Ауыл көрінісі, ағаш үй, дастархан бойында ауылдың үлкендері, келіндері. Жаңа қоныстап келген жақындарына «Ерулік салу» қонақасын дайындау көрінісі.
(4а-сыныбы ата-аналары отырады).
Ауыл маңында оркестр ұжымы күй ойнайды.
Есіктен 6б-сынып ата-аналары кіріп келеді.
(Қолдарында қоржын, заттары болуы міндетті.)
6б Көш басындағы үлкен қария:
Амансың ба ел-жұртым! Армысыңдар бауырлар! Жаз жайлауға, қыс-қыстауға көшіп –қонып, жайлы жер табу мақсатымен жандарыңа көрші болуға келіп қалған жайымыз бар.
4а Ата: (дастархан басында)
Жаңа көшіп келген отбасын құрметтеп қонаққа шақыруды «ерулік беру» деп атаған. Біз де осы салттан аттап өтпей, «Жақсы көрші тапқаның, мол олжаға батқаның», «Көрші ақысы - Тәңір хақысы» демекші, алыстағы ағайыннан қасындағы көршісін артық көрген халықпыз ғой. Достық кең пейілі әріден келе жатқан дәстүр болса керек. Қазақ халқының «Ерулік беру» қонақасына төрлетіңіздер!
4а Әже: Көш көрікті болсын, қош келдіңіздер! Жер-Ананың бауыры кең ғой, әрине қуаныштымыз. Ынтымағымыз артып, достығымыз берік болғай деген ниетпен қарсы алып тұрмыз. (екі жақ амандасып, жөн сұрасады)
6б Көрші ата: Іргеміз берік, несібеміз мол, пейіліміз кең болсын! Әумин!
(Келіндер шұбат сапырады, жеңгелер ыстық бауырсақ әкеліп, дастархан жаяды, ұлдар асық ойнайды. Жаңадан келген көршілерді қарсы алады. Музыка ойналып, би билейді қыздар)
Темірлан:
Олай болса, ауылымыздың басшысы Әлия Пауединқызының ақ тілегін білдіруге кезек берейік.
04 Қазақ биі: «Шалқыма»
Темірлан:
Олай болса, құрметті ағайын, бүгінгі мерекелі күннің берекелі асы Наурыз көже мен ұлттық тағамымыз дайын болған екен, табақ тартып, көжемізден дәм тата отырыңыздар! Келіндер дайын болсаңыздар мына отырған барша қауымға астарыңды ұсына беріңдер!
4а Ата: «Біздің елге қоныс теуіпсің. Бізді жатырқамай араласып-құраласып, татулықпен өмір сүр» деген ниетпен дастарқан жайдым. Бір-бірімізбен сыйласып, отбасымызбен араласып жүрейік.
Бақтияр: Қазағымыздың ежелгі салт -дәстүрін сақтап, бізге осылай ас беріп, құрмет көрсетіп жатқандарыңызға көп рақмет!!!
Бақтияр: Дәстүрімізді сақтап, ерулік беріп жатыр екенсің, жайылған дастарқандарыңызда ақ мол болып, берекелі болғай.
Темірлан:
Ал, ендеше мынадай мерекеде бас қосқанныңң өзі үлкен бір ғанибет. Олай болса, келген қонақтарымызбен ауылдың алты ауызынан халық әні «Дедімай-ау» бірге шырқап жіберейік.