Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Құралай ауылы Қызыл Қазақстан орталау мектебі
Муратова Жанаргүл Лұқманқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Муратова Жанаргүл Лұқманқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Туған жылы: 04 маусым 1987жыл
Білімі: жоғары
Бітірген оқу орны: «Көкше»академиясының бакалавры
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі
● 2012 ж.- Мадақтама
● 2013 ж.- Құрмет грамотасы
Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай
«ыстық қайрат нұрлы ақыл, жылы жүрек»
болуы-өмір сүрүдің басты заңдылығы
болса, осы үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру –
ұстаздың міндеті екені даусыз.
Сынып жетекшісі ретінде осы қағиданы берік ұстана
отырып, «ыстық қайрат дегеніміз - спортқа баулу,
нұрлы ақыл-санасын білім нәрін құю, жылы
жүрек- эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру»-
деп түсінемін.
Ата-аналардан сауалнама алу арқылы отбасының тәрбиелігін зерттеп, олардың
жауапкершілігін арттыруға болады. Өзім жетекшілік ететін сыныптың
ата-аналарын бала тәрбиесі мәселесінде қызықтыру мақсатымен анкеталық
сұхбат жүргіздім. Әртүрлі анкеталық сұрақтар таратылды.
Мысалы: «Балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?»,
«Бала кезіңізде қандай ұлттық ойындарды ойнадыңыз, балаңызға үйреттіңіз бе?»
-деген сұрақтар қою арқылы ата-аналарды ынталандырып,
жауаптарын білдім. Сынып жетекшісі үшін ата-аналарды
педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес.
Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді.
Мұндай міндетті шешу үшін тәрбие жұмысы жоспарымда:
1-ден оқушылардың отбасын зерттеу;
2-ден ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру;
3-ден сыныптағы ұжымдық істерге ата-аналарды тарту;
4-ден ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу, тәрбие үрдісінің
барысымен жүйелі таныстыруды қамтамассыз ету жұмыстары міндетті
түрде қамтылған.
ІІ. Бала тәрбиесіндегі негізгі міндеттерім:
Бірінші міндет - тәрбиелік және
дамытушылықмаңызы
бар әрекет ұйымдастыру .
Екінші міндет - ұжымды
ұйымдастыру
және дамыту;
Үшінші міндет - оқушы тұлғасының қалыптасуына
көмектесу, оның қабілеттерінің,
қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи
күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Төртінші міндет - патриоттық тәрбиені нығайту.
Оқушылардың бойында ұлтаралық және
этникалық қарым-қатынас мәдениетін көтеру