kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Діни экстремизм»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Діни экстремизм туралы түсініктерін кеңейту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Діни экстремизм»»

Тәрбие сағаты: «Діни экстремизм»

 Мақсаты: Діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады.Міне осындай  қауіпті жағдайға айналған әрекеттерді оқушылардың  іске асырып жаман әдеттерге елігіп кетуіне қарсы тұруды үйрету

Қолданылатын құрал-жабдықтардың тізімі: тақта, плакаттар, проектор

Көрнекіліктері: презентация

 Барысы:

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар білім алушылар! Бүгін біз кездесу сағатымызда халықаралық мәселеге айналып отырған діни экстремизм, терроризм жайлы сөз қозғамақпыз бүгінгі тәрбие сағатымызға келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар:
Дін мәселері және қоғамдық байланыс жөніндегі орталықтың маманы,теолог Жетпісбаев Асан Нұрланұлы.Химия пәнінің мұғалімі: А.Е.Жанелова, тарих пәнінің мұғалімі: Б.А.Сатыбалдин, ата -ана:Ә.С.Егімбаева
Көрініс: «Есігімді қаққан кім?»

Оқушылардың әсерін сұрау.

2.Дінге деген жастардың көзқарасы қандай?

3.Әлемдік діндерден секталардың айырмашылығы қандай?

4.Қазіргі заманда қоғамға  қалай  ықпал етуде?

5.Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?

6.Діни экстемизм салдарынан әлемде нелер болып жатыр?

7.Хижап, паранжа , қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселерін қалай түсінуге болады?

 Экстремизм терминін қазақ тіліндегі мағынасын түсіндіріп кететін болсақ: Экстремизм латынның extremus – деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады. Экстремизм бұл ілім немесе ғылым емес. Ал өмірде радикалды саяси ілімдер, саяси ұғымдар, түсініктер жиі кездеседі. Олар бірте-бірте кең етек алып, күш жинап, нақты практикалық әрекетке ұласады, яғни террорға, ұйымдасқан бандитизмге, қарақшылық қылмыс жасауға барады. Осы бір келеңсіз жағдайлардың кесірінен қаншама бейкүнә жандар қаза табады. Адамның омірі адам үшін ең қымбатты қазына болып саналады, осы қымбат қазынадан айыруға ешкімнің құқығы жоқ! Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған бұл індетті материалдық қана емес, рухани мешеуліктің, адамдар бойындағы гуманистік сезімдердің тұрпайылануының салдары деп ұғынған жөн. Сондықтан да бұл ғасыр қасіретімен күресте осыны басты назарда ұстауымыз керек.

Терроризм, экстремизм, радикализм, салафизм ел арасында көптеп тараған терминдер қатарында тұр. Осы терминдерге түсінік беріп өтсек
Терминдер
Арманс:
Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды.
Ілияс:
Ал, «Радикализм» латынның «radix» «түбір, тамыр» деген сөзінен шыққан. Термин саясатқа қатысты пайда болған. Радикализм – қоғамда қалыптасқан әлеуметтік — саяси жүйемен келіспей, оны түбірімен қайта құруды ұсынушы саяси топтың көзқарасы. Сондай — ақ, діни радикализм тіркесі өзге де «діни фундаментализм», «діни фанатизм», «діни экстермизм» секілді лаңкестік әрекеттерге қатысты қолданыла бастады.

Диас:
Терроризм қазіргі таңда әлем індеті. Теrrоr латын сөзі қорқыныш, үрей дегенді білдіреді.
Терроризмнің мақсаты — мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Терроризм — ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін — дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс.Әдина:
Терроризмнің ең қауіпті түрі – діни терроризм қаупі төніп тұр. Себебі, біздің мемлекетімізде дінге шек қойылмаған, яғни кез — келген адам өзі қай дінге сенгісі келсе соған сенуге құқылы. Қазіргі таңда бірнеше мемлекетте заңсыз діни ұйымдар белсенді әрекет етуде. Қазақстанда соңғы кезде түрлі діни ағымдардың саны өсіп келеді. Нақты айтатын болсақ, 90 — жылдары діни ағымдардың жалпы саны 10 болса, бүгінде олардың саны шамамен 160 — тан асады.
Нұрбақыт
Айта кететін болсақ, Ахмади ағымы, Исматуллашылар тобы, Уаххабилік — діни — саяси ағым, Иегова куәлары, Таблиғи жамағат
Қоғамдағы қауіп — қатерлердің ең бастысы, халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм екені баршаға мәлім. Осыған байланысты елімізде 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс — қимыл туралы» Заң қабылданып, бірқатар діни ағымдардың қызметіне шектеу қойылған.
7 — бап. Терроризмге қарсы іс — қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті
20 — бап. Адамдардың террористік iс — әрекетке қатысқаны үшiн жауаптылығы көрсетілген
Сөз кезегі: Дін мәселері және қоғамдық байланыс жөніндегі орталықтың маманы,теолог Жетпісбаев Асан Нұрланұлына беріледі.

Қазіргі таңда қоғамдық орындарда, көшеде қысқа балақтылар мен сақалдылардың қатары көбеюде дін жолында жүрген адамдар мен теріс діни бағытта жүргендерді қалай ажыратуға болады?
Қандай адамдар діни секталарға енуі мүмкін?
Діни секталарға
• Бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары;
• Жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыс;
• Материалдық жағдайы төмен отбасыдан шыққан адамдар;
• Өзіне деген сенімсіздік пен өмірлік қиыншылықтар алдында қорқыныш болған жағдайда;
• Тұйықтық және қоршаған ортада өзін ашық ұстай алмау кезінде енуі мүмкін.

2 — бөлім Видеоролик (Терроризмнің қаупі туралы)
Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.
Бүгін бізде осы мәселенің басын ашуға сарапшыларымыз бен қонақтарымызды ортаға шақырсақ………
Соңғы кездері діни мәселелер ушығып, жат ағымдардың іс әрекеті ашық көріне бастады.
Кейінгі зерттеулердің Статистикалық деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 70 — 80 жылдарында күллі дүниежүзінде 5500 — ден астам лаңкестік әрекет жасалып, төрткүл әлемде 500 — ден астам лаңкестік ұйымдар әрекет еткен екен




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Діни экстремизм»

Автор: Уразаева Фатима Кенесовна, Ешмұханова Айнагул Сандишқызы

Дата: 05.01.2023

Номер свидетельства: 622322

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "«Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп»"
    ["seo_title"] => string(41) "dini_ekstriemizm_liemghie_tonghien_k_auip"
    ["file_id"] => string(6) "450909"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1516290266"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "«Жас-?спірімдерді?  ?зге  дін  а?ымдарына ілесуіне  не  себеп  болуда »"
    ["seo_title"] => string(72) "zhas-ospirimdierdin-ozghie-din-ag-ymdaryna-iliesuinie-nie-siebiep-boluda"
    ["file_id"] => string(6) "297613"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456221873"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "«Теракт қаупі төнгендегі іс-әрекеттер»"
    ["seo_title"] => string(35) "terakt_kaupi_tongendegi_is_reketter"
    ["file_id"] => string(6) "570995"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1611299273"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Лаңкестік және оның зардаптары"
    ["seo_title"] => string(34) "lan_kiestik_zh_nie_onyn_zardaptary"
    ["file_id"] => string(6) "421420"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1497247092"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства