kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстанның 25 жылдық тәуелсіздігіне арналған «Тәуелсіздік тәу етер киелі ұғым» тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды  отаншылдыққа,ұлтжандыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілдігін арттыру. оқушылардың  ой өрісін дамыту.сөздік қорларын молайту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстанның 25 жылдық тәуелсіздігіне арналған «Тәуелсіздік тәу етер киелі ұғым» тәрбие сағаты»

 Қазақстанның 25 жылдық тәуелсіздігіне арналған іс-шаралар

 «Тәуелсіздік тәу етер киелі ұғым» тәрбие сағаты

Мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру

Көрнекілігі: ҚР 1991-2010 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа

 1-жүргізуші:Айдос  Далада д.уман, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы, аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.

Тәуелсіз Қазақстаным!

   2-жүргізуші: Марал.  Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар,

ата-аналар, оқушылар!

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тәу етер киелі ұғым» атты тәрбиелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!

Ә н ұ р а н д ы      о р ы н д а у

2.Желтоқсан құрбандарына тағзым.

1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.

1-жүргізуші:Айдос.

Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.

Әнұранды орындау

1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мөлдір.

Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
2-жүргізуші: Марал.

Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
Мейрамгүл.

1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімніңбар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым-ол.
1-жүргізуші:Айдос.

1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2-жүргізуші: Марал.2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
Талғат.

Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.
1-жүргізуші:Айдос.

1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Алмат.

Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Жаслан

Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның,
Айнагүл

Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған…
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым —
Мың қайталап айтам мұны.
1-жүргізуші:Айдос.

1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
2-жүргізуші: Марал.

1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
1-жүргізуші:Айдос.1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
2-жүргізуші: Марал.

1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.
1-жүргізуші:Айдос.1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
2-жүргізуші: Марал.1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.
1-жүргізуші:Айдос.1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
2-жүргізуші: Марал.1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.
1-жүргізуші:Айдос.1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді
2-жүргізуші: Марал.1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.
1-жүргізуші:Айдос.1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
2-жүргізуші: Марал.2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.
2-жүргізуші: Марал.2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2-жүргізуші: Марал.2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.
2-жүргізуші: Марал.2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
1-жүргізуші:Айдос.2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
Мұғалім:Сұрақ-жауап сайысы
1. Қазақстан қандай ел?
2. Қазақстанның қанша халқы бар?
3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?
5. Біздің еліміздің басшысы кім?
6. Еліміздің Президенті кім бола алады?
Мақал-мәтелдер сайысы.«Жалғастыр»
1. Еңбек түбі береке,(Көптің түбі мереке)
2. Елінен безген – ер оңбас,(Көлінен безген – қаз оңбас)
3. Ер бір рет өледі,(Қорқақ мың рет өледі)
4. Сөз атасы – құлақ,Жол атасы – тұяқ,(Су атасы – бұлақ)
5. Өлеңді жерде. Өгіз семіреді.Өлімді жерде(Молда семіреді)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Негметжанова Бибигуль Кайржановна

Дата: 23.01.2017

Номер свидетельства: 382758

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?ызы батыр ел-?лы ел"
    ["seo_title"] => string(18) "kyzybatyrielulyiel"
    ["file_id"] => string(6) "281429"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453532158"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства