kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жат жерде от кешкендер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні12.02.2018ж

Тақырыбы: Жат жерде от кешкендер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жат жерде от кешкендер»

Күні: 12.02.2018ж.

Уақыты: 18.35

Сыныбы: 6 «В»

Өтілетін орны : 401 каб.

Тәрбие сағат тақырыбы: «Жат жерде от кешкендер»

Тәрбие сағат мақсаты:

Білімділік: Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат беру. Ауған соғысы ардагерлерімен, олардың ерліктерімен  таныстыру;

Тәрбиелік: қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, ауған соғысында опат болған ардагерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:  оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдісі:
 түсіндіру, әңгіме-сұхбат жүргізу, ой бөлісу.

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта, «Ауған соғысы» жайлы видеофильм.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Жаңа сабақтың тақырыбының мақсатымен таныстыру.

2) Жаңа сабақ түсіндіру.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, достарым! Бүгін – 15 ақпан, тура 29 жыл бұрын ана мен әжелеріміз ұл-жолдастарының аман-есен оралғанына қуана жыласа, бірі – мәңгілікке айрылып, қайғыра төгілген көз жастары, жүректегі ауыр жаралары әлі де жазыла қойған жоқ. Қарап тұрсақ, қанды соғыстың болғанына мұншама ұзақ уақыт та өтпеген секілді, бірақ артына қалдырған ізі көзге жас әкелмей қоймайды.

2-жүргізуші: Иә, өйткені бұл ешкімге де қажеті болмаған соғыста қаншама аға-тәтелеріміз, әке-көкелеріміз құрбан болды. Дегенмен де, олар – нағыз батыр! Өйткені олар өз Отаны алдында борыштарын ар-намысымен атқарды, сол үшін жандарын да қиды!

1-жүргізуші: Олардың жасаған мәңгі өшпес ерліктері де есімізде сақтаулы. Сол себепті де біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз Ауған жерінде болған қанды соғыста өмірлерін аямаған аға-әкелерімізге арналмақ.

ІІ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау.

(Әнұран орындалады)

2-жүргізуші:

Соғыс жаналып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына  байланысты «Жат жерде от кешкендер» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз .

ІІІ. Бейнебаян. «Ауған соғысы»

Оқытушы:

Қазақ халқы Ресей халқы империясына 260 жыл тәуелді болды. Осы жылдары, яғни 1978 жылдың желтоқсанында Кеңес-Ауған достастық шартына қол қойылды. 5-мамыр Түркістан әсери округында «Мұсылман батальоны» жасақталды. Оған тек Орта Азиялық жастар алынды. 1979 жылы 12 желтоқсанда Л.И.Брежнев Ауғанстанға әскер енгізу жөнінде шешім қабылдады.

Бұл соғыс жалпы он жылға созылған. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кетіпті. Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында екен.

Міне, Ауған соғысының аяқталғанына 29 жыл өтті. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.

Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, ескерткіштер орнатылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр біздің Қазақстанда да сақталған.

1-жүргізуші

Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер
Өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер! – дей отырып, ауған соғысында қаза болған ағаларымыздың рухына 1 минуттық үнсіздік жариялаймыз.

2-жүргізуші

Ортада сыныптасымыз Қаржауов Ержолдың орындауындағы күй «Балбырауын»

1-жүргізуші

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Осындай ағаларымыздың құрметіне өзінің шығарған өлеңін оқу үшін сыныптасымыз Тоқтарова Жангүлімді ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші

Ауғанның қанды даласы
Адамзаттың наласы
Бүк түсіп жатыр қан құсып,
Қаралы таулар, қарашы
Адасып барып армандар,
Камалда күл боп қалғандар
Гүл болып көгеріп
Өмірді қайта жалғаңдар
Арманда кеткен ер үшін,
Ұмытпас елім арысын - дей келе кезекті сыныптастарымызға береміз.

(5 оқушы ортаға шығып өлең оқиды.)

1-оқушы: Нурислам

Бітпейді соғыс салған салдарлары,
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі
Қырық бірдің отты жылы көнергенде
Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы
Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда
Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда
Он сегіз – жирмадағы боздақтардың
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.
2-оқушы: Айдар
Ағатайым, сен де соған барып қайттың
Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың
Тілейміз енді соғыс болмағанын
Жат жерде жансыз дене қалмағанын
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын!

3-оқушы: Мереке

Серігісің достардың сенгендегі,

Көңіл бөлме пікірге пендеңдегі.

Жиып ұста, денеңді жиып ұста,

Ауғанда  ешкім жеңбеген,зор кеудеңді

4- оқушы: Жарас

Бүгін біздер ұланымыз егеменді қазақтың,

Туды міне жас ұрпаққа ғажап күн.

Артта қалып азапты күн, тозақ күн,

Енді атса тек бейбітшілік таңы атсын.

Еске алып, құрметтейміз құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын, суық көрде жылынсын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!

5- оқушы: Батыр

Енді қайтып соғыс өрті болмасын
Қыршындардын өмір гүлі солмасын
Аналардың ақ жүрегін әрқашан
Бүкіл әлем қамқор болып қорғасын
Отан үшін отқа түс –күймейсің!
Ежелден-ақ қаhарман қазақ халқы,
Елді қорғау айбынды ата-салты.
Бейбітшілік осы күн мерейіне,
Ерлерді еске алайық артсын даңқы!

2-жүргізуші:

Бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес.

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.

Ендігі кезекті сыныптасымыз Азымов Мадиярға береміз. Мадиярдың орындауындағы ән «Кукушка»





ІҮ.Тапсырма

1-жүргізуші: 

Ендігі кезекте достар, сіздерге тапсырма. Сендер мына тапсырмада көп нүктелердің орнына керек сөзді қойып, мақал-мәтелдің мағынасын ашыңдар.

а) Ердің аты...шығады.

ә) Ер игісі...жүгін көтереді.

б) Досыңның досы дос, Жауының...одан да жақсы дос.

в) Батыр...дәулеті, Балқұрақ...сәулеті.

г) Ер жігіт...үшін туады, ...үшін өледі.
2-жүргізуші:  Достар, батырлық, ерлік дегеніміз не? Осы батыр ағаларымыздың бойындағы қасиеттері туралы не айтар едіңіздер?

1- оқушы:  «Ерлік- жан дүниенің ұлы қасиеті»

2- оқушы: «Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі... бұлар адамдарды алға жетелейтін шамшырақтардың бірі».

3- оқушы: «Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиісті. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды».

4- оқушы: «Батыр ол адамзат қоғамы үшін сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасайтын адам».

1-жүргізуші: 

Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Ортаға сыныптасымыз Уалиева Аиданы қазағымыздың керемет аспабы қобызбен қарсы алыңыздар!

Ү.Жаңа сабақтың қорытындысы

2-жүргізуші: Достар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз Ауғанстан жерінде өз өмірлерін қиған ер-азамат ағаларымыздың есімдерін, қайсарерліктерін есімізге түсіруге арналды.

1-жүргізуші: Иә, «Ер есімі ел есінде» деп ата-бабаларымыз бекерден айтпаса

керек. Батыр ағаларымыздан алар үлгі көп. Біз оларды мақтан тұтамыз, құрметтейміз, тамсанамыз.

2-жүргізуші: Тәрбие сағатымызды қорыта келе, бүгінгі сабақ бәрімізге үлгі бола алды деген үміттеміз. Батыр бола алған адамның есімі,

ерлігі мәңгілік, еш өштес қазына. Достар, осыны әр уақыт естен шығармаған абзал.

Хор: « Соғыс болмасын»

1-жүргізуші: Келесі кездескенше күн аман!







КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №274 ОРТА МЕКТЕБІ



















АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ







Тақырыбы: «Жат жерде от кешкендер!»















6 «В» сынып жетекшісі

Укибаева М.Т.









































Байқоңыр, 2018 жыл









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жат жерде от кешкендер

Автор: Укибаева Молдир

Дата: 22.02.2018

Номер свидетельства: 459046

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Отан ?шін от кешкендер"
    ["seo_title"] => string(24) "otanushinotkieshkiendier"
    ["file_id"] => string(6) "276901"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452795206"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Желбіре Же?іс туы "
    ["seo_title"] => string(23) "zhielbirie-zhien-is-tuy"
    ["file_id"] => string(6) "218833"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1433931409"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ауылымызды? со?ыс ардагерлері"
    ["seo_title"] => string(30) "auylymyzdynsogysardaghierlieri"
    ["file_id"] => string(6) "276902"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452795316"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ніне  "Ар намысым,?асіретім,ма?танышым Желто?сан" та?ырыбында ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(120) "16-zhieltok-san-t-uielsizdik-kuninie-ar-namysym-k-asirietim-mak-tanyshym-zhieltok-san-tak-yrybynda-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "142926"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418392999"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "День независимости 16 декабря"
    ["seo_title"] => string(32) "dien-niezavisimosti-16-diekabria"
    ["file_id"] => string(6) "308986"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458718586"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства