kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жасөспірім және зиянды заттардың зардабы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып сағаты. Жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық  мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату. Санитарлық-гигиеналық талапқа сай таза жүруге, адамгершілікке  және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жасөспірім және зиянды заттардың зардабы"»

№ 5 мектеп - лицей







« Денсаулық күндері » атты онкүндік шаралар аясында өткізілген, «Жасөспірім және зиянды заттар зардабы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының жоспары.















Өткізген: Ермагамбетова А.С





21.11.2019 ж

Тақырыбы: «Жасөспірім және зиянды заттардың зардабы»

Күні: 21.11.2019 жыл

Мақсаты: Жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық  мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату. Санитарлық-гигиеналық талапқа сай таза жүруге, адамгершілікке  және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар, суреттер, нақыл сөздер және фотоальбом.

Барысы

  1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды топқа бөлу. Денсаулық және Салауат тобы

3. Кіріспе.  Елбасымыздың халыққа арнаған әрбір жолдауының ел болашағы үшін мәні зор. Соның ішінде денсаулық мәселесін айрықша назарға ұстап, «Қазақстан-2050» стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың кепілі» екендігін алға қойды.

Елбасымыз «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты жолдауында нұрлы жол – бұл әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы ауқымды қадам.

Елбасының: «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»

2-бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»

3-бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

Бұлардың қай-қайсысы да адам өміріне зиян екені дәлелдеуді қажет етпейді. Біз осы зиянды заттар туралы тереңінен тоқталайық.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Денсаулық» тобы

Темекінің шығу тарихы және темекімен күресу жолдары қандай?

Оқушы: Үндістер меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді ішке тартып, соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы француз әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі-дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылығын тудырған.

Оқушы: Темекі Европа мен Азиға ХV ғ келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы  қолданылатын дәрі ретінде пайдаланып жүрген. Ресейде темекі тарту – Петр І патшалық құрған кезден бастау алған.

Оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2027 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жеткенде, оны сорған адамдардың аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл өңеш, ауыз, кеңірдек тыныс жолдарын және бауыр қатерлі ісігіне тап болуы мүмкін.

Оқушы: Темекімен күресу жолдары:

«Салауат» тобы

Арақтың зияны туралы

Оқушы: Маскүнемдік – алкогольдік ішімдік. Үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сініп кететін дерт. Ағзаның қызметін бұзып және тереңдей беретін кесел.

Оқушы: Соғыс уақытында наркоз болмаған кезде орнына спиртті пайдаланған.

Оқушы: Алкоголь ми қызметін бұзады. Алкоголь – ол наркотиктік у.

Оқушы: Алкогольдің елді қыратын қару екенін әлемді билегісі келген адамдардың бәрі білген. Мысалы: Гитлер 1942 жылы былай жазған: «Славяндардың санын азайту үшін ешқандай гигиена керек емес, тек қана арақ пен темекі».

Оқушы: Арақ- этильді спирт. Адамның барлық ішкі мүшелерін уландырып, істен шығарады. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді. Арамдық қылмысқа итермелейді. Арақ ішкен адамның балалары дүниеге келгеннен кейін ақыл- есі  кем, ұмытшақ ауруға тап келеді.

Видеофильм «Шөлмек шырмауы»

Мұғалім: Белгілі шығыс философы Абдуль Фарадж адамның ішу барысын 4 кезеңге, сол кезеңді төрт жануарға теңеген екен.  


1-ші кезеңін Павлин құсына теңеген. Себебі адамның жүрісі теңселіп, аяғын дұрыс баса алмайды. Павлин құсы сияқтанып кербезденеді.

2-ші кезеңін маймылға теңеген. Адам айналасындағылармен жас ерекшелігіне қарамастан қалжыңдасып, келеке-мазақ болады.

3-ші кезеңін арыстанға теңеген. Адамның бойын ішімдік жайлап алған соң, ол батылданып, өзін аң патшасындай қаһарлы сезінеді. Әркіммен бір төбелесе кетеді.

4-ші кезеңін шошқаға теңейді. Адам тепе-тендікті сақтай алмай, шалшық суға құлап, нағыз шошқа кейпіне түседі. Сондықтан «қасықтап жинаған абыройыңды, шөміштеп төкпе» демекші, болашақ өз-өзімізді күлкі етуден сақтап, с.ө.с қалыптастырайық.

Видеофильм  «Есірткі – қоғам дерті»

Ой-қозғау.  Оқушылар

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезмінің, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Бір шырмалған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу алдауға түсіп байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады.

Шығатын жолы біреу ол – салауаттылық өмір сүру. Өз сеніміңе берік болу.

1 жағдаят:
Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың.
Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.
2 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

Медбике кеңесі. (оқушылар сұрақ қояды)
- Қазіргі кока-кола, чипсы дегендердің құрамында бізге зиян қандай нәрселер бар?

Топтық жұмыс: Постер қорғау

«Денсаулық» тобы. «Денсаулық және салауатты өмір салты» мәні
 «Салауат» тобы. «Зиянды заттар зардабы»



«Ыстық орындық» әдісі


1 – топқа:
1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.
Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2. Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?
3. Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіңдер?

2 - топқа:
1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
2. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
3. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?

4. Дулат, сен қазір жассың, әр нәрсеге қызығушылығың бар. Шыныңды  айтшы, насыбай дәмін алып көрдің бе?

Мұғалім: Насыбай құрамы: темекінің жапырағы, тауықтың қиы, әктің суы, қарағаштың шайы, сексеуілдің күлі,-бәрі улы заттар адам ағзасына әсер етеді.

Жасөспірімдер әуелі олар өздерін үлкен санап, мықты жігітпін деп ойлап, сөйтіп насыбай қолданады. Екеуі де никотинге тәуелді. Темекі өкпеге түссе, насыбай ауыз қуысы арқылы қан тамырларына түседі. Насыбай атқандардың 80 пайызы адамдардың ауыз қуысы, асқазанда қатерлі ісіктер пайда болады.

«Тыныштық сәті» Нұрға бөлеу
Мұғалім: - Оқушылар, денелеріңді  түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.                                                                                                                   

Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Шығармашылық тапсырма

«Денсаулық»тобы

........................... баламыз

...........................даламыз

........................................

........................... баламыз

«Салауат» тобы

..........................күлеміз

.........................жүреміз

.....................................

.........................сүреміз

 

 «Көпір моделі»  Салауатты өмір сүруге қалай қол жеткіземіз?

1. Зиянды заттарды тастау арқылы

2. Достардың үгіті арқылы

3. Өмірге құлшыныс арқылы

3. Қажырлық, төзімділік арқылы

4. Спортпен шұғылдану арқылы



Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны


• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
1. Чемодан(суреті)
2. қоқыс жәшігі (суреті)
3. еттартқыш (Суреті)
- Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)



Қорытынды. 
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жасөспірім және зиянды заттардың зардабы"

Автор: Ермагамбетова А.С

Дата: 21.11.2019

Номер свидетельства: 528115

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ашық сабақ Зиянды заттар"
    ["seo_title"] => string(26) "ashyk_sabak_ziiandy_zattar"
    ["file_id"] => string(6) "395914"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488133345"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства