kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырып: Мен өз отанымның патриотымын (сынып сағаты)

Нажмите, чтобы узнать подробности

2016  жыл әр қазақстандық үшін ерекше жыл. 2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. 25 жыл бойы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай ұлы көсем, ұлт көшбасшысының басқаруымен мықты да, күшті, белді елді барлық халық, ұлт болып  мемлекеттің үлкен ел болып қалыптасуына жұмыла қосылып үлкен держава құрылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырып: Мен өз отанымның патриотымын (сынып сағаты)»

Сынып:  8 «А»

Тақырып: Мен өз отанымның патриотымын

Мақсаты: Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру.

Күтілетін нәтижелер:

Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады.

Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.

Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, маркер, флипчарт.

Сабақ барысы:

1.Сергіту кезеңі

Сергіту сәтінде   оқушылардың көңіл-күйін дамытуға  арналған психологиялық  жаттығу «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Жаттығу арқылы оқушылар бойларын жазып, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.

2. Топқа бөлу (түрлі-түсті қағаздар арқылы)

Оқушылар қағаздарды таңдап, топқа бөлінеді.

3. Негізгі бөлім

Кіріспе

2016 жыл әр қазақстандық үшін ерекше жыл. 2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. 25 жыл бойы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай ұлы көсем, ұлт көшбасшысының басқаруымен мықты да, күшті, белді елді барлық халық, ұлт болып мемлекеттің үлкен ел болып қалыптасуына жұмыла қосылып үлкен держава құрылды.Бірлік пен ынтымақ, рухани мықтылықтың арқасында экономикалық даму мен азаматтық келісімге жеттік.Біздің мемлекет басшысының идеясымен құрылған аталмыш бес рефоормалар арқылы Қазақстанның мемлекеттік құрылымын дамыту жаңа кезең арқылы жолға қойылды.Ұлт көшбасшысы Жоспарының басты базалық құрылымы жалпыұлттық патриоттық «Мәңгілік ел» идеясына әкеліп саяды.Аталмыш идеяның басты мақсаты әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына қосылу. Келешекте еліміздің толағай табыстарға жетіп, биік шыңдарды бағындыруына «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының маңызы зор болып, көп көмегі тиері анық.

«Біз Қазақстан халқы, ортақ тарихи тағдырлас, өзімізді әлемсүйер азаматтық қоғам ретінде тани отырып,теңдік пен келісім идеалы ретінде таныта отырып, қазіргі таңдағы және болашақ ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілікті алға тарта отырып аталмыш Конституцияны қабылдаймызІ» - деп 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституцияда тап осылай басталған.

- Сонымен Конституция дегеніміз не?

Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.


Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсышығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.

Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады.

-Сонымен қазіргі таңда сендердің ең басты міндеттерің мен құқықтарың не деп ойлайсыңдар?

-Әрине ол мектепте оқып, білім алу.

-Сөйтіп орта білім алып шығу үшін құқықтарың бар.

-Балалар, сендер Қазақстан республикасындай үлкен елдің бір бөлшегісіңдер,сондықтан сендерге мемлекет тек қана елге қызмет ету емес, не нәрсеге құқықтарың бар екендігін Конституцияда атап көрсетіп берген.

Әр бала өмір сүруге, ата- анасымен өз отбасында тіршілік етуге, білім алуға, демалуға, денсаулығын сақтау үшін тегін медициналық көмек алуға, әркім өз ойын ашық және еркін жеткізуге құқылы.Әр адам туған сәттен бастап өз елінің азаматы, ал нағыз азамат атану үшін көп нәрсе жасау қажет. Әр топқа жеке тақырып беріледі, оқушылар ойларымен бөліседі. Ойларын түйіндеп постер арқылы жеткізеді.

-Әр оқушы нағыз азамат атану үшін не істеу керек?

-Нағыз азамат қандай болады?

-Сендер өз елдеріңнің азаматы ретінде не істер едіңдер?



  • Ал, енді келесі кезекті викториналық сұрақтарға берейік.

1-топқа:

1. ҚР қашан тәуелсіздігін алды? (1991 ж. 16 желтоқсан).

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).

3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).

4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).

5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).

6. Үстеудің неше түрі бар? (7).

7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).

8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).

9. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек).

10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 

 

2-топқа:

1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).

2. Абайдың туған жылы? (1845).

3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).

4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).

5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).

6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).

7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).

8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).

9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).

10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).

3–топқа:

1.     Қандай қаланың аты саннан, дене мүшесінен және тамақтың атынан тұрады? (Екібастұз)

2.     Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды. (Бурабай курорты)

3.     Астананың көне аты қалай аталған? (Қара өткел)

4.     «Беташар» сөзі нені білдіреді? (Келінің бетін ашу)

5.     «Сүйінші» сөзі нені білдіреді? (жағымды жаңалыққа)

6.     Ол түрік отбасында дүниеге келген. Көп тілді меңгерген, Шығыс елдерін көп аралаған, 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келген. 100-ден аса ғылыми кітап жазған кім? (Әл – Фараби)

7.     Халық қаһарманы, жазушы,«Артымызда Москва» кітабының авторы кім? (Б. Момышұлы)

8.     Қай қызға Совет Одағының батыр атағы берілді? (М. Мәметова)

9.     Ғалым, ағартушы, «Мұсылман даласы туралы», «Жонғария очеркі» т.б авторы кім? (Ш. Уәлиханов)

10.   Әбілхан Қастеев кім? (суретші)

  • Мақал-мәтелдер сайысы

Балалар,біз бәрімізде өз еліміздің патриотымыз, ал солай болса Отан туралы мақал-мәтелдерді естерімізге түсірейік.

  • «Еркін микрофон»

  • Мен елімді мақтан тұтамын ...

  • Егер мен президент болсам ...

  • Патриотизм неден басталады ...

Рефлексия:

Қазақстандықтарға мақтануға тұрарлық көп нәрсе бар. Атап айтар болсақ, біріншіден осы жерден ғарышқа аяқ басылды. Екіншіден, біздің ел ядролық қарудан бас тартқан алғашқы ел болып саналады. Үшіншіден, Қазақстан- әлем діндері көшбасшыларының Съездін ұйымдастырған ел. Төртіншіден, біздің ел - ОБСЕ Саммиті болып өткен мемлекет. Бесіншіден, Бүкіләлемдік ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізу құқығына орталық Азия мен ТМД мемлекеттерінің арасынан бірінші болып Астана қол жеткізді. Айта берсек өте көп. Еліміз өте шапшаң қарқынмен өсіп дамып келеді. Басқа елдер алдында тәуелсіз және беделді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырып: Мен өз отанымның патриотымын (сынып сағаты)

Автор: Аймухамедова Сауле Тукешевна

Дата: 28.10.2016

Номер свидетельства: 353079

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Мен - өз отанымның патриотымын""
    ["seo_title"] => string(28) "men_oz_otanymnyn_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "476625"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1535553744"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Тәрбие сағаты. "Мен өз Отанымның патриотымын""
    ["seo_title"] => string(45) "t_rbiie_sag_aty_mien_oz_otanymnyn_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "413513"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494049222"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства