kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Наурыз -думан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Армысыздар, құрметті халайық!

Бармысыздар халайық

Қош келдіңіздер Наурыз тойымызға

Наурыз құтты болсын деп айтамыз

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын

Просмотр содержимого документа
«"Наурыз -думан"»

1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті халайық! 1

Бармысыздар халайық!

Қош келдіңіздер Наурыз тойымызға.

Наурыз құтты болсын деп айтамыз!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Наурыз мерекесі баршамызға құт-береке әкелсін!

2-жүргізуші: Мерекеге орай біз сіздерге көтеріңкі көңілмен аздаған бағдарламамызды ұсынбақпыз.Ендеше ортамызға Наурызды шақырайық! Кел, төрлет, жоғары шық, Наурызым!

Қасиетті ұлттық мейрам, Нарызым.

Сәлем бердік, Наурыз, жылдың басы !

Наурыз келді жаңартып жаңа күнді,

Наурыз келді сағынтып бала бізді. ( Нұрай келді)

Нұрай: Армысыздар, қадірменді халайық!

Ерітіп қарын даланың,

Жайнатып гүлін даланың,

Жетелеп жұмсап самалын

Келді міне, ортаңызға, ағайын!

Жаңа жылымыз құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні жасасын!

  1. Жүргізуші: Наурыз мерекесіне жылдың төрт мезгілі келіпті.

(төрт жыл мезгіл келеді.)

О, бәрекелді! Келді Көктем, келді Жаз.

Күзді де жақсы көреміз, құлпырған жасыл желегін.

Қыстың кетіп қаһары

Мейірімге жол берейік,

Наурыз тойға келіпті!

Көктем: Жазира жазға жол ашып, ( С.Жұлдыз)

Қыс қарын қуған мен – көктем.

Бәйшешек көзін жаңа ашып,

Түседі саулап нұр көктен.

Жүремін көкте ән салып,

Бұла күш бойда тасиды.

Наурыз тойын қарсы алып,

Құрметіңе, қасиетіңе бас идім!

Наурыз: Рахмет саған, Көктем!

Жаз: Армысың, құтты Наурыз! ( Ақбота) 2

Төгіліп көктен алтын нұр,

Жайнатамын даланы.

Қала, дала, ой мен қыр,

Шаттанып бір қалады.

Ой да, қыр да жап-жасыл,

Жасарып жер жаңғырды.

Ұйықтап жатқан табиғатқа

Мен келген соң жан кірді.

Уа, халайық! Наурыз той

Құт-береке әкелсін!

Ұлыс күні бақ құсы

Тамаша өмір әкелсін!

Наурыз:Ризамын бұл сөзіңе,жазира жаз.

Күз: «Қоңыр күз» дейді мені, ( Айдана)

«Алтын күз» дейді тағы да.

Қалай десе де жарасар атым затыма.

Мені жақсы көреді

Үлкен де,кәрі,кіші де.

Қолым ашық,қойным толы астыққа.

«Нан болса,ән болады» дейді қазақ.

Дастарханымыз нанға толсын,

Айналамыз ән мен жырға толсын.

Наурыз:Айтқаның келсін, алтын күз!

Қыс:Жауамын аппақ қарымды, ( Балауса)

Нұр жауды деп біліңдер!

Тазартамын ауаны

Аппақ нұрға бөлен,жыр!

Бауыры жылып науат-қар,

Бабымен ғана жібиды.

Аяздан болған жүрегім

Елжіреп барып ериді.

Өзім қандай ақ болсам,

Тілегім сондай ақ болсын!

Жаңа жылдың тойында

Бәріңізге бақ қонсын!

Наурыз:Жарайсың, құрметті қыс! 3

2-жүргізуші: «Жақсы сөз-жарым ырыс» дегендей

Қандай жақсы еді тілектерің,жыл мезгілдері!

1-жүргізуші:Қайда жүр екен Күн мен Түн.

Теңеліп алып екеуі,

Қаңдай тілек білдірер?

Күн мен Түн: Біз мұндамыз! Жылына бір рет келмейміз,біз күндіз-түні қасындамыз!

Күн:Сәлем саған, жас Наурыз! (Назерке )

Аспаннан төгіп күн нұрын,

Жарыққа кенелтем жердің жүзін.

Қызу еңбек қайнатам,

Асыр салып баланы да ойнатам.

Адамдардың атқаратын қызметін

Қадағалап отыру-менің міндетім.

Әр күніміз сәтті болсын демекпін!

Қыдыр ата қолдасын,

Жақсылыққа,табыстарға жолдасын!

Түн:Сәлем бердік жыл басы, Наурыз, саған! ( Қуат)

Қызметім менің Күннен кем емес.

Ұйқысын елдің күзетем,

Куә болам небір қызық сәттерге.

Түсім қара болса да, тілеуім ақ!

Айымыз тусын оңынан,

Жұлдыздар тусын соңынан.

Ұлыс оң болсын!

Әр үйіміз тыныш болсын!

Бейбітшілік болсын!

2-жүргізуші: Уа, халайық!Қандай жақсы тілектер айтылып жатыр Наурызға.

Үй иелері:Құтты болсын, жаңа жыл Наурыз тойың, (Медет)

Алыс – жақын қауышып сойды қойын,

Құшақтасып, көрісіп бар ағайын,

Балалар мәз жамырап ойнап ойын!

Бала:(жүгіріп келеді) Сүйінші, сүйінші, Қыдыр ата келеді!

Қыдыр ата: Армысыңдар, халайық!

Бала: Қош келдіңіз, Қыдыр ата! Төрлетіңіз, Қыдыр ата! 4

Бізге батаңызды беріңіз!

Үй иесі: Ассалаумағалейкүм, киелі баба!

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар,

Ұлық кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жол болар, батаңызды беріңіз!

Қыдыр ата:Жылдарың құтты болсын!

Жандарың мықты болсын!

Бастарыңнан бақ кетпесін!

Астарыңнан тақ кетпесін!

Ел іргесі бүтін болсын,

Ел жүрегі күшті болсын!

Жолбарыстай киелі елге

Жаудың қолы жетпесін!

Аумин!

Барлығы: Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!

1 жүргізуші: Ал келіңдер, қонақтар!

Досқа құшақ ашайық,

Өлең-жырға басайық

Қазақтың бір салты деп,

Тойға шашу шашайық ( шашу шашылады)

2 жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой-салар

Әнді сүйсең, менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай ұлтымыздың қай дәстүрі болса да өлеңмен , өнермен ұштасып жатады

-Кезекті әнге береміз «Наурыз келді», орындайтын 5-6 сынып оқушылары

- Кезек тағы әнге беріледі «Ақ сиса» әні қабыл алыңыздар

1 жүргізуші: Жылдың басы-Наурыз

Жырдың басы-Наурыз

Наурызға арналсын

Бүгінгі жыр-әніміз


5

-Кезекті мектебіміздің музыка мұғалімі Әлден Гауха Тыныштықбайқызының жетекшілігімен дайындалған оркесторлар тобына береміз «Тойбастар»

Келесі тыңдайтыдарыңыз дуэт «Еркесылқым» күйі Медет .Бақытжан

2 жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр
Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!- деп кезекті даярлық сыныптың биіне береміз

1-жүргізуші: Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың, мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

-кезекті оркесторлар тобына береміз «Би » күйі

-келесі «Өрлеу» трио оркестор

2-жүргізуші: Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ - сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
Гүлге толсын көгеріп көшелері.

-кезекті 1 сыныптың биі ,қарсы алыңыздар

1-жүргізуші: Қасиет еткен халқымыз

Жаңғырар дәстүр-салтымыз

Сән салтымен ел көрікті

Салтты, дәстүрді сыйлау-үлкен міндет!

-кезек көрініске беріледі «Атқа отырғызу » 8 сынып

2-жүргізуші: Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.
Қайта оралған намысымдай Наурызым,
Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

-кезекті қыздар тобының күйіне береміз «Ата толғау»

-қыздар тобы «Илигай әні»

1-жүргізуші: Ақ көңіл, адал ниетпен

Толқынды жас жүрекпен

Болашаққа сенетін

6

Жарқын ой, жаңа тілекпен,-деп келесі кезеті 2 сынып оқушыларына береміз ( би)

2-Жүргізуші: Кел, Наурыз, келешекті жарқын шолып,

Барыстай ұрпақтарға даңқын қонып,

Қазақстан болғанда- Ғажапстан

Қол соғып қуаналық халқым болып

-келесі кезекті көрініске береміз 7-9 сыныптар «Есім қою»

1-жүргізуші: Қош келдің, Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітті арнапты

Жыл осындай келе берсін жасарып

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты,-деп

Келесі кезекті дуэт Ақбота мен Ақерке « »

2 жүргізуші: Кел төрлет, есік ашық, Наурызым

Мол болып, берекелі ақ уызың

Шалқыған шаттық әкел әр ошаққа

Сыйлашы ел-жұртыңа жан қызуын,-деп Қыздар тобы «Айым болып тудыңба»

1-жүргізуші: Жақындатып өткенге, кеткенге енді,
Көктем келді балбырап, көктем келді.
Суық сорған жаныма шуақ құйған,
Осы еді ғой күткенім көптен бері,-деп кезекті күйге береміз «Июнь жарлығы» орындайтын Құлке Бексұлтан

2-жүргізуші: Әрбір жанның арманы орындалып,
Сәтті болсын биылғы қадамдары.
Ел - жұртымның тілеуін тілесейік,
Жаңа жылда қалайық бір есейіп

-келесі тамашайлайтыңдарыңыз би 3-4 сынып оқушылары

1-жүргізуші: Наурызым!
Жарқыраттың шығыс Күнін,
Бар адамдар туыс бүгін.
Тілеп елдің тыныштығын,
Жүректерде жыр ұшқының,-деп кезекті биге береміз

5-6 сынып оқушылары

2-жүргізуші: Өлең өрлеп, жыр самғай

Үйлесті әсем сәніміз

Болады екен жыл сондай 7

Қандай болса Наурыз!

-кезекті оркестарларға береміз «Кеңес күйі»

1-жүргізуші:Наурыз құтты болсын

Дендеріңіз сау, мықты болсын

Наурыз тойы келе берсін

Барлық халық бақытқа кенелсін!

Еліміздің несібесі көп болсын

Қош, сау болыңыздар, халайық

Көріскенше күн жарық болсын!

2-жүргізуші:Жиналған құрметті қауым, Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі Наурызда да төрт көз түгел, уайым-қайғысыз амандықпен кездесейік. Бас аман, бауыр бүтін болсын.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Наурыз -думан"

Автор: Куанышова Дария Оразгалиевна

Дата: 09.04.2018

Номер свидетельства: 465505

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "" Наурыз-Думан""
    ["seo_title"] => string(14) "nauryz_duman_5"
    ["file_id"] => string(6) "468887"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1525864683"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) ""Наурыз -думан!" та?ырыбында ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет "
    ["seo_title"] => string(65) "nauryz-duman-tak-yrybynda-ashyk-u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekiet"
    ["file_id"] => string(6) "193166"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427605413"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Наурыз-думан"
    ["seo_title"] => string(14) "nauryz-duman-2"
    ["file_id"] => string(6) "310137"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458933539"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""Наурыз думан" кеш"
    ["seo_title"] => string(16) "nauryzdumankiesh"
    ["file_id"] => string(6) "286048"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454267204"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) ""Наурыз" думан"
    ["seo_title"] => string(14) "nauryz_duman_2"
    ["file_id"] => string(6) "415494"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494840486"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства