kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Халқын сүйген жүрек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Президент күнінің маңызын ұғындыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық жұмысқа баулу. өзіндік ой-пікір қалыптастыра білуге дағдыландыру. Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Тәуелсіз елдің тәрбиелі, білімді азаматы болуға тәрбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Халқын сүйген жүрек»

Сабақтың тақырыбы: Халқын сүйген жүрек

Сабақтың мақсаты: Президент күнінің маңызын ұғындыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық жұмысқа баулу. өзіндік ой-пікір қалыптастыра білуге дағдыландыру. Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Тәуелсіз елдің тәрбиелі, білімді азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сынып оқушыларын «Елбасы» және «Тәуелсіздік» топтарына бөлу

ІІ. Кіріспе сөз: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі, бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға мектебімізге қош келдіңіздер дей отырып, сабағымызды бастайық. (интерактивті тақтадан елбасының, кітаптарының суреттері слайд түрінді көрсетіліп тұрады.)

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

- Ал, балалар! Осы өлең жолдарын тыңдай отырып және тақтада

көрсетілген суреттерге қарап бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта деп ойлайсыңдар?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

- Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз еліміздің тұңғыш президенті күні

мерекесіне арналады. Ендеше сабағымыздың тақырыбымен таныс болыңыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Халқын сүйген жүрек» деп аталады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны жіберіледі.

ІІІ. Ой шақыру.

Шарты: алдарында жатқан плакаттарға өз топтарының атына байланысты ассоцация жасау.

ІҮ. Ой толғаныс «Менің Президентім»

Шарты: топтар «Менің Президентім» тақырыбында ойларын ортаға салып, өздері білген мәліметтерді қағаз бетіне түсіріп, жауап береді.

Ү. «Ғажайып ұяшықтар»

Шарты: ұяшықтарды ашып, астында жасырылған сұрақтарға жауап беру.

10-ұяшық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні, туған жері

(1940 жыл 6-шілде. Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы)

10-ұяшық. Қазақстанның ақшасы қалай аталады? (Теңге)

20-ұяшық. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жыл 16-желтоқсан)

20-ұяшық. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4)

30-ұяшық. Елтаңбаның авторлары кімдер? (Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

30-ұяшық Әнұранның авторлары кімдер? (Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов)

40-ұяшық. Қазақстан Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

40-ұяшық. Қазақстанның АтаЗаңы қабылданған күн? (1995 жыл 30 тамыз)

50-ұяшық. 2015 жылғы кезектен тыс өткен Президент сайлауында Н. Ә. Назарбаев қанша дауыс жинады? (97,7 пайыз)

50-ұяшық. Н. Ә. Назарбаевтың басқа лауазымдары мен мансаптары? (Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығың төрағасы, Нұр Отан Халықтық демократиялық партиясының төрағасы, Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы, ЕҚЫҰ-ның төрағасы)

ҮІ. Ұлы тұлғалар

Шарты: Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар туралы айтылады.

  1. Аса көрнекті ғалым, біртуар академик. Қазақстан ғылымының

негізін салған. Қазақстан Ғылым академиясының шаңырағын көтерген және оның тұңғыш президенті (Қаныш Имантайұлы Сәтбаев)

  1. Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес

Одағының батыры, жазушы, әскери қайраткер, ұлт мақтанышы (Бауыржан Момышұлы )

  1. КСРО және КОКП Орталық Комитетінің, кеңестік

Қазақстанның аса көрнекті басшысы, академик. Қазақстанның мәдениеті мен экономикасын дамытуға ерекше үлес қосқан тұлға (Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев)

  1. Қазақ халқының аса көрнекті ақыны. Қарусыздану мен

бейбітшілік жолындағы күрескер (Олжас Омарұлы Сүлейменов)

  1. Көрнекті мемлекет қайраткері, бейбітшілік пен татулық және

ел бірлігі жолындағы жалынды күрескер (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

  1. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық

қаһарманы, қоғам қайраткері, ұшқыш (Тоқтар Әубәкіров)

ҮІІ. Бинго «Жылдар сөйлейді»

Шарты: бинго кезеңінде лототроннан шыққан санда сұрақ жасырылады, әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Қатысушылардың қолдарында лоторея билетттері бар, сол билеттен лототроннан шыққан сай қай ойыншыда болса сол сұраққа жауап береді. Ойлануға 5 секунд беріледі.

  1. Н.Ә.Назарбаев қай жылы Қарағанды металлургия комбинаты

жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді? (1967 жылы)

  1. Ш. Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік

әнұран болып қашан қабылданды? (2006 жылы)

  1. Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын

білдіріп шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Бұл қай оқиға қай жылы болды? (Желтоқсан оқиғасы 1986 жыл)

  1. Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы,

Елтаңбасы, Әнұраны туралы заңға қашан қол қойды? (1992 жылы)

  1. Қазақстанда соңғы президент сайлауы қашан болды? (2015

жылы)

  1. Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР-інің президенті болып қашан сайланды? (1990 жылы)

ҮІІІ. Суырыпсалма

Шарты: бұл кезеңде топ басшылар сайысады. Аяқталмаған өлең

шумақтары беріледі. Сол өлең шумақтарын топбасшылар өз ойларымен ары қарай жалғастырады. Ұйқасты, мағыналы өлеңге 20 ұпай беріледі.

Қорытынды: Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің ән күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.

Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі мен бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында

Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Халқын сүйген жүрек

Автор: Сабирбаева Амангуль Абдикадировна

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388472

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Эссе: Елін с?йген ж?рек"
    ["seo_title"] => string(25) "essieielinsuighienzhuriek"
    ["file_id"] => string(6) "325118"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462859313"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "1 желто?сан т???ыш президент к?ніне арнал?ан саба?ты? ?зірлемесі "
    ["seo_title"] => string(77) "1-zhieltok-san-tu-n-g-ysh-priezidient-kuninie-arnalg-an-sabak-tyn-zirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "200130"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428735211"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Елін с?йген, елі с?йген Елбасы"
    ["seo_title"] => string(33) "ielinsuighienielisuighienielbasy1"
    ["file_id"] => string(6) "282388"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453699445"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы."
    ["seo_title"] => string(36) "ielin_suighien_ieli_suighien_ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "364835"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480629736"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев "
    ["seo_title"] => string(35) "ak-iyk-ak-yn-mu-k-ag-ali-mak-ataiev"
    ["file_id"] => string(6) "171638"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423686798"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства