Тақырыбы: Жанұя – қорғаным, ата-ана тірегім! Мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға : ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Формасы: дөңгелек үстел Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, бейнематериал, шаңырақ. Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлем –сөздің анасы, ал енді бүгінгі сәлемдесуіміз өте ерекше. Барлығымыз шеңберге тұрайық. Бәріміз бүгін біргеміз, Сөгілмесін іргеміз. Құшақты кеңге ашайық Бірімізге- біріміз ізеттілік жасайық. Шеңберде тұрып 123 ке дейін санайды. 1-ші бір қадам алға, 2-ші екі қадам артқа. 3-ші орнында тұрады. II. Достар мына бір шуағын шашқан күнге қараңдаршы.
Өмірде маған ең қымбат
- Ендеше , балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:« Жанұя – қорғаным, ата-ана тірегім!». Достар бүгінгі сабақ ережесімен таныс болыңыздар: Тыныштық сақтау Досыңның сөзін бөлмеу Қатты және анық айту Қол көтеріп сөйлеу. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. 2. Бейнематериал көрсету Бұдан не түсіндіңдер? Қандай қорытынды жасадыңдар? 3. Сергіту сәті. Бір сәттік демалыс «Шаттық жаңбыры» 4. «Телефон ойыны» а) мақалды жалғастыр ә) ән-жұмбақ 4. Шығармашылық жұмыс: «Бақытты отбасы модулін» салу.
5. Қорытынды. Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін - бірі жақсы көреді және қамқор болады. Ата - ананы тыңдайық, Айтқанынан шықпайық, Ал, достарды қолдайық, Қиын шақта қорғайық Жас ұрпақ өз әкесінің атына кір келтірмей, ана тіліне көлеңке түсірмей жүрсе ол бақыт! Иә, қазақ бостандықты аңсаса дархан көңілі кеңістікті қаласа, арманы аспанмен астасып жатса, анасын күнге, әкесін асқар тауға баласа, жас ұрпағын өмір жалғасы деп ойласа онда біз бақыттымыз!
1 топқа Ағадан – ақыл, ………….Атадан – нақыл. Ер бала ата-анаға таяу,…………….Қыз бала үйге жаққан бояу. Апам үйі – ………………ақ жайлау. Інісі бардың тынысы бар……………Ағасы бардың жағасы бар. Өз үйім – ……………………….өлең төсегім. Жалғыз ағаш үй болмас,……………………..Жалғыз жігіт би болмас. Балапан ұяда не көрсе,…………………….Ұшқанда соны іледі. Атасыз үй – батасыз,………………..Анасыз үй – панасыз. Жақсы ата – орман,…………………Жақсы бала қорған. Өсер жастың алдын кеспе,…………..Өсер ағаштың басын кеспе. Өзінің шарқын білген,………………..Өзгенің нарқын біледі. Ананың ізін қыз басар,………………….Атаның ізін ұл басар. 2 топқа Аға әдепті болса, іні әдепті,…………………Апа әдепті болса, сіңілі әдепті. Ағадан – ақыл,………………..Ініден – ізет. Әдепсіз бала, Ауыздықсыз атпен тең……….Ақылды қария Жазып қойған хатпен тең. Бала тәрбиесі…………………….. – бесіктен. Әжемді тыңдағаным –……………….Өзімді танығаным. Ана алдында – құрмет………………..Ата алдында – қызмет. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,……………..Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар. Анаңа ауыр сөз айтпа,………………Атаңа ауыр жүк артпа. Атаңа не қылсаң,…………….Алдыңа сол келер. Ата – бәйтерек, …………………бала – жапырақ. Ата тілін алмаған ұлдан без,………………….Ана тілін алмаған қыздан без. Әкең өлсе де,………………….. әкеңді көрген өлмесін. 3 топқа Ананың көңілі балада,………………… баланың көңілі далада. Ата көрген оқ жонар,……………………. ана көрген тон пішер. Әкенің қадірін…………………… балалы болғанда білерсің. Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,……….Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің. Атадан жақсы ұл туса,Елінің қамын жейді…………………Атадан жаман ұл туса,Елінің малын жейді. Адам болатын ……………………бала алысқа қарайды. Әдепті бала арлы бала, ……………………әдепсіз бала сорлы бала. Бала – көңілдің гүлі,………………… көздің нұры. Жақсы бала – еліне бас болады,………….Жаман бала – еліне қас болады. Балам – балым,…………….. баламның баласы – жаным. Қарға баласын аппағым дер,………………..Кірпі баласын жұмсағым дер. Сенің табаныңа кірген тікен ……………………..менің маңдайыма кірсін..
|