kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арналған сынып сағаты "Тәуелсіз Қазақстан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Елбасының өмір жолы, ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік беру, Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу; көпшілік ортада еркін сөйлеу, өз ойларын ашық айта алу дағдысын, болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арналған сынып сағаты "Тәуелсіз Қазақстан"»

Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы

Мақсаты:

Елбасының өмір жолы, ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік беру, Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу; көпшілік ортада еркін сөйлеу, өз ойларын ашық айта алу дағдысын, болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, слайдтар, Елбасы кітаптары, Елбасы туралы жазылған кітаптар, бейнероликтер, бейнебаян.

Жүру барысы:

  1. «Әнұран» орындалады.

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Америка халқының белгілі қоғам қайраткері Роберт Кеннеди былай деген екен: «Тарихтың өзі алдына бас иетін ұлылар біздің ішімізде соншалықты көп емес, бірақ әр адам оны сәл де болса өзгерте алатындай еңбектенуге қабілетті...

Азамат тарихы өрлік пен сенімнің қисапсыз үлгілері негізінде жасалады». Қазақ халқының тарихына елеулі өзгеріс енгізген, көптен күткен Тәуелсіздігіміздің Туын құлдыратпай дұрыс бағыт көрсеткен, Қазақстан атты елді дүниежүзілік аренаға танытқан осындай ұлы тұлғаның бірі ретінде халқы мойындаған Елбасымызды айта алар едік. Халқына деген шексіз сүйіспеншілігін, сенімін, өрлігі, білімі мен саяси көрегенділігін, бар қажыр-қайраты мен арманын ісімен дәлелдеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі ұрпағына өнеге боларлықтай екені даусыз. Ендеше бүгінгі сабағымыз елдің елдігін, халқының қамын ойлаған еліміздің алғашқы президенті, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.

Жүргізуші:

Тәуелсіз еліміздің 20 жылдан астам уақыт ішінде жүріп өткен шежірелі жылдарына тоқталып өтеміз. Ол үшін «Кім көп біледі?» ойынын ойнаймыз. /Слайдтар арқылы жылдар көрсетіледі, оқушылар сол жылдардағы оқиғалар туралы айтады/
1991 жыл 1-желтоқсан. Тұңғыш Республика президентіне жалпыхалықтық сайлау болды. Қазақ КСР-інің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жыл 4-маусым. Мемлекеттік рәміздер туралы заң қабылданды.
1993 жыл 15-қараша. Қазақстан Республикасының валютасы теңге айналымға енді.
1998 жыл. 6-мамыр. Ақмола қаласының атауы Астана болып жарияланды. 
1995 жыл 30 тамыз. Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.
1998 жыл. 10-маусым. Астананың тұсаукесері болды. 
1992 жыл. 3-наурыз. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
2006 жыл 7-қаңтар. «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Әнұран ретінде қабылданды.
1986 жылы 16-желтоқсан. Желтоқсан көтерілісі болды.
1991 жылы 16-желтоқсан. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бұл күн тәуелсіздік күні болып белгіленді.
Жүргізуші: Бүгінгі кешіміз журнал түрінде өтеді
1-бет: «Ғибратқа толы ғұмыр» айдары
2-бет: «Халқының бағына туған бала»
3-бет: «Отбасым – алтын діңгегім»
4-бет «Металлургтен басталған еңбек жолы»
5-бет: «Халқының сайлап алған қалаулысы»
6-бет: «Елбасы – жазушы, ақын»
7-бет: «Елбасы атындағы мұражайға саяхат»
8-бет: «Елбасы атындағы білім ордалары»
9-бет: «Елбасы атындағы саябақ»
10-бет: «Елімнің елдігінің белгілері» айдары
11-бет: «Жас ұрпақтың арнауы» айдары
12-бет: «Тәуелсіздік перзентінің тілегі» айдары
1-бет. «Ғибратқа толы ғұмыр» айдары
Елбасы өмірі мен еңбек жолы тыңдалады. 

Н.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты техникалық оқу орнын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960-69 ж. Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969-73 ж. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-77 ж. Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977-79 ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы
1979-84 ж. Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 
1984-89 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-91 ж. Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.
1990 ж. Ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 
1990 ж. Сәуірінен Қазақ КСР президенті.
1991 ж. Желтоқсанның 1-інде Қазақстан Республикасы Президенті үшін жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Н.Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.
1995 ж. Сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің өкілеттілігі 2000 ж. Дейін ұзартылды. 1999 ж. Қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78% дауыс алып Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. Желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2-бет. «Халқының бағына туған бала» 
(Елбасының өмірге келуі, әке-шешесі туралы әңгімеленеді. Әбіш әке мен Әлжан ананың суреттері көрсетіледі)
Жүргізуші:

Әбіш пен Әлжан отау құрғандарына бес жыл толса да нәресте үнін ести алмай жүреді. Бір күні анасы Мырзабала «Сендер киелі Назарбайдың ұрпағысыңдар. Әруақтар сендерден бірдеңе дәметіп жүрген болар. Райымбек бабаның басына барып түнеп зиярат етіп қайтыңдар!» деп жібереді. Әулиенің басына барғасын екеуі ұйықтамай бала тілемекші болады. Бірақ қалғып кетеді. Сол кезде Әлжан анаға әруақ даусы естіледі. «Оян, қарағым, қолыңды жай, шын ниетіңмен келген екенсің, батамды берейін! Жаратқам ием сендерге екі ұл береді, бірақ есімдерін ұқсатып қоймаңдар!» деп ақ сақалды, желбіреген қудай ақ шашты қарияға айналып ғайып болады. Көрген түсін шырақшыға жорытады. Шырақшы:
-Жасаған ием жарылқады, сендерге аян берген Баба Түкті Шашты Әзиздің өзі. Екі ұл сүйесіңдер. Алла тілеулеріңді береді!-деп жақсыға жориды. Ауылына келгесін Әлжан ана тағы түс көреді. Түсінде үлкен теңіз көреді. Буырқанып, дөңбекшіп жатқан теңізді бірінші көруі. Түсуге жүрексінеді, бірақ бір күш суға қарай сүйрей жөнелді. Жүрегі өрекпіп суға түседі. Суға түскен соң су тізесінен келеді, белінен келеді, мойнынан келеді. Бір кезде көрінбей кетеді. «Тұншығамын-ау» деп қорқады. Бір ғажабы еркін тыныстап келеді. Аяғы теңіз түбіне бір тиіп, бір тимей келе жатып су түбінен мылтық тауып алады. Кәдімгі аңшының ұзын мылтығы. «Жақсы болды ғой, Әбішке апарып беріп қуантайын» деп мылтықты иығына асынып алады. Мылтықтың екі ұшы мен дүмі иіліп жерге тиеді, сонда да Әлжан мылтықты тастамай, аршындай басып теңіздің екінші жағына шыға келеді. Түсін туысқандарына жорытқанда «Түсің жақсы екен. Құдай сендерге ұл береді!» дейді. Көп ұзамай Әлжан ана жүкті болады. Сөйтіп Алматы облысы Қаскелең ауданында Шамалған ауылында 1940 жылы 6-шілдеде болашақ елбасы дүниеге келеді.


3-бет. «Отбасым – алтын діңгегім» 
(Отбасы, бауырларының суреттері көрсетіледі)

1-оқушы:

Әбіштің отбасында Сұлтаннан кейін Айсұлтан атты бала дүниеге келеді. Ол бала кішкене кезінде шетінеп кетеді де, одан кейін Сатыбалды дүниеге келеді. Балалары тұрмағасын ырымдап кіндік шешесіне қырқынан шыққанша еміздіріп, сатып алған есеппен Әбіш пен Әлжан ақша төлеп өздері алады. Сол себепті есімін ырымдап «Сатыбалды» деп қояды. Одан кейінгі бауырлары –Болат пен Әнипа.


4-бет. «Металлургтен басталған еңбек жолы» 
(Металлург болған кездегі суреттері көрсетіледі)
2-оқушы:

Елбасы еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды. Әке-шешесі мұндай ауыр жұмыс істеуіне қарсы болады. Әкесі барып балқыған темірдің маңындағы баласын көріп, еліне қайтармақ болады. Бірақ 20 жастағы жас жігіт табандылығының, еңбекқорлығының арқасында жұмысын жалғастырып, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. Осылайша еліміздің басшысы металлург болып еңбек жолын бастаған еді.


5-бет. «Халқының сайлап алған қалаулысы»
(Суреттер көрсетіледі)
3-оқушы:

1991 жылы желтоқсанның 1-інде Қазақстан Республикасы Президенті үшін жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. Бүгінде еліміздің тұңғыш президент, халқының сайлап алған қалаулысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз елімізді басқарғанына 23 жыл толып отыр.

«Елбасы туралы бейнебаян көрсетіледі».
6-бет. «Елбасы – жазушы, ақын»
(Елбасы кітаптары көрсетіледі.)
4-оқушы:

Нұрсұлтан Назарбаев – бірқатар ғылыми еңбектердің, ғылыми қоғамдық, саяси тақырыптағы кітаптардың авторы. Демек, Елбасы – жазушы. Сонымен қатар Әнұранның, «Үшқоңыр», «Сарыарқа», «Елім менің» әндері сөзінің авторы, яғни ақын. 
«Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін

халқына былайша жеткізеді:
Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың,
Осы- менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы – менің мұратым!
О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы – менің мақсатым!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы – менің тілегім.
7-бет. «Елбасы атындағы мұражайға саяхат»
(Мұражай суреттері көрсетіледі.)
5-оқушы:

Астана қаласында Елбасы атындағы мұражай бар. Онда елбасының жұмысшы болған кезде киген киімдері, оқушы кезінде отырған партасы, ұстаған қаламы, шетел саясаткерлерінің берген сыйлықтары, ел азаматтарының жазған хаттары, қаламгерлердің қолтаңбасы бар кітаптар сақталған.


8-бет. «Елбасы атындағы білім ордалары»
(Назарбаев университетінің суреттері көрсетіледі)
6-оқушы:

Білімді бәрінен жоғары қойған Елбасы өз атын білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санап өз атына университет пен мектептердің ашылуына келісімін берді. Н.Назарбаев университеті – нарық сұранысына бағдарланған жаңа оқу орны. Оқуға түсу емтихандары ағылшын тілінде жүргізіледі. Барлық пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі. Елбасы «Назарбаев университетінде» жас ұрпаққа дәріс оқып тұрады.


9-бет. «Елбасы атындағы саябақ»
(Саябақ суреттері көрсетіледі)
7-оқушы:

Ақтөбе қаласының ең көрікті жерлері – әсем көрініс беретін саябақтары. Сондай саябақтардың бірі – қаланың ортасында орналасқан тұңғыш президентіміз Н.Назарбаев атындағы саябақ. Елбасы саябаққа атын беруге қарсылық білдірген. Елбасының еңбегін ескерген ел ағалары саябақты Елбасы атымен атапты. Бұл Елбасының ел алдындағы абыройын, асқақ мәртебесін білдіреді. Бұл орын қала халқы мен қала қонақтары үшін қыдырып демалатын әсем де көрікті мекен болып табылады.

10-бет. «Елімнің елдігінің белгілері» айдары»
Жүргізуші
:

Санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Біақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі -1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» даму стратегиясы, екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Елбасымыз өзінің ерен еңбегінің, кемеңгерлігінің арқасында елімізді әлем танитын елге айналдырды. Бүгінгі таңда біздің еліміз Қазақстан – еш елден кем түспейтін тәуелсіз, бейбіт, ынтымағы жарасқан ел. Біздің елімізді айдай әлемге паш етіп тұрған ұлттық нышандарымыз бар. Ту, елтаңба, әнұран, «Тәуелсіздік монументі»(еліміздің 5 жылдығына орай Алматы қаласында тұрғызылған ескерткіш. Оның үстіңгі жағында қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары бар дулығалы сарбаздың тұлғасы кескінделген. Оның биіктігі 28 метрге дейін жетеді.

2017 жылы Астана қаласында «ЭКСПО -2017» көрмесі өтеді. Оны өткізу құқын Париж қаласында біздің еліміз жеңіп алды. Қазір бұл көрмеге келетін қонақтарды қарсы алуға, көрмені абыроймен өткізуге еліміз дайындалып жатыр.
Астана қаласында темірлі құрылымдардан тұратын Бәйтерек бар. Оның биіктігі -105 метр. Оны тұрғызу елбасының ойынан туындаған. Панорамалық залдың ортасында ағаш глобус бар. Онда Нұрсұлтан атамыздың алақанының ізі бар.

11-бет. «Жас ұрпақтың арнауы» айдары

Жүргізуші:

Елбасшымызға талай ақындарымыз жырын арнап, өлеңдерін шығарды. Сонымен қатар өз сыныбымыздың оқушыларының да елбасына арнау өлеңдері бар. Сол балғын ақындардың жыр-шумақтарына кезек берейік.

Жүргізуші: 
Тәуелсіздік. Тәуелсіздік – жыр – әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным.
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!
Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық.
Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!
Ел болып көтерілген шаңыраққа
Тілейміз бақыттылық, баяндылық!
Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Елім менің» атты әні
Жүргізуші:

Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы, жас ұрпақ, біздің қолымызда. Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болайық дегім келеді. Бүгінгі кешімізді Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа».
Ән: «Көк тудың желбірегені»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арналған сынып сағаты "Тәуелсіз Қазақстан"

Автор: Серикканкызы Акбота

Дата: 19.02.2017

Номер свидетельства: 393531

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Тарихи сенімділік-бізді? ?лы тарихымыз  ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы"
    ["seo_title"] => string(76) "tarikhi-sienimdilik-bizdin-u-ly-tarikhymyz-k-azak-khandyg-ynyn-550-zhyldyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "315141"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459841036"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік !"
    ["seo_title"] => string(39) "elimnin_bakytyn_terbetken_t_uelsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "622992"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673595303"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!"
    ["seo_title"] => string(43) "ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "366139"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480956779"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Ерте?гілік "Елімні? ба?ытын тербеткен Т?уелсіздік!""
    ["seo_title"] => string(58) "iertien-ghilik-ielimnin-bak-ytyn-tierbietkien-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "273649"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452254303"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Баяндама "?лтты? ??ндылы?тар- т?рбиені? т?п ?азы?ы ""
    ["seo_title"] => string(56) "baiandama-u-lttyk-k-u-ndylyk-tar-t-rbiienin-tup-k-azyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "303966"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457626558"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства