kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«КАЗАХСТАНСКИЙ ПУТЬ-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біз армандарды а?и?ат?а айналдырды?. М??гілік Елді? іргетасын ?алады?.

Мен ?о?амда «?аза? еліні? ?лтты? идеясы ?андай болуы керек?» деген сауал жиі тал?ы?а т?сетінін к?ріп ж?рмін. Біз ?шін болаша?ымыз?а ба?дар ететін, ?лтты ?йыстырып, ?лы ма?саттар?а жетелейтін идея бар. Ол - М??гілік Ел идеясы.
Т?уелсіздікпен бірге хал?ымыз М??гілік М?раттарына ?ол жеткізді.

Біз елімізді? ж?регі, т?уелсіздігімізді? тірегі - М??гілік Елордамызды т?р?ызды?.

?аза?ты? М??гілік ??мыры ?рпа?ты? М??гілік Болаша?ын баянды етуге арналады.

Ендігі ?рпа? - М??гілік ?аза?ты? Перзенті. Ендеше, ?аза? Еліні? ?лтты? Идеясы - М??гілік Ел!

 М??гілік Ел ??ымы ?лтымызды? ?лы ба?дары - «?аза?стан-2050» Стратегиясыны? т?п ?азы?ы.
Т?уелсіздікке ?ол жеткізгеннен г?рі оны ?стап т?ру ?лде?айда ?иын.

Байлы?ымыз да, ба?ытымыз да бол?ан М??гілік Т?уелсіздігімізді к?зді? ?арашы?ындай са?тай білуіміз керек.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««КАЗАХСТАНСКИЙ ПУТЬ-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» »

Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ


Сарманова Айкерим Жандосовна

Қарақұм орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Алғашқы сабақтың мақсаты: Оқушылардың жолдау туралы ойларын толықтыру.Елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Кітаптар, Қазақстан Республикасының рәміздері, Елбасының суреті.

Тәрбие сағатының барысы:

Қымбатты оқушылар! Мен өз сөзімді президенттің жолдауында айтылған тұнық ойлармен бастағым келеді.

Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

Біріншіден, бұл - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екіншіден, бұл - қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл - зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

Бесіншіден, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншыдан, бұл - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

Әсіресе, Бұл Стратегия жастарға яғни сіздерге арналған. Себебі болашақтың тұтқасын ұстар азаматтар мен азаматшалар сіздердің араларыңызда отыр.

Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Бүгінгі міндеттеріңіз білім алу болса, келешек маман сіздер.

Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!

жолдауда Елбасы дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынды.

Бірінші

Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды.

1.Автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондар өндірісі жолға қойылады. Оларды кеңейтіп сыртқы нарыққа шығару керек.

2. Мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы т.б негізін қалау керек.

Екінші

Екінші. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды.

Бұл - біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс.

Үшінші

Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру.

Шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдалану керек. Шетелдік компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру қажет. Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ.

Төртінші

Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек.

Көлік инфрақұрылымы – индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. «Сапалы заманауи магистральдарсыз дамыған ел болмайды деп мен талай еет айттым» -дейді Елбасы. Бұған қоса, Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мәнге ие. Елде жолдар желісін жасау үшін біз «Астана – Қарағанды – Алматы», «Астана – Павлодар – Өскемен», «Алматы – Қапшағай – Өскемен» автожолдарын салуды бастадық. Осы бағыттар бойынша пойыздар қазірдің өзінде екі есе жылдам жүріп жатыр.

Бесінші

Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы.

Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.

Алтыншы

Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?


6.1

Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.


6.2

Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық - алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. . Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі - медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу - аурудың алдын алудың негізі.

6.3

Жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.

6.4

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастырған жөн. Үкіметке азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеуді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізуді тапсырамын. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында - 28, білім беру саласында - 29, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.

6.5

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді.


Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол

Жетінші

Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру.

Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет.







Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!

Мәңгілік Ел ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.





ҚАДІРЛІ ОҚУШЫЛАР ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ СІЗ БЕН БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА.

ЕЛ ДАМУЫНА АТСАЛЫСАЙЫҚ. САУ БОЛЫҢЫЗДАР.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«КАЗАХСТАНСКИЙ ПУТЬ-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее»

Автор: Сарманова Айкерим Жандосовна

Дата: 15.04.2015

Номер свидетельства: 201756

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "Сценарий классного часа   "Казахстанский путь -2030:единая цель,единые интересы,единое будущее" "
    ["seo_title"] => string(108) "stsienarii-klassnogho-chasa-kazakhstanskii-put-2030-iedinaia-tsiel-iedinyie-intieriesy-iedinoie-budushchieie"
    ["file_id"] => string(6) "226579"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1440353378"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) "Классный час на тему: «КАЗАХСТАНСКИЙ ПУТЬ-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» 7 класс "
    ["seo_title"] => string(111) "klassnyi-chas-na-tiemu-kazakhstanskii-put-2050-iedinaia-tsiel-iedinyie-intieriesy-iedinoie-budushchieie-7-klass"
    ["file_id"] => string(6) "121767"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414068550"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) ""Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее" "
    ["seo_title"] => string(82) "kazakhstanskii-put-2050-iedinaia-tsiel-iedinyie-intieriesy-iedinoie-budushchieie-1"
    ["file_id"] => string(6) "150639"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420539002"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "Классный час "«Казахстанский путь – 2050: единая цель, единые интересы, единое будущее»." "
    ["seo_title"] => string(94) "klassnyi-chas-kazakhstanskii-put-2050-iedinaia-tsiel-iedinyie-intieriesy-iedinoie-budushchieie"
    ["file_id"] => string(6) "126745"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415209071"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "«Казахстанский путь -2050: единая цель, единые интересы, единое будущее» "
    ["seo_title"] => string(82) "kazakhstanskii-put-2050-iedinaia-tsiel-iedinyie-intieriesy-iedinoie-budushchieie-2"
    ["file_id"] => string(6) "161794"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422275848"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства