kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сынып оқушыларына арналған "Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесі" туралы баяндама. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесі»

Тақырыбы: «Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесі»

1. Көшеде жүріп - тұру, мінез - құлық әдебі.

2. Қоғамдық транспорттағы әдептілік. Автобуста, трамвайда.

3. Театр этикеті.

4. Кітапханада кітапты пайдалану әдебі.

1.Көшеде жүріп-тұрудың өз тәртібі бар. Алдымен көшеге шықпас бұрын үсті- басыңызды ретке келтірген дұрыс. Аяқ киіміңіз шаң емес пе, шашыңыз таралды ма, жағаңыз қисық тұрған жоқ па осының барлығына көңіл бөліп, айна алдында бір сүзгіден өтіңіз.

Мәдениетті адам көшеде келе жатып өзіне өзгелердің назарын аударуға тырыспайды. Айқайлап сөйлеп, қатты күлу, өтіп бара жатқандарға орынсыз сын - ескертпе айту арқылы өзгелердің назарын аударту - әдепсіздік.

Көшеде жаяу жүріп келе жатып нан, тәтті тоқаш, балмұздақ т.б. жеуге болмайды.

Келе жатып танысыңызды кездестіріп қалсаңыз, онымен көшенің қақ ортасында тұра салып сөйлеспеңіз. Танысын кездестіргенде әйел кісі жымиып танығанын білдіргені дұрыс. Ал ер кісі ұзақтан арсалаңдап, қолын созып, амандасуға асықпағаны дұрыс. Ары- бері өтіп жатқан жүргіншілерге кедергі жасамас үшін кездестірген танысыңызбен көшенің бір шетіне шығып, амандық саулық сұрасқан орынды.

Бағдаршамнан өтерде міндетті түрде «жасыл көздің» жануын күтіңіз. Көшенің арғы бетіне кез - келген жерден жолды қиып өту өз өміріңіз үшін қауіпті. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақты жол (зебра) белдеуінен өткен дұрыс.

Гүлзар бақты, көгалды жерді баспаңыз.

Көшенің тар бөлігіне келгенде алдымен әйел кісіні өткізіп, содан кейін өзіңіз өтіңіз. Ал қарсы беттегі жүргіншінің жасы Сізден үлкен болса, оны алдымен өткізіп жіберуге тырысыңыз.

Есіңізде болсын:

- сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жаққа, содан кейін оң жаққа қара.

- көшені барынша аз қиындықпен өтетін жолды таңдап ал.

- қала көшесімен келе жатқанда абай бол.

- асықпа, тротуармен немесе жол жиегімен жүр.

- тар тротуармен келе жатқанда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге жол бер.

- көшеде келе жатып үйдің қақпасынан келе жатқан көлікті көрсең, күте тұр.

- еш уақытта жүріп бара жатқан көлікке секіріп мінуге болмайды.

-сондай - ақ көлік тоқтағанша одан түсуге рұқсат етілмейді.

- көлікте келе жатып, дабырласып сөйлеуге, ойнауға, сыртқа терезеден бас, қол шығаруға болмайды.

2. Қоғамдық транспортқа кіргенде мүгедектерді, балаларды, егде адамдарды, әйелдерді алдымен өткізеді. Қажет болған жағдайда жолаушылар оларға көмектеседі. Егер бір есіктен кіріп шығатын болса, әуелі адамдардың шығуына мүмкіндік береді. Егер транспорт күтіп тұрғанда кезек жиналып қалса, оны сақтау керек. Транспорт жүріп бара жатқанда, секіріп мінуге немесе ырғып түсуге қатаң тыйым салынған, өйткені бұл өмірге қатерлі. Нақ сол себепті басқышта тұруға немесе жүріп бара жатқан транспорттың соңынан жүгіруге тыйым салынған. Егер трамвайдың немесе автобустың вагоны толы болса, келесісін күткен жақсы. Транспорттағы итерісу, ережені бұзу кейде адамдарды барар жерінің орнына ауруханаға апарады.

Вагонда есік алдында тұрып қалмай, өзге жолаушыларға орын босатып, ілгері өтіп кетіңіз. Автомат кассадан билет алу үшін ақшаны қолжалғау жасап беруге болады.

Басқа жолаушыларға кедергі жасамайтындай болып тұрып, оларға жанынан қағып - соқпай өту керек. Егер орындық екі адамға арналған болса, оны бір өзің иеленіп, шалқайып жатып алуға болмайды. Заттарыңыз бен сөмкелеріңізді алдыңызға алып, тізеңізге қойып отырыңыз. Пакетті немесе сөмкені ешкім түрегеліп тұрмай, бос орын болған жағдайда ғана орындыққа қоюға болады. Егер бос орын болмаса, затты өзінің тізесінің үстіне немесе еденге қояды. Өзге жолаушылардың мазасын алмайтындай болып отыру керек. Отыратын орынды қарттарға, науқастарға, емізулі баласы бар аналарға, екіқабат әйелдерге, кішкене балалар мен қартаң адамдарға бергенде, сыпайылық сақтаңыз. Еркектер де, әйелдер де, бірінші кезекте жас адамдар осылай істеуге міндетті. Тәрбиелі еркек тұрған әйелге өз орнын береді. Орынды бергенде жағдаймен санасып, әдептілік сезімін ұстану керек. Орнынан тұрғанда бірер сөз айтуға болады, бірақ мұны үндемей де істеуге болады. Өзіңізге берілген орынға отырып жатып, ілтипат көрсеткені үшін міндетті түрде алғыс айту керек. Орныңыздан тұра беріп жылы сөз айтудың артықшылығы жоқ,ұсынған орынға отырып жатып, рахмет айтыңыз. Егер өзінің қасындағы әйелге орын берілсе, еркек те алғыс айтады. Егер өзіңіз келесі аялдамадан түсетін болсаңыз, ұсынылған орыннан бас тартуға болады. Онда ілтипат көрсеткені үшін алғыс айтып, ілтипаттылықты неліктен пайдаланбағаныңызды түсіндіріңіз.

Трамвайда, автобуста және қала маңына жүретін поездарда тамақ жемейді және темекі тартпайды. Көлікке басқа жолаушылардың киімін былғайтын балмұздақ пен тұтатылған шылымды алып кірмейді. Қоғамдық көлікте қатты сөйлеудің, тамақ жеудің ыңғайы жоқ. Киімінен қар немесе жаңбыр тамшыларын қағып түсірмейді. Пайдаланылған билеттер мен қоқысты еденге тастамай, қоқыс жинайтын жәшікке салады. Түшкіргенде және жөтелгенде қол орамалды пайдаланып, ауызыңызды жауып отырыңыз. Вагон ішінде өзінің үсті - басын тәртіпке келтірмейді, тырнағын тазаламайды, құлағы мен тісін шұқыламайды, бет бояу немесе шаш жөндеу де жөнсіз. Ата - аналар баласының аяғымен орындықты сермеуін және басқа жолаушылардың киімдерін бүлдірмеуін қадағалауға тиіс.

Газет оқығыңыз келсе, оны бүктеп оқыңыз. Көршінің оқып отырған газетіне,журналына үңілу, жолаушыларға қадала қарау әдепсіздік. Жолаушыларға барлап қарамайды. Қатты күлу де орынсыз.

Қатты сөйлесу мен күлу адамдарға кедергі жасайды. Вагон ішінде үй іші мен қызметтегі істер жайында сөйлеспейді, өзгелердің әңгімесіне құлақ салмайды.

Билет алуқала транспортының көптеген түрлерінде билетті (талонды) компостирлеумен алмастырылған. Билетті алдын - ала алу керек. Кассадан немесе кондуктордан билет алу үшін қалтаңда ұсақ тиындар болуы қажет.

Егер серігіңіз өзіне де, сізге де билет алса, оған алғыс айту, рахмет айту және кім бірінші жол ақысын төлейді деп дауласудың қажеті керек. Егер жол ақысын төлеген адам билет алу үшін ақша алудан бас тартса, бұл тақырыптағы әңгімені тоқтатқан жөн. Әйел өзіне билет алғысы келсе, ер кісі онымен таласпайды. Егер көлікте кондуктор болмаған жағдайда, әрі жолаушылар көп болса, жол ақысын төлеуге біреуден қол ұзартып жіберуін өтініңіз, ал салон бос болса, біреуді мазаламай өзіңіз төлегеніңіз жөн.

Жол билетін шиыршықтап, умаждап тастамайды, өйткені тексерген кезде бұған бола түсініспеушілік тууы мүмкін. Кондуктор мен тексерушіге сыпайылықпен «тексеруші жолдас», «кондуктор жолдас» деу керек. Түсініспеушілік туған жағдайда ашуланбау, таласпау қажет.

Егер кондуктор немесе тексеруші сыпайы болмай әділетсіздік жасаса, кондуктор омырауындағы белгіден номерді есте сақтап, тиісті мекемеге жүгінуге болады.

Кондуктор мен тексерушінің барлық жолаушылардан қоғамдық транспортты пайдалану ережелерін орындауды талап етуге хақысы бар. Өз кезегінде, кондуктор өзінің жолаушыларға қызмет көрсетуге тиіс екенін есте сақтап, өз талаптарының бәрін сабырлы да сыпайы формада қоюға тиіс.

Есіңізде болсын:

- автобус қоғамдық пікір тудырып, айтысып тартысып, пікір алмасатын орын емес;

- автобуста, жалпы көлікте кітап, газет оқуға болмайды, ол өз денсаулығыңызға кері әсерін беруі мүмкін;

-таксистке «жәй жүреді екенсіз», «бұл көшемен емес, ана көшемен жүр» деп нұсқау бере беруге болмайды. Баратын жеріңізді айтсаңыз жетіп жатыр, такси жүргізушісі сол мекен жайға Сізді жеткізіп салуға міндетті.

Көлік ілгері уақыттағыдай байлықтың, мансаптың белгісі болудан қалған. Қазір көлікті қажеттілік үшін сатып алады. Барар жерге тез жету үшін, шаруасын тез тындыру үшін көлік сатып алу үрдіске айналған. Солай болған күннің өзінде де көлікке деген көзқарас, оған отырып тұрудың тәртібі өзгерген жоқ.

Егер ер кісі көлік рулінде отыратын болса, алдымен әйел адамның көлікке отырып, жайғасуын күткен жөн. Бұл орайда әйел кісінің қай орынға отыратыны өзінің құқы. Дегенмен, әйел заты үшін көліктің артқы орындығына, жүргізушінің оң жағындағы артқы орындыққа жайғасқан дұрыс. Әрі бұл көліктегі құрметті орын саналады.

Таксидегі жайлы әрі ыңғайлы орын да осы жүргізушінің оң қол жағындағы артқы орындық Егер таксиге әйеліңізбен бірге отыратын болсаңыз, екеуіңіз де артқы орындыққа жайғасқандарыңыз жөн. Онда да алдымен әйел кісіні жүргізуші жақтағы артқы есікті ашып отырғызып, содан кейін, ер кісі келесі беттегі есікті ашып әйелдің жанына отыруы керек.

Көліктен түскенде ер кісі алдымен түсіп әйелге есік ашуы қажет.

Ал автобустарға мінгенде алдымен түсетін жолаушыға жол беру керек. Жолаушылар түсіп болған соң, барып ішке көтеріліңіз. Автобус ішіндегі орындықтардың алдыңғы қатардағысы, жүргізушінің арқасында орналасқан орындықтар балалы аналар мен қарттарға арналған орындық екенін ұмытпаңыз. Жалпы автобусқа жүкті әйел, балалы ана, қарт кісі мінгенде ізет сақтап орын берген жөн.

3.Театрға, концертке бару кішігірім мереке болып саналады. Бұл адамның ішкі жан дүниесін байытып, көңілін көтеретін кеш болғандықтан оған арнайы дайындықпен барған жөн. Міндетті түрде әдемі киінуге тырысыңыз. Үлкен театрларға тіпті арнайы көйлек тіктіріп, тойға барғандай сәнденіп бару үрдіске айналған. Дегенмен, сәнді көйлегіңізді киіп, әшекейлеріңізді тағынып алсаңыз, Сізден әдемі адам болмасы анық. Театрға, концертке жұмыстан шыға салып баруды, базар аралап болып, кіріп шығуды әдетке айналдырмаңыз. Театрға жол сөмкесімен, пакет толы затпен кіру мәдениетсіздік болып табылады.

Театрдағы көрермендердің өзін ұстау мәдениетінің өзі бір қойылым іспеттес. Онда мәдениетсіздік танытып, жағымсыз кейіпкер атанатын көрерменнің де, ішкі мәдениеті жоғары, әдептілік әліппесін оқыған жағымды кейіпкердің болуы да әбден мүмкін.

Сізден бұрын отырған көрермендердің алдынан өз орныңызға өтетін болсаңыз, отырған адамдарға теріс қарамай, жүзбе - жүз қарап өту қажет. Отырған өзге көрерменге арқаңызды беріп өту әдепсіздік болып саналады. Сонымен бірге театрға, концертке барғанда иіссуді көп сеппеген жөн. Өйткені Сізге ұнаған иістің өзгелерге ұнамауы мүмкін.

Театрға ер кісілер қара, сұр, қоңыр түсті киім кигені жөн. Жалпы алғанда спорттық киім үлгісімен, джинсый киіп тетрға бара беруіңіз болады - ақ, оның үстіне бұл киіммен Сізді билет тексеруші қызметшінің де ішке жібермей қоймасы анық, бірақ бұл өзіңіз үшін ыңғайсыз болары сөзсіз.

Киноға, әдетте, көшеге шыққанда киетін (күндізгі) киіммен барады. Театрға түсі ашық емес, мерекеде, қонаққа киетін киім киген жөн. Еркектер әрқашан ішке кіргенде бас киімін шешеді. Егер әйел кейінде отырғандарға кедергі жасайтындай үлкен немесе биік қалпақ киген болса, ол да солай істейді. Сырт киімді гардеробқа өткізу, орындарын табу үшін уақыт қажет болатынын біліп, үсті – басыңызды ретке келтіріп, асықпай өз орныңызды тауып алу үшін ертерек келу керек.

Театр, концерт және кино залына еркек бірінші болып кіреді. Ал әйел бірінші болып шығады. Егер бір бірімен таныс жұп болса, онда бірінші бір ер адам,содан соң екі әйел адам, соңынан екінші ер адам кіреді, дәл осы ретпен: ортаға әйелдер, екі шетке еркектер орындықтарға отырады.

Сіздердің орындарыңыз. Егер сіздер өз орындарыңыз қатардың ортасында екенін білсеңіздер,басқа көрермендерді әбігерлендірмеу үшін соңғы белгіні күтпей- ақ , алдын-ала алуларыңыз керек. Егер отырғандардың мазасын алуға тура келсе, олардан кешірім сұрайды. Мазаландырылған адам наразы болған кейіп танытпайды және өзінен өтіп кетуге рұқсат сұрағанын күтпей, тар аралықпен келе жатқандарды байқап алдын- ала өзі орнынан тұрады. Сіздерді өткізіп жіберу үшін орындарынан тұрған инабатты адамдарға алғыс айту қажет.

Өз орныңызға өтерде бетіңізді отырғандарға қаратып, кешірім сұрап өту керек. Егер сіз өтіп бара жатқанда сізге еркін өтуіңізге қолайлы жағдай жасап, отырған адам орнынан тұрса, оған рахмет айтыңыз.

Креслоға отырарда немесе тұрарда дыбыс тудырмау үшін отырғыштан ұстаған жөн. Алдыңғы креслоның арқалығына, егер креслолар бір бірінен бөлек болмаса, оның шынтақшасына сүйенбейді. Артта отырғандарды жауып қалмас үшін бас киімді шешеді. Әйел адамдар бас киімі болмаса шешпеуге де болады. Еркек алдында жүреді. Ол креслоның отырғышын түсіріп өзінің жанындағы әйелдің отыруына көмектеседі де, өзі сонан кейін ғана отырады. Әдетте еркек әйелдің сол жағына отырады, ал бірақ өзінің орны ыңғайлырақ болса, егер ол жерден сахна жақсырақ көрініп тұрса,инабатты еркек әйелге орын береді. Отырып, тұрғанда тарсылдатпауға тырысады. Креслоның отырғышын дыбысын шығармай түсіреді. Тұрып бара жатқанда ол креслоның арқалығына соқпау үшін оны қолмен ұстап тұрады. Креслоның екі қанатына да сүйеніп отыру сыпайылық емес, өйткені көршінің де шынтағын сүйегісі келуі мүмкін. Алдыңғы креслоның арқалығына сүйенуге немесе оған аяқ тіреуге болмайды.

Бағдарлама мен дүрбіні көршісінен сұрамай, әркім өзі алады. Залды, әсіресе, дүрбі сала отырып, айнала қарап шықпайды. Театр дүрбісі залда отырғандарды тінткілемей, сахнаға отыруға арналған. Егер балконда отырсаңыз, парапетке дүрбіні не сөмкеңізді қоймаңыз, төмендегілерге құлап кетуі мүмкін. Балконда отырғанда балконның жақтауына дүрбілерін, сөмкелерін немесе басқа заттарын «жайнатып» қоймайды, оларды тізесіне қойып отырады.

Өзгелердің орнына отырмайды, өйткені бұл әсіресе, осы орындардың иелері кешігіп келсе, көп әбігерлік туғызуы мүмкін.

Егер сіз әлдебір себеппен кешігіп қалсаңыз, залға тыныш кіріп, есік алдында тұрыңыз немесе жақын жердегі бос креслоға шу шығармай отыра салыңыз. (Театрда кешіккендерді әдетте балконға жібереді). Егер кешігіп қалсаңыз, қараңғыда қарманып орныңызды іздемей, бұрышта немесе балконда үзілісті күте тұрыңыз.

Қойылым жүріп жатқанда жан жағыңыздағылармен көргеніңізді талқыламаңыз, қошеметіңізді немесе риза еместігіңізді дауыстап айтып, жар салмаңыз. Тәрбиелі адам әртістің қателігін айғайлап айтпайды, аяқ тепкілеп, ысқырмайды. Қошеметіңіз бен ризашылығыңызды ақырын қол соғумен білдіріңіз.

Егер сіз симфониялық не хорлық концертте бірнеше бөлімнен тұратын симфония, кантата тыңдап отырсаңыз, әрбір бөлімнен соң қол шапалақтауға асықпаңыз. Қошеметті тек барлық бөлім аяқталған соң ғана білдіреді. Үздіксіз қол соғу - овация классикалық музыка концертінде орынсыз.

Бағдарлама басталған кезде қандай әңгімені болса да тоқтату керек. Айтылмай қалған әңгімені үзілісте жалғастырады. Ойын немесе киносеанс көрсетіліп жатқан кезде әңгімелеспейді және оны түсіндірмейді, қайта көріп, тыңдайды. Тіпті бағдарлама қызық болмаған жағдайдың өзінде де сыпайылық адамды үндемей отыруға мәжбүр етеді. Егер сізге концерт ұнамаса,онда залдан келесі номерді хабарлағанда ғана шығыңыз. Ең дұрысы- қалғандардың мазасын алмай, мазалағаныңыз үшін кешірім сұрау. Әрине, залдан реті келген сәтте, әсіресе үзіліс кезінде кетіп қалуға болады. Үзіліс кезінде дәмханаға баруға болады. Серігіңізді ұзақ жалғыз қалдырмаңыз.

Залда көршілерінің мазасын алуы мүмкін ештеңемен айналыспауға тырысады: конфет ораған қағазды немесе бағдарламаны сыбдырлатпайды, сөмкенің аузын тырсылдатпайды, басын қозғамайды және т.т. Тіпті есіту қабілетің жақсы болғанның өзінде де, саусақтарыңызбен тырсылдатып, аяғыңызды әуенге салып соққсаңыз немесе қосыла әндетсеңіз, жақсы қылық жөнінде айтып жатудың да қажеті жоқ.

Қатты жөтелетін немесе тұмау тиген адам өзгелердің денсаулығы мен мазасызданбауын ойлап, концерттен немесе спектакльден бас тартуға тиіс.

Актердің қателерін дауыстап айту - әдепсіздік. Қол шапалақтауға қоса айқайлау және еденді тепкілеу ұят. Шын жүректен қол шапалақтау - ең жақсы алғыс. Симфонияны, бірнеше бөлімнен тұратын камералық шығармаларды және ән циклдарын қол шапалақтап бөлмейді. Сондықтан концерт кезінде тым ерте қол соға бастамау үшін ерекше мұқият болу керек.

Атақты адамдарға және қатысушыларға сұқтанып, ұзақ қарап тұрмайды.

Егер сіз орындаушыға гүл әкелсеңіз, оны құттықтаумен немесе қошемет белгісімен бірге театр қызметкеріне беруіңіз керек, ол оны актерге табыс етеді. Орындаушыға көпшіліктің орындарынан тұрып қошемет көрсетуіне болады. Классикалық музыка концерттерінде ырғаққа қосылып қол соғуға болмайды.

Антракт кезіндебой жазып жүргендердің жанынан өтіп бара жатып, оларға жалтақтап қарай бермейді. Егер еркек театрға әйел ертіп келген болса, ол оны ұзақ уақыт жалғыз тастамайды. Әйел де бұлай істемейді.

Егер сіздің тамақ ішкіңіз келсе, антракт кезінде буфетке баруыңызға болады. Зал мен фойеде отырып бірдеңе жеуге болмайды. Егер еркек әйел ертіп келген болса, ол буфетте де серік әйелге қамқорлық жасап, оған қалаған нәрсесін әкеп береді.

Шымылдық түсіріледі. Спектакль, кино, концерт аяқтала салысымен есікке жүгірмеңіз. Сәл ғана уақыт алу үшін отырғандарды мазаламаңыз. Театрда немесе концертте шымылдық түсірілгенше күтіңіз, пальто алу үшін гардеробқа жүгіріп кетіп қалмаңыз. Киім алу үшін кезекке тұру керек. Таныс адамдарды көре салып кезекке тұрғандарды көзге ілмей алға қарай кимелеген дұрыс емес. Олардың орнында сіз болсаңыз, басқа біреудің бұндай қылығы сіздің қытығыңызға тиетіні сөзсіз.

4. Кітапханада да, көрмедегі сияқты айналадағыларға кедергі жасамауға тырысады. Кітапханада кітапқа өте мұқият болу керек. Кітапты пайдаланғанда оны өзіңнің ең жақсы досыңдай ұстау керек екенін ұмытпаңыз. Лас және дымқыл қолдар кітапта дақ қалдырады. Сырттай қарағанда тап - таза көрінген қолдың өзінен кітапта тер ізі қалады, сондықтан кітапты қолын мұқият жуып барып алады. Оқитын кітапты қаптап ұстау керек. Бұл үшін былғарыдан, пластикаттан, қатырма қағаздан немесе тіпті қағаздан жасалған мұқабаны пайдалануға болады.

Кітап парақтарын ашқанда, саусақты суламайды, саусақты ауызға салып, кітап бетіне тигізуге және кітап беттерін қайтармайды, беттердің бұрышын бүктемейді. Кітап беттерін ортасына не жоғарғы жағынан абайлап ұстап, аударады. Кітаптың мұқабасын бүктеп қайырмайды, өйткені сыртқы мұқабаны бүлдіреді. Өзіңіз оқып жеткен жерді белгілеу үшін қыстырма қағазды (закладканы) пайдалануыңыз керек. Өзіңізге қажетті бетке кітап бетін белгілеуге арналып тағылған бау немесе қағаз қойып қойыңыз. Кітапхананың кітабына ешқандай белгі соқпайды,оның ішіндегі мәтінді сызбайды және т.б. Кітап беттерін әр түрлі жазулар жазып, суреттер салып бүлдіру дұрыс емес.

Егер кітаптан үзінді жазып алған болсаңыз міндетті түрде авторын, кітаптың атауын, баспаны, шығарылған жылын, бетін толық жазып алыңыз. Бұл мақала жазғанда мәтінді салыстыруға өте қажет болады. Ал егер библиография құрастырсаңыз, онда кітаптың қанша беттен тұратынын да көрсетіңіз.

Кітапты біреуге сыйға тартқыңыз келсе өз атыңызды немесе арнауды кітаптың бірінші парағына немесе мұқабаның ішкі жағына жазыңыз. Соңғы кездері кітап сыйлағанда кімге және кімнен екенін көрсетпейді. Бірақ қалай істеу керек екені сіздің еркіңізде. Ең жаман нәрсе танысыңыздан кітапты оқуға сұрап алып қайтаруға ұмытып кету немесе әдейі қайтармау. Егер есте сақтау қабілетіңізге сенімсіз болсаңыз, оның бірінші бетіне кітап иесінің фамилиясы (тегі) мен оны қайтару мезгілін көрсетіп бір парақ қағаз салып қойыңыз. Таныс адамыңның немесе кітапхананың кітабын өз кітабыңнан гөрі ұқыпты ұстауың керек.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесі

Автор: Кадырова Айгуль Абатовна

Дата: 16.01.2023

Номер свидетельства: 623212

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) "ауыл ?мір"
    ["seo_title"] => string(8) "auylomir"
    ["file_id"] => string(6) "302523"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457199412"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) "ауыл ?мір"
    ["seo_title"] => string(9) "auylomir1"
    ["file_id"] => string(6) "302524"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457199418"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) "ауыл ?мір"
    ["seo_title"] => string(9) "auylomir2"
    ["file_id"] => string(6) "302525"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457199426"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "ауыл ?мір  ж?не ауыл м?дениеті"
    ["seo_title"] => string(27) "auylomirzhnieauylmdieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "302526"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457199575"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "ауыл ?мір  ж?не ауыл м?дениеті"
    ["seo_title"] => string(28) "auylomirzhnieauylmdieniieti1"
    ["file_id"] => string(6) "302527"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457199581"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства