kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мамандық» сөзіне  анықтама беру.

      Профессия- латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

      Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.   Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен мәнге ие. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Бұған мыналарды жатқызуға болады:

  • Жас жеткіншектердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі;
  • Өзінің өмірлік позициясын қорғай білуі
  • Қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алу,
  • Құқықтық мәдениетті дамыту.

«Мың түрлі мамандық»  Оқушылар  өздері  қалаған  мамандықтары туралы сыр шертеді.

Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?

  • ата — ананың ақылы
  • достарыңның ақылы
  • мұғалімнің ақылы
  • қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
  • дарының, мүмкіндігің, қабілетің
  • жақын аймақтағы оқу орнының болуы
  • жалақысының көп болуы

    Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет. Мамандық таңдауда өзіннің мамандығынның еңбек рыногындағы сұранысын білу мен қатар, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігінді білу керек.

    Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

адам – техника,

адам – адам,

адам – белгі жүйесі,

адам – табиғат,

адам – көркем образ.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой — өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді»

Тәрбие сабақтың тақырыбы: «Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді»
Мақсат: білімділік - мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;

Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:

Көрнекілігі: слайд, суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу.

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Тренинг: «Гүл сыйла» әр оқушы гүлді алып өзінің қалауы бойынша біреуге сыйлауды ұсынады және әр қатысушы  “Мен …. (атын атау) мына гүлді сізге сыйлаймын, өйткені сіз ең….” деген сөздер айтуы тиіс.

1,2,3-ке санау арқылы 3 топқа бөлу

«Ми шабуылы» — ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы). Әр топ өз ойын өрбітіп интербелсенді тақтада жауабын көрсетеді:

  Кіріспе: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін.

     «Мамандық» сөзіне  анықтама беру.

      Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

      Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.   Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен мәнге ие. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Бұған мыналарды жатқызуға болады:

  • Жас жеткіншектердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі;

  • Өзінің өмірлік позициясын қорғай білуі

  • Қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алу,

  • Құқықтық мәдениетті дамыту.

«Мың түрлі мамандық» Оқушылар өздері қалаған мамандықтары туралы сыр шертеді.

Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?

  • ата — ананың ақылы

  • достарыңның ақылы

  • мұғалімнің ақылы

  • қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі

  • дарының, мүмкіндігің, қабілетің

  • жақын аймақтағы оқу орнының болуы

  • жалақысының көп болуы

Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет. Мамандық таңдауда өзіннің мамандығынның еңбек рыногындағы сұранысын білу мен қатар, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігінді білу керек.

Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

адам – техника,

адам – адам,

адам – белгі жүйесі,

адам – табиғат,

адам – көркем образ.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой — өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер

 

ІІІ. Тапсырмалар орындау: топтармен жұмыс:

  1. «Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр- сырын айту керек. 

     І- топ: «А», ІІ- топ: «К», ІІІ- топ: «Ж»

  1. Топтық тапсырма: 

І- топқа:

Мына мамандықтардың қайсысы қазіргі уақытта жоқ, жойылған:

Суретші,  ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.

ІІ- топқа:

Мына мамандықтардың қайсысы ХХ ғасырда пайда болды:

Суретші,  ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.

ІІІ- топқа:

Мына мамандықтардың қайсысы соңғы 10 жылдықта пайда болды:

Суретші,  ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.

  1. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану:

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

  1. «Мамандықтар тізбегі»— ойыны

Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек.  Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде  жұмыс істейді.

ІҮ. Қорытындылау: Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?

Тренинг “Сиқырлы қарындаш”:  Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және кемшіліктері туралы әңгімелеп беруі тиіс.

Талдау:      Осы күннен не алдыңыз?

Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Бүгінгі сынып сағатымызды  мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.

Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті  мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді

Автор: Жұмағұлова Жанар Мырзағалиқызы

Дата: 26.03.2018

Номер свидетельства: 463601

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді."
    ["seo_title"] => string(36) "k_siptik_mamandyk_tar_syr_shiertiedi"
    ["file_id"] => string(6) "406430"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491299580"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Маманды?тар ?лемі сыр шертеді."
    ["seo_title"] => string(33) "mamandyk-tar-liemi-syr-shiertiedi"
    ["file_id"] => string(6) "284746"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454037609"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства