kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ош келді? т?рлет Наурызым!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:?ош келді? т?рлет Наурызым!

Ма?саты.а)Балалар?а Наурыз мерекесі  ж?не оны к?п?лтты елімізді? ?алай атап ?тетінін таныстыру.?)Балаларды? д?ниетанымын,с?здік ?орын,к?ре отырып ??гімелеп беру ойлау,есте са?тау ?абілеттерін дамыту

б)?лтты? салт-д?ст?рлерді білуге оларды ма?тан т?тып ?адірлеуге т?рбиелеу.

Мейрам ?тетін жер салт-д?ст?рге байланысты жабды?талады.Балалар ?лтты? киімдермен келеді.Олар «?лтты? жи?аздар», «?лтты? ?нер», «На?ыл с?здер», «?лтты? та?амдар»ауылыны? балалары болып жай?асады.

Кіріспе:

Т?рбиеші:Наурыз-Шы?ыс халы?тарыны? ертеден келе жат?ан мейрамы.Б?л-к?н мен т?нні? те?елетін,?ыс ыз?ары кетіп,к?ктем лебі сезілетін уа?ыт.Б?л  кезде мал т?лдеп, адамдарды? аузы а??а тиеді.?аза? осы к?нді «?лысты? ?лы к?ні»деп атап,жа?а жылды? басы деп сана?ан.Наурызды? 21-нен 22сіне ?ара?ан т?н осы к?нге с?йкес келеді.

?лыс к?ні ?аза? елі ?шін ?р?ашан ?асиетті,киелі санал?ан.

Ол к?ні жа?быр не ?ар жауса, «н?р жауды», «туар жыл жа?сы болады»деп ?уан?ан.

Жер ?лемді жайнатып,?нші ??стар сайратып, наурыз тойын тойлатып,?лысты? ?лы к?ні келді а?айын.Той ??тты болсын!А? мол болсын!

??рметті: ата-аналар,?она?тар, балалар.Б?гінгі ?лысты? ?лы к?ні Наурыз барша?ыз?а ??тты болсын.Жа?а жыл тек жа?сылы? ала келсін,т?рт т?лігіміз т?лдеп а?ымыз мол болсын,еліміз то? болсын.Наурыз мерекесіне арнал?ан «?ош  келді?,т?рлет Наурызым!» атты ерте?гілігімізді к?руге ша?ырамыз.

             Жиналды? наурыз той?а б?рімізде,

             ?лкен-кіші жасымыз к?рімізде

             ?н мен к?йді,жыр мен биді шал?ытып,

             ?нерден інжу маржан шашайы?-деп б?гінгі ерте?гілігімізді «?лтты? ?нер», «?лтты? жи?аздар», «На?ыл с?здер», «?лтты? та?амдар»ауылдарыны? балаларыны? ?деби монтажымен бастаса?:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ош келді? т?рлет Наурызым!"»

Н.И.Дюсалиева,

Б.Жәнекешев атындағы жалпы

білім беретін орта мектебіне қарасты

З.Жиенәлиев атындағы бастауыш мектебінің

мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Қош келдің төрлет Наурызым!

Мақсаты.а)Балаларға Наурыз мерекесі және оны көпұлтты еліміздің қалай атап өтетінін таныстыру.ә)Балалардың дүниетанымын,сөздік қорын,көре отырып әңгімелеп беру ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту

б)ұлттық салт-дәстүрлерді білуге оларды мақтан тұтып қадірлеуге тәрбиелеу.

Мейрам өтетін жер салт-дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдермен келеді.Олар «Ұлттық жиһаздар», «Ұлттық өнер», «Нақыл сөздер», «Ұлттық тағамдар»ауылының балалары болып жайғасады.

Кіріспе:

Тәрбиеші:Наурыз-Шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы.Бұл-күн мен түннің теңелетін,қыс ызғары кетіп,көктем лебі сезілетін уақыт.Бұл кезде мал төлдеп, адамдардың аузы аққа тиеді.Қазақ осы күнді «Ұлыстың ұлы күні»деп атап,жаңа жылдың басы деп санаған.Наурыздың 21-нен 22сіне қараған түн осы күнге сәйкес келеді.

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті,киелі саналған.

Ол күні жаңбыр не қар жауса, «нұр жауды», «туар жыл жақсы болады»деп қуанған.

Жер әлемді жайнатып,әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып,Ұлыстың ұлы күні келді ағайын.Той құтты болсын!Ақ мол болсын!

Құрметті: ата-аналар,қонақтар, балалар.Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз баршаңызға құтты болсын.Жаңа жыл тек жақсылық ала келсін,төрт түлігіміз төлдеп ағымыз мол болсын,еліміз тоқ болсын.Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің,төрлет Наурызым!» атты ертеңгілігімізді көруге шақырамыз.

Жиналдық наурыз тойға бәрімізде,

Үлкен-кіші жасымыз кәрімізде

Ән мен күйді,жыр мен биді шалқытып,

Өнерден інжу маржан шашайық-деп бүгінгі ертеңгілігімізді «Ұлттық өнер», «Ұлттық жиһаздар», «Нақыл сөздер», «Ұлттық тағамдар»ауылдарының балаларының әдеби монтажымен бастасақ:

Айымжан: Хош келдің,Наурызым,ардақты.

Халқым саған бар үмітін арнапты,

Жылда осылай келе берсін жаңарып,

Гүлге бөлеп,нұрға бөлеп аймақты.

Айда:Армысыздар аңсаған дана халқым,

Сәлем беру ежелгі ата салтым

Ұлыстың ұлы күні Наурызбен,

Сіздерді құттықтаймыз шын жүрекпен.


Айдарбек:Наурыз біздің әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Наурыз тойда қуанып,

Би билейік бәріміз

Өркен:Көктем,көктем,көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып біз қаламыз,

Әнімен қарсы аламыз.

Салтымызды жаңғыртып.

Наурыз тойын тойлаймыз


Нұрсәт:Қош келіпсің Наурыз! «

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!

Әлімхан:Наурыз тойы-елдің тойы.

Көктем тойы-елдің тойы.

Ән айтылды күні бойы,

Жақсы көрем наурыз тойын

Нәзік:Аманбысың,армысың,халқым менің

Ақтарған кен даламның,алтын кенін

Мереке басы болсын берекенің,

Ардақты Наурыз тойы, салтын елім


Ән: «Қазақы дастарханым»орындайтын бір топ оқушылар


Көрініс: «Алдаркөсе мен бай»

Мен Алдармын,Алдармын,

Балалармен ойнармын.

Ренжіген сәбилерді.

Тентектерден қорғаймын

Қарным тойса күлкіге

Базарлығымды сыйлаймын

А-а-а-е –е-е

Ел еңсесін көтерген наурыз құтты болсын!

Тәрбиеші:Сәлеметсізбе Алдар ата!Сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз.Наурыз тойымызды бірге тойлайық.

Алдар көсе:Сәлеметсіздерме балалар,мен сендерге көп асық ала келдім,ойын ойнайық

-кәне кім менімен қазақтың ұлттық ойыны «ханталапай»ойынын ойнайды.

(Алдар балалармен «ханталапай»ойынын ойнайды)

Балалар:Алдар ата ,бәрімізді наурыз тойда бір алдап көріңізші.

Алдар көсе:Балалар мен сендерді алдамаймын,мен тек байларды алдаймын.Анау келе жатқан байды алдап атын алып кетемін.Тыныш отырып бақылаңдар.

Мен алдармын,алдармын.

Сақалымды талдармын

Сақал тұел мұртта жоқ.

Мен алдайтын жұртта жоқ.

А-а-а-е-е-е

(әндетіп аттылы келе жатады осы кезде алдынан бай кездеседі)

-Тоқта сен шынымен алдарсыңба?

-Ия алдармын

-Ендеше мені алдашы

-Жоқ,алдай алмаймын.Алдайтын таяғым үйде қалып қалып қойды.

-Онда менің атыма мініп,алып кел

-Күн суық мен тоңамынго ғой

-Мен шапанымды,бөркімді киіп ал.

-Қамшысыз атым жүрмейді гой.

-Мә,онда қамшымды да ал да,тез алып кел-деп бай бәрін береді.

-Бәйеке,алдаған деген міне осы,мен сізді алдадым,сау болыңыз,-деп Алдар көсе шығып кетеді.Бай өкініп артынан қуа жөнеледі.

Би:«Шөжелерім»орындайтындар Айда,Нәзік,Айымжан



Ортамызда құрылған «Ұлттық өнер»ауылының балалары ұлттық аспаптардың бірі домбыраны таныстырады.

Өрен:Домбыра-қазағымның мақтан ететін киелі аспап.Оның үні барлық адамдарға таныс.Домбыраның құрылысы:басы,екі құлағы,мойыны,беті,арқасы,тиек, ойық,ішек,пернесі болады.


Тәрбиеші:Айтыс деген халқымызда өнер болған,

Әзіл шынды астарлаған өнер жағы.

Бар өнерді жаңғыртар келер ұрпақ.

Биік болсын көрінер асқар тауы-дей келе


Өркен мен Нәзіктің орындауында «Айтыс»өнерін тамашалайық.

Ортаға қонаққа Жаңылсын әже келеді.Наурыз мерекесімен құттықтап,

«Бесікке салу»рәсімін көрсетеді

Ән: «Ақ әжем»


Тәрбиеші:Әже сіз өте дұрыс келіпсіз,бізде «Ұлттық жиһаздар»ауылында отырған балалар бар сол жерге жайғасып отырыңыз.Балалар киіз үй,оның жабдықтары,тұскиіз,құрақ көрпе,сандық,тас диірмен жабдықтарымен таныстырады.

Осы кезде мерекенің басты қонағы Қыдыр ата келеді:

Армысыздар,балалар

Армысыздар халайық

Шегі жоқ бұл даңқымыз

Бақыты үшін халқымның,

Ақ пейілмен дос болам.

Жамандарды қостанам.

Құтты болсын жаңа жыл,

Құтты болсын наурызым!

Амансыңдарма балаларым,

Тәрбиеші:Құрметті Қыдыр ата,Зере әже,балалар ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып еркіндікке жол салған бабаларымызды еске алмасақ болмас.Ол үшін біз «Нақыл сөздер»ауылына бас бұрайық.Олардың бізге деген қандай шашулары бар екен?

«Нақыл сөздер»ауылының балалары Төле би,Қазыбек би,Әйтеке билері шығады

Айдарбек:Төле би айтқан:

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді

Тауып айтқан сөзге шың жетпейді

Өзің білмесең,білгендерден үйрен

Үйренгенен ештеңе кетпейді.


Әлімхан:Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен:

Арадан шыққан жау қиын

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын,

Дәл осындай жағдайда

Пана болмас өз үйің,

Іске аспаған іс қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың

Ернұр:Айтеке би айтқан екен:

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды,

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар

Ақыл деген дария

Алдын тоссаң тоқырар,

Кісі бір-бірімен туыспау крек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек,

Сөз қуған пәлеге жолығар,

Жол қуған олжаға жолығар.

Тәрбиеші:Даналарымыздың асыл сөздерін мұра етіп жанымызды сақтап,үлгі етіп алып жүрейік,балалар.


Би: «Сылдырмақ»орындайтын қыздар тобы.

Ернұр:Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған,

Наурыз көжеден дәм татамыз.

Тәрбиеші: Келесі «Ұлттық тағамдар»ауылы балаларыны ұлттық тағамдар наурыз көже, бауырсақ,шелпек,құрт,жент,қазы-қарта еттің мүшелеріне тоқталып,жасалу әрекетімен таныстырып өнерін тамашалайық.


Нұрсәт:Құрт, бауырсақ шашылып.

Наурыз тойы ашылсын.

Бір-бірімен мынау жұрт

Көрімдігін асырсын


Тәрбиеші:Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім,

Тербетсін шаттық ән Қазақ жерін.

Той бастаған қадамың құтты болсын,

Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,

Деніміз сау,мықты болсын

Еліміздің несібесі көп болсын.

Ұрпағымыз көбейіп тоқ болсын!

Сіздерге бар жақсым да,бал тәттімде,

Алаңсыз өсіңдергші бейбіт күнде,

Дәстүрім тамыр алып өркен жайсын,

Жалғасып ғасырларға бізбен бірге.

Наурыз тойының наурыз көжесінен дәм татыңыздар.Лайым,сіздерге наурыз көже дәмі жылда бұйырсын. «Келер наурызға төрт көзіміз түгел уайым-қайғысыз тоқшылықпен жетейік»,-деген игі тілекпен мерекелік бағдарламаны аяқтайық.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"?ош келді? т?рлет Наурызым!"

Автор: Дюсалиева Нургул Ибраимовна

Дата: 17.11.2015

Номер свидетельства: 254677


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства