«Үздік сарбаз» сайысы Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың туған жеріне сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды Отаншылдық, патриоттық рухта тәрбиелеу. Көрнекілігі: ҚР Қарулы Күштері тарихынан слайдтар, фотосуреттер, кітаптар көрмесі, нақыл сөздер. Тәрбие сағатының түрі: сайыс Барысы I. Ұйымдастыру -тәрбие сағатының мақсатын түсіндіру; -оқушыларды топқа бөлу. II. Сергіту сәті: - оқушылардың көңіл-күйлерін сұрап, әңгімелесу. III Кіріспе сөз Отан оттан да ыстық! IV. «Үздік сарбаз» (оқушылар дене дамуы мен әскерге жарамдылығы, әскери ант беру, жаға тігу, картоп ашу жұмыстары бойынша сайысқа түседі...). Сайыс кезеңдері: 1. Әскерге шақыру (отжимание, тартылу бойынша сайысқа түсу). 2. Антыңа адал бол! 3. Армысың, айбынды сарбазым! (жаға тігу, картоп ашу) 4. Қорытындылау Кіріспе сөз Жүргізуші: Қазақстан халқы тәуелсіздік алды. 1991жыл тарихымыздың беттеріне алтын әріппен жазылды.Тәуелсіз еліміздің төл әскері – Қарулы Күштері 1992 жылы құрылып міне 25 жыл толды. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны көздің қарашығындай сақтау, қорғап ұрпақтарға қалдыру парыз. Ел қауіпсіздігі сенімді қорғалуда (ҚР Қарулы Күштері тарихынан слайдтар, фотосуреттер). Елордамыздың Бас алаңында, алтын самұрығы тұғырына қонған «Қазақ елі» монументі мен Тәуелсіздік сарайының алдында 2009 жылы тұңғыш рет әскери парад өткізілген еді. Қазақстан халқы 2015 жылы 30 тамызда ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Айтулы мерекенің күрметіне ұйымдастырылған әскери парад айбынды армиямыздың қуаты мен мүмкіндігін айшықтап бергендей болды. Қазақстанның Қарулы Күштері 1992ж. 7 мамырда Президенттің «ҚР Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығымен кешегі КСРО Қорғаныс Министрлігінің орталық бағынышында болған бөлімдері негізінде құрылды. Мемлекет басшылығы әскерді дамытудан басқа, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық жағдайларды жасау бойынша батыл шараларды қабылдады. Семей полигонын жауып ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі бірінші мемлекетке айналды, Ұжымдық қауіпсіздік шартының Ұйымына кіру, ТМД елдерімен, АҚШ, Қытай, Үндістан, Ұлыбритания т.б. шетел мемлекеттерімен халықаралық шарттар жасау бойынша жұмыстар атқарды. «Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға буынның батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің жоғары адамгершілік мектебі ретінде қалыптасып отыр», дей келіп, Елбасы: « ҚР Үкіметі 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгілеп «ҚР –дағы мерекелер туралы » ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» Жарлығына қол қойды. Отан оттан да ыстық! Жаңа заман дарынды азаматтарды шығарды. Әскер шерулерде туындамайды, әскер күнделікті тынымсыз еңбекте туындайды. Қазақстан әскерінің қалыптасуына алғашқы Қорғаныс министрі , Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов зор үлес қосты. Сондай-ақ Әскеріміздің құрылуына қатысқан генерал А.Қасымов, А.Есенғұлов, Ф.Щербаков, А.Жарболов, А.Тасболатов, Ж.Сандыбаев...Жыл сайын 7 мамыр мерекесі қарсаңында кәсіби даярлықтағы жетістіктері үшін ҚР Президентінің қабылдауында болып, жоғарғы әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, ордендер табыс етіледі.Отан үшін отқа түссең, күймейсің деген. Еліміздің Қарулы Күштері қатарындағы жастарды Отанын сүюге, шымыр да, шыныққан азамат болып қалыптасуына күш-жігер, кәсіби біліктілік танытуда аға ұрпақтың үлесі зор. Қас қақпай ел тыныштығын қорғау, елге, жерге қызмет етудің үлгісін жастарға үйрету аға буынының міндеті. Жер көлемі бойынша 9 орын алатын Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне жауап беру бүгінгі сап қатарындағы әскери қызметшілер мен сарбаздарға жүктеліп отыр. Отан қорғаушылардың күнделікті қызметі мен тыныс-тіршілігін насихаттау мақсатында 2004 ж «Айбын» әскери- патриоттық бағдарламасы теледидардан көрермендерге жол ашты. «Айбын» әскери- патриоттық бағдарламасы арқылы армияның имиджін көтеру, әскердегі оң өзгерістер, сарбаздармен бетпе-бет сұхбат және әскери өмірлерінен хабарлар береді. Болашақ сарбаздардың әскер қатарына дайындығын анықтауда топ оқушылары арасынан сайыс ұйымдастырайық: «Әскерге шақыру» (Еліміздің Қарулы Күштері көктемде, күзде жас сарбаздармен толықтырылады. Сол кезде армия қатарына шақырушылардың сапалық сипаттамалары: денсаулығы, білім деңгейі, дене дамуы, дайындығы, отбасылық жағдайы олардың адамгершілік және іскерлік қасиеттері туралы мәліметтер жиналады, ата-аналарымен әңгімелеседі. Бойы: жаяу әскер шекара қызметіне әскери борышын өтеу үшін 155 см-ден, ал аэроұтқыр бөлімдерінде қызмет ету үшін 175-см –ден кем болмауы керек, т.б.). Оқушыларға тапсырма: отжимание, тартылу бойынша сайысқа түсу. Антыңа адал бол! ( Әскери ант деген не? Оқушы түсінік беріп, антты жатқа айтып беру тиіс). «Әскери ант» - сарбаздың ел Президентіне, Қазақстанның көп ұлтты халқына адал болуға беретін серті, Отан қорғаушының ар мен намыс кодексі. ҚР ер азаматы Қарулы Қүштер қатарына қабылдану барысында әскери ант қабылдайды. Бұл әскери қызметтің мемлекеттік мәтіні көрсетілген, ең басты моральдық әрі саяси акт. ҚР ҚК әскери антының мәтіні 1992ж. 25 тамызда ҚР Президентінің 870-інші үкімімен бекітілген. Анттың мағынасы – Қазақстан халқына, оның заңды сайланған Президентіне адал болудағы қасиетті серт, Отанымыздың тәуелсіздігі мен еркіндігін, намысын жан қиярлықпен қорғау, құқықтық және моральдық міндет. Әскери қызметкер антты қабылдай отырып, әскери істі адал ниетпен үйренуге, қызмет бойынша оған жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға серт береді. Әскери ант - қызметтегі міндеттерді заң жүзінде мінсіз атқаруды талап ететін мемлекеттік құжат. 3. Армысың, айбынды сарбазым! (жаға тігу, картоп ашу) 4. «Ән шашу» (сарбаздарға сәлем жолдау, тұған күн иелеріне, ата-аналар құрметіне патриоттық ән шырқалады). Жоғары көрсеткіштерге ие болған оқушыларды марапаттау және алдағы уақытта әскери дайындықтарын жетілдіруге ақыл-кеңес беру. Қорытынды Жыл сайын 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне орай ҚР Қарулы Күштерінің әскери парады өтетіні белгілі.Әскери парадтың ерекшелігі Қазақстан армиясының жаңа да заманауи қару-жарағы мен әскери техникасының үлгілерін көрсетуге басымдық беріледі( 200-ден астам әскери техника бірлігі, 70-тен астам Әскери-әуе күштерінің авиациялық техникасы ұшып, 2 мыңға жуық жаяу әскери қызметші жүріп өтсе, соның 1500-і Қарулы Күштерінің жеке құрамы). Бүгінде Қазақстан армиясы мемлекеттің сенімді тірегі болуда және бола береді де. Армия мен флоттың әскери қызметшілері әскери міндеттерін орындап келеді, олар полигондарда, теңізде және әуе кеңістігінде жауынгерлік шеберліктерін жетілдіріп келеді. Біздің жедел, кәсіпқой армиямыз мемлекетіміздің ұлттық мүддесі мен әскери қауіпсіздігін, бейбітшілік пен тыныштықты сенімді түрде қамтамасыз ете бермек. Пайдаланған әдебиеттер: 1. ҚР Конституциясы. 36 –бап. 1995ж. 30 тамыз. 2.Айбын. Республикалық әскери-патриоттық журнал.2010ж., 2012ж. 3.Егемен Қазақстан. Жалпыұлттық республикалық газет.2012ж, 2014ж. Топ жетекшісі:М.Д.Ашекенова Жәнібек колледжі Бекітемін_________________ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Аткешова «____»________________20____ж 7 мамыр – Отан қорғаушы күні ! Үздік сарбаз сайыс Өткізген: М.Ашекенова, топ жетекшісі 2016-2017
Тәрбие сағатының тақырыбы: Достықта шек жоқ Мақсаты: оқушылардың достық сезімі туралы білімін арттыру, дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екенін ұғындыру, оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру. Көрнекілігі: мақал-мәтел, суреттер Барысы 1. Ұйымдастыру 2. Кіріспе сөз «Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім да барлық басқа игілікке түгел ие болса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес» Аристотель. (слайд ) 1)"Дос деген кім?" сауалына сызба арқылы жауап беру. 2) Досың бар ма? Ол қандай? 3) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? 4) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз? 5) Достық жасқа байланысты ма? 6) Жақсы дос, жаман дос қандай болады? 7) Досыңды неге теңер едің? 8) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма? 9) Сіз үшін ең маңызды мәселе? 10) Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?
Оқушылардың ойлары, пікірлері тыңдалады
Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес. Достық нешеу болады? -Достықтың екі түрі болады. Бірі-адал достық, ал екіншісі амал достық. Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады. «Қалта жолдас көп, жан жолдас жоқ» мұны айтқан қазақ сатирикасының классигі Осп анхан Әубәкіров. 2. «Егемен Қазақстан» газеті 2017ж. «Туманбай ақынның досы» мақалада Едіге Сап Сапаев пен Туманбай Молдагалиевтің шексіз және өмір бойы достықты ту етіп көте көтерген, жазған мақаланы оқу, таныстыру. 3. Адам – ардақты ат. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер оның рухани байлығында екен. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атау . Дос қандай болу керек? (слайд ) жомарт адамгершілігі мол қарапайым мейірімді кешірімді адал көпшіл бауырмал қанағат еңбекқор төзімді ақылды сабырлы салмақты кек сақтамайтын 4. Мақал-мәтелдер (слайд ) 1) Білімдімен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар. Білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетін қайтар. 2) Дұшпан біреу болса да аздық етер, Досың мың болса да аздық етер. 3) Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең. 4) Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы. 1-оқушы: Дос адам артық сұрамайды. Махмұт Қашқари. 2-оқушы: Дос достың кемшілігін кешіре береді. Жүсіп Баласағұн. 3-оқушы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Абай. 4-оқушы: Екі ердің достығы асулардан асырар, Екі елдің достығы ғасырлардан асырар. Мұзафар Әлімбаев. 5-оқушы: Қоссыз қазақ болса да, Доссыз қазақ болмаған. 6-оқушы: Дос табу оңай – сақтауы қиын, Жау табу оңай – тоқтауы қиын. Жүсіп Баласағұн.
5. Жағдаяттан шығу: (слайд) а) екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету. ( қалғандары сол оқушының ұнамды немесе келеңсіз жақтарын айтады). ә) «Менің досым» тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады. 6. Сауалға жауап іздеу. (слайд ) 1.Біздің топ қандай? 2. Топ оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба? 3.Хаттарға жауап: А)Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің. Ә)Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің? Б)Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің? В)Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің? Г)Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің? 7. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Топ жетекшісі: М.Д.Ашекенова
Тақырыбы: Бала құқығы. Мақсаты: -оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу; -оқушылардың ойлау,тыңдау,өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту; -оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру, құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге,құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта,Қазақстан Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама.
Кіріспе. Оқушылар! «Бала құқығы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізілгелі отырмыз. Ата заңның 1 бабының1-тармағында «Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген. Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье,И.Кант,Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен Бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма? 1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді.
І бөлім «Бала құқығы- асыл қазына». ІІ бөлім «Құқық -әділет пен парасат жолы». ІІІбөлім«Құқықтықсауаттылық–заманталабы». ІҮ бөлім «Сандар сөйлейді. І. Баланың негізгі құқықтыры мен міндеттері. 8-бап.Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар. 9-бап.Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы. 10-бап.Әрбір баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне және өміріне қол сұғылмауға құқығы бар. 11-бап Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар. 15-бап.Әрбір баланың білім алуға құқығы бар. ІІ. «Құқық -әділет пен парасат жолы». 1- оқушы.Конституция-ерікті елдің құқы Конституция ерікті елдің құқы, Адам құқы,алдымен ердің құқы. Мемлекетім жан-жақты дәйектелген, Конституция-алтын заң,елдің құты. Ол бойынша бекіген бостандығым, Ол бойынша сақталған сөз сандығым. Ол бойынша тілім де мемлекеттік, Қуаттайды мұны бар достар бүгін. Ол бойынша сайлаймын,сайланам да, Ол бойынша біртұтас бай далам да. Сансыз ұлттың өкілі бірордада, Тең құқылы барлығы айналамда. Қалауымша оқимын,білім алам, Еңбек етем,қартайсам тыным алам. Емделемін ауырсам заңды түрде, Өз елімде қастерлі, құрметтімін, Қорламайды ешкім де тілдеп қырын. Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам, Заң алдында жауапқа міндеттімін. Баға жетпес құным бары, Еркін шыққан ерекше үнім бары, Елтаңбалы жығылмас туым бары- Алтын заңда айтылған мұның бәрі. 2-оқушы.Ғұрпымыз бар ел сенген, Дәстүрлері ең ізгі. Әділдікпен өлшенген, Заңымыз бар негізгі Бас иетін бар адам Әрбір сөзі салмақты Қорғар бәле-жаладан Ата заң бұл ардақты! 2.Құқық әлемінен көрініс. 3.Ұлылардан қалған асыл сөз. 1-оқушы: Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды. 385-Хадис(Мұхаммед Пайғамбар) 2-оқушы:Заң-жер бетіндегі құдай жасаған нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі. И.Кант. 3-оқушы:Қазақ халқы-ең бейбіт халықтардың бірі. Шоқан Уәлиханов. 4-оқушы:Әр заманның өз рәсімі,өз салты бар. Біздің замандағы салт әркім құқына таласу болады. Жылау салты артта қалды. Әлихан Бөкейхан. 5-оқушы:Ата Заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Нұрсұлтан Назарбаев. 6-оқушы:Заң-мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты. Шерхан Мұртаза. 7-оқушы:Әділ заң-аспан тірегі. Жүсіп Баласағұн. Жағдаяттарға байланысты сұрақтар. 14 жасарБолат үйінде сыныптастарымен туған күнін атап отырғанда масаң күйінде әкесі келіп жолдастарының көзінше балағаттап,ұрып-соға бастайды.Осы кезде Болат не істерін білмей әкесін итеріп жібереді. Әкесі тәлтіректеп барып басынпешке ұрып құлап түсіп қайтыс болады.( Жағдай сарапқа салынады.) Мақал-мәтел: «Тәрбиелі-тәртіптің құлы, Тәртіп елдің-құлы»(Бауыржан Момышұлы) ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы». 1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы) 2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ). 3.БҰҰ-ның мақсаты не?(Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау). 4.Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды? (1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды). 5.Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті?(орта). 6.Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.(әркімнің өмір сүруге құқығы бар). 7.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? (2002 жылы 8-тамызда). 8.Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам). 9.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20- қарашада). 10.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? (АҚШ-та). 11.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?(Бостандық). 12.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы(16 жас,ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады). 13.Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?(1948 жылы 10-желтоқсанда). 14.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?(14 жастан). 15.Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам). 16. «Жеті жарғы» заң жинағының авторы (Тәуке хан). 17.Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?(1992 жылы). 18.Өз тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі(тәуелсіздік). 19.Отанға деген сүйіспеншілік (патриотизм). 20.Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау,53 баптан). ІҮ бөлім «Сандар сөйлейді. 1 маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні. 20 қараша-Дүниежүзілік балалар күні. 10 желтоқсан-Адам құқығы күні. 10 желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады. 1959 жыл Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясын жариялаудан бастады. 1979 жылы - Балалардың халықаралық жылы өтті. 20 қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды. 28 қаңтар 1995жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 30 тамыз 1995 жылы Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды. Қорытынды: Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызда өзіміздің құқығымыз бен міндетіміз және құқық туралы білетін білімімізді ортаға салдық. Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрау құқығын жүзеге асырдық. Қазақ ұлты қайырымдылықты, жаупкершілікті қолдайды. Еліміздің бірлігі мен білімділігі келешек ұрпақ үшін үлкен міндет жүктейді. Топ жетекшісі: М.Д.Ашекенова Салауатты болашақ
Тақырыбы: Шылымның адам өміріне зияны.
Мақсаты: білімділік: шылым шегудің зиянды әсерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру; дамытушылық: темекінің әсері, зиянды жақтары туралы түсініктерін кеңейту; тәрбиелік: шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, айналасындағылардың денсаулығын сақтауға жауапкершілігін ояту. Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық (музыка ойнайды) Кірпігімізді төмен түсіреміз. Көзімізді жұмамыз. Енді еркін демалайық. Ғажап қана ұйықтасақ, Жеңіл дұрыс тыныстасақ, Шаршағанымыз ұмытылып, Денеміз босаңсиды Шөпте жатқандай сезінейік Жасыл, жұмсақ шөпте жатырмыз… Күн нұрын бізге төгіп тұр… Қолымыз біздің жып – жылы… Күн ыстық… Түн жылы… Таза ауа да тамаша, тыныстаймыз (Ұзақ кідіріс) Біз еркін тыныстадық Ғажап қана ұйықтадық! Оянатын сәт келді! Көздерімізді ашамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, Керілеміз! Күлеміз! 2. Денсаулық – әркімнің жеке байлығы болса, дені сау адам қоғам байлығы. Осыған орай, бүгінгі ұйымдастырылып жатқан топ сағатының мақсаты Елбасының жарлығымен Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту, салауатты өмірді насихаттау. Тәрбие сағатына медбике, дене тәрбиесі оқытушысы шақырылады. Шылымның зиянды әсерін түсіндіруге және оларды алдын ала сақтандыру туралы арналған слайдтар бойынша әңгімелесуге оқушыларды шақыру. Экранға адам денесінде тек қана бір тал темекі тартқаннан бастап пайда болатын басты өзгерістер суреті шығарылады: -миға баратын қан азаяды, ми аз жұмыс істейді; -қандағы холестерол артады; -тамырлар жиырылады; -қан қысымы жоғарлайды; -жүректің соғу ритмі артады; -жүрек қағады, науқастарда жүрек ұстамасы болады; -тыныс алу жиелейді..... Оқушылардың айтылған ойларын жинақтау. Нашақорлық, маскүнемдік сияқты темекіні қолдану да қоғамымызды жайлап бара жатқан індет, қайғы-қасірет. Медбике: Адам шылым шеккенде зиянды заттар ауа арқылы ауызға, жоғары тыныс жолдарына өтіп, кілегейлі қабықшамен өкпе көпіршіктеріне барып қонады. Сілекеймен қоса жұтылып, асқазанға барады. Шылым шегетіндермен шекпейтіндерді оңай ажыратуға болады: шылым шегетін адамның бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, өз жасына қарағанда үлкен болып көрінеді, тісі ерте бұзылады, сарғаяды, жүрегі тез шаршайды. Қан тамырлары тартылады, нәтижесінде аяғын сылтып басады. Жүйке жүйесіне әсерін тигізеді, естуі, көру нашарлайды. Жасөспірім ашуланшақ, жалқау болып, ұғу қабілеті төмендейді. Темекі зардабынан болатын аурулар: Стенокардия, созылмалы гастрит, жүрек инфарктысы, асқазан жарасы бүйрек, бауыр, жыныс, тыныс, жүйке аурулары. Темекі өсімідіктің жапырағынан жасалынады. Темекінің құрамында 200-дей зат анықталған. Олардың барлығы адам ағзаны әсер етеді, зиян. Ең ауыры – никотин. Никотиннің улылық деңгейін жануарларға әсер ету арқылы байқатуға болады. Бір тамшысын салмағы 16-20 кг итті, ал 10 тамшысы жылқыны өлтіреді, егеуқұйрықтың қасын жеңіл түрде никотинмен шылау, лезде өлімге әкеледі екен. Көгершінді шыны қақпақ ыдыстың астына орналастырып, оның ішіне темекі түтінін жіберсе, көгершін өледі. Адам үшін 1-2 тамшысы ажал әкеледі екен.Никотин атауы қалай шыққан? ХVІІ ғасырдың 30 жылдарынын Карл Линней темекіні Европада алғаш рет өсірген Жан Никоның құрметіне темекіге «Никотиана» деген туыстық атауы берген. Әрбір тартылған темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады. Күніне бір қорап темекі тартатын адамның бір жылда өкпесіне бір литр смола (шайыр) жиналады. Темекі тартатын адам зиянды заттардың 25 % — н жұтады екен, 5 % темекінің тұқылында қалады, 20% жанып кетеді, ал 50 % ауаға түседі. Бөлмеде отырсаңыз, ол адам ағзасына үлкен әсерін тигізеді. Өздері тартпағанымен, шылымқордың темекісінің түтінімен тыныс алатындарды пассивті темекі шегушілер деп атайды. Темекінің зардаптарынан мысал келтірсек Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Баскетболшының шылым шеккенен кейінгі торға доп тастауы 12 % кемиді. Әрбір шылым адам өміріне 8 минутқа қысқартады. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100 м жүгіргеннен кейін тамырдың 120 – 130 болса, шегетіндерде 180 болады. Мектеп жасында көбінесе ештеңемен шұғылдаңбайтын, сабақ оқымайтын, спортпен айналыспайтын оқушылар шылым шегеді. Ерте бастан денсаулықты сақтап шылым шегуге әуестенбеу керек. 1. Шылымшы – өзін көрге тығушы 2. Темекі тартқан бір кісі, Уланған бүкіл үй іші 3. Шылымқор өзін ғана емес, Өзгелерді де улайды
ІІІ. Бекіту Тренинг «Қолшатыр» (дене тәрбиесі оқытушысы ақыл-қеңесі) Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Қол шатыр астына өз ойларымызды жазайық. 1. Бос уақытымызды дұрыс пайдалану. 2. Демалыс түрлерін қолдану. 3. Театрға бару. 4. Спортқа қатысу. 5. Денсаулығымызды шынықтыру. Сонымен қатар темекіні 12 жаттығу түрлерімен алмастыруға болады екен. Слайдтар: 1. Секіру. 2. Жүзу 3. Хош иісіті гүлдер иіскеу 4. Ойнау 5. Билеу 6. Велосипедпен серуендеу 7. Құстар әнін тыңдау 8. Сұхбаттасу 9. Ән айту 10. Жүгіру 11. Сурет салу 12. Демалу Үйге тапсырма 1. Жағымсыз әдеттер. Темекінің зияны туралы кітапшалар оқу. 2. Темекіге қарсы жарнама жасау Топ жетекшісі: М.Ашекенова |