Т?рбиеші:Ал балалар Чиполлина мен бірге ойын ойнайы?.
Ойын:"К?к?ністерді жинап ал"
"Кім алманы тез жейді?"
Т?рбиеші:
Берекесін сыйлау?а,
?лкемізге к?з келді.
Жемістерін жинау?а,
Ша?ырады біздерді.
Дей келе ??рметті б?гінгі кешімізге жинал?ан ?она?тар,?стаздар ж?не ата-аналар алтын уа?ыттары?ызды б?ліп келгендері?ізге к?п рахмет.Келесі кездескенше са
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Алматы облысы. Алакөл ауданы ."Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналды мемлекеттік мекемесі."
Мектепалды даярлық тобының жетекшісі:Шиликбаева Динара Муратканқызы
2015
Сабақтың тақырыбы: "Алтын күз ертеңгілігі"
Сабақтың мақсаты:Балалардың күз туралы білімдерін жетілдіру,ойлау қабілеттерін арттыру,ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиеші:Құрметті бүгінгі кешке жиналған қонақтар және ата-аналар!Бүгінгі мектепалды даярлық тобы оқушылары дайындаған шағын ғана "Алтын күз" атты ертеңгілігімізді бастаймыз.(Әуен ойналады.)
Тәрбиеші:Балалар бүгін бізге Чиполлино көмек сұрап келді.Чиполлинонын не үшін келгенін сұрап білейік?
Чиполлино:Мен достарымды адамдар теріп теріп алды.Мен жалғыз сырап қалдым.Мен достарымның қайта оралғанын қалаймын.
Тәрбиеші:Балалар Чиполлиноға көмектесемізбе?
Балалар:Ия!Көмектесеміз.
Тәрбиеші:Ендеше балалар біз Чиполлинанын көңілін көтері үшін көкөністер мен жемістер туралы тақпақ айтып,өз өнерімізді көрсетейік.
Тәрбиеші:Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын күз.
Сайрандаған күліп ойнап,
Келді міне алтын күз.
Тәрбиеші:Өнім биыл тамаша,
Көз тоймайды қараса,
Сәбіз,картоп кәдеш пен
Қып-қызыл пізкен қызанақ,
Қырыққабатқа қарашы,
Көкөністер бір кезде,
Жиыла қалып дауласты.
(Көкөністер болып киінген балалар алдыға шығады)
Көкөністер:(хор)
Жиналып қалып бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдәміз
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз.
Бұршақ:
Кішкене түймедеймін мен,
Ұяламын мен бәрінен.
Дәмді талғамдарыммен,
Сый жасаймын бәріңе.
Қызылша:
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсіп қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.
Қырыққабат:
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат-қабат киініп.
Қырыққабат атанам.
Сәбіз:
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар.
Кем болмайды күлгеннен.
Қызанақ:
Тал шыбығым бұралып
Бақшаларды қызарып,
Тұрған ол мен қызанақ.
Күнге қарап ұялып.
Қияр:
Көптен ерте шымырлап,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі суғарып.
Картоп:
Мен ұялшақ картопппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.
Қауын:
Иісім жұпар аңқыған
Бақшадағы шырынмын,
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Пияз:
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен.
Мен пайдалы адамға.
Би:"Күзгі жапырақтар".
(Ортаға жемістер шығады.Әуен ойналады.)
Жүзім:
Іші толған шәрбәт
Дәмі сондай әйбат.
Үзесін бірден үзіп
Онын аты жүзім.
Өрік:
Дөп-дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Онын аты өрік.
Шабдалы:
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Ауызынан кетпес бал дәмі,
Онын аты шабдалы.
Жаңғақ:
Сырты қандай қатты
Дәмі онын тәтті
Шағып қара таңдап
Онын аты жаңғақ
Шие:
Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсын көк күйде,
Санап қара қанша,
Онын аты шие.
Құлпынай:
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Кұрең қызыл шіркін ай
Онын аты құлпынай
Алма.
Пісіп тұрған алманың
Тамсандырар бал дәмін
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайын
Тәрбиеші:Балалар енді Чиполиннамыздан сұрайықшы,көңілі көтерілді ме екен.
Чиполлино:Ия,сендер мені қуанттыңдар енді мен сендерге жұмбкақ жасырайын.
1.Қызыл сары кемелер
Су бетінде қалқыды
Соқса егер қалқиды
Ырғалады толқиды.(Жапырақ)
2.Жаздай іңге тығылған
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып
Әкелді әжем бір күні.(Сәбіз)
3.Жайлы жұмсақ төсегім
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоны бар
Қалай оны шешемін.(Қырыққабат)
4.Қалдың тағы түйерлеп
Қазып алдың үйірлеп.(Картоп)
Чиполлино:өте жақсы балалар,Жарайсыңдар!Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Тәрбиеші:Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар:Күз мезгілі
Тәрбиеші:Күз айларын атаңдар
Балалар:Қыркүйек,Қазан,Қараша.
Ән:"Бұл қай кезде болады?"
Тәрбиеші:Ал балалар Чиполлина мен бірге ойын ойнайық.
Ойын:"Көкөністерді жинап ал"
"Кім алманы тез жейді?"
Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Дей келе құрметті бүгінгі кешімізге жиналған қонақтар,ұстаздар және ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.Келесі кездескенше сау болыңыздар.