kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? Отаным - ?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:
Білімділік:
 Жас ?рпа?ты Отанын с?юге, елімізді? р?міздерін ?астерлеуге, бай - ?уатты ел екендігін ма?тан етуге ?йретіп, ту?ан еліне, жеріне деген с?йіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылы?: Отанын, ту?ан жерін ?ор?ай білуге, хал?ымызды? талантты а?ындарыны? ?ле?дері мен ата - бабаларымызды? ?неге етіп ?алдыр?ан даналы? с?здері ар?ылы о?ушыларды ?лтжандылы??а, ата мекенін к?зді? ?арашы?ындай са?тай білуге, патриотты? сезімге т?рбиелеу;
Т?рбиелік: Ойларын ж?йелі т?рде жеткізе білу, шы?армашылы?пен ж?мыс жасап, м?нерлеп ?ле? о?ып, ма?ынасын т?сіне білу да?дыларын дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? Отаным - ?аза?стан»

Күні: 1. 09.2015

Сынып: 5 «в»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: презентация,Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.

Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.

Отанды біз Атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.

Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.

Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.

Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.

Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.

Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.

Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен

Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!

Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым


Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
Қазақ биі. Орындайтындар: Сыныбымыздың бір топ қыздары.

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1.Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жер – алтын бесік.
4.Туған жердің топырағы да ыстық.
5.Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
6.Отан – оттан да ыстық.

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.

Қорытынды:
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мені? Отаным - ?аза?стан

Автор: Сальменова Гулия Темирбековна

Дата: 13.06.2016

Номер свидетельства: 334281

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«Менің Қазақстаным»"
    ["seo_title"] => string(17) "menin_kazakstanym"
    ["file_id"] => string(6) "492719"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545745358"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Отаным мені?, байта? ?лкем "
    ["seo_title"] => string(27) "otanym-mienin-baitak-olkiem"
    ["file_id"] => string(6) "140055"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417868203"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) ""А? орда" "
    ["seo_title"] => string(9) "ak-orda-1"
    ["file_id"] => string(6) "179611"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425038116"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Конспект мероприятия  "День Независимости Республики Казахстан""
    ["seo_title"] => string(67) "konspiekt-mieropriiatiia-dien-niezavisimosti-riespubliki-kazakhstan"
    ["file_id"] => string(6) "316509"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460104694"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие-Мәңгілік елдің кепілі."
    ["seo_title"] => string(79) "t_rbie_sagatynyn_takyryby_urpakk_a_bergen_ulagatty_t_rbie_m_ngilik_eldin_kepili"
    ["file_id"] => string(6) "479508"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1538501496"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства