kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тапқырлар тартысы" топ аралық сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внекласная мероприятия на тему "Тапқырлар тартысы"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тапқырлар тартысы" топ аралық сайыс»

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы

Қаратөбе колледжі МҚКК

Досымаева Гүлжазира Сағиқызы





Тапқырлар тартысы (топаралық ойын-сайыс)

Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа, ой жүйріктігіне, шапшаңдыққа, топпен жұмыс жасауға баулу.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Оқушылардың тапқырлығын, ой жүйріктігін, шапшаңдығын анықтау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Тапқырлар тартысы» ойын-сайысына қош келдіңіздер!

Ойын-сайысқа екі команда қатысады:

«Аспазшы» мамандығын алып жатқан қыздардан құралған «Фристайл» тобы және «Дәнекерлеуші» мамандығын алып жатқан «Оқжетпес» тобы.

Ойын-сайыс бес кезеңнен тұрады:

  1. Ұяшықты таңда

  2. Астарлы сұрақтар (Тапқырларға арналған әзіл викторина)

  3. Тіл алғыры

  4. «Тапқыр болсаң, тауып көр» капитандар сайысы

  5. «Менің мамандығым» (Топтық жұмысты қорғау)



Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділ қазы бағалайды сіздерді

Жеңіс-мәре жақын ба, әлде алыс па.

Енді топтарға баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Қаратөбе колледжінің директоры Мәулен Аманшаұлы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Мағзомқызы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Асель Есеналықызы



Ал, енді топтар дайын болса сайысымызды бастайық



І. Ұяшықты таңда

Бұл кезеңнің өзі төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімде үш сұрақтан бар. Сұрақтар күрделілігіне байланысты 10-нан 30 ұпайға дейін бағаланады.

Ойлан,тап (логикалық сұрақтар)

1 ұяшық

Үстелдің үстінде 6 стакан тұр. Оның үшеуі бос, ал қалған үшеуі суға толы. Су толы стакан мен бос стакандар кезектесіп тұратындай етіп орналастырыңдар. Қолға тек бір ғана стакан алуға болады.

Жауабы: екінші стаканда тұрған суды бесінші стаканға құю керек.

2 ұяшық

Жауабы: 20+20+20=60

20+5+5=30

5-2=3

1+20*5=101

3 ұяшық

Жауабы:

Қоян – 3 кг 3+7=10

Мысық – 7 кг 17+3=20

Ит – 17 кг 7+17=24

7+17+3=27

Тау тұлға

  1. «Муханура, Қара Иван, Ямагата» деген лақап аттары болған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медальді олжалаған, Қазақ халқының тұңғыш кәсіпқой балуаны? (Қажымұқан Мұңайтбасов)

  2. Қарасазда дүниеге келген, анасының айтуы бойынша туған күні наурыз айында, бірақ туған күнін сайлау науқанына байланысты өзі 9 ақпан деп жаздырып алған ақиық ақын? (Мұқағали Мақатаев)

  3. Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақстан шыққан тұңғыш академик? (Қаныш Сәтбаев)

Сіз білесіз бе?

  1. Үнемі табаны терлеп жүретін аң? (Қоян)

  2. Хамелеонның тілі өаншалықты ұзын? (Өзінің денесінен екі есе ұзын)

  3. Бір мезгілде екі көзін бірдей жұма алатын жалғыз балық? (Акула)

Жұлдыздар әлемі

  1. Елбасының өзі өнеріне тамсанып, елге шақыртқан, «Үкі», «Бөртенің биі» билерімен күллі қазаққа танылған биші? (Шұғыла Сапарғалиқызы)

  2. Қытайлықтар «Хаскіді шібән», яғни «Қазақтың қанаты» деп атап кеткен, көмейіне бұлбұл ұя салған жас әнші? (Димаш Құдайбергенов)

  3. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай Елбасының өз қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» орденін алған, Батыс Қазақстаннан шыққан сатирик? (Тұрсынбек Қабатов)

ІІ. Астарлы сұрақтар

Бұл кезеңде сыйыскерлерге әзіл сұрақтар беріледі. Аты айтып тұрғандай астарлы сұрақтар. Әр дұрыс жауап он ұпаймен бағаланады.

  1. Елекпен су тасуға болады ма? (болады. Мұз күйінде)

  2. Есік пен терезенің ортасында не тұр? (пен)

  3. Страус өзін құспын деп айта алады ма? (жоқ, ол сөйлей алмайды)

  4. Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)

  5. Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсың ба?)

  6. Екі қорап тұз салсаң да, дәмі шықпайтын тамақ? (суға піскен жұмыртқа)

  7. Жасыл доп сары суға түссе не болады? (су болады)

  8. Қай айда 28 деген сан бар? (барлық айда)

ІІІ. Тіл алғыры

Бұл кезеңде сайыскерлерге жұмбақтар жасырылады. Жұмбақты шешіп қана қоймай оны үш тілде айту керек. Тек қазақшасын айтса 1 ұпай, орысшасын айтса 2 ұпай, ағылшыншасын айтса, яғни толық жауап берсе 3 ұпай.

  1. Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы (мектеп, школа, shcool)

  1. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті (қарбыз, арбуз, watermelon)

  1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар (қой, баран, sheep)

  1. Айдалада ақ отау,

Аузы, мұрны жоқ отау (жұмыртқа, яйцо, an egg)

  1. Тұрады ылғи сөреде,

Іші толған өнеге (кітап, книга, a book)

  1. Тақия толған сөк,

Таң атқанда жоқ (жұлдыздар, звезды, stars)

  1. Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстінен өттім,

Асыл сөз жазып. (дәптер, тетрадъ,notebook)

  1. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады (пияз, лук, onion)

  1. Сағат сайын соғылады,

Тек мектептен табылады (қоңырау, звонок, beel)

  1. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді (ұстаз, учитель, teacher)



ІҮ кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Бұл кезеңде капитандардың ойының ұшқырлығы мен шеберлігі сыналады. Әр топқа үш суреттен беріледі. Капитандар өз тобына берілген суретте не бейнеленгенін іс-қимылмен түсіндіріп беру керек. Әр дұрыс табылған суретті 10 ұпаймен бағалайды.



Ү кезең «Менің мамандығым»

Бұл кезеңде топтық жұмыс қорғалады. Әр команда плакатқа оқып жатырған мамандықты не үшін таңдағанын, болашақта өзін осы мамандық иесі ретінде қалай көретіні туралы кішігірім жоба қорғайды. Жұмыстың көркемдігі мен мағыналылығына байланысты 10 ұпай мен 50 ұпайдың ортасында бағаланады.



Қорытынды

Осымен тапқырларға арналған сайсымыз өз мәресіне жетті.

Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік. Сіздерге әрдайым биік белестер тілейміз!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Тапқырлар тартысы" топ аралық сайыс

Автор: Досымаева Гүлжазира Сағиқызы

Дата: 28.03.2017

Номер свидетельства: 404373

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Физика - математика кафесі "
    ["seo_title"] => string(26) "fizika-matiematika-kafiesi"
    ["file_id"] => string(6) "174177"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424097779"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства