Келешек ұрпақтың рухани дамуына, өзін-өзі тануына және тұлғалық артықшылығын түсіндіріп, өмірге деген көзқарасын өзгертуге, "суицид" ұғымын меңгертіп, өз-өзіне қол салудың алдын алу, өз уақытында психологиялық, салт-дәстүрлік көмек көрсетуге оқушыларды баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Суицид және ажал"»
Суицид және ажал
Мақсаты: Келешек ұрпақтың рухани дамуына, өзін-өзі тануына және тұлғалық
артықшылығын түсіндіріп, өмірге деген қөзқарасын өзгертуге ,
«суицид» ұғымын меңгертіп, өз-өзіне қол салудың алдын алу, өз
уақытында психологиялық, салт-дәстүрлік көмек көрсетуге
оқушыларды баулу.
Міндеті: Оқушыларға ой қозғау сұрақтары мен проблемалық мәселелерді
туындата отырып, «Суицид» ұғымының зиян екенін және кездесе
қалғанда көмек беру сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі: діни кітаптар, слайдтар, қанатты сөздер.
Жүргізілу барысы: Слайдтар бойынша оқушыларға ой қозғау сұрақтары мен
проблемалық мәселелерді туындатып, түсініктемелер жасап
отыру.
Кіріспе сөз (мұғалім)
Жеті қабаттан тұратын ғаламат әлемге бір сәт көз салайықшы! Қандай тіл жетпес жүйе құрылған?! Осы әлемде адамнан басқа әрбір жаратылыс өз қызметін қалтықсыз атқаруда.Ал адам баласы осынау жеті қабат әлем өзіне бағынса да бақытты емес.Ұзақ уақыт ойланып, бұл өмірге неге келгенін, қайда баратынын таба алмауда.Өзінің ақыл –ой иесі екенін сезсе де,бақытты ғұмыр сүре алмай жүр
Ой қозғау сұрақтары
Жан –жағымызды қоршап тұрған мына әдемі,ғажаиып,алып дүние қалай пайда болды,оның мағынасы неде,бізге пайдалы ма,пайдасыз ба
Мен бұл дүниеге оз қалауыммен келдім бе
Қайдан келдім,қайда барамын
Өмір сүрудегі мақсатым не
Мен бұл өмірден өз қалауыммен кетум керек пе (Сұрақтар төңірегі аясында оқушылар өздері шамаларыкелгенше талдау жасайды ).
Мұғалім: Адам баласы өмірге келеді,өмірден кетеді.Бұл табиғат зандылығы.Ешкім мәңгілік жасаған емес,жасалу мүмкін де емес.Ұзақ өмір сүруі мүмкін,бірақ жер бетінде мәңгілікке қала алмайды.Яғни,Адамзат табиғаттың жаратылған бір бөлшегі ғана. Ердеше жаратылған адам өзінің қанша жыл өмірсүретінін және өмірде қалай тіршілік ететінін біле алмайды. Ал, әркім өзі жасаған затының сапасының қаншалықты мықты-нашарлығын жауап бере алуы мүмкін, ал өз өміріне, оның ұзақ-қысқа екеніне жауап бере алмайтыны шындық.
Келесі сөзді оқушыларға береміз.
Астана қаласы Білім басқармасының «Тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы Өзін-өзі тану» бөлімінің жетекшісі: Ермекбай Гүлжанат Қайыржанқызына сөз кезегін береміз:
Қазіргі танда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша суицид әлем бойынша соңғы 45жылда 60пайызға өскен.2000 жылы суицидтен бір миллионға жуық адам өлсе, қазіргі кезде бұл көрсеткіш бір жарым есеге артқан. Яғни,өлем бойынша 40секунда бір адам өзіне кол жұмсайды екен. Ал, осы ұйым суицидтен көз жұматындарды 100мың адамға шығып есептегенде, Қазақстан әлемдік ондыққа кірген. Биылғы жыл басынан мамырға дейінгі ресми дерек көздеріне карағанда елімізге 1200-ге жуық суицид оқиғасы тіркеліпті. Яғни, бір мыңнан аса адам өз- өзіне қол жұмсаған. Олардың 86-сы жасы 18-ге жетпеген жасөспірімдер. Бұл мамырға дейінгі төрт айдың ішіндегі көрсеткіш. Дегенімен , одан кейін ҰБТ кезінде оқушылар арасында бірнеше суицид оқиғасы тіркелді. Ресми ақпараттар бойынша маусым айының өзінде 3-4 бала қаза тапты ал, бейресми дерекке сүйенсек бұдан екі есе көп. Бас прокуратураның есебінше 2011 жылы-257, 2012 жылы-211, 2013 жылы-250 оқушы суицид жасаған. 2014 жылдың өзінде – 189 бала өзіне қол жұмсаған . Биылдың өзінде өзіне суицид жасаған 86 оқушының көбі Оңтүстік Қазақстан облысында тіркеліпті. Аталған өңірде 22 жағдай тіркелген. Шығыс Қазақстанда 10, Қостанайда- 9, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысында-5 суицид фактісі анықталған. Әсіресе, сәуір айында, бір ғана апта ішінде Ақтөбеде 3 оқушы, Астанада 2 оқушы қаза тапты. Бар болашағы алда деп сенген жастардың бұлай кыршыннан қиылуы Қазақстан қоғамын дүр сілкіндірген.
Психологиялық денсаулық медициналық орталығы дәрігер-психиатр суицидологы Шайжан Гүлдерайым Қанатқызына сөз кезегін береміз:
Суицид дегеніміз не? «суицид»- латын тілінен алынған, «өзін-өзі өлтіру», «өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді.
«Нағыз суицид» -қашанда жабырқау, дағдарыстық жағдай не өмірден баз кешу, күйзелу жатады. Бұған жүйке ауруымен ауыратындар шалдығады.
«Жасырын суицид » - бұл мінез-құлық тәуекелге негізделген өмірден өтуден
гөрі, өліммен ойнауға көбірек ұқсайды. Жастар арасында көбірек кездеседі.
Демонстративтік суицид- өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аударту, жан айқай көмекке шақыру ретінде болады.
Осы мәселеге бардым-келдім қарай берсек, алдын ала алмаймыз. Мен неге бұл тақырыпқа шүйлігіп отырмын? Себебі бұл тақырып қазіргі таңда шешілмей келе жатқан күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Өзін-өзі өлтірмек болып жүрген жандардың кейінгі тағдыры үшін, біздің тигізетін әсеріміз зор. Олар әр уақытта моральдық тұрғыда көмек бергенді қалайды. Тұңғиыққа батқан санасын суырып шығаруға құдіреті жетерлік жылы сөздер айтып, дертінен айықтырғанын теріс көрмейді. Жылы сөз көңілге жұққан кірден, жаралы жүрекке біткен дақтан тазартады.
Суицид- ішкі эмоцоналды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өз-өзіне қол жұмсау себебінің соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай.
Суицидтік әрекеттерге ұшырау себептері:
Демонстрациялық мінез.
өз-өзіне қол жұмсаумен қорқыту
қан тамырларын кесу
дәрі –дәрмек ішу
өзіне назар салуды талап ету
Суицидтік мінез:
Сыртқы белгілері
көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш монотонды дауыс
сөйлеудің баяулығы, жауаптың қысқалығы
Іс-шарасыздық
Тұлғаның дамуы және психологиялық кеңес беру «Сократ» орталығының маманы Жұмабеков Ермахан Қонысбайұлына сөз береміз.
Суицидтің алдын –алу үшін жүргізілетін жалпы жұмыс түрлері: сынып жетекшілермен жұмыс; ата-аналармен жұмыс; пән мұғалімдермен әңгіме кеңес; оқушылармен жұмыс және пікірлесу, сауалнама, тесттер, тренингтер, дөңгелек стол, семинарлар өткізу керек. Суицитке бейім оқушылармен атқарылатын жұмыс: суицидке әкелген себепті анықтау, мұқият тыңдап, оның ойын түгелайтуына мүмкіндік беру: мінтетті түрде мамандармен байланысыңыз. Дәрігердің көмегіне жүгіну. Кейде дәрігерлік препарат та көмектеседі.Стресті жеңуге үйретіп, үнемі бақылауда ұстау қажет.
«Жасөспірім: агрессия, аддикция-құқық бұзушылық» мәселесі бойыншақұқық қорғау құрылымының өкілі ювенальдық полиция инспекторы- Мырзакәрім Тілектес Елшатұлына сөз кезегін береміз:
Біздің елімізде соңғы жылдары әлеуметтік-саяси және экономикалық қайта құрулар үрдісі, қоғамның ең әлсіз тобы- жастарға қатты әсер етті. Өскелең ұрпақ қалыптасқан шындықты әрдайым өткір қабылдайды, өйткені тұлғалық өсудің қалыптасуы, әлемде де, сондай-ақ елде де қалыптасқан көптеген факторларға байланысты емес пе!? Бірақ, біздің көз қарасымызша, олардың ішіндегі ең негізгісі отбасының және ата-аналардың құзіреттілігінің психологиялық-педагогикалық деңгейі болып табылады. Тек отбасылық тәрбиенің өзі ғана , баланың нәтижелі әлеуметтік бейімделуін анықтайды, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, жастарды бейәлеуметтік ұстанымдарға бейімдеулерінің алдын алу тармақтарын анықтайды. Қазіргі күн қоғам алдында , бірінші кезекте, педагогтардың және ата-аналардың алдында аддиктивтік және девианттық мінез-құлықпен қатар, жасөспірімдер мен жастардың арасында тағы да бір проблема – бейқамдық құбылысының динамикасы пайда болды. Күдікшіл жандардың бірі, міне, тағы бір нәрсені ойлап тапты, бастысы жасөспірім жанжалдаспайды, үйде отырады, тыныш деп айтуы мүмкін. Алғаш қарағанда барлығы тыныш. Бірақ өкінішке орай , көптеген психологтардың тәжрибелері мен зерттеулері жастар мен жасөспірімдердің арасында бейқамдықтың пайда болуы, болашақта халықты демографиялық дағдарысқа, жаппай әлеуметтсізденуге алып келуі ықтимал , яғни , салдары мемлекеттің дамуына ықпал етуі мүмкін.
Арқалық қалалық мешітінің наиб- иманы – Дүйсенов Қуандық
Алдабергенұлына сөз береміз:
Қазақы салт-дәстүрлық талдауда: Суицидтің белең алған түрі – асылу. Оны қазақ «аспа» ауруы деп атаған. Ол ауру құстың келуі мен қайтуы кездерінде белең алып отырған. Бұл көктем және айларына сәйкес келеді. «Аспа» ауруымен ауырған адамды жын-жыбыр айналдырып, өз іс-әрекетіне аса мән бермейді. Мұны психологтар «ішкі суицид» дейді. Бұл ауруға ұшырағандар – суицидқа уақыттар бойы әзірленіп , алдын – ала жоспарлап, ыңғайлы орын, тіпті асылатын арқанына дейін әзрлеп, ыңғайлы уақытты күтіп жүреді. Олар тіпті туған – туыстарына да , ең жақын адамдарына да соңғы сағаттарға дейін білдірмейді. Қазақы ережеде аурудың дайындаған арқанына тауық , мысық асып қойып ол орыннан шошындырған. Ал, ауру адамды міндетті түрде Құран аяттарымен дем салдырып оқытқан. Ауру адамғамойынға арқан салып қылқындыру міндет емес, жай қана мойынға арқанды салса «жүріп» кете береді екен. Ал, сыртқы суицидте арқанды кеспей , шешіп алған жағдайда қариялар бақылауда ұстаған. Аурудың пайда болу себебі ішіп-жеген асында гигеналдық (мұсылмандық) талаптың орындалмағанынан дейді.
Қорытынды: «Кімде-кім тозаңдай жақсылық істесе, жақсылығының қарымын алады. Ал кімде-кім тозаңдай жаманшылық істесе , оның жазасын алады » (Зилзал сүресі). Жан Жаратушының аманаты оның өз қолымен қию аманатқа қиянат Дінімізде әр бір қиындықты сынақ деп есептеген. Сынаққа сабырмен қарап , Жаратушының жақсылығынан үмітін үзбейді. Өмірдің сәтсіздігіне өзін өлтірмейді. Өз өмірін құрту қиындықтан құтылу емес, керісінше мәңгілік азапта (тозақта) қалу екенін түсінуіміз керек. Аллаһ алдында адамзаттың теңдей екені, тек олардың мәртебесі мінез-құлқы мен жасаған жақсылығына қарай болатынын білуіміз керек. Онда жаман мінезден арылып , жақсылық жасауды үйренейік. Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды, көріп тыңдағандарыңызға рахмет.