kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мамандық туралы сынып сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мамандық туралы сынып сағатының маңызы зор. Әрбір оқушы өзінің талғамына және қызығушылығына қарай мамандықты таңдау тиіс. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мамандық туралы сынып сағаты»

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілігі: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, қанатты сөздер.

Барысы.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз және өздеріңіз білетіндей 10-сыныпта бағдарлы оқыту сыныбына көшесіз. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.

Айтмағанбетов Қалыбай Сергейұлы – Орман шаруашылығы мекемесінің бастығы
Байкеева Гүлжамал Ғайненқызы – ардагер ұстаз
Муликова Бақтылы Қанатәліқызы – мектебіміздің медбикесі
Мурсалимов Нұрмұханбет Әлекешұлы – мәдениет саласының қызметкері
Мусин Бейбіт Мәдиұлы – өрт сөндіру мекемесінің бастығы
Сыдықова Дариға Дайынғалиқызы – мектеп кітапханашысы
Саламатов Болатбек Рысқалиұлы – «Нұрбақыт» балабақшасының психологы

Ендеше, қонақтарымызға «Қош келдіңіздер!» дей отырып, бүгінгі кешімізді бастаймыз.

Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады. Ендеше қонақтарымызға сөз кезегін берейік. Алғашқы сұрағымыз:

Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? Әрқайсыңыз өз мамандығыңызға байланысты айтып өтсеңіздер.

(Қонақтар пікірлерін айтады)
Оқушыларға мынадай бір пайдалы мәлімет айтып өтейін.
Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ –бұл талап-тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет-қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.

Ал сіздер мамандық таңдауда қандай критерийлерді басшылыққа алған жөн деп есептейсіздер?
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра,
Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра -  деп домбыраға кезек берейік. Күй. Орындайтындар  9 «а» сынып оқушылары Жақсығалиев Әнуарбек пен Мақсотова Рысгүл.

Келесі сұрақ:
Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?

Оқушыларға пайдалы мәлімет.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.

  1. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?

  2. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

  3. Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?

  4. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?

  5. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды   қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист  т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

 

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар

Әннің сәні болмаса мәні оятар, – деп ағартушы ақын Абай айтқандай, кезекті әнге берейік.

Мақсотова Рысгүл

Кешіміздің басында мамандықтың 50 мыңға жуық түрі бар деген болатынмын. Енді оқушыларымыз мамандық түрлері туралы қаншалықты білетінін тексеру үшін «Ең, нағыз..» деп аталатын ойын ойнап көрейік. Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.
-          Ең жасыл мамандық
-          Ең тәтті мамандық
-          Нағыз ақшалы мамандық
-          Нағыз бала мамандығы
-          Ең күлкілі мамандық
-          Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық
-          Ең ауыр мамандық

9 сынып ұлдары КТК командасының өнеріне кезек берейік.

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

Бүгінгі кешімізді мектебіміздің жас әншісі Құлымжанов Нұрмұқанның орындауындағы тамаша әнмен аяқтағым келеді.
Қош сау болыңыздар!

















Оқушы шығармашылығын дамыту – білімдік үрдіс субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы. Сөзім дәйекті болу үшін жоғарыда көрсетілген критерилерді өз іс – тәжірибемде қалай, қандай жолдармен іске асыратыныма тоқталайын.

Оқушылардың шығармашылық әректі мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орны ерекше. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс. Бл жерде жеке сөздерді жаттап қою не мәтінді аудару емес, өз бетімен, дербес жұмыс жасай, ойлай білу, білімін толықтыру, белсенді болу, деңгейлік тапсырмалар орындау.

Өз тәжірибемде оқушының шығармашылық әрекетін дамыту мақсатында 6 сыныпта қазақ тілі сабағында әртүрлі тапсырмалар беремін:

- әңгімені, ойды жалғастыру

- мәтін бойынша жаднама құру

- ертегі ойлау

- өз көңіл күй әсерлері нәтижесінде әңгіме жазу

- өз пікірін білдіру, оны дәлелдеу.

Мұндай тапсырмалар оқушылардан қиялдау, талдау, салыстыру, себеп салдарлық байланысты айқындай білу, тұжырым жасай білу секілді ой операцияларын орындауды талап етеді.

Әр сабақта өтіліп тұрған осындай жүйелі жұмыстар төмендегідей нәтиже беруде. (ІІ сызбаны көрсету)

Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыстар арқылы берілетін тапсырмалар пәндік білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Мұндай тапсырмалар негізінен сөйлеу мен тыңдап түсінуге бағытталған

- репродуктивті жаттығулар:

- сөздікпен жұмыс

- сөздерге, сөз тіркестеріне байланысты жаттығулар

Репродуктивті жаттығулар күрделі тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыру жолындағы қажетті кезең болып табылса, сөздікпен жұмыс жеке сөзбен тыңғылықты жұмыс жүргізу оқушыға сөздің мағынасын жан жақты түсінуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді.

Сөз тіркестерімен жүйелі жұмыс жүргізіп отыру оқушының сөз байлығын молайта түседі. Сөз тіркесін ойлап табу; олардың мағынасын түсініп, сөйлем құрау; сөз тіркестерін орысшадан қазақшаға не қазақшадан орысшаға аудару; сөйлем ішінен сөз тіркесін айыра білу; жиі кездесетін грамматикалық формалар арқылы сөз тіркестерін құрау жаттығулары орындалады.

Оқушылар бұл жерде жаңа ұғымдармен танысып қана қоймайды, өзіндік жұмыстар арқылы жаңалыққа деген қызығушылықтары артады.

 

 

Жаңалыққа деген қызығушылық – басты ішкі талпыныс болып табылады. Оқушыларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер оқушының бар ақыл – ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Осы негізде жеке тапсырмалар орындау, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастырту қызығушылықтарымен қоса, шығармашылықтарын дамытады. (оқушылардың шығармашылықтарын көрсету)

Оқушылармен күнделікті ұйымдастырып отырған қызықты өзіндік жұмыс түрлері төмендегідей көрсеткіш беруде. Мұның өзі үлкен жетістік.(ІІІ сызбаны көрсету.)

Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. «Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. Шығармашылық адамның бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады» - деген А. Рыбаковтың пікірі осыған дәлел.

Ендігі мәселе: Шәкірт бойындағы шығармашылық қиял, дарын, қабілет бастауын одан әрі дамытудың жолдары қандай және ол үшін мен болашағыма қандай жоспар алдым.

Жауап біреу – ақ. Болашақта өз оқушыларымның шығармашылығын дамытуда ізденімпаздылық жұмыстарға, соның ішінде жобалау технологиясына байланысты зерттеу жұмыстарына қатысу. Яғни, оқушыларымды мектепішілік, қалалық ғылыми – практикалық конференцияға қатыстыру. Мұның өзі шығармашылық жұмыстың шарықтау шегі.

 

 







Жеке тұлғаны  қалыптастыру

        Тәрбие   берудің тиімділігі  мен сапасын  арттырудың  негізгі  бағыты- тәрбиелік  істе  әрбір  баланы  жеке тұлға  деп  танып  біліп,  жан-жақты қалыптастыру. Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады.

   «Жеке тұлғаның үздіксіз  күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қабілеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу»,-деп атап көрсетіп, мектеп алдындағы міндеттері деп қояды.

 Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін оқушылар ұжымы арқылы тәрбиелеу адам дамуының негізгі қаланатын бастауыш сатыдан басталатын процесс.

      Жеке тұлғаны дамыту мәселелері М.В.Блонскийдің, Л.С. Выгатскийдің, Л.В. Рубенштейннің, Д.Б. Элкониннің еңбектерінің негізгі арқау болып табылады.Оқушылардың жеке тұлғасы ретінде қалыптасуына ұжымның үлкен ықпалы бар.

Оқушылардың жеке тұлғасының дамуына мектептегі оқу- тәрбие жұмыстары да ықпал етеді.  

Оқушының жан -  жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбие жұмыстарына мынандай талаптар қойылады.

1.Ұйымдастырылған  тәрбие жұмыстары оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамытуы қажет.

2. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау, жүйелі жүргізілуі қажет.

3. Оқушылар   белсенділігін  көтеру   керек.

4. Ұжымдық,  жеке  іс- әрекеттің дамуы және оқушының әрекет етуіне жол беру.

Осы талаптарды орындауда оқу тәрбие жұмыстарын бүгінгі білім стандартына сай негіздеп, кешенді түрде жүргізу арқылы оқушыларды біртұтас жеке тұлға  етіп қалыптастыруға болады.

   Адамның шығармашылығында үш түрлі қарым -қатынас орын алады:

1.     Адамның өзіне тән қарым-қатынасы .

  2.     Тұлғаның басқалармен қарым – қатынасы.

3.     Тұлғаның  айналамен  қарым – қатынасы.

Осы қатынастар арқылы адам тәрбиесі жетіледі. Қазіргі психологиялық және педагогикалық зерттеуде бастауыш сынып  оқушысына білім беру мен оны дамытудың әдістемелік принцпі оқу- танымдық әрекеті басымдықта игере отырып, тек соның негізінде ғана ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі деп дәлелденеді. 

 «Әрекет – субъектісінің дүниені өзгертуге, рухани немесе материалдық мәдениеттің белгілі бір объектіленген өнімін туғызуға немесе  өндіруге  ағытталған  белсенділігі.  Адамның әрекеті алдымен практикалық,

материалдық әрекеті ретінде анықталады.  Содан соң, одан шығармашылық әрекет бөлініп шығады».               

 Бастауыш сынып оқушыларында әртүрлі деңгейдегі оқушыларды оқыту технологиясын тану компонентінің өз тән ерекшелігі мен мазмұны бар:

-         Танымдық эмперикалық тәсілдері, модельдеу, сипаттау, өлшеу, тәжірибелер, практикалық жұмыстар;

-         Танымның жалпы логикалық тәсілдері, анализ, синтез, индукция, дедукция, дерексіздендіру, қорыту;

-         Танымның теориялық тәсілдері , модельдеу, болжау,дерексізден нақтыға өту;

-   Табиғатты   шығармашылық  бейнелеу тәсілдері.

Бұл тәсідер жүйесімен тәсілдердің өзі бастауыш сыныпта әртүрлі оқушыларды оқыту технологиясын қолданғанда бастапқы денгейде, кейде қарапайым түрде болуы мүмкін, бірақ дәл осы жаста бала олармен танысуы, одан әрі оларды тереңдету және ұғынуды жүзеге асыру үшін оларды игере бастау қажет.

 Ең бастасы оқытудың басынан оқушыларда осы қорытылған әрекет негізінде білімнің интеграциясы дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыру процесінде, оны жаратылыс және гуманитарлық мазмұнның интеграциясы арқылы тереңдету жүзеге асырылады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Мамандық туралы сынып сағаты

Автор: Жетписбаева Азиза Кенесовна

Дата: 19.02.2018

Номер свидетельства: 458322

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Сынып сағаты тақырыбы: "Біздің Президент""
    ["seo_title"] => string(42) "synyp_sag_aty_tak_yryby_bizdin_priezidient"
    ["file_id"] => string(6) "387473"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486141207"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мамандықтың бәрі де жақсы"
    ["seo_title"] => string(29) "mamandyk_tyn_b_ri_die_zhak_sy"
    ["file_id"] => string(6) "472003"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1527999049"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "" 1- желто?сан т???ыш Президент к?ні" т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(46) "1zhieltoksantungyshpriezidientkunitrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "291134"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455085284"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""К?ш басында - Кеме?гер!" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(42) "kosh-basynda-kiemien-ghier-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "207819"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430658344"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Жол ережелерін сақтай біл, жас өрен!"
    ["seo_title"] => string(43) "zhol_ieriezhielierin_sak_tai_bil_zhas_orien"
    ["file_id"] => string(6) "394958"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1487853030"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства