kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Діні сауатсыздық – діні экстремизм бастауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: имандылық тәрбиесін беру арқылы келер ұрпақты Мұхаммед пайғамбардың хадистері мен сүннет қағидаларыда баяндалған мұсылмандық шарттары туралы түсіндіру.

2.Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың мұсылман діні туралы білімдерін кеңейте отырып, ой — өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: ана тілін сүюге, ата — салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі — өнеге алуға баулу,  имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа баулу, оқушылардың діни сауатын ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Діні сауатсыздық – діні экстремизм бастауы»

Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: «Діні сауатсыздық – діні экстремизм бастауы»

Мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: имандылық тәрбиесін беру арқылы келер ұрпақты Мұхаммед пайғамбардың хадистері мен сүннет қағидаларыда баяндалған мұсылмандық шарттары туралы түсіндіру.

2.Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың мұсылман діні туралы білімдерін кеңейте отырып, ой — өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: ана тілін сүюге, ата — салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі — өнеге алуға баулу,  имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа баулу, оқушылардың діни сауатын ашу.

Көрнекілігі:, «Ислам және өркениет» газеті, имандылық туралы нақыл сөздер,Абай портреті, , суреттер,сөзжұмбақтар.

 Сабақтың түрі: Ашық  тәрбие сағаты                                                

 Тәрбие сағаттың құрылымы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу)


Бейнебаян көрсетіледі.оқушылар бейнебаяннан не көргенін айтады.осыдан келіп бүгінгі ашық сабақтың тақырыбы ашылады.


2.. Дін дегеніміз не?

3. Қандай дүниежүзілік діндер бар?
4. Дін қазіргі қоғамда қандай орын алады?
5. Қазақстан Республикасының Конституциясында дін туралы не айтылған?
6. Діннің адамның рухани өміріндегі орны немен анықталады?
7. Діннің адам баласын біріктірудегі рөлі..

8.Қорытынды сөз.


Мұғалім сөзі: Мұғалім: Дін – белгілі заңдылықтардың жүйесі, ол қоғамның әрбір мүшесі орындауға тиісті ережелерді қамтиды. Дінге бағынған адам өз қоғамының заңын жүзеге асыруға міндетті.Ислам діні – дүние жүзіне кең тараған дін. Бұл дінді тұтынатын адамды мұсылман деп атайды. Ислам дінінің негізін салушы – Мұхаммед пайғамбар.Бұл діннің қасиетті кітабы – «Құран». «Құран сөзі – Құдай сөзі» деп үйретеді мұсылман діні.

«Құран» - мұсылман баласының қалай өмір сүру керектігі жазылған заң шарттарынан тұратын кітап, ол сонымен қатар араб әдеби тілінің жазба ескерткіші. Құранның сүрелерінде жетім-жесірге қиянат жасамауға, әлсіздерді жылатпауға, ізгі іс істеуге үндейді.

- Балалар, еске түсірейікші, біздің дініміз қай дін?(ислам)

• Біз дініміз бойынша кімбіз?(мұсылман)

• Ислам дінінің ең қасиетті кітабы қалай аталады?(Құран Кәрім)

• Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ислам – сену, Алла тағаланың

өсиетін және оның елшісі Мұхаммед пайғамбардың айтқандарының барлығын жүрегімен толық қабыл алу. Иманның атауы – жүрек. Имандылық иманнан пайда болады. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иман жүзді, инабатты келеді.



Мұғалім: Қандай дүниежүзілік діндер бар?

Діндер туралы түсінік беру: Адам баласының тарихында көп тараған дүние жүзілік діндер: буддизм, христиан, ислам. (картадан діндердің таралу аймағын көрсету)
1. Буддизм – әлемдік діндердің ішіндегі ең ежелгісі (б. з. д VI ғ.) болғанымен бұл дінді ұстанушылардың саны христиандар мен мұсылмандарға қарағанда әлдеқайда аз.
2. Христиан діні – әлемдік діндер арасындағы саны жағынан басым. Бұл дінге сенушілер 2/5 бөлігін құрайды. Христиан діні үш топқа бөлінеді: Православие, Католик, Протестант
3. Ислам – салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөліктеріне таралған. Сүнниттік, шииттік ағымдарынан тұрады. Дүниежүзінің 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар.
Ислам дінінің негізі 610 жылы Арабия түбегінде қаланды. Исламның дүние жүзіне кең таралуына алғашқы кезде Арабтардың жаулап алу соғыстары мен сауда қатынастары ықпал етті. VІ – VІІ ғасырларда Арабтар мәдениеті кіші Азия мен Үнді өзені бойына солтүстік Африкаға таралса X ғасырда ислам қазіргі Иран, Ирак, Орта Азия жерлеріне келіп жетті. Ислам дінінің қағидаларында мұсылмандардың білім алуға ұмтылысы жаңа жерлерге саяхат жасауы құпталады. Араб саяхатшылары сауда керуендерімен бірге көптеген алыс - алыс елдерге барып, ислам мәдениетінің кеңінен таралуына себепші болды. Мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке (Мұхаммед Пайғамбардың дүниеге келген жері) және Мәдиненің (Пайғамбардың жерленген жері) орны ерекше. Осы қалаларға қажылық сапарға барып – келу мұсылманның парызы болып саналады.
Дүниежүзілік діндердің қайсысы болсын жаратушыны насихаттайды, адамды имандылыққа баулиды. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай - ақ көп дінді ел. Діннің орасан зор адамгершілік қуаты республиканың өмірінде біріктіруші рөл атқаруға тиіс және атқара алады


Сүннеттік ағым

араб.: سنة‎) сөзі бүкіл мұсылман қауымын қамтитын өте ауқымды ұғым болып табылады. Бұл атаудың шығу тегіне байла­нысты ислами әдебиетте Мұхаммед пайғамбардың «Менің артымнан ерген үмметім жетпіс үш тармаққа бөлініп кетеді. Біреуінен басқасы тозаққа кіреді» деген сөзі келген. Сол кезде қасында болған сахабалар тозақтан құтылатын қай топ деп сұрағанда Аллаһ елшісі : «Ол топ менің артымнан ерген және менің артымнан ергендердің соңынан жүргендер» деген екен. Осы құтылған топты немесе жамағатты «Әһл әс-Cунна уәл-Жамағат» деп айтады.


Шииттік ағым

Шииттік (шиа) – Ислам дініндегі екі үлкен бағыттың бірі. Шииттіктің қалыптасуы туралы ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. «Шиа» араб тілінен аударғанда «жақтас», «көмекші», «партия» және «фырқа» (топ) мағыналарын береді. Термин ретінде «шиа» хазіреті Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін хазіреті Али мен ұрпағының имамдық (халифалық) үшін ең лайықты кісілер екенін және мұның қасиетті мәтіндер (Құран және Сүннет) арқылы бекітілгеніне сенетін қауымға берілген есім болып табылады. Бұл бағыттың қазіргі таңда ең көп таралған жері ­ Иран Ислам Республикасы.




Иман, иманды адам деп кімді айтамыз?Оқушыларға кезек берейік.

Иманды адам және имансыз адам қасиеттерін топтастыру: өзімшіл, күншіл, пайдакүнем, менмен, тәкаппар, суайт адамды имансыз адам деп атайды. Сондықтан адамның асыл қасиетінің – адамгершілік, жақсылық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдық, әділдік шыншылдық ұяттылық жиынтығын имандылық дейміз.


Інжіл- барлық жаңа өсиеттің тұтас атауы. Құран дерегі бойынша Иса (ғ.с.) 

пайғамбарға жолданған қасиетті кітап.


Тәурат-Аллаһ Тағала тарапынан Мұса пайғамбарға жіберілген кітап, Исламдағы қасиетті төрт кітаптың бірі, қазіргі уақытта Еврейлік Інжіл - Танахтың алғашқы бес кітабы.


Топқа бөлінген оқушылар өздері таңдап алған термин сөздерге түсінік береді.

.Деректі сөздер:

Мұсылман- Ислам дінін қабылдаған, Аллаһқа мойынсұнған адам.

Пайғамбар- қауымға Аллаһ ақиқатын жеткізіп, Құдайдың барлығы мен бірлігін мойындауға шақырушы адам.

Мешіт-  Мұсылмандар құлшылық ететін ғимарат.

Сахаба-  Мұхаммед с.ғ.с пайғамбардың серіктеріне берілген атақ. 

Уағыз-  ислам дінінде Алланың барлығы мен бірлігі, дін шындығы жайлы және адамдарды дінге шақыру мақсатында айтылатын насихат сөздер. 

Тақуалық-адамның діни, адамгершілік, әдептілік парыздары мен міндетгеріне адалдығын сипаттайтын имандылық қасиеті.

Үммет- бір пайғамбардың уағыздаған жолын ұстанған қауым.

Намаз- Намаз Исламнан бұрынғы илаһи (Құдайлық) діндерде де парыз болған.

Сенім- адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім, елес, идеялар.

Сүннет- парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбар (с.а.у.) жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекеттер.

Мекке- исламның негізі қаланған жер, әлем мұсылмандарының астанасы, бас қаласы.

Ораза айт

Рамазан оразасы алғаш рет хижраның екінші жылында парыз болды. Бұл айды толық ораза ұстаумен өткізетін мұсылмандар кейінгі Шәууал айының алғашқы күнінде айттайды. Осыған орай бұл мереке Ораза айты немесе айт намазынан бұрын пітір садақасы берілгендіктен «Фитр» мерекесі деп те аталады.

Рамазан оразасы біткеннен кейін Шәууалдың бірінші күні таңертеңгісін бүкіл мұсылман жамағаты өз үйінің маңындағы мешіттерге жиналады. Намаздан бұрын жетім-жесір, пақыр-кедейлерге пітір садақасын береді. Сол арада имамға ұйып, айт намазын оқиды. Намаз оқып болғаннан кейін айт мерекесі басталады. Сол жерде адамдар бірін-бірі "оразаң қабыл болсын, айтың мүбарак болсын!", – деп қол алысып, төс қағыстырып құттықтасады.

Құрбан айт

Құрбан мерекесі хижра жыл санауы бойынша зул-хиджа айының оныншы жұлдызынан бастап үш-төрт күн мерекеленеді. Осы күндер ішінде құрбан шалынады. Сондықтан бұл мереке құрбан мерекесі деп аталған. Құрбан  сөзі "Аллаға жақындау, разылығын табу " деген мағынаны білдіреді. Бұл мейрам Хз.Ибарһим және оның ұлы Хз.Исмайл пайғамбарлармен тығыз байланысты. Аллаға деген бағыныштылығымен сыналған Хз.Ибраһим өз ұлын Жартушысының разылығы үшін құрбандыққа шалмақшы болғанда, Алла тағала Исмайлдың орнына көктен түсірген қошқарды құрбан етуін бұйырады. Осындай үлкен сынақтан сүрінбей өткен әкелі-балалы пайғамбарлардың өмірлерінен ғибрат ала отырып, әрі Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың сүннетін ұстанып барша мұсылман қауым осы күндерде шама-шарқына қарай құрбан шалады. Сонымен қатар, осы уақытта дүние жүзінен қажылық үшін қасиетті Мекке келген мұсылмандар қажылық парыздарын өтейді.


«Иманды бол» видеоролик.

Мұғалім сөзі: Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз — ислам екенін ұмытпауымыз керек», — деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған. Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным — сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні.

Елбасының 2050 стратегиясынан үзінді.

Н. Ә. Назарбаев: Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін — ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады. Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.

Сөзжұмбақ шешу.

«Сен бақыттысың» видеоролик

Қорытынды сөз:

Адамдар бір-біріне  жақсылық жасаудан жалықпаса,  өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік   қарым-қатынаста болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ  орнайды.

«Түзу бастап, ақ жолды кесе көрме,Иман тонын үстіңнен шеше көрме» — деп түрік ғүламасы Жүсіп Баласағүн айтқандай Алла жолында түзу жүріп,бойымыздан иманымыз кетпесін.  Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын. «…Иманымызды сақтауға қорықпас жүрек, айналмас көңіл, босанбас буын керек» деген Абай атамыздың сөзімен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.. Барлыктарыңызға Алланың нұры жауып, шапағаты тисін!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Діні сауатсыздық – діні экстремизм бастауы

Автор: Ешмұханова Айнагүл Сәндешқызы

Дата: 17.01.2018

Номер свидетельства: 450458

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "«Діни сауатсызды? – діни экстермизмні? бастауы»"
    ["seo_title"] => string(44) "dini-sauatsyzdyk-dini-ekstiermizmnin-bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "272946"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452092245"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«Діни сауатсыздық – экстремизм бастауы»"
    ["seo_title"] => string(36) "dini_sauatsyzdyk_ekstriemizm_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "445353"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513704352"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства