая?талады да, алды??ы шо?ырды? со??ы тарма?ымен ?й?асады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дулат Бабатай?лы к?рнекті а?ын»

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.

Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан. Дулат ендірген қазақ өлеңі құрылысындағы жаңалықты, яғни “а а а б” түріндегі желілі ұйқасты Абай ақындық дәстүр ретінде қабылдап, “Келдік талай жерге енді” өлеңінде одан әрі дамытты. 19 ғасырдың 1-жартысында ертеректе туған батырлық және лиро-эпос жырлары сияқты фольклорлық туындылар немесе тарихи жырлар болмаса, қазақ топырағында көне тақырыпты алып, ойдан сюжет құрып, поэма жанры үлгісінде шығарма жазу дәстүрге енбеген еді. Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің батыр ұлдары туралы идея “Еспембеттей ер қайда?, Ер күтетін ел қайда”, — деп басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. Дулаттың бұдан басқа “Шаштараз”, “Тымсал өлең” атты ірі шығармалары бар. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “... творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланып, 1940 — 1950 жылдары қызу пікірталас нысанына айналды. Дулат мұрасы жөніндегі ғылыми таным мен дұрыс баға талантты ғалым Қ.Өмірәлиевтің“Қазақ поэзиясының жанры мен стилі” деп аталатын көлемді ғылым монографиясының басылым көруіне байланысты тұрақтана бастады.[1]

Шығармашылығы

Дулат Бабатайұлы

Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан айрылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға», «Еспембет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды. Ақын 19 ғасырдың 40-50 жылдарында өндіре жазған. Бұл - Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының барлық салада бел алған кезі. Дулат осыны жыр өзегі етсе, кертартпа феодалдық-хандық дәуірді жоқтағаны емес, тәуелсіздікті, еркіндікті аңсағаны еді.

«Сауыр жерден айрылып,
Қазақ елі жұқарды.
Сауыр емес, шап болды...
Заманға сай адамы -
Қу заманға сұм басшы
Сорымызға тап болды...»

- десе, тіпті өткен ғасырдың орта тұсы емес, одан 100-150 жыл кейінгі біздің заманымыздағы қазақ халқының, оның қоғамының күй-қалпын суреттеп отырғандай. Дулат ақын айтқандай:

«Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты...
Майырдың алса бұйрығын.
Борбайға қысып құйрығын
Ел пысығы жортады-ай»

- сияқты шындық жергілікті басшыларға бұдан бір, бір жарым ғасыр бұрын ғана емес, «одақтасып» тұрған кезіміздегі біздің де ұлықтарымызға тән еді. Дулат ақынның бұл жердегі байқағыштығын кейін ұлы Абайдан да көрмейміз бе? Отаршылдық қамытын мықтап киген қазақ қоғамының ащы шындығын жырлауға келгенде, Дулат пен Абай көп сәттерде бір-біріне үндес келіп жатады. Дулат суреттеген өз елін, қазақты қорқытатын «ел пысығы», айталық, болыс «майырдың бұйрығын алғанда, борбайына құйрығын қысып, алдына түсіп томпаңдаса», Абай бейнелеген болыс та:

«Күштілерім сез айтса,
Бас изеймін шыбындап...
Әлсіздің сезін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...»

-деп өзі мойындайды. Абай да:

«Мәз болады болысың Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың Шенді шекпен жапқанға...» -

деп, Дулат айтқан «шен-шекпенге сатылған, батпаққа елін батырған» ұлықтар портретіне ұқсас етіп беріп тұр. Әрине, бұл жерде Абай образды Дулаттан «ұрлап тұрған» жоқ: екеуін де осылайша сөйлетіп қойған - өмір шындығы, олардың сол шындыққа барған суреткерлік талғамдары. Абайдың қазақ халқының тағдырын толғаған кеп сөзі жүз жыл кейінгі біздің заманымызға арналғандай көрінсе, Дулаттың да:

«Жеріңнің алды шұрайын,
Дуан салып жайланып.
Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Бейнең қандай болды екен,
Қарасаңшы бір мезгіл Қодцарыңа айна алып...» -

дегені де бейне бізге айтып тұрғандай. Ар жағын былай қойғанда, соңғы 70-80 жыл бойы Дулат айтқандай:

«Болашақты болжамай,
Жол сауданы олжалай.
Ақбекендей алданып,
Жылқыдай делбе сандалып...» -

империялық торға, коммунистік әміршілдік құрығына түскен жоқпыз ба? Жалғыз ел билеу, заң-сот істеріне қатысты ғана емес, езге сәттерде де екі алыптың үндес, идеялас тұрғанын кереміз. Мысалы, ақынға, ақындыққа екеуі де қатаң талап қояды. Дулат:

«Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен елең жаттаса.
Сез - жібек жіп, жыр - кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз қылып баттаса...»

десе, Абай:

«Өлең - сездің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...»

деген талап қояды. Бірақ «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиген» сөз патшасын қалың жұртшылық түгел қабылдап жатыр ма? Абайдың:

«Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сез танымас бір парасы...» -

деп зар илегені және белгілі.

«Кім жалғыз бұл жалғанда, есті жалғыз,
Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.
Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па?
Қазақтың табылды ма соның пары?
Өлеңімен жұбатты өзін-өзі,
Еңбегі еш, іші беріш, жүзі сары.
Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң,
Патша қойса не керек қазақ шары?!»

-деп Шәкәрім айтқандай, ұлы Абай «сөзімді айналама жеткізе алмадым, ұғып тыңдар адам аз» деп күңіренсе, осы ойды Дулаттан да көреміз. Ол бірде:

«Бәрі тегін жер тезек Қайсысын таңдап алайын, Асыл сөзден бұл кетті...»

- дей келіп, сол асыл сөзді айтатын да, тыңдайтын да кісі жоқ, ылғи «қылжың, қылжақ туысқан, қырт пен мылжың ағайын» десе, тағы бірде:

«Ел құлағы саңырау, Кімге айтамын сөзімді... Бәрін айт та, бірін айт, Ұғынар мұны ел кайда?..» -

деп, заман жайын толғап, ел билеген ұлықтар мен қадірі асқан жақсыларды сынап, «қармайтұғын талы қалмай, тереңге сүңгіген елі» туралы «түнде ұйқы бермеген көзінен төккен арманын» айтады. Бұл - Дулат пен Абайдың ортақ зары, заманы, ортасы тудырған шындық үні. Дулат - Абайға дейінгі қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияға бір табан жақын келген, Европа мен орыс мәдениетінде классикалық поэзия деп аталатын өлең сөздің біраз белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан ақын. Қазақ поэзиясы Абайға дейін ауызша жаралып, ауызша таралған, бірақ тілі ауыз әдебиеті тілінен өзгеше түсетін, авторлы поэзия болды, қазіргі жоғары үлгідегі жазба поэзияны бастаушы - ұлы Абай десек, Абайдың тақыр жерден өнер таппағанын және білуіміз керек. Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін көрсеткен Дулат деп айтуға әбден болады. Сөзіміз құрғақ болмас үшін «кезбен көрсетіп, қолмен ұстататын» мысалдармен дәлелделік.

Дулат өлеңдерінің ерекшілігі

Дулат - жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Бұл - жыраулықтың төмендігінен, әлсіздігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. 19 ғасырдағы қазақ поэзиясы үшін енді өлең арқылы ақыл-насихат дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам туралы жалпы философиялық толғаныстар аздық етеді. Еңдігі жердегі поэзиядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихаттан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару талап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп атағанымен және сырт қарағанда өлең-жырлары 7-8 буынды жыр өлшемімен келгенімен, ол жырау емес, ақын. Өйткені, құрылымдық және тақырыптық бітімі жағынан Дулаттың өлеңдері бұрынғы жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұхар толғауларынан, одан қалды езімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше құрылған дүниелер. Жазба поэзияның өлең әдісі ауызша дамыған өлең-жырлардан ерекшеленетін болса, сол өзгешеліктің бірі - шығарманың белгілі мақсатпен ажыратылатын ірі бөліктерге, ғылым тілімен айтқанда, шоғыр (тирада) дегендерге бөлінуі. Әр бөлік бір шағын идеяны (тақырыпты) білдіруі шарт, сонымен қатар әр бөлікті шоғыр етіп тұратын құрылымдық белгілері болуы қажет. Шоғырлардың тармақ сандары біркелкі болмайды және әр шоғырдың соңғы жолындағы ұйқас өзге шоғырлардың ең соңғы жолындағы ұйқаспен бірдей түсіп, сол елеңді тұтас дүние етіп құрастырып тұруы керек. Демек, өлеңдегі шумақ пен шоғырды шатастыруға болмайды: шумақ - қазақ поэзиясы құрылымында бұрыннан бар тәсіл, оның тармақ сандары біркелкі болады. Өлеңді шоғырларға бөліп құрастыру тәсілі қазақтың ауызша дамыған өлең-жырларыңда жоқ. Ол - жазба әдебиетке тән өлең құрылымы. Бұл құрылым қазақ поэзиясында Дулаттан басталады. Ақынның «Тегімді менің сұрасаң» деп басталатын өлеңі 6 шоғырдан тұрады. 1- шоғыр:

«Тегімді менің сұрасаң,
Қалың найман нуынан.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан.
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманың тұнық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей Жырын тыңда ДУЛАТТЫҢ...»

Мұндағы тақырып - ақынды таныстыру, алдыңғы 8 тармақ екі-екіден бөлініп, өзара ұйқасқан (нуынан, буынан, суынан), ең соңғы 10 тармақ жоғарғы ұйқастан тыс Дулаттың деген сөзбен аяқталады. Келесі 6 жол бір шоғыр, мұндағы тақырып - жырын тыңдауға шақырған ақынның қандай екендігін таныстыру, бұл шоғырдың өз ішінде «ағызып, тамызып, тойында, ойында» деген ұйқастары бар, ең соңғы жолы «Дулаттың» деген сөзбен аяқталады да, алдыңғы шоғырдың соңғы тармағымен ұйқасады. Алты жолдық 3-шоғыр да ақындық қуатты танытуға арналған. 4-шоғыр осы ақындық қуатты неге, кімге жұмсайтынын білдіреді, соңғы тармағы «улаттым» деген сөзді ұйқасқа шығарады. 5, 6-шоғырлар да осылайша әрқайсысы бір-бір шағын идеяны сез етіп, ең соңғы тармақтары арқылы өзара ұйқасады. Сөйтіп, алты шоғыр бір ұйқасқа құрылып, елең тұтастығын құрайды. Бұл - нағыз жазба поэзия үдесінен шыққан композиция. Дулаттың едәуір шығармасы осындай құрылыммен ұсынылған. Бұл тәсілдің алғашқы көрінісі Дулаттан басталса, оны жүйеге айналдырып, әрі қарай бекіткен Абай екенін білеміз. Жоғары дамыған поэзияның басты белгілерінің бірі - поэтик. образдар жүйесінің әр сипатты, алуан түрлі болып келетіндігі. Поэтик., образдар жасаудың тілдік механизмі, яғни образдың тіл арқылы берілуі де Дулатта дағдыдан тыс, жаңа түрлерімен көрінеді. Мысалы, мағыналары жағынан бір-бірімен тіркеспейтін сөздер болады. Айталық, дерексіз (абстракт) ұғым атауы мен деректі (нақты) заттардың немесе адам мен жан-жануарларға тән сын-сипат пен іс-қимыл атаулары бір-біріне жуыспауы керек. Ал көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тілінде образ жасау үстінде мұндай мағыналық кереғар сездерді тіркестіру - ұтымды көркемдеуші амалдардың бірі болып саналады. Мысалы, Абай «жүрегім менің қырық жамау қиянатшыл дүниеден» дегенінде ауылдары алшақ сөздерден «қырық жамау жүрек», «қиянатшыл дүние» деген соны тіркестер жасаған. Бұл тіркестерді құрап тұрған сөздер тіркесімдік қасиеттері бір-біріне жуыспайтын элементтер: қырық жамау не киім, не төсек-орын болса керек, ал бүл жердегі жүрек сөзі «көңіл, сана-сезім» мағынасында түр, демек, дерексіз ұғым атауы. Соған қарамастан бұлар тіркесіп, «кеп қапа шеккен, зар илеген көңілім, ішкі дүнием» дегеннің соны образын жасауға жұмсалған. «Қиянатшыл дүние» де осы іспеттес. Қиянатшыл адам болса керек еді, бірақ, Абайдың дүниесі қиянатшыл сипатқа ие болып түр. Міне, осы тәсілді кепке дейін Абайға орыс әдеби тілінің әсерінен пайда болған тың амал деп келдік, өйткені бүл 19 ғасырдағы орыс поэзиясында кеңінен өріс алған ұтымды тәсілдердің бірі болғаны аян. А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтарды оқып, игеріп, оларды аударуға барған Абайдың назарына, әрине, орыс тілінің көркемдеу амалдары ілігуі мүмкін. Бірақ дәл осы тұста Абайға орыс көркем сөзі емес, қазақтың төл поэзиясының тілі үлгі болған. Ілгерірек уақыттардағы ақын-жыраулар тілінде бүл амал ара-тұра кездесетін болса, 19 ғасыр ақындарында едеуір жандана бастайды. Әсіресе Дулат өлеңдерінен әділетке шелдеу, жырмен жуыну («Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам»), арманды төгу («Күндіз күлкі бермеген. Түнде ұйқы бермеген. Көзінен төкті арманды»), «жетімдіктің белі», «көңілдің құтысы» сияқты тіркестердің сонылығы осылар қатысқан өлең жолдарының экспрессиясын (әсерін) күшейтіп, бұрын айтылмаған тың образдар жасап түр. Мысалы, «Әкеңнің айтқан аз сөзін «Құтысына көңіліңнің Төгіп алма, дәлдеп қүй» деген жолдарында ақын «көңілдің құтысы, ақылды құтыға құю» деген тіркестерді «қиыннан қиыстырады», өйткені бұлардағы сөздер «түтіні бөлек» дүниелер: құты - нақты зат, сауыт, ал көңіл қолмен ұстап, көзбен керіп, құтыға салуға болатын нақты зат емес, соңдай-ақ оны суша, сүт ше құюға да болмайды. Бірақ поэтика, яғни өлең тілі бұлайша «норма бұзуға» бара алады. Көркемдеу тәсілдерін іздеу, оларды құбылтып отыру - асқан зор талант иесінің, қас шебердің, үлкен ақынның арқалайтын жүктерінің бірі. Жалпы өлең сөздің, оның ішіңде жазба поэзияның да көркемдік сипатын танытатын тәсілдердің және біреуі - белгілі бір затты, құбылысты, іс-әрекетті бейнелей суреттеп, өзгеше атау болса (оны ғылымда перифраздар деп атайды), мұнда да ақынның тапқырлық, әр нәрсенің қыр-сырын танушылық қабілеті күшті болмаққа керек. Бұл орайда да Дулат ақынның сөз құдіретін танушылық қасиетіне тәнтіміз. Мысалы, өткен ғасырдың орта тұсындағы қазақ қауымының мәдени-әлеум. күй-жағдайын бейнелейді:

«Толқынды теңіз заманнан, Сенімді кеме болмаса, Жел қайықпен өтер ме?»

- деп, қалтылдаған қайыққа теңейді. Теңеу, салыстыру дегендер де - қазақ поэзиясы үшін кәнігі, кене көркемдеу амалдары. Дулат пен Абай сияқты ақындардағы қазақ құлағы үшін тосын теңеулер мен метафоралар да ақындық таланттың күшін танытады.[2] Мысалы, Дулаттың:

«Күнәм жойқын, тәубем аз, Тіршіліктен не таптым! Дүние - жемтік, мен - төбет, Соны бақпай, не бақтым? Ырылдасып, әркіммен Не қапқыздым, не қаптым...» -

деген өлең жолдарындағы теңеулер мүлде тың. Бұрын жалған дүние, алдамшы дүние, қайран дүние деп сипаттап келгенмен, дүниені жемтікке балау - қазақтың наным-сеніміне жат түсінік, ал ақынды сол жемтікті аңдыған төбетке теңеу тіпті шендестіруді «бастан асырып жіберу» болып көрінеді. Ойшыл ақын, парасат иесі - төбет бірде өзгелерге өзін қапқызады, бірде өзгелерді өзі қабады. Бұл - өмір шындығы, бірақ сол шындықты суреттеу сипаты соны. Ол ең алдымен өзіне дейін сан ғасыр бойы қазақ қауымының көркемдік-эстетик. қажетін өтеп келген ақын-жыраулар поэзиясының, бай ауыз әдебиетінің барша байлығын шебер, еркін пайдаланған ақын. Мысалы, оның өлеңдеріндегі «тұғырдан түсу», «олжаны ортаға салу», «жағасы сөгілу» сияқты етістікті тіркестер де, «айбарлы ақ орда», «шаншулы найза», «алтын қарғылы арлан», «кең қоныс», «еркін өріс» сияқты эпитетті тіркестер де кәнігі, баршаға ортақ дүниелер. Ақын құдіреті - осыларды орнымен, шебер жарата білгендігінде. Дулат - Абайдың алдында өткен қазақ сез зергерлерінің ішіңдегі ең мықтысы. Дулатты ауызша тарап келген ақын-жыраулар тілі мен Абай бастаған жазба әдеби тілді жалғастырған көпір деп тану қажет.[3]




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Дулат Бабатай?лы к?рнекті а?ын

Автор: Елжасова Айнур Есен?ызы

Дата: 23.04.2016

Номер свидетельства: 321788


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства