kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-баба м?расы Баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

АТА–БАБА М?РАСЫ  АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ??НДЫЛЫ?ТАРДЫ?

                                                              ?АЙНАР К?ЗІ

Демесинова Р. У.

Ж. А?ылбаев атында?ы мектеп-гимназиясы

         В статье рассматриваются вопросы  воспитания ребёнка в духе национального воспитания, так как оно является источником духовной ценности, оставленное от наших предков. Указываются пути духовно-нравственного воспитания в начальной школе.

         In clause is considered questions of education on of the child in spirit of national education as it is a source of spiritual value is left from our ancestors. It is underlined to ways of spiritually moral education in an elementary school.

         Адамны? жа?сы ?мір с?руіне ?ш сапа негіз бола алады, олар барлы?ынан басым бола алатын – адал е?бек, мінсіз а?ыл, таза ж?рек. Б?л сапалар?а «Адамды д?ниеге келген к?ннен бастап т?рбиелеу керек», - деген Ш?к?рім аталарымызды? тере? ойын негізге ала отырып, жас ?рпа?ты? бойына адамгершілік – рухани ?айнарын сі?іріп, мінез – ??л?ын т?рбиелеу ?шін жалпы адамзатты? ??ндылы?тарды, адамгершілік ?станымдарды, ?ділдік пен ?зара к?мекті ??мыр бойы м?рат т?туды т?рбиелеу ?стаздар міндеті.

         Халы?та «А?аш т?зу ?су ?шін о?ан к?шет кезінде к?мектесуге болады, ал ?лкен а?аш бол?анда оны т?зете алмайсы?», - деп бекер айтылма?ан.??нды ?асиеттерге ие болу, рухани бай адамды ?алыптастыру о?ан ту?ан к?нінен басталуы керек [1].

         Ма?жан Ж?мабаевты? педагогикасында «Жер ж?зіндегі бас?а жан иелерімен салыстыр?анда адам баласы ту?анда ?те ?лсіз, за?ып, осал болып туады. Малды? т?лі туа сала ая?танады. Тауы?ты? балапаны ж?мырт?адан жарылысымен ж?гіріп кетеді. Ал адам ту?анда і?г?ла?ан ай?айы мол бір кесек ет. А?ылы, есі жо?. Денесі тым ?лсіз, тым шабан. Мінеки, адам баласы, осылай ?те ?лсіз болып туып, аса сара? ?сетіндігінен, оны? денесіне, жанына азы? беріп, ?суіне к?мек к?рсетпей, я?ни оны т?рбие ?ылмай болмайды», - деген болатын [2]. ?аза? хал?ы бала т?рбиесіне ерекше к??іл б?ліп отыр?ан. Бала?а білім беріп, д?ниетанымын ке?ейтіп, ал?ыр, к?шті, сымбатты, ой – ?рісі ке?, рухы биік, жан – жа?ты жетілген ?рпа? ?сіруді ма?сат етіп, оны парыз деп білген.

         Ата – бабамыз ана ??рса?ыннан бастап, бала д?ниеге келгенше т?рбие ж?мысын ?збей ж?ргізіп отыр?ан. Ал?аш?ы кезе?де т?рбие ойын – сауы? т?рінде ж?ргізілген. Бала жеті жас?а жеткенше бетінен ?а?пай, еркін, еркелетіп ?сіреді. Зекімейді, жас?амайды, баланы ?рмайды. «Баланы басынан ?рма ба?ы таяды, ар?асынан ?рма ?руа?ы ?ашады» деп айту т?рбиені? негізі болып табылады. ?рбір отбасы ?рпа? т?рбиесіне ?лкен м?н беріп, ?лтты? т?рбиені ?алыптастыратын ата, ?же, ?ке, мектептері ар?ылы халы?ты? салт – д?ст?рлері, ?дет – ??рыптарына, ата к?сібіне балаларды ?здіксіз т?рбиелеу ар?ылы ?ол жеткізіп отыр?ан. Аталарымыз таби?атпен етене ?мір с?ріп, барлы?  жа?сы ?здік, т?рбиелік м?ні зор ?дістемелерді? барлы?ын ?рпа? т?рбиелеу жолына ба?ыштап отыр?ан.     

         Бізді? ата – бабаларымыз ?л – Фараби, Т?ле би, ?азыбек би, ?йтеке би, Абай, ?аныш т.б. аталарымыз ?аза?ты?  осындай ?лтты? т?рбиесінде ?скен. ?лы бабаларымызды? бойынан ?аза? хал?ыны? те?десі жо? бай ?асиеттерін к?ріп, та?данасы?.

         ?лы бабаларымыз аталарды? ?сиет, на?ыл с?здерін, ?желерді? ертегісі мен а?ыз, ??гімелерін, танымды?, ?лтты? ойындарын, ж?мба?, жа?ылтпаштарын т.б. жаттап, естіп, ?йреніп ?сті. Жас ?рпа?ты? бойында ананы? ?уенімен оятатын бесік жырларымен ?атар ?иял – ?ажайып ертегілер, ?лтты? ойындары ар?ылы ?намды жа?ымды ?деттер мен мінез – ??лы?ты, жа?сы ?арым – ?атынасты, ынтыма? пен жарасымдылы?ты, ?айырымдылы? пен ізгілікті, е?бек с?йгіштік пен ?лкендер е?бегін ??рметтеу, жауапкершілік, патриотты? сезімдер т.б. адамгершілік – рухани ?асиеттер ?алыптасады.



 

                                                       Ата – баба м?расы  

         Бесік жырын, ана ?лдиін естіп, «Ер Тар?ын», «Алпамыс» т.б. ертегілерді о?ып, халы? д?ст?рінде т?рбиеленген баладан ту?ан хал?ын с?йетін, дінін, тілін ?астерлейтін ерж?рек, батыр, адал,  мейірімді, т?рбиелі азамат ?сіп шы?ары аны?.

         ?лы бабамыз ?л – Фарабиден бастап ?шпес м?ра ?алдыр?ан ойшылдарымыз ?аш?ари, Иассауи, Дулати, т.б. е?бектері – ?азіргі ?рпа? ?шін те?десі жо? ?азыналар. Ал Асан ?ай?ы, А?тамберді, Майлы?ожа сия?ты а?ын – жырауларды? тол?аулары мен дана ?сиеттеріні? ?осар ?лесі ?аншама! Жары? ж?лдыздарымыз Шо?ан, Ыбырайлармен ?атар т?лімдік ой пікірлерімен барша ?аза? даласын д?р сілкіндірген Ш?к?рім, Ахмет, Ма?жан, Ж?сіпбек, Міржа?ыптарды? е?бектері жас ?рпа?ты ?лтты? ??ндылы??а т?рбиелеуде ерекше орын алады.

         ?дебиет, д?ниетану, ?зін – ?зі тану п?ндерінде ертегі, ??гімелер, бесік жыры, шешендік с?здер, ?ара с?здер, ма?ал – м?тел, жа?ылтпаштар, салт – д?ст?рлерді о?ыту ар?ылы о?ушыларды? бойына адамгершілік – рухани ?асиеттерді сі?іре аламыз.

         Ертеден ата – ?желеріміз айтып келе жат?ан халы? ертегілері туралы ата?ты педагог

В. А. Сухомлинский былай деген: «Бала кезде ?ш жастан он екі жас?а дейінгі аралы?та ?р адам ?зіні? рухани дамуына ?ажетті н?рсені? б?рін де ертегіден алады» [3].  Сонды?тан ертегіні о?ыту ар?ылы бала?а рухани л?ззат беріп, ?иялына ?анат бітіріп,  жас баланы? рухыны? ?сіп жетілуіне жа?дай жасаймыз. Ертегі баланы? армандарын ас?а?татады, ?айратты, ?айырымды істер жасау?а ??лшындырады, шебер де шешен с?йлеуге, ?з ойларын ?демі де ?сем баяндау?а ?йретеді. Ертегідегі батырларды? батырлы?ы, тап?ырлы?ы, а?ылы мен адалды?ы, ?айсарлы?ы ?скеле? ?рпа?тар?а ой салады, адамгершілікке жетелейді, отанс?йгіштік ?асиеттерін оятады, сана – сезімдерін д?рыс ба?ытта ?алыптасуына ?сер етеді.        жас ?рпа?ты ?лтты? ??ндылы??а т?рбиелеуде ерекше орын алады.

         Бізді? ата – бабаларымыз, ?ке – аналарымыз осындай ертегілерді ты?дап, хал?ымызды? бай ?азынасымен танысып, біліп ?скен.  Соны? бір д?лелі М. ?уезовты? «Бала Абай» ??гімесінде былай делінген:  Абайды? ??гіме, ертегі, жырларды жа?сы к?ретінін білген анасы ?лжан ?йіне ?она? болып келген Байк?кше жыршы мен Барлас а?ынды Абайды? тілегі бойынша бір айдай жат?ызып ?ле?, жырды ты?дат?ан. Сонда, Барлас а?ын ??ымтал, зерек бала Абай?а ?атты риза бата берген болатын [4]. Сол сия?ты бізді? бабамыз ?аз дауысты ?азыбек би 13 жасынан ел ішіндегі дау?а, бітімге араласып ?зіні? шешендігін, ?ара ?ылды ?а? жар?ан ?ділдігін к?рсетіп, ?аза? хал?ыны? ?ш биіні? бірі атан?ан,  «?аз дауысты ?азыбек би» атан?ан. Атамыз ?аза? ?з ?рпа?ын жары? д?ниеге келген к?ннен бастап д?ст?рлі жолмен ?лтты? т?рбие беріп отыр?ан. Жастайынан ??ла?ына сі?іп, нені? жа?сы нені? жаман екенін білсін деп ?лкендерді? ?олына су ??ясы? деп ауыл ішіндегі дау, бітімге ?атыстырып отыр?ан. Т?ле би, ?азыбек би, ?йтеке би т.б. бабаларымыз ?лкендерді? сали?алы, небір шешендік с?здерін ты?дап, ой?а т?йіп, ?з хал?ыны? ?лтты? д?ст?рін ?йреніп, біліп ?скен.  Сонды?тан бізді? ата – бабаларымыз 12 -15 жастан бастап, ат жалынын тартып, ат?а мініп, ?олдарына ?ару – жара? ?стап жау?а ?арсы шы??ан, шешен болып, топ ортасына шы?ып ел дауына аралас?ан. О?ушылар?а «Бала Абай» м?тінін ж?не Т?ле би, ?йтеке би. ?азыбек билерді? шешендік с?здерін о?ытып, таныстыру ар?ылы ата - бабаларымызды? бойында?ы  адамгершілік - рухани ?асиеттерді атап айт?ызып, мінездеме жаздыру, салыстырып, талдау ар?ылы Бала Абайды? ж?не ?лы билерді? бойында?ы жа?сы ?асиеттерді ?з бойына дарыту?а тырысады ж?не ?здеріні? жауапкершілігін, міндеттерін т?сінеді. Р?лге б?ліп о?ыту, сахналы? к?рініс к?рсету ар?ылы ата – бабаларымызды? елін, жерін, ата–анасын ?ор?ауда ?лкен е?бек ат?ар?анын біледі. Ендеше, ата – баба м?ралары ар?ылы адамгершілік – рухани т?рбие беруде алдымыз?а мына ма?саттарды ?ойып, ж?зеге асыруымыз керек.

1. Халы?ты? ?асырлар бойы жина?талып, іріктеп ал?ан озы? т?жірибесі мен ізгі ?асиеттерін жас ?рпа?ты? бойына сі?іру, баланы? ?орша?ан ортада?ы ?арым – ?атынасын, д?ниетанымын, ?мірге к?з?арасын ж?не о?ан сай мінез – ??л?ын ?алыптастыру;

2.Жас ?рпа??а хал?ымызды? асыл д?ст?рі мен салтынан ма?л?мат бере отырып, дені сау, ?лтты? сана сезімі оян?ан, рухани ойлау д?режесі биік, м?дениетті, парасатты, ар – ожданы мол, е?бек?ор, бойында бас?а игі ?асиеттер ?алыптас?ан адамды т?рбиелеу;

3.?лтты? м?дени байлы?ымызды танып – білуге т?рбиелеу. ?з Отаныны? ж?не хал?ыны? м?дени м?раларын игерту;

         Ендеше, ?аза? хал?ыны? ?лтты? ??ндылы?ын бойына дарыту ?шін алдымен ?лтты? т?рбие беруіміз ?ажет. ?лы бабамыз ?л – Фараби «Т?рбиесіз ?ол?а білім салма» деген екен. Ал ??лама ?алым Ахмет Байт?рсынов: «Біз ?р?ашанда білімге ?мтыламыз. Негізінде е? бірінші т?лімге ?мтылуымыз керек. Бізге т?лімді рух, т?рбиелі білім ?ажет. Т?рбиелі білімдар. Міне, адам! Міне, т?л?а!», - деп білімнен б?рын т?рбиеге к??іл аудару керектігін, т?рбиесіз адам?а берілген білімнен еш?андай пайда жо?ты?ын баса к?рсеткен. Е? алдымен, таза жанды, иманды, арлы, намысты, ?лты мен ?лтты? ??ндылы?тарын, с?йетін адамгершілік – рухани ?асиеттері дамы?ан ?скеле? ?рпа? т?рбиелеуіміз керек.

         Жас ?рпа??а заманауи ?ылым – білімні? тізгінін ?статып, ж?регін жары? н?рмен к?мкерген адамгершілік – рухани ??ндылы?тармен сусындатса?, санасына т?л тарихын сі?іріп, ж?здерін жар?ын болаша??а ?арай ба?ыттай білсек, ата – бабамызды? ма?дай терін т?гіп, бізге м?ра етіп ?алдыр?ан е?бегіні? зая кетпегені.

         «Мен ?ш ?асиетімді ма?тан т?там. Олар: жал?ан айтпадым, жа?сылы?ты сатпадым ??м ешкімнен еште?ені ?ыз?анбадым. Б?л ?ш ?асиет ?ркімні? ?з ??дайы. ?з ??дайынан айырыл?ан адам бос кеуде, ?лгенменен те?», - деген екен А?ан сері. Олай болса жеке т?л?аны ?алыптастыруда, оларды? жан д?ниесіне сезіммен ?арап, ?рбір іс – ?рекетіне ма?сат ?ою?а, жоспарлау?а, оны орындау?а, ?зіне – ?зі талап ?оя білуге т?рбиелеу -  адамгерщілікті? басты ма?саты. 

         «Елімізді? к?ші патшада, с?биді? к?ші жылауында», - демекші, бізді? к?шіміз, ?ор?анышымыз, сеніміміз – адамгершілік – рухани ??ндылы?ымызда. Ол ?шін А?ан серіні? осы ?ш ?асиетін баланы? бойына дарыта білсек – ?лы же?іс болары аны?. ?йткені адам баласы ?о?амда ?зіні? жа?сы ?асиетімен, рухани байлы?ымен, адалды?ымен, бойында?ы адамгершілік – рухани ??ндылы?тарымен арда?талады [5].  Ендеше, ата – баба м?раларын о?ыту ар?ылы  ?з ?лтын с?йетін, ?лтжанды, адамгершілік – рухани д?ниесі бай  т?л?а ?алыптасады.

   ?олданыл?ан  ?дебиеттер:

  1. «?зін – ?зі тану» Республикалы? ?ылыми – ?дістемелік журнал

 № 2 – 3, 2010 жыл.                                            

  1. М. Ж?мабаев «Педагогика». Алматы «?ылым»баспасы, 1992 жыл.
  2. «?зін – ?зі тану» Республикалы? ?ылыми – ?дістемелік журнал  

№ 4 – 5, 2009 жыл.

  1. «Ана тілі». Алматы «Атам?ра» 2004 жыл.
  2. «Т?рбие ??ралы» Республикалы? ?ылыми – педагогикалы? журнал

№ 2, 2009 жыл.

  1. «ХХІ ?асыр мектебі» Республикалы? ?ылыми ?дістемелік журнал, №6 201- бет

 

Автор ж?нінде м?лімет:

?ара?анды облысы

Шет ауданы

А?су-Аюлы мекені

Ж. А?ылбаев атында?ы мектеп-гимназиясыны? бастауыш сынып м??алімі

Демесинова Рыскуль  Уйсынбаевна

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-баба м?расы Баяндама»

АТА–БАБА МҰРАСЫ АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ

ҚАЙНАР КӨЗІ

Демесинова Р. У.

Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы

В статье рассматриваются вопросы воспитания ребёнка в духе национального воспитания, так как оно является источником духовной ценности, оставленное от наших предков. Указываются пути духовно-нравственного воспитания в начальной школе.

In clause is considered questions of education on of the child in spirit of national education as it is a source of spiritual value is left from our ancestors. It is underlined to ways of spiritually moral education in an elementary school.

Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапаларға «Адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу керек», - деген Шәкәрім аталарымыздың терең ойын негізге ала отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік – рухани қайнарын сіңіріп, мінез – құлқын тәрбиелеу үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуды тәрбиелеу ұстаздар міндеті.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», - деп бекер айтылмаған.Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оған туған күнінен басталуы керек [1].

Мағжан Жұмабаевтың педагогикасында «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам туғанда іңгәлаған айқайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз, тым шабан. Мінеки, адам баласы, осылай өте әлсіз болып туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды», - деген болатын [2]. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отырған. Балаға білім беріп, дүниетанымын кеңейтіп, алғыр, күшті, сымбатты, ой – өрісі кең, рухы биік, жан – жақты жетілген ұрпақ өсіруді мақсат етіп, оны парыз деп білген.

Ата – бабамыз ана құрсағыннан бастап, бала дүниеге келгенше тәрбие жұмысын үзбей жүргізіп отырған. Алғашқы кезеңде тәрбие ойын – сауық түрінде жүргізілген. Бала жеті жасқа жеткенше бетінен қақпай, еркін, еркелетіп өсіреді. Зекімейді, жасқамайды, баланы ұрмайды. «Баланы басынан ұрма бағы таяды, арқасынан ұрма әруағы қашады» деп айту тәрбиенің негізі болып табылады. Әрбір отбасы ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, ұлттық тәрбиені қалыптастыратын ата, әже, әке, мектептері арқылы халықтың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарына, ата кәсібіне балаларды үздіксіз тәрбиелеу арқылы қол жеткізіп отырған. Аталарымыз табиғатпен етене өмір сүріп, барлық жақсы үздік, тәрбиелік мәні зор әдістемелердің барлығын ұрпақ тәрбиелеу жолына бағыштап отырған.

Біздің ата – бабаларымыз Әл – Фараби, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абай, Қаныш т.б. аталарымыз қазақтың осындай ұлттық тәрбиесінде өскен. Ұлы бабаларымыздың бойынан қазақ халқының теңдесі жоқ бай қасиеттерін көріп, таңданасың.

Ұлы бабаларымыз аталардың өсиет, нақыл сөздерін, әжелердің ертегісі мен аңыз, әңгімелерін, танымдық, ұлттық ойындарын, жұмбақ, жаңылтпаштарын т.б. жаттап, естіп, үйреніп өсті. Жас ұрпақтың бойында ананың әуенімен оятатын бесік жырларымен қатар қиял – ғажайып ертегілер, ұлттық ойындары арқылы ұнамды жағымды әдеттер мен мінез – құлықты, жақсы қарым – қатынасты, ынтымақ пен жарасымдылықты, қайырымдылық пен ізгілікті, еңбек сүйгіштік пен үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер т.б. адамгершілік – рухани қасиеттер қалыптасады.


Ата – баба мұрасы



Бесік жырын, ана әлдиін естіп, «Ер Тарғын», «Алпамыс» т.б. ертегілерді оқып, халық дәстүрінде тәрбиеленген баладан туған халқын сүйетін, дінін, тілін қастерлейтін ержүрек, батыр, адал, мейірімді, тәрбиелі азамат өсіп шығары анық.

Ұлы бабамыз Әл – Фарабиден бастап өшпес мұра қалдырған ойшылдарымыз Қашқари, Иассауи, Дулати, т.б. еңбектері – қазіргі ұрпақ үшін теңдесі жоқ қазыналар. Ал Асан қайғы, Ақтамберді, Майлықожа сияқты ақын – жыраулардың толғаулары мен дана өсиеттерінің қосар үлесі қаншама! Жарық жұлдыздарымыз Шоқан, Ыбырайлармен қатар тәлімдік ой пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптардың еңбектері жас ұрпақты ұлттық құндылыққа тәрбиелеуде ерекше орын алады.

Әдебиет, дүниетану, өзін – өзі тану пәндерінде ертегі, әңгімелер, бесік жыры, шешендік сөздер, қара сөздер, мақал – мәтел, жаңылтпаштар, салт – дәстүрлерді оқыту арқылы оқушылардың бойына адамгершілік – рухани қасиеттерді сіңіре аламыз.

Ертеден ата – әжелеріміз айтып келе жатқан халық ертегілері туралы атақты педагог

В. А. Сухомлинский былай деген: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» [3]. Сондықтан ертегіні оқыту арқылы балаға рухани ләззат беріп, қиялына қанат бітіріп, жас баланың рухының өсіп жетілуіне жағдай жасаймыз. Ертегі баланың армандарын асқақтатады, қайратты, қайырымды істер жасауға құлшындырады, шебер де шешен сөйлеуге, өз ойларын әдемі де әсем баяндауға үйретеді. Ертегідегі батырлардың батырлығы, тапқырлығы, ақылы мен адалдығы, қайсарлығы өскелең ұрпақтарға ой салады, адамгершілікке жетелейді, отансүйгіштік қасиеттерін оятады, сана – сезімдерін дұрыс бағытта қалыптасуына әсер етеді. жас ұрпақты ұлттық құндылыққа тәрбиелеуде ерекше орын алады.

Біздің ата – бабаларымыз, әке – аналарымыз осындай ертегілерді тыңдап, халқымыздың бай қазынасымен танысып, біліп өскен. Соның бір дәлелі М. Әуезовтың «Бала Абай» әңгімесінде былай делінген: Абайдың әңгіме, ертегі, жырларды жақсы көретінін білген анасы Ұлжан үйіне қонақ болып келген Байкөкше жыршы мен Барлас ақынды Абайдың тілегі бойынша бір айдай жатқызып өлең, жырды тыңдатқан. Сонда, Барлас ақын ұғымтал, зерек бала Абайға қатты риза бата берген болатын [4]. Сол сияқты біздің бабамыз Қаз дауысты Қазыбек би 13 жасынан ел ішіндегі дауға, бітімге араласып өзінің шешендігін, қара қылды қақ жарған әділдігін көрсетіп, Қазақ халқының Үш биінің бірі атанған, «Қаз дауысты Қазыбек би» атанған. Атамыз қазақ өз ұрпағын жарық дүниеге келген күннен бастап дәстүрлі жолмен ұлттық тәрбие беріп отырған. Жастайынан құлағына сіңіп, ненің жақсы ненің жаман екенін білсін деп үлкендердің қолына су құясың деп ауыл ішіндегі дау, бітімге қатыстырып отырған. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б. бабаларымыз үлкендердің салиқалы, небір шешендік сөздерін тыңдап, ойға түйіп, өз халқының ұлттық дәстүрін үйреніп, біліп өскен. Сондықтан біздің ата – бабаларымыз 12 -15 жастан бастап, ат жалынын тартып, атқа мініп, қолдарына қару – жарақ ұстап жауға қарсы шыққан, шешен болып, топ ортасына шығып ел дауына араласқан. Оқушыларға «Бала Абай» мәтінін және Төле би, Әйтеке би. Қазыбек билердің шешендік сөздерін оқытып, таныстыру арқылы ата - бабаларымыздың бойындағы адамгершілік - рухани қасиеттерді атап айтқызып, мінездеме жаздыру, салыстырып, талдау арқылы Бала Абайдың және Ұлы билердің бойындағы жақсы қасиеттерді өз бойына дарытуға тырысады және өздерінің жауапкершілігін, міндеттерін түсінеді. Рөлге бөліп оқыту, сахналық көрініс көрсету арқылы ата – бабаларымыздың елін, жерін, ата–анасын қорғауда үлкен еңбек атқарғанын біледі. Ендеше, ата – баба мұралары арқылы адамгершілік – рухани тәрбие беруде алдымызға мына мақсаттарды қойып, жүзеге асыруымыз керек.

1. Халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез – құлқын қалыптастыру;

2.Жас ұрпаққа халқымыздың асыл дәстүрі мен салтынан мағлұмат бере отырып, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу;

3.Ұлттық мәдени байлығымызды танып – білуге тәрбиелеу. Өз Отанының және халқының мәдени мұраларын игерту;

Ендеше, қазақ халқының ұлттық құндылығын бойына дарыту үшін алдымен ұлттық тәрбие беруіміз қажет. Ұлы бабамыз Әл – Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген екен. Ал ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Біз әрқашанда білімге ұмтыламыз. Негізінде ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет. Тәрбиелі білімдар... Міне, адам! Міне, тұлға!», - деп білімнен бұрын тәрбиеге көңіл аудару керектігін, тәрбиесіз адамға берілген білімнен ешқандай пайда жоқтығын баса көрсеткен. Ең алдымен, таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарын, сүйетін адамгершілік – рухани қасиеттері дамыған өскелең ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.

Жас ұрпаққа заманауи ғылым – білімнің тізгінін ұстатып, жүрегін жарық нұрмен көмкерген адамгершілік – рухани құндылықтармен сусындатсақ, санасына төл тарихын сіңіріп, жүздерін жарқын болашаққа қарай бағыттай білсек, ата – бабамыздың маңдай терін төгіп, бізге мұра етіп қалдырған еңбегінің зая кетпегені.

«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенменен тең», - деген екен Ақан сері. Олай болса жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс – әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне – өзі талап қоя білуге тәрбиелеу - адамгерщіліктің басты мақсаты.

«Еліміздің күші патшада, сәбидің күші жылауында», - демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз – адамгершілік – рухани құндылығымызда. Ол үшін Ақан серінің осы үш қасиетін баланың бойына дарыта білсек – ұлы жеңіс болары анық. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы қасиетімен, рухани байлығымен, адалдығымен, бойындағы адамгершілік – рухани құндылықтарымен ардақталады [5]. Ендеше, ата – баба мұраларын оқыту арқылы өз ұлтын сүйетін, ұлтжанды, адамгершілік – рухани дүниесі бай тұлға қалыптасады.













Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Өзін – өзі тану» Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал

2 – 3, 2010 жыл.

  1. М. Жұмабаев «Педагогика». Алматы «Ғылым»баспасы, 1992 жыл.

  2. «Өзін – өзі тану» Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал

4 – 5, 2009 жыл.

  1. «Ана тілі». Алматы «Атамұра» 2004 жыл.

  2. «Тәрбие құралы» Республикалық ғылыми – педагогикалық журнал

2, 2009 жыл.

  1. «ХХІ ғасыр мектебі» Республикалық ғылыми әдістемелік журнал, №6 201- бет









Автор жөнінде мәлімет:

Қарағанды облысы

Шет ауданы

Ақсу-Аюлы мекені

Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Демесинова Рыскуль Уйсынбаевна





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ата-баба м?расы Баяндама

Автор: Демесинова Рыскуль Уйсынбаевна

Дата: 13.02.2016

Номер свидетельства: 292836


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства