Просмотр содержимого документа
««Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие- Мәңгілік елдің - кепілі.»»
1.09.18 6в
Тақырыбы: «Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие- Мәңгілік елдің - кепілі.»
Мақсаты: «Мәңгілік Ел» тақырыбын ашып, бағытын айқындау. Балалардың бойында патриоттық сезімін ояту, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту.Ұлттық рухты , әлеуметтік белсенділігі жоғары ұрпақты тәрбиелеу. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге үйрету. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Білімділік: оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіре отырып, отанын сүюге, ел тарихын білуге, өз ойын тұжырымдап жеткізуге үйрету. Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қызығушылығын ояту, ойын еркін жеткізуге баулу.Отанымыздын байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге үлесін қосу. Тәрбиелік: жаман қасиеттерден жирендіру, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:ашық сабақ
Көрнекілігі: Қ.Р. рәміздердің суреттері, мәңгілік ел суреттері, слайд, бейне ролик.
Сабақтың барысы:
Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару.
Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер?
Мәңгілік елдің сендер үшін маңызы қандай?
Сендер мәңгілік ел үшін неістер едіңдер?
Сабақтың алғашқы кезеңін әңгіме түрінде өткізе отырып, Оқушыларға «Мәнгілік Ел» туралы толық мағлұмат беру.
Жаңа сабақ:«Мәнгілік ел» тамыры тереңге жайылған үлкен ағаш секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың жапырағы да көгеріп, мәңгі көгеріп гүлденері анық. Жапырағы жайқалған ағаш деп отырғанымыз - қазақ ұлты , қазақ елі, қазақ халқы. Бұл мен үшін мәнгілік ел бейнесінде корініс тапты.Біздің маңгілік ел екенімізді бүкіл ел мойындады. Біз енді тар жол, тайғақ кешуден өттік. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бай қуатты, түтіні түзу , дербес тәуелсіз ұлтпыз. «Мәңгілік Ел» жалпы қазақстандық ортақ шаңырақтың ортақ идеясы , әрі бабаларымыздың асыл арманын аманатын жүзеге асыру болып қарастырылғаны абзал. Яғни мәңгілік ел болу шектеусіз ғұмыры бар тәуелсіз , бірлігі жарасқан алдыңғы қатарлы әлем таныған елге айналу. Сондықтан да, мәңгілік , әрі бәсекеге қабілетті ел болу үшін , болашақ ұрпақ мықты идеологияны бойына сіңірген болу керек.
Мәнгілік ел идеясының маңыздылығы Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы- 2050 : бір мақсат, бір мүдде бір болашақ» жолдауында негіз етіп алынды. Басты мақсат - қазақстанның ең дамыған мемлекеттер қатарына қосылу. Ұлттық дамуын нақтылайтын алға жетелейтін 5 реформа белгіленіп , ол реформаларды жүзеге асыратын 100 нақты қадам бойынша бүгінде нақты істер жасалынып жатыр. Мәнгілік ел ұлттық идеясы дегеніміз – өткенімізден сабақ ала отырып , болашағымызды баянды ету жолындағы мұратымыз. Мәнгілік Ел – біздін өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнеми қамшылап , ұдайы алға ұмытылумыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздін қарашығындай сақтай білуіміз керек.Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап , елімізді нығайту басты мақсат балып табылады. Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жад арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды , бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғары мүдделерін негізге ала отырып , Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жолында осы Мәңгілік ел – патриоттық актісін қабылданды. Елбасы, Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарыхын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.
Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз. Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана- біз Астананы халқымыздыңгүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз. Мәңгілік Ел , бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім . Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан , біздің еліміз бір – тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халыұтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады. Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханят. Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаhандық үнқатысуын одан әрі жан – жақты дамытатын боламыз. Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім. Біз мемлекеттің индустриялық және иновациялық күш қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік ңргетасы ретінде бекітетін боламыз. Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Мәңгілік Ел, бұл – Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаhандық тұрғыдан қатысу. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.
II. Видео ролик «Мәңгілік Ел»
Қорытынды: Сөзіміздің соңын айтар болсақ , «Мәңгілік Ел» жалпы қазақстандық ортақ шаңырақтың ортақ идеясы , әрі бабаларымыздың асыл арманын аманатын жүзеге асыру болып қарастырылғаны абзал. Яғни мәңгілік ел болу шектеусіз ғұмыры бар тәуелсіз , бірлігі жарасқан алдыңғы қатарлы әлем таныған елге айналу. Сондықтан да, мәңгілік , әрі бәсекеге қаблетті ел болу үшін , болашақ ұрпақ мықты идеологияны бойына сіңірген болу керек. Бәз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгеріле отырып, аренада мойындалған беделін нығайта түсеміз. Отанымыздың көк байрағын биікте желбірететін боламыз. Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы үшін жасалған саналы тандауымыз. Біртұтас Еліміз –Мәңгілік Ел қуатты болсын!