kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка внеклассного мероприятия "Тіл -достықтың тірегі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне орай 9-сыныптар арасында өткен дөңгелек үстел.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка внеклассного мероприятия "Тіл -достықтың тірегі"»


Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесіне арналған

«Тіл – достықтың тірегі» атты дөңгелек үстел

/9 сыныптарарасында/

Мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу


Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары, баспасөз материалдары, слайдтар
Түрі: дөңгелек үстел

Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі. (Н. Назарбаев)
Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл. (Әбіш Кекілбаев)
Қазақ тілі - қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы. (Асылы Осман)
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы (Ш. Айтматов)

Дөңгелек үстелдің барысы:қатысушыларды қарсы алу

«Тілден артық қазына жоқ» тақырыбында слайд қосып қою


Жүргізуші -1:

Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Казахстан многонациональное государство. Все народы, населяющие его равноправны, так как наш Президент Н.Назарбаев проводит такую национальную политику, что все народы имеют полное право развивать свой язык и национальную культуру.

22 сентября – День языков народов Казахстана. День языков – признак дружбы и единства всех граждан страны. У каждого языка своя история, своя судьба, связанная с судьбами других языков. Через язык люди находят друг-друга и учатся понимать духовную культуру, обычаи и обряды народа. И сегодня наше мероприятие посвящено Международному родному языку, на котором вы поделитесь своим мнениями.

Жүргізуші - 1: Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.









Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.
Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін,- дегендей, Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған "«Тіл – достықтың тірегі» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!
Ей, тәкаппардүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қасым Аманжолов ағамыз айтқандай осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтарымен таныстырып өтемін. Ол 9 «В» сынып оқушылары.

Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын "Үш тілдік" тақырыбына байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың видеосынан үзінді көрсету.
2-жүргізуші. Наш Президент Нурсултан Абишевич Назарбаев выразил свою точку зрения по вопросам внедрения казахского, русского и английского языка. Он подчеркивает, что полиязычие в независимом Казахстане – это концепция, направленная на дальнейшее укрепление государства, его потенциала. «Народ будет мудр в воспитании потомства, заботясь о его здоровье, образовании и мировоззрении…Будет одинаково хорошо владеть казахским, русским и английским языками… Он будет патриотом своей страны, известной и уважаемой во всем мире» - сказал наш Президент Н.А.Назарбаев.

Каждый гражданин Республики Казахстан имеет право на пользование родным языком, на свободный выбор языка общения, воспитания, обучения и творчества.


Жургізуші -1: Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Бүгінгі жасұрпақ – мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы – туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сізбен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай? Мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не?
2. Как вы понимаете значение слов: От идеи «Триединство языков» Н.А.Назарбаева до полиязычного образования в Казахстане?

3. Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?






Әр сұрақтан кейін сыныптағы оқушылардың да жауаптары, пікірлері тыңдалады.


Мен Абдрахманова Тамила Мемлекеттік тілді үйренуге байланысты Көркем әдебиеттер, әдістемелік құралдар, Қазақ ертегілері, қазақша мултьфильмдер, дыбыс таспалары аланып, жар тақталар жасалып үкімет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатыр. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-сананың негізгі өнегесі, нағыз белгісі.  Біздің тіліміз – көркем, бай. Мәселе соны дұрыс пайдалана білуде. Өз тілінің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екі талай. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмытумен бірдей. Сондықтан ана тілімізге мән беру, оны құрметтеу – шынайы патриоттардың ісі деп ойлаймын.

  Қазақ тілі – нағыз қазақ барда ешуақытта жоғалмайды. Қазақ тілінің қайнар бұлағы - халық ауыз әдебиеті. Бүгінгі жастарымыз түгілі, орта буынның өзі де сол негізден алыстап, рухани жұтаңдыққа душар болып отыр. Қазақ ұлтының осынау мұраларын қасиет санап, қастерлей білген ұрпақтың мерейі әрқашанда үстем болмақ. Бүгінгі көшедегі жастардың бір-бірімен өзге тілде шүйіркелесіп тұруы өткен ғасырда жіберілген қатеміз болды.

Қазақ елі өте сенгіш, бейімделгіш халық. Тілдің өзегі, өріс алар жері – ең әуелі отбасы, үй іші. «Әуелі бесігіңді түзе» деген сөзді кемеңгер Мұхтар Әуезов бекерге айтпаса керек. Ұлт азаматы болып қалыптасу үшін ең алдымен ана тілін сүю парызың, Отан алдындағы қарызың. Әрине, орыс, ағылшын және өзге тілдерді дамыту мәселесін де қолдайтын боламыз. Мемлекеттік тілді ең алдымен біздің жастарымыз білулері қажет. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Кім де кім өз анатілін, әдебиетін, өз елінің тарихын білмесе, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деген екен. Олай болса, қоғамның толыққанды, тең дәрежелі, мәдениетті адамына айналу үшін мемлекеттік тілдің мәртебесін әлі де көтеру қажет, меңгеруіміз керек деп ойлаймын.Сіздерді өз ана тілін құрметтеуге шақырамын.


Я, Гринева Алина считаю что, незнание казахского языка представителями коренной национальности Республики Казахстан приводит к тому, что эти люди не знают родную культуру, традиции и обычаи. У этих людей отсутствует чувство патриотизма, они оторваны от своих корней, от языка матери. Поэтому знание казахского языка является приоритетным прежде всего для коренной национальности, а также для других граждан, живущих в Казахстане.

Владение же казахским языком – это прежде всего духовная ценность, государственная необходимость, так как это проявление патриотизма, средство национальной идентификации. Если ты казах, идентифицируешь себя с казахами, то должен знать свой язык. Ведь именно в нем отражена твоя история, культурный быт, традиции и обычаи, менталитет твоего народа. Осознавать это особенно должна молодежь и в этом числе и я. Так как я живу в Казахстане я стараюсь изучать этот язык. И присутствующих тоже призываю знать государственный язык. Каждый язык – это целый мир. Язык – это живая душа народа, его радость, боль, память, сокровище. Нет такого языка, который бы не заслуживал уважения.


Я, Бакашова Валерия ученица 9 «В» класса считаю что, знание языков необходим как воздух и вода. Изучение языков требует серьезного и ответственного отношения. Для дальнейшего процветания и развития нашего государства знание трех языков обязательно.

Современный Казахстан является полиэтническим государством, поэтому развивается в условиях многоязычия путем поэтапной, взвешенной языковой политики, содействующей межнациональному согласию. Эта объективная характеристика обусловила переход общества к полиязычию, что, в свою очередь, актуализирует проблему изучения языков для адаптации к новым социально-политическим и социально-культурным реалиям. Казахский язык– государственный язык, его должен изучать и знать каждый гражданин, проживающий на территории государства; русский язык как язык межнационального общения продолжает оставаться важным языком для многонационального Казахстана, а английский язык –«язык успешной интеграции в глобальную экономику». Наш Президент Нурсултан Абишевич предложил начать поэтапную реализацию культурного проекта «Триединство языков». В перспективе каждый будущий специалист должен владеть тремя языками, чтобы быть полиязычном, конкурентоспособным специалистом.

В связи с этим Казахстан приступил к реализации полиязычного образования в системе среднего образования, направленного на изучение казахского, русского и английского языков. На сегодняшний день в Казахстане созданы все предпосылки для развития полиязычного образования. Формирование полиязычной личности – цель языковой политики независимого Казахстана.


Мен Успанов Ринат «Қазақ тілі – қазақтың ғана тілі емес, менің тілім» деп айтуымыз қажет деп ойлаймын. 
Тілді үйренуге ең басты қажет дүние – тілдік орта. Ал, тілдік ортаны алдымен балабақша мен мектепте жасау керек. Мектепте де, балабақшада да, мемлекеттік жүйеде оқытып-үйреткен тілдік қор, әрі қарай қолданыста болмаса, ол құриды, жойылады. Алған тілдік білім әрі қарай даму үшін ол сол тілде сөйлеу керек. Сондықтан тілге қатысты атқарылар шаруа, бітірер іс ешқашан да бітпейді. Бүгінгі Қазақстан жастары осы сенімді ақтауға лайықты болуға тиісті. 
Егер жас қауым бір тілде сөйлеп, бір мақсатқа жұмылатын болса, біздің күшіміз бен қуатымыз да арта түседі.

«Біз - тілегі мен тілі бір Қазақстандықпыз» деген идея бағынуымыз тиіс. Қазақ тілі біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тілі болғандықтан, біз оны міндетті түрде білуге тиіспіз. Мәдениеті мен рухы жоғары, өркениеті дамыған ел боламын десек, осы біз жастар, мектепте, елімізде болып жатқан әр іс шараға қатысуымыз керек деп ойлаймын. 


Мен Шарипова Алтын. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді білуге, қастерлеуге деген талап күннен-күнге жоғарылап келеді. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, оқушылар ана тілінде сөйлеп, ана тілінде сауатты жаза білуге, сөйтіп өзге ұлт өкілдеріне үлгі-өнеге көрсетулері тиісті.Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени - әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Әркімнің ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек. Соны әрбір Қазақстан азаматы түсініп, білгені жөн. Тіліміздің қадірін тек тіл мерекесінде ғана емес, күнделікті өмірде көп қолданайық. Себебі, ұлттың уызы – тіл, ұйытқысы – отбасы. Мемлекеттік тіл тұғырын алдымен өзіміз көтере білсек, ана тілімізге деген адалдық пен құрмет болары кәміл.

Ибрахимов Амирхан. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейде белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.
Тіліміздің мәртебесін арттыру үшін рухани байлығымыз – ана тілімізді атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалдырудың бір жолы деп санаймыз.Ал біздің, қоғамның бүгінгі таңдағы ең басты мәселесінің бірі – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін жоғары ұстап, оның қолдану аясын кеңейту. Сондықтан да еліміздің әрбір азаматы ұлты мен нәсіліне қарамастан тіл мәселесін терең түсініп, жауапкершілікпен оған қарау керек. Біз жастар осы тілдің мәртебесін әр уақытта көтеріп жүрейік.

Бижанов Алишер. Мемлекеттік мәртебеге ие болған, бірақ ол мәртебесі толыққанды жүзеге аспай отырған қазақ тілінің қазіргі құқықтық аспектілері бар. Мәселен адами, әлеуметтік жағы да жетерлік. Ең бастысы — ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік деңгейіне байланысты екенін де ескермеуге болмайды. Өзін ешкімнен артық та, кем де емес дәрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Әзір тәуелсіздік рухы баршамызды толыққанды түлете алмай отырғаны шындық. Осы арада бүкіл түркі әлемінің асыл перзенттерінің бірі Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді» дегенін де еске сала кетсек, артық болмас. мемлекеттік тілдің тағдыры ұлттық оң болмыстың оянуын қажет етіп отыр.

Мемлекеттік тіл туралы заң қабылданып, халқымыз тәуелсіздіктің рухани қуатын толық сезінгенде ғана Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп қойып отырған қазіргі стратегиялық мақсаты күнделікті шындыққа айналар сөзсіз


2-жүргізуші. В основных положениях Концепции говорится о необходимости качественным владением иностранным языком выпускника современной школы, - это назревшая жизненная необходимость, поскольку интенсивные темпы и уровень развития науки и техники в мире требуют свободного владения иностранными языками для более качественного и полноценного получения необходимых теоретических и практических знаний, умений и навыков. Эти положения уже успешно реализовываются в наших школах, где обучение ведется на казахском, русском и английском языках. Это помогает нам в интеллектуальном развитии и умении свободно общаться с ребятами других национальностей. Кроме того, обучение на трёх языках, и, как следствие, владение ими практически в совершенстве, будет способствовать приобщению к культуре и традициям разных народов.

1-жүргізуші:

Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы оқушылардың ойларын білдік. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілін терең білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой - пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып Абай атамыздың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.



































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка внеклассного мероприятия "Тіл -достықтың тірегі"

Автор: Булекпасова Багдат Шакимовна

Дата: 24.12.2018

Номер свидетельства: 492388

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Разработка внеклассного мероприятия Тілім тірегім"
    ["seo_title"] => string(56) "razrabotka_vnieklassnogho_mieropriiatiia_tilim_tirieghim"
    ["file_id"] => string(6) "361194"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479746699"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства