Студенттердің 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған аға - апаларымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру және жастарды отан сүюге, патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тар жол тайғақ кешумен жеткен Тәуелсіздік»
Калиева Салтанат Абужаровна,
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің жоғары санатты информатика пәнінің оқытушысы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Тобы: МБ-11
Тақырыбы: «Тар жол тайғақ кешумен жеткен Тәуелсіздік»
Мақсаты: Студенттердің 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған аға - апаларымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру және жастарды отан сүюге, патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, әсемделген шарлар мен
жалаушалар, әуен, бейне баян
Әдіс –тәсілі: Ой қозғау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Оқытушы сөзі:
Армысыздар құрметті ұстаздар, студенттер. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Тар жол тайғақ кешумен жеткен Тәуелсіздік»
атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер
Айгерім Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі - Әнұраны! Гүлдана Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда, Алма бақтар ак қырауға батқанда, Күңірене күн күркіреп тау жақтан, Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Айгерім Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Гүлдана Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. 1- Мәнерлеп оқу Анар Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның. Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан. Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан. Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! 2- Мәнерлеп оқу Жарқынай Жас арудың жанарында – Желтоқсан, Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. Қаралы өмір қайыстырған халқымның, Қара тұман қабағында – Желтоқсан. Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан, Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. Жазықсыздың көз жасына жуынып, Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. Намысымның шырағы да – Желтоқсан, Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан, Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан. Айгерім Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. Гүлдана Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға (Көрініс).
Көрініс - Қыздар, мен газет әкелдім. - Не жаңалық шығыпты? - КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты. - Колбин деген кім екен? - Қайдан келіпті? - Колбин Ульяновтан келіпті. - Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын! - Біз демократияны талап етеміз. - Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік! 3-Мәнерлеп оқу Венера Сүймей тұғын болдық қой, сүймей ғұмыр Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр. Колбин деген кім екен, қайдан келген? Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, Бізге оны ешкім аяп бермейді. Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың, Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. Айгерім
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. Гүлдана Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым» Өмір бойы жолым болып көрмеді, Жылап келем бұл дүниеге келгелі. Қайғы шаңы басты менің денемді, Түспейді шаң сілкінсем де мен енді. Жолдаған сәлемімді дос алмады, Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны. Айта берем, айта берем қайбірін, Ауыр менің, ауыр менің тағдырым. Тағдыр мені аямады, қорлады, Жалынсам да, жыласамда болмады. Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің, Армандаған ақ сәулеге жетпедім. 4- Мәнерлеп оқу. Ерланова Гүлім «4 жыл күткен шындық» Айгерім «Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ. Гүлдана
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі. 5- Мәнерлеп оқу. Мөлдір «Ақтың сөзің не? деген, Бүгін қойды сот сұрақ. Айтайын оны халқыма, Жоқ пиғыл менде жасымақ. Қорлай да беріп қайтадан, Титыққа орыс жетпесін. Туған жердің намысы, Бөтен қолда кетпесін. Салт – санадан айырылып, Арақтан ұрпақ азбасын. Қызғаныштан тозбасын, Қолдаушысыз болмасын. Барлық ұлтпен тең болып, Ешкімнен көңілің қалмасын. Ендігі жерде басыңнан, Бірлік пен бақ таймасын. Осы айтылған ақтық сөз, Туың болсын әрдайым. Мойным алып жаланы, Мен болайын құрбаны! 17 жыл мен жатырмын, Ақ жазыңтың түбінде. Мені өлтірген таксист жігіт, Тірімісің бүгінде? Тірі жүрсің өткен күнді, Еске алғанның несі бар? «Желтоқсанда» құрбан болған, Ляззат қызды есіңе ал! Халқым, саған ризамын! Батыл бас аяқты, жас достар, Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар, Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр, Бұл жерде - өрімдей… қыз жатыр. Бұл жерден мәңгілік аттанған, Халқымның есінде сақталған!
Айгерім Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады. Хор: «Желтоқсан желі» Айгерім: Орыны ағалардың бізбен толсын, Сәбилер ағалардың жолын қусын. 1минут үнсіздікпен еске алайық, Аруақ ағалардың ырза болсын. 1 минут үнсіздік Мәнерлеп оқу. Махаббат «Желтоқсан тағлымы»
Қылышбай Ақнұр төл туындысы Би.
6 - Мәнерлеп оқу Салтанат
Айгерім Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 25 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз. Гүлдана 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады. Айгерім
1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды
Гүлдана
1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті. Айгерім
1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.: Гүлдана
1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.:
Айгерім
1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
Гүлдана
1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды. Айгерім
1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Гулдана
Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
Айгерім
2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді. Гүлдана
2002 жылы – Денсаулық жылы.
Айгерім
2003-2005 жылдары Ауыл жылдары Гүлдана
2006жылы - Сыр елі өнер ордасы Айгерім
2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті. Гүлдана
2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды. Айгерім: Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Гүлдана: Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!
Гүлдана: Ән. Жұмашова Жанерке «Туған жер»
Айгерім: Келесі кездескенше күн жақсы болсын! Еліміз тыныш болсын!