kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан - жүз тілдің елі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет болғанан соң, Қазақстанда тұратын әр азамат қалған тілде сөйлеу өз еркінде

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан - жүз тілдің елі»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан – жүз тілдің елі»

Өткізілетін күні: 17.09.2018

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге, ана тілімізден бөлек шет тілдерін, соның ішінде әсіресе ағылшын және орыс тілдерін меңгерудің маңызын түсіндіріп, бірақ өзге тілде емес, өз ана тілімізде қарым-қатынас жасауға тәрбиелей отырып, оқушылардың адамгершілік, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту.

Тәрбие сағатының өткізілу формасы: баяндама, стикерлер, слайд, жетондар.

Тәрбие сағатының барысы: Оқушылар жетондар бойынша «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» болып үш топқа бөлінеді.

І-бөлім.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы айтулы мерекеге арналады.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Осынау қарапайым ғана өлең жолдарының астарына үңіле қарасақ, қандай терең ой жатыр десеңізші! Біз – қазақпыз, біздің туған тіліміз – ана сүтімен дарыған қазақ тілі. Өз тілімізде сөйлеу өзін  қазақпын деп санайтын әр тұлғаның азаматтық борышы. Тілін сүйген бала халқын сүйеді, халқын сүйген елін, жерін сүйеді. Десек те, қазіргі таңда өз ана тілімізбен қатар шет тілдерін білудің маңызды екені даусыз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауында» «Тілдердің үштұғырлылығын» баса көрсетіп атап өткен болатын. Өйткені, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – басқа елдермен қарым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі – еліміздің экономикалық қарым-қатынасын реттейтін дүниежүзілік тіл. Сондықтан осы үш тілдің бірігуі еліміздің алдыңғы қатарлы дамыған 30 мемлекеттің құрамына енуіне бастайтын тілдер үштігі. Сондықтан, еліміздің барлық білім ордаларында ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқыту жолға қойылды. Елімізде көптеген шетелдік компаниялар ел экономикасын дамыту жолында ашылып жатыр. Бұл компанияларға жұмысқа орналасу үшін осы шет тілдерін білу маңызды. Шет елдерден келген мамандардың болашақта орындарын басатындар, жоғарғы білімді, әрі білікті мамандар өз отандастарымыз болуы керек. Сондықтан мектеп бітіруші жастардың көпшілігі шет елдерде білім алуға мүмкіншілігі бар. «Болашақ» бағдарламасы бойынша қаншама жастарымыз мамандық иелері атанып, әр салада еңбекке араласуда. Яғни, еліміздің тізгіні әрқашан өз жастарымыздың қолында болуы керек.

Орысшаға жорға болсаң, не деймін,

Ағылшынға ағып тұрсаң е, мейлің.

Аппақ сүтін ақтамайсың анаңның,

Ана тілдің асырмасаң мерейін!

Ендеше, шет тілін меңгерейік, үйренейік, бірақ өз елімізде тек қана ана тілімізде сөйлесейік. Өйткені ана тіліміздің тұғыры әрқашан да мықты болуы керек.

ІІ бөлім. 

Топтық жұмыс. Оқушыларға нақыл сөздер беріледі. Тапсырма: қарамен жазылған сөздерді орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек.

Нақыл сөздер:

  1. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. [nation]

  2. Тіл – халық тарихы. [genealogy]

  3. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды ұмыту. [mother], [forget]

  4. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.

  5. Тіл – өмірдің ұлы қаруы.

III-бөлім

Мақал - мәтелдер сайысы:

1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).

2. Дәлелсіз сөз... (желмен тең).

3. Ине көзінен сынады,... (шешен сөзінен сынады).

4. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).

5. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ).

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

7. Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің қолы ортақ).

8. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар).

9. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).

10. Айтылған сөз, атылған... (оқпен тең).

Жалғасын тап:

1. Бал тамған тілден... (у тамған).

2. Тауды, тасты жел бұзар,... (адамзатты сөз бұзар).

3. Жақсы сөз... (жарым ырыс).

4. Жақсы байқап сөйлер,... (жаман шайқап сөйлер).

5. Тіл қылыштан... (өткір).

6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі... (ой өсіреді).

7. Жыланның уы тісінде, адамның уы... (тілінді).

8. Көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей... (шешен боларсың).

9. Тілден артық... (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер,... (тіл жарасы бітпес).


Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.

IV-бөлім

Викториналық сұрақтар:

1 - топқа:

1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).

3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).

4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).

5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы - қарта, жал - жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).

6. Үстеудің неше түрі бар? (7).

7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин).

8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).

9. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек).

10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).


2 - топқа:

1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).

2. Абайдың туған жылы? (1845).

3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).

4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).

5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).

6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т. б.).

7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).

8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).

9. Алғашқы романист жазушы кім? (М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»).

10. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т. б.).



Қорытынды сөз.

            Сонымен, қазіргі таңда шет тілін, әсіресе ағылшын тілін меңгерудің маңызы неде? Елбасымыз өз жолдауында былай деген болатын: Қазақстанға өзінің ғылыми әлеуетіне қоса жоғары технологиялардың халықаралық бизнесіне қатысатын және оған бастапқы құрылтайшылық деңгейінде қатысу жөнінде бастамашылық танытатын уақыт жетті деп білемін. Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан тік тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл жағдайда шет тілін білудің маңызы зор. Сондықтан заман талабына сай шет тілін меңгеру қай сала қызметкерлері үшін болмасын маңызы зор. Әйтсе де, өз ана тілімізді құрметтейік.

22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі баршамызға құтты болсын! Еліміздің болашағы жарқын, тұғыры мықты болсын! Ана тіліміз – қазақ тілінің мерейі әрқашан үстем болсын! деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазақстан - жүз тілдің елі

Автор: Ибраева Алтын Каратаевна

Дата: 10.12.2019

Номер свидетельства: 531347

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Мені? ?аза?станым - мені? болаша?ым""
    ["seo_title"] => string(41) "mienin-k-azak-stanym-mienin-bolashag-ym-4"
    ["file_id"] => string(6) "249845"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446984388"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "Сынып сағаты: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» 5 қазақ коррекциялық сынып"
    ["seo_title"] => string(80) "synyp_sag_aty_k_azak_stan_riespublikasynyn_t_uielsizdighinie_25_zhyl_5_k_azak_ko"
    ["file_id"] => string(6) "384657"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485542140"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Классный час на тему: «Мені? Отаным – ?аза?стан!»"
    ["seo_title"] => string(40) "klassnyichasnatiemumieninotanymkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "285944"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454259730"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Мені? ?аза?станым "
    ["seo_title"] => string(20) "mienin-k-azak-stanym"
    ["file_id"] => string(6) "154807"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421217026"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "МА?ТАНЫШЫМ Т?УЕЛСІЗ-?АЗА?СТАН "
    ["seo_title"] => string(36) "mak-tanyshym-t-uielsiz-k-azak-stan-1"
    ["file_id"] => string(6) "211948"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431705660"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства