мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы мағлұмат беру: есту, көру арқылы өз бетінше логикалық ойлау қабілеттерін арттыруесте сақтау қабілетін дамыту, оқушыларды мұзда сырғанау ережесін мұқият сақтауға, еңбек ете білуге, Отанын сүйіп, қорғай білуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Мұзда жүру ережесін біле жүр!» тәрбие сағаты»
Абілқасымов Қуаныш Өмірзақұлы
БҚО Сырым ауданы Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
«Мұзда жүру ережесін біле жүр!» тәрбие сағаты
Мақсаты: мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы мағлұмат беру: есту, көру арқылы өз бетінше логикалық ойлау қабілеттерін арттыруесте сақтау қабілетін дамыту, оқушыларды мұзда сырғанау ережесін мұқият сақтауға, еңбек ете білуге, Отанын сүйіп, қорғай білуге тәрбиелеу.
Корнекілігі:нақыл сөздер,суреттер экстремальды спорт түрлерінің суреттері.
Барысы.
Ұйымдастыру бөлімі.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Бүгінгі «Мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін білеміз бе?» атты тақырыбында ұйымдастырылып отырған сынып сағатына қош келдіңіздер!
Денсаулық-бар байлығың басындағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп,мәпелесең,аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері: 1.Күн суытып,мұз қату мерзімі келді. Балалар коньки киіп,бірер сағат мұзға шығуға шыдамсыздық танытады. Бірақ тоған,өзен,көл бетіне шығуға асығуға болмайды;
1.1.Мұз өте қауіпті. Біздің облыста қараша-желтоқсан айларында мұз қата бастайды.
1.2.Есте сақтаңыздар! Балаларда тәжірибе жоқ, қауіпсіздік шараларын білмейді,өйткені әуестік сезімінен қауіпсіздік сезімі төмен, мұз үстіндегі ережені толық білмейді, сол себептен тез қайғыға ұшырайды, кейде өмірімен қоштасады.
1.3.Қайғылы оқиға болдырмау үшін балаларға қамқор болыңыздар! Балалардың өмірін сақтаңыздар! Тек мұз үстінде болудың ережесін сақтап, қайғылы жағдайдан сақтануға болады.
1-оқушы:Шымыр болу оңай ма,
Арман болған талайға,
Жаттығулар көріп ал,
Қайталайық қалайда.
2-оқушы:Жүріңдер балалар!
Сырғанақ тебеміз,
Құрыспай,құрыштай,шынықсан денеміз!
Таяққа бау тағып,
Шаңғыңды майлап ал,
Биалай,малақай,бәрін де сайлап ал!
3-оқушы:Жақсылап байқашы,
Аяғың тоңбай ма.
Жел үріп,қар кіріп,қоншыңа толмай ма!
Желменен жарысып,
Сырғанақ тебеміз,
Құрыспай,құрыштай,шынықсын денеміз.
4-оқушы:Спорт-сенің серігің,
Саулығың мен сенімің,
Спортпенен шыңдалар,
Жігерің мен ерігің.
Жалаң аяқ қар басып,
Саяхатта,қарға шық.
Табиғаттың көркіне,
Болғың келсе шын ғашық.
5-оқушы:Шұғылдансаң сүйіп шын,
Спорт-жеңіс,биік шың.
Етене өссең онымен.
Азаматсың,жігітсің.
Қиындықта-тар өткел,
Төзімді боп әдеттен
Масаттанбай жеңіске.
6-оқушы:Салауаттылық-сергек те,
Таза жүру өмірде.
Азаматтық келбетке,
Дақ түсірмеу тегінде.
Салауатты салтты ұғып,
Таңда жолдың дұрысын,
Спортпенен жаттығып,
Жаз денеңнің құрысын.
Тыйым салынады:
-Қалыңдығы 7 сантиметрден жұқа болса, мұз үстіне шығуға;
-Дұрыс қатпаған, бетін қар басып қалған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға ;
-Мұз үстіндегі білмейтін жерлерге жағажайдағы жардан сырғанап түсуге;
-Тез су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;
-Мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;
-Мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден аспайтын болса,мұз айдының жасауға;
-Егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса,мұз үстіне шығуға,әсіресе түңгі уақыттарда шығуға тыйым салынады.
Балалар!
1.Мұз қатар кезінде су айдындарында сақ болыңдар!
2.Жұқа мұздың үстінде шаңғы және коньки теппеңдер!
3.Өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер!
4.Жұқа,толық қатпаған мұз үстіне шықпаңдар!
Ойтолғау. «Мұз қатар уақытында сақ болыңыздар!» атты ойтолғау жазу.
«Мен спортты таңдаймын!»әні орындалады.
Жүргізуші:оқушылар,бүгінгі тақырыбымыз мұзда сырғанау туралы болғандықтан,сіздерге тақырыпқа байланысты сұрақтар қойғым келіп отыр.Экстемальды спорт жөнінде не білеміз?
7-оқушы:Шаңғы спорты . Шаңғыны солтүстікте тұратын халықтар ойлап тауып,қозғалыс құралы ретінде қолданған.ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басында шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, шапшаң құлдилау мен слалом сияқты жарыстар өткізілген. Слаломда шаңғышы қойылған тосқауылдарды айналып өтіп, арнаулы соқпақпен таудан құлдилайды.
8-оқушы: Тау шаңғысы спорты-арнайы жолдармен таудан төмен құлдилау. 5 спорттық жарыс түрін қамтиды: сламом, гиганттық сламом, жылдамдықпен құлдилау, альпілік қоссайыс.Сноубординг.Сноубордшылар аяқ бекіткіші бар моношаңғы-сноубордта акробаттық элементтерді орындайды.
9-оқушы: Шана спорты. Шана спорты бойынша жастар бұрылыстары мен вираждары бар мұзды соқпақтарда өткізіледі. Спортшы арқасында жатып шананы басқарады. Бобслейде спортшылар жабық шаналар-бобқа-бірінің артынан бірі отырады. Шананы алдында отырған пилот-бағдар ұстаушы басқарады. Боблейдтің отаны Швейцария болып табылады. Осында 1888 жылы ағылшын Уилсон Смит алғашқы бобты құрастырады.
10-оқушы:Мәнерлеп сырғанау. Бұл спортшының музыка ырғағымен мұзда конькимен жасалатын қимыл-қозғалысы. Жеке сырғанау, жұптық сырғанау, спорттық билер және синхронды сырғанау болып бөлінеді.
11-оқушы:Хоккей. Мұз алаңында өтетін спорттық командалық ойын.Барлық ойыншылар айдында қозғалыс құралы ретінде конькиді пайдаланады.Қарсылас команданың ойыншыларына допты соғуға талпына отырып, қарсылас топтың мұндай әрекет жасауларына жол бермейді. Қақпаны қақпашылар қорғайды.