kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыйынар ем ана деген т??ірге

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптар?а арнал?ан 8 наурыз мерекесіні? сценариі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыйынар ем ана деген т??ірге»

«Сыйынар ем Ана деген тәңірге»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

Барысы:

1 Жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Сыйынар ем Ана деген тәңірге..» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!

2 жүргізуші Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.

1 жүргізуші:Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Бастауыш сынып оқушыларының атынан ән тарту. «Анашым»

1 Жүргізуші

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

2 жүргізуші Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

1 Жүргізуші

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар. –

дей келе құттықтау сөз кезегі 1 сынып оқушыларына береміз

????????????????????????????????

1 жүргізуші: Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

  1. Таныстыру

  2. Үй тапсырмасы

  3. «Аталар айтқан асыл сөз»

  4. «Өнерлі өрге жүзеді»

  5. «Мен анамның қолғанатымын»

2 жүргізуші:Қадірлі қауым! Бүгін сіздер " Сыйынар ем Ана деген тәңірге " атты мерекелік сайысына қатысып отырсыздар. Біздің мерекелік кешіміз жұптардың қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Яғни, сайысқа 6 жұп қатысады.

Сайысымыздың қатысушылары:

  1. Меруерт пен Азамат

  2. Рустам мен Зарина,

  3. Мадина мен Ерасыл

  4. Рүстем мен Аружан

  5. Шапағат пен Айдос

  6. Даяна мен Бекзат

2 жүргізуші Ал енді әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар.

Әділ қазылар алқасы сайыскерлерімізді 1-5 балдық есеппен бағалай алады.

1 жүргізуші (1 кезеңіміз таныстыру)

Гүл көңілі қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді,

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді, - дей отыра, сайыскерлерімізге сөз кезегін береміз.

2 жүргізуші: Ал, әділ қазылар болса, сайыскерлеріміздің алдын ала орындап, көрмеге қойылған үй тапсырмаларымен танысып, бағалайды.

(ОҚУШЫЛАР ӨЗДЕРІН ТАНЫСТЫРАДЫ.)

1 жүргізуші: Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып 2 сынып оқушыларының биін тамашаланыздар.

(2 CЫНЫП БИ )

2 жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне «Ақ мама» әнімен 3 сынып оқушысы Қапсабыр Аяулым.

(АЯУЛЫМ 3 СЫНЫП)




2 жүргізуші Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- дей отырып 3 сынып оқушыларын «Аққу» биімен қарсы алайық.

(3 СЫНЫП БИ)

1 жүргізуші: Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, -дей отырып, «Аталар айтқан асыл сөз» атты кезеңімізге кезек берейік, ортаға қатысушыларымызды қарсы алайық.

2- жүргізуші: Бұл кезеңімізде сайыскерлеріміз мақал – мәтелдерді жалғасын табуы қажет және аталған салт – дәстүрге анықтама берулері керек.

  1. Отан – ........(оттанда ыстық)

  2. Қыз өссе елдің көркі, .....(гүл өссе жердің көркі)

  3. Ата көрген оқ жонар,.... (шеше көрген тон пішер)

  4. Анаға карап қыз өсер, ....(әкеге қарап ұл өсер)

  5. Ананың көңілі балада, ...(баланың көңілі далада)

  6. Балалы үй базар, ....(баласыз қу мазар)

  7. Үлкенге құрмет ....( кішіге ізет)

  8. Ата ананың қадірін .....(балалы болғанда білерсің)

  9. Әзілің жарасса ...(атаңмен ойна)

  10. Жүз теңген болғанша, ....(жүз досың болсың)

  11. Кітап білім бұлағы,....(білім өнер шырағы)

  12. Еңбек етсең ерінбей,.... (тояды қарның тіленбей)

  13. Еңбек түбі ....(береке)

  14. Күлме досқа, ....(келер басқа)

  15. Отансыз адам,.....(ормансыз бұлбұл)

  16. Жалқаудың жаны тәтті,... (еңбектің наны тәтті)

  17. Жақсыдан үйрен,...(жаманнан жирен)

  18. Күлме досқа,...(келер басқа)

1 жүргізуші

Кезеңнің соңғы сұрағы бойынша, сайыскерлерге 3 мин уақыт беріледі. Сайыскерлер аналарының көмегіне сүйене алады.

  1. Қыз қуу

  2. Наурыз көже

  3. Беташар

  4. Қырқынан шығару

  5. Көкпар

  6. Тұсаукесер

2 жүргізуші

Сайыскерлерге берілген уақыт аяқталды, сайыскерлердің жауаптарын кезекпен тыңдайық. (ОҚУШЫЛАР ЖАУАБЫ.)

Кезекті әділ-қазылар алқасына берейік. Әділ-қазылардан үш кезең бойынша берілген ұпайларды жариялауларын сұраймыз.

1 жүргізуші 4 сынып оқушысы Ғалымова Гаухарды ду қол шапалақпен қарсы алайық.

(ГАУХАР 4 СЫНЫП БИ)

2 жүргізуші

Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп келесі өнерлі өрге жүзер кезеңіне кезек берелік!

  • Алдарыңызда сайысымыздың № 1 байсалды да байыпты бишілері.

(1 СЫНЫП БИ ВАЛЬС)

  • № 2 қатысушыларымыз Рустам мен Зарина

  • №3 қатысушыларымыз Мадина мен Ерасыл

  • №4 қатысушыларымыз Рүстем мен Аружан

  • №5 қатысушыларымыз Шапағат пен Айдос

  • №6 қатысушыларымыз Даяна мен Бекзат

Осымен біздің кезеңіміз тәмәмдалды.

1-жүргізуші: 
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – дей отыра сахна төріне Құрманғазықызы Шапағатты шақырамыз.

(ШАПАҒАТ 4 СЫНЫП ӘН)

2- жүргізуші:

Ал халайық, ықыласпен демейік,

Арулардың аспаздық өнерін көрейік.

Дәмі менен көрінісіне қарап біз

Әділдікпен бағаларын білейік,- дей отыра келесі «Мен анамның қолқанаты» атты кезеңімізді бастаймыз.

1- жүргізуші: Бұл кезеңнің шарты мынада: сайысқа қатысушылар аналарымен біріге отырып, қызықты әрі дәмді тағам әзірлеулері қажет. Бұл кезеңімізге 10 мин уақыт беріледі.

(Жұптар сахнада оңай жасалатын тағамдар жасайды. Ал осы кезде залмен ойын өткізіледі.

  • КӨҢІЛДІ ОРЫНДЫҚ.)

2- жүргізуші:

Ал енді сайысымыз мәресіне жетті. Барлық өткізілген кезеңдер бойынша қорытынды жасау үшін, әділ - қазыларға уақыт береміз. біздің аялы аналарымызға 8 наурыз Халық Аралық Әйелдер күнімен құттықтай отыра, сыйлықтарымызды шын жүректен табыс етеміз.

(КЕЗЕКПЕН ӘР СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ШЫҒАДЫ.)

(Флешмоб)

Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын жариялау үшін, сахна төріне әділ қазылар алқасын шақырайық.(Орын беру рәсімі.)

1 жүргізуші Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

2 жүргізуші Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз. Құрметті қонақтар ,біздің «Сыйынар ем Ана деген тәңірге » атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

1-2 жүргізуші Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Сыйынар ем ана деген т??ірге

Автор: Байдрахманова Нурбану Жумабековна

Дата: 13.05.2016

Номер свидетельства: 326144

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Сыйынар ем, ана деген тәңірге!"
    ["seo_title"] => string(37) "syiynar_iem_ana_dieghien_t_n_irghie_2"
    ["file_id"] => string(6) "409538"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1492347593"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Сынып са?ат та?ырыбы: "Сыйынар ем Ана деген т??ірге""
    ["seo_title"] => string(47) "synypsagattakyrybysyiynariemanadieghientnirghie"
    ["file_id"] => string(6) "276467"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452744395"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Конспект урока на тему Сыйынар ем Ана деген т??ірге!"
    ["seo_title"] => string(50) "konspiekturokanatiemusyiynariemanadieghientnirghie"
    ["file_id"] => string(6) "303100"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457429303"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Презентация на тему "Сыйынар ем ана деген т??ірге" "
    ["seo_title"] => string(60) "priezientatsiia-na-tiemu-syiynar-iem-ana-dieghien-t-n-irghie"
    ["file_id"] => string(6) "242088"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445368888"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Сыйынар ем "ана" деген т??ірге"
    ["seo_title"] => string(30) "syiynariemanadieghientnirghie1"
    ["file_id"] => string(6) "318557"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460616240"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства