Просмотр содержимого документа
««Үш тілдің патшалығы» атты сайыс»
Тақырыбы: «Үш тілдің патшалығы» атты сайыс
Мақсаты: Оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Жүру барысы: Жүргізуші: О, Адамдар, қадіріне жетіңдер, Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер. Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе. Армысыздар, құрметті оқушылар , ұстаздар ! Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. (1-4 слайд)
Бүгінгі «Үш тілдің патшалығы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Добро пожаловать на мероприятие «Королевство трех языков». (Ағылшынша айту)
Ендеше «Үш тілдің патшалығы» сайысымызға қатысушылар 9-11 сынып оқушылары олар үш топқа бөлінген. Топтар қазақтар, орыстар, ағылшындар. Сәттілік тілейміз! Әділқазы алқасымен таныстырып, өтейік. Енді сіздерге аздаған үзіліс берейін, тіл туралы біздің жазушыларымыз не деген екен.(5-9 слайд) Жүргізуші: Ендеше, «Үш тіл патшалығы» сайысына қош келдіңіздер!!! Сайыс бөлімдері:
Бірінші бөлім: Таныстыру.( Әр топ өз топтарының аттарын, ұранын, топ басшыларын таныстырады.);
Екінші бөлім: Тілім менің –айбарым, мақтанышым! (Бұл бөлімде әр топ оқушылары 3 тілде өлең оқиды. (қазақша,орысша,ағылшынша);
Үшінші бөлім: Миға шабуыл: (Әр топ оқушыларына топтарына байланысты сұрақтар беріледі.);
Төртінші бөлім: Полиглот: (жұмбақтардың жауабын тауып, 3 тілде аударады, жұмбақ үш топтан кезек-кезек сұралады );
Бесінші бөлім: Суретти жұмбақтар: (слайд арқылы суреттер беріледі сол суреттердің атауын орысша, қазақша, ағылшынша айту керек. Ең алдымен суреттің бір бөлігі сіздерге ұсынылады. Бірінші топқа жасырылады, бір мүмкіндік беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпай, көмек алып жауап берсеңіздер ұпайларыңыз шегеріледі. Таба алмаған жағдайда келесі топтан жауап беру сұралады.); Алтыншы бөлім: « Шешендік» ( оратор) – бөлімінде оқушылар берілген тақырыпқа 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырып, оны үш тілде оқып береді. Жетінші бөлім: «Үш тілді білу – заман талабы» тақырыбында жарнама жасау. Шығармашылық тапсырма. Әр топ өз қиялдарымен, тапқырлықтарымен жарнама жасап, «үш тілділік» туралы өз ойларын суретпен салып, сол суреттерін қорғайды.
Сегізінші бөлім: «Өнерліміз бәріміз» әр топ өз топтарына байланысты сол елдің өнерін ұсынуы тиіс.
Ал ендеше барлығыңызға сәттілік тілейміз.
Бірінші бөлім: Таныстыру.( Әр топ өз топтарының аттарын, ұранын, топ басшыларын таныстырады.)(10 слайд)
Екінші бөлім: Тілім менің –айбарым, мақтанышым! (Бұл бөлімде әр топ оқушылары 3 тілде өлең оқиды. (қазақша,орысша,ағылшынша) (11 слайд)
Үшінші бөлім: Миға шабуыл: (Әр топ оқушыларына топтарына байланысты сұрақтар беріледі.)(12 слайд)
Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 5 - ұпай беріледі, топтарға сұрақ кезек беріледі. «Қазақтар» тобына:
1) Қазақ тілінде жалғаудың бес түрі бар (жоқ) 2) Қазақ тілінде бастауыш сөйлем соңында тұра ма? (жоқ) 3) Қазақстанның астанасы Алматы қаласы ма? (жоқ) 4) Қазақ тілінде сегіз сөз табы бар? ( жоқ) 5)–лар, -лер, -дар, -дер көптік жалғауы ма? (иә) 6)Фразеология- тұрақты сөз тіркестері туралы ілім. ( иә)
«Орыстар» тобына: 1) Антонимы слова противоположного значения? (да)
2) Междометие является частью речи? (да) 3) В предложений глагол бывает сказуемым? (да) 4) Омонимы одинаково пишутся и однаково звучат? (да) 5)Фонетика изучает состав слова? (нет) 6)К главным членам предложения относятся подлежащее и сказуемое? (да) «Ағылшындар» тобына:
1) « Раst Simple» - дегеніміз осы шақ. (жоқ) 2) «Pen – friends» сөзінің аудармасы « қаламдас достар» (иә) 3) Ағылшын тілінде 44 – дыбыс бар. (иә) 4) Англияның астанасы Лондон (иә) 5) Ағылшын тілінде 30 әріп бар? ( жоқ) 6)«Parents» дегеніміз достар? (жоқ)
Төртінші бөлім: Полиглот: (жұмбақтардың жауабын тауып, 3 тілде аударады.жұмбақ үш топтан кезек-кезек сұралады ) (13 слайд)
1. Үш тілі бар, Тықылдаған үні бар. (сағат-часы-clock) 2. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (күн-солнце-sun) 3. Сумен кірді ашады, Өзі судан қашады. (сабын-мыло-soup) 4. Зверь я горбатый А нравлюсь ребятам. ( верблюд-түйе-camel) 5. Голодная- мычит, Сытая- жует,.. Всем ребятам Молоко дает. (корова-сиыр-cow) 6. Сто одежек, Все без застежек. (капуста-қырыққабат- cabbage)
Бесінші бөлім: Суретти жұмбақтар: (слайд арқылы суреттер беріледі сол суреттердің атауын орысша, қазақша, ағылшынша айту керек. Ең алдымен суреттің бір бөлігі сіздерге ұсынылады. Бірінші топқа жасырылады, бір мүмкіндік беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпай, көмек алып жауап берсеңіздер ұпайларыңыз шегеріледі. Таба алмаған жағдайда келесі топтан жауап беру сұралады.) (14 слайд) Алтыншы бөлім: « Шешендік» ( оратор) – бөлімінде оқушылар берілген тақырыпқа 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырып, оны үш тілде оқып береді. (15 слайд) Жетінші бөлім: «Үш тілді білу – заман талабы» тақырыбында жарнама жасау. Шығармашылық тапсырма. Әр топ өз қиялдарымен, тапқырлықтарымен жарнама жасап, «үш тілділік» туралы өз ойларын суретпен салып, сол суреттерін қорғайды.(16 слайд)
Сегізінші бөлім: «Өнерліміз бәріміз» әр топ өз топтарына байланысты сол елдің өнерін ұсынуы тиіс. ((17 слайд
«Ой түйіндеу» тіл туралы не білеміз? (18-20 слайд)
« Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл» деп халық даналығында айтылғандай, бүгінгі шарамызда үш тілдің ерекшелігіне тоқталып, « Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» екеніне көзімізді жеткіздік. Үш тілді білу – заман талабы, әйтсе де қанша тіл білсек те өз тілімізді ұмытпайық.
Сайыстың сонында қазы алқалар шешімін айтқанша, көрермендермен «Көрермендерге сыйлық» ұйымдастырғымыз келіп отыр. Тапсырмалар береміз. Жауаптарыңыз дұрыс болып белгіленсе ұпайларыңызды оздеріңіздің топтарыңызға еселеуге мүмкіндік аласыздар.
Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг? (3 кг) Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе? (Есіміміз) Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не? (Өмір) Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге? (Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды екен) Лимонның жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына) Король кімнің алдында тәжін шешеді? (Шаштараздың) Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты ашуланады? (Қалтасындағы баласы бұтына жіберіп қойған кезде) Суды елекпен қалай тасуға болады? (мұз қылып қатырып) Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті? (Қырықаяқ) Итпен биттің айырмашылығы неде? (Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің үстінде ит болмайды.) Құлақ не үшін керек? (Көзілдірікті ұстап тұру үшін) Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? (Жол полициясы) Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? (Ұзынағашта) Бір бөлмеде 9 свеча жанып тұр, үшеуін сөндірсек қаншауы қалады? (Үшеуі қалады, қалғандары жанып, таусылып жоқ болады) Үйдің ең суық жері? (Сырты) Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай жүріп жатыр? (Электровоздың түтіні болмайды) Машинаның қай дөңгелегі айналмайды? (Запастағы дөңгелек) Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? (Алма ағашында) Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада? (Талдықорғанда) Қай сұраққа болымды жауап берілмейді? (Ұйықтап жатсың ба?) Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет) Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады? (Үсті су болып шығады) Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр екен, себебі не? (Ұйқысы қашып кетіпті, соны қуалап жүр екен) Адам нені бұзғанда қуанады? (Рекорд) Балықтар неліктен сөйлемейді? (Су жұтып қоймау үшін) Ненің көлеңкесі жоқ? (Көлеңкенің) Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен) Саңырауқұлақтар неліктен зонтқа ұқсайды? (Жаңбыр астында өскендіктен) Жеген сайын жылататын нәрсе? (Таяқ) Теңіздің суы неліктен тұзды? (Балықтар иістеніп кетпеуі үшін) Алма жегенде ішінен құрт көруден де жаман не болуы мүмкін? (Құрттың жартысын көру) «Жұлдызды сәт» оқушыларды марапаттау, қорытындылау (21 слайд)