kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отан отбасынан басталады

Нажмите, чтобы узнать подробности

отанды сүю отбасынан басталатыны туралы мәлімет беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отан отбасынан басталады»


Күні: 15.11.19

Тақырыбы: Отан отбасынан басталады.

Тәрбие сағат мақсаты: Оқушылырға отан, отбасы, ұғымдарын қалыптастыру; Танымдық ойлау қабілеттерін арттыру; Топта жұмыс жасата отырып, бірінің пікірін бірі тындай білуге үйрету; Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Елін, жерін, құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу. 
Тәрбие сағат көрнекілігі: Өлеңдер, мақал-мәтел, 
Тәрбие сағат әдісі: тренинг «Шаттық шеңбері», Сайыс, СТО әдістемесі элементтері
Тәрбие сағат барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: треннинг«Шаттық шеңбері» Топқа бөліну.  
Әрқашан дос, біргеміз, 
Ажырамас іргеміз 
Ту ғып ұстап бірлікті 
Тату тәтті жүреміз 
Мұғалім: Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істер - елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымықта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан-ұрпаққа дарыса деген асыл арманы. 
Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-ана мен баланың және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. «Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы осы отбасынан басталады.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан –жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.

Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.


ІІ.Топқа ат қою, постер салу, қорғау. 





ІІІ. Оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар: әр топқа 3 сұрақтан беру, жауапты орнынан айтады. 
а) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қай жылы, күні, айы қабылданды? (1991, 16 желтоқсан) 
ә) Тілдер мерекесін қай күні тойлаймыз? (22 қыркүйек) 
е) Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков) 
ж) Елтаңбаның авторы кім? (Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков) 
и) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні қай күн? (1 желтоқсан) 

ІҮ. Жоғалған сөзді тап ойыны. Көп нүктенің орнына тауып жазу. 
1-топ: 1.Туған жерге ........ (туың) тік. 
2. Отансыз адам, 
Ормансыз .......... (бұлбұл). 
3. Басқа елде ........ (сұлтан ) болғанша, 
Өз еліңде ұлтан бол. 
2-топ: 1. Отан ........( отбасынан) басталады . 
2. Ел үмітін ...... (ер) ақтар. 
3. Туған жерім, алтын ...... ( бесігім) 
3-топ: 1. Өз үйім өлең ........ ( төсегім) 
2. Туған жердей .....(жер) болмас, 
Туған ......... (елдей) ел болмас. 
3. Отан - ......... (оттан) да ыстық. 

Y. Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып 
қойылады, жауабын балалармен бірлесе отырып табыңыздар. 
1. Жақсы адам елдің ырысы, 
Жақсы сөз жанның несі? ( тынысы) 
2.Тозар елдің жанжалы бітпес, 
Озар елдің несі бітпес? (арманы) 
3. Елдің ерлігі ерінен танылар, 
Елдің байлығы несінен танылар? (жерінен) 

Ел қалаған ұл-қыздар – 
Ел көгіндегі нелер? ( жұлдыздар) 
2. Ынтымақты елге ешкім жетпес, 
Ынтымақсыз елдің несі бітпес?(өкініші) 
3. Анаңа ауыр сөз айтпа, 
Атаңа ауыр не артпа? (жүк) 

1. Адам болатын бала қандай болады? (ағайыншыл) 
Бай болатын бала айырбасшыл болады. 
2. Қатты не көрсе бала күнінде (тәртіп) 
Өнерімен қуантады түбінде. 
3. Қарағайға қарап тал өсер, 
Несіне қарап бала өсер?(қатарына 

YII. Қорытынды: 
Рефлексия:
Жүректен жүрекке

«Жылы жүрек» деп аталады. Оқушыларға кішкене бір – бір жүрекше таратылады. Сол жүрекшелерге өздерінің отбасына деген тілектерін жазып, тақтаға орналастырады.


Қорытындылау.
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Отан отбасынан басталады

Автор: Танатарова Жупар Тилеповна

Дата: 29.12.2019

Номер свидетельства: 533902

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(169) "Разработка внеклассного занятия по самопознании на тему: "Отан-отбасынан басталады" (3 класс)"
    ["seo_title"] => string(80) "razrabotka_vnieklassnogho_zaniatiia_po_samopoznanii_na_tiemu_otan_otbasynan_bast"
    ["file_id"] => string(6) "385460"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485764520"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Отан отбасынан басталады 6 сынып"
    ["seo_title"] => string(32) "otan_otbasynan_bastalady_6_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "452091"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516769342"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Отан отбасынан басталады "
    ["seo_title"] => string(24) "otan-otbasynan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "134756"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416804184"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "т?рбие са?аты. Отан отбасынан басталады. "
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-otan-otbasynan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "148482"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419743337"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Баяндама" Отан отбасынан басталады""
    ["seo_title"] => string(34) "baiandama_otan_otbasynan_bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "457331"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1518603249"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства