kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Рухани жаңғырудың жарқын жолы. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғырудың жарқын жолы»

Рухани жаңғырудың жарқын жолы


Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. 
. Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары: * Әріптестік; * Азаматтық жауаптылық; * Ашықтық. Мектеп миссиясымен үндестігі: Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру. Жаһандық азаматтық тұлғасы: Өз Отанын қатты сүйетін, әлем халықтарын мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға. Көрнекіліктер: 1. Интерактивті тақта, бейне баян, түрлі-түсті парақшалар

Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі. Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар 
Мұғалімнің іс - әрекеті: «Достық торы» әдісі арқылы бір - бірлеріне сәттілік тілейді.
Таныстырылым: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. 
І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт - дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. 
1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. 
2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. 
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 
4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. 
6. Сананың ашықтығы Оқушының іс - әрекеті: Бір - бірлеріне сәттілік тілейді. 1 - топ. "Қазақстан" Ән: Көк тудың желбірегені 2 - топ. "Салт дәстүр" Ән: Қазақы дәстүрлер - ай 3 - топ. "Мәдени құндылықтар және өнер" Ән: Қара жорға 4 - топ "Ұлттық ойындар мен тағамдар" Ән: Қазақы дастарханым Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады. Оқушылар үйге берілген тапсырманы қорғайды. Топтағы ең үздік «Рухани жаңғыру» тақырыбында коллаж қорғайды 



Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Құжатында – Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті құндылық ұсынылған: - Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы; - Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; - Зайырлы қоғам және жоғары руханият; - Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім; - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; - Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; - Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылды. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі аталған құндылықтарды жастарға насихаттаумен байланысты. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады. Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы бейнероликті ұсынамын. Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі: «ЕХРО-2017» көрмесі /куратор көрме туралы ақпараттар береді, оқушыларға сұрақтар қояды көрмені тамашалаған оқушыларға сөз береді./ Топтық жұмыс Постер дайындау және қорғау): 1-топ. Патриот адам кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек? 2-топ. Қандай патриот адамды білесіңдер? Олар кімдер? Не үшін? 3-топ: Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек? (мінезі, ерекше қасиеттері, ұстанымы, ұраны). 4-топ: Мен патриотпын себебі???

Қорытынды бөлім: Рефлексия Куратордың қорытынды сөзі: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.





«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асады

Фото: Tengrinews

Мемлекет басшысының «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақ­стан халқына Жолдауы біз­дерге, ғылым адамдарына нағыз пра­­г­матикалық, нақты әрі түйінді, елі­міздің болашағы үшін тағдыр­шешті мәселелерді көтерген атаулы құжат болды.

Жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, эконо­микамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген техн­ологиялық жаңғыртылу басым­ды­ғына көшуімізді айқындап берді.

Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бас­та­пқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алды­мен, мек­тептерді жаппай компью­тер­лендіру қолға алынды. Ком­пью­терлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құ­рал ретін­­де пай­­­­дала­ныла бас­та­ды, ақ­паратпен орын­да­ла­­тын кез к­елген жұмыс компьютер көме­гі­­мен жүзеге асырылатын болды. Ақ­па­­рат­­ты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.

Сымсыз телефондар, желі­лік телеарна – осы бағ­дар­лама­ның жемісі. Жаңа дамып келе жат­қан жасанды интеллект белгілі бір ал­го­ритм жоқ жерде пайдалануға жол ашады.
2011 жылдың 18 қаң­тарын­да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы­мен ұлт­тық жерсеріктік «OTAU TV» теле­ра­дио­­­хабар тарату желісі іске қосыл­ған бо­ла­тын. Бүгінде ұлттық опера­тор қыз­­ме­тін пай­даланатын үй шаруашы­лық­­­тарының саны миллион­ға жету­ге жақын. Цифрлы стан­дартқа көшкен сәтте, Қазақ­стан­да жер­серіктік жүйе або­нент­­терінің саны небәрі 6 300 болға­нын ес­керсек, бұл көр­сеткіш аталған қыз­­­меттің халық ара­сында үл­кен сұ­ра­ныс­қа ие еке­нін көр­се­теді. Бұл, әсіресе, ауыл тұр­­­­ғын­­­дары­на қатысты, өйт­кені, оның або­­нент­­терінің 70 п­а­йы­зы ауыл­­дық жерлерге келеді.

Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол IT са­ласына басымдық беріледі.
Жалпы, Қазақстанда ақ­параттық тех­но­логиялар­ды мемлекеттік секторға ен­діру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәт­ті басталған. Оған мысал келтіруге бола­ды, ол – «eGov» жүйесі немесе Қазақ­стан­­­ның электронды үкіметі. Дәл осы жүйе­­­нің көмегімен бүгінде жүздеген опера­­ция­­­ны компьютер алдында оты­рып-ақ жү­ргізе аласыз. Құжат ресімдеу, ком­муна­л­дық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айып­пұл, сақтандыру және өзге де қыз­мет түрлерін үйде отырып төлеуге кез кел­ген қазақ­стан­дық­тың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле түседі.

Жолдауға сәйкес жазға қарай елімізде «Цифр­лы Қазақ­стан» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы іске қосылуы белгіленді. Ақ­­парат­тық технология­лар қарыш­тап дамып бара жат­қан мына заманда IT сала­сын да­мыт­пасақ, дамыған 30 елдің қа­та­рынан көріну қиын. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жыл­дан-жылға жақсартып келеді.

Жолдауда Елбасы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл­ді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты бағдар берді.

Қазақстандықтардың өмір сапасын арт­тыру әрі ұлттық экономиканы цифр­лан­­дыру бағдарламасын жүзеге асыру шең­берін­де 2020 жылға дейін интер­нет қолдану­шы­лардың санын 80 пайыз­ға дейін арт­тыру, тұрғындардың 95 пайы­зын цифр­лы xабар таратумен қамту, азамат­тар­дың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Бұл үшін биылдың өзінде атал­ған бағдарлама аясында елімізде 244 радио­телевизиялық станса іске қосылмақ.

«Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ІЖӨ-дегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзе­ге асыруда 4 бағыт бар. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интер­нетпен қам­­та­­масыз етіп, Қазақ­стан­ның транзиттік әлеуе­­тін арттыру. Екін­ші бағыт – эконо­мика­­­ның салаларына (көлік және логис­тика, ден­­­сау­лық сақтау, білім беру, ауыл шаруа­шы­­лы­­ғы және электронды сауда) цифрлы тех­­­но­ло­гияны ендіру. Үшіншісі – мемлекет­тік ор­­ган­дар жұмысының сапасын арттыру және төр­тін­ші бағыт – IT-мамандарды даярлау.

Цифрлы технологияның халқымыздың жар­тысы ауылда тұрып, сол жерде нәпақа­сын айырып отырған ауыл шаруа­шы­лығы саласына да берері көп. Әлем­ге бел­гілі «Microsoft» компаниясының қожа­­йы­ны Билл Гейтс ойлап тапқан «Оракул» деген компьютерлік бағдарлама ауылшаруашылық жерлерінің хал-ахуалын санаулы ғана уақыт ішінде талдаудан өткізіп, қандай жағдайда екенін айтып бере алады. Дәл қазір Қазақстанда егістік пен жайы­лымның көбі жекенің қолында және пайдаланылмай жатқаны белгілі. Ал аталған бағдарлама сол жер иелері­нің кім екенін, жерді қанша уақыттан бері пайдаланбай жатқанын анықтай алады. Демек, «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ла­ма­сы аясында Билл Гейтстің «Оракулы» да елімізде кең қолданысқа енуі әбден мүмкін.

Цифрлы технология бұдан бөлек денсау­лық сақтау және білім беру сала­ларын­да да қол­даныста. Биыл оны жетіл­діру мақ­са­тын­да Қазақ­стан мектеп­терінде электрон­ды күн­делік қолданысқа енгізіл­мек. Соны­мен қатар, педагогтар да атқарған жұмыс­та­ры­ның есебі мен жос­парларын қағаз кү­йін­де емес, электронды үлгіде тапсыра алады.

Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғы­­сы келмеген әрбір азамат, маман­дар, ғалым­дар мен студенттер ұялы байла­ныс, теле­коммуникация, сандық ТВ, кең­жолақ­ты интернет, ақпараттық техноло­гиялар, Е-үкі­мет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеу­меттік медиа саласындағы өзекті тақы­­рыптардан тыс қалуына болмайды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Автор: Намурадин Айсана Қанатқызы

Дата: 04.10.2018

Номер свидетельства: 479702

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Рухани жаңғырудың жарқын жолы"
    ["seo_title"] => string(36) "rukhani_zhan_g_yrudyn_zhark_yn_zholy"
    ["file_id"] => string(6) "449620"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515771184"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Рухани жаңғырудың жарқын жолы""
    ["seo_title"] => string(36) "rukhani_zhang_yrudyn_zharkyn_zholy_2"
    ["file_id"] => string(6) "498813"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549536191"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Рухани жағырудың жарқын жолы"
    ["seo_title"] => string(34) "rukhani_zhag_yrudyn_zhark_yn_zholy"
    ["file_id"] => string(6) "448526"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1515431147"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Баяндама "Рухани жаңғырудың жарқын жолы""
    ["seo_title"] => string(46) "baiandama_rukhani_zhan_g_yrudyn_zhark_yn_zholy"
    ["file_id"] => string(6) "468521"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1525549623"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Ашық тәрбие сағаты."Рухани жаңғыру" 10-сынып"
    ["seo_title"] => string(49) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_rukhani_zhan_g_yru_10_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "470166"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526702624"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства