kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Айтуға оңай» бағдарламасы негізінде құрылған 8 сынып ата – аналарымен өткізілетін жиналыс

Мақсаты: Ата – аналарға ұлттық педагогика негізіндегі қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін насихаттай отырып, қыз балалардың бойына қалыптастыратын  адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы еліміздің болашағы, келер ұрпақтың анасы болатындай қыз бала өсіруде өнегелі тәрбие беру жолдарын дәріптеу, ой салу, пікір алмасу.

ақпараттық – қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;

проблеманы шешу – қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіруді насихаттау.

Көрнекілігі: «шебер қолдар» көрмесі, Кітап көрмесі, нақыл сөздер,бейне материалдар, проектор, жадынама.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"»

Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

«Семей қаласының №37 гимназиясы»

Сынып жетекшілер: Шәріпхан А. Сағатбекова Ж. Садуақасова Г. Журтбаева Г. Ибрагимова Б.

Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі

«Айтуға оңай» бағдарламасы негізінде құрылған 8 сынып ата – аналарымен өткізілетін жиналыс

Мақсаты: Ата – аналарға ұлттық педагогика негізіндегі қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін насихаттай отырып, қыз балалардың бойына қалыптастыратын адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы еліміздің болашағы, келер ұрпақтың анасы болатындай қыз бала өсіруде өнегелі тәрбие беру жолдарын дәріптеу, ой салу, пікір алмасу.

ақпараттық – қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;

проблеманы шешу – қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіруді насихаттау.

Көрнекілігі: «шебер қолдар» көрмесі, Кітап көрмесі, нақыл сөздер,бейне материалдар, проектор, жадынама.

Өткізу технологиясы: «Айтуға оңай...» тележобасы айдарымен

Барысы.

Жүргізуші: Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген.Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.

жүргізуші: Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, ата- аналар, кешіміздің қонақтары! Бүгін мектебімізде «айтуға оңай» бағдарламасы негізінде өткелі отырған «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбына арналған ата аналар жиналысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі тілге тиек болар әңгіме жастарға, оның ішінде қыз балаларға беріліп жатқан тәрбие. Сөз басын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ » , – деген сөзден бастасақ.

2-жүргізуші:

Я, дұрыс айтасың. Халқымыз «қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.

Жүргізуші: Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ.Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі-адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей,болашақ түзелмейді.
2-жүргізуші: Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.
Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақатамақ. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана,үй ұстап,жар күтетін адал жар,ата-ене сыйлап,иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламастан, бұл-өмір заңы»-деген.
Сол әдепті,инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн. Ендеше,қыз бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісіңіз,сырласыңыз,пікіріңізді білдіріңіз. 

Жүргізуші: Алдымен ортамызға бүгінгі кешіміздің қонағы, педагогика ғылымының кандидаты, доцент, ҚР білім беру ісінің үздігі Дүйсембекова Шолпан апайымызды ортаға шақырамыз.

  • Біз осы тақырыпты қозғар аладында сіздің «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбындағы еңбегіңізбен таныстық. Бұл еңбегіңізді жазуға не себеп болды, жалпы сол кітабыңызбен ата- аналарды таныстыра кетсеңіз.

  • жүргізуші: Қазіргі студиямызға ой бөлісуге қаламыздың «Қазақ тілі қоғамы» ұйымынан келіп отырған ...... шақырайық. Бейне материалға көңіл аударайық. Мына бейнекөріністі көре отырып, қазіргі кезде қыз балалардың тәрбиесінде алаңдататын қандай нәрселер бар деп ойлайсыз?

  • Жүргізуші:Келесі қонағымыз көп балалы ана, ұстаз ........... ортаға шақырайық.

  • Жүргізуші:Қазақ халқы бойжеткен қыздардың киiм киiсiне де ерекше көңiл бөлген. «Адам көркi – шүберек, ағаш көркi – жапырақ», «Қыз өссе – елдiң көркi», – деп таныған халқымыз қыз балаларға қынама камзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрiк, қос етек көйлек, биiк өкше етiк тiктiрiп кигiзген. Сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзi – қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйiрлiгiн бiлдiредi.Халқымыз қыздың көркiне ақыл-ойы, мiнезi сай болуын қалаған. «Қыз – қылығымен сүйкiмдi», «Қызым үйде, қылығы түзде» деп, қыз тәрбиесiнiң ерекшелiгiне аса жоғары мән берген.

  • Жүргізуші: Ортаға гиманзияның тәрбие жұмысының меңгерушісі Турсумбаева Шынар Рахатқызын шақырайық. Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады. Сондықтан да, тәрбиелі, инабатты, намысты, ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады. Жастықтың өзi – сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсi. Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерекше көңiл бөлген. «Аттың көркi – жалы, арудың көркi – шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтiп-өсiрудi өнер санаған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған. Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындығы iзiн басты» немесе «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған. Енді осы пікірлерді біздің гимназиядағы қыз балалардың тәрбиесімен байланыстыра отырып ой бөліссеңіз.

  • Жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен

Жарыса төгілген қос бұрымымен

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы –

Қыз сұлу көрінеді білімімен

Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

Ай қабақ, қиғаш қара қасымен

  • Жүргізуші: Ортаға гимназияның « шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі, технология пәні мұғалімі ....... шақырамыз.

  • жүргізуші: Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Осындай жұмыстарға үйретуде гимназияның да өзіндік орыны бар. Сонымен бірге қазір осы қыздарымыздың шебер қолдарымен жасалған бұйымдарды таныстыра отырып , қол өнердің тәрбиеде қаншалықты маңызы бар екеніне тоқтала кетсеңіз.

  • жүргізуші : Студиямыздың келесі қонағы гимназияның психолог маманы, жас болсада ізденімпаздығымен, жауапкершілігімен ерекшеленген ..... шақырайық. Қыз өсіру,гүл өсірумен бірдей! Гүлге де әлсін-әлсін су құйып,ауа жеткізіп, айналасын арамшөптерден тазалап отырады ғой. Қыз да сондай. Сондықтан да мектеп жасындағы қыз балалардың салт дәстүрге көзқарастары қандай? Осы тақырыпта сіз саулнама жүргіздіңіз, жүргізген сауалнамаларыңызға сүйене отырып, танысытырып өтсеңіз

  • жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
    Жанары, жаны жаздай жайрандаған.
    Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
    Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,- дегендей, қазақтың қызы-қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты,бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды.Қыз баланың дұрыс жүріп-тұруы ата-ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен,жасөспірімдік шақ,бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады екен. Ата- аналарға сөз беріп, ой бөліссек.

  • 2-жүргізуші: Біз ата-ананы пір тұтқан тегімізді атадан, тілімізді анадан бастаған халықпыз. Атасыз ұл ақылға жарымас,анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе» - дегендей қонаққа келген .... сұхбатымызға шақырамыз.
    - Сіз қандай бойжеткен болдыңыз? 
    - Қыздарға берер қандай ақыл-кеңесіңіз бар?

  • Бүгінде елдің қадірлісі, асыл ана, аяулы әже атанып, халықтың, соның ішінде артыңыздан ерген сіңілі-қыздарыңыздың бағыт алар бағдаршамы болып отырсыз. Сондықтан да орайы келген сұхбатымызды қыз баланың тәлімі мен тәрбиесіне арнамақшымыз. Енді қазақ қызының тәрбиесі – күллі қазақтай ұлттың тәрбиесі деп білеміз. Сіздің ойыңыз қандай?
    2- жүргізуші: Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер.

Жүргізуші: Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

1-жүргізуші: «Ел болам десең – бесігіңді түзе » деген, ел сенімін ақтап, болашақ ана болар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, тәрбиелі, инабатты, сыпайы, әдепті қыз бала тәрбиелеу ұлы парызымыз деп білейік.(Жадынама таратылады)



2-жүргізуші:

«Қыз- ұлттың жаны» демекші, қыздарымыз ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола берсін!  Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – осы балаларымыз! Айтуға оңай әрине..., бірақ барлық мәселелерді бүгінгі кешімізде шеше алмасақ та, қыз бала тәрбиесіне байланысты біраз ойлар қозғалып, пікір алмастық. Келесі кездескеше аман болыңыздар!


  • Ата – аналарға жадынама: 
    Балаңызбен барынша ашық сөйлесуге тырысыңыз. 
    Жасөспірімдік шаққа қажетті баланың білгісі келетін ақпаратты өзгеден емес, өзіңізден естуі қажет. 
    Барынша ашық болыңыз, егер білмесеңіз, күдіктенсеңіз, ол туралы ашық айтыңыз. 
    Балаңызды жақсы көретініңізді байқатыңыз, оны еркелетіңіз. 
    Балаңыздың тәртібіндегі әрбір қадамына назар аударыңыз. 
    Балаңызды келеңсіз жағдайлардан қорғай біліңіз. 



Сауалнамалар 
1. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы мүмкін? 
______________________________________________________________ 
2. Өзіңді ұстау ережелерін білесің бе? (қонақта, театрда, сабақта, спорт залда, асханада) 
______________________________________________________________ 
3. Сен киіну мәдениетіне мән бересің бе? 
______________________________________________________________ 
4. Инабаттылық, әдемілік, әсемдік туралы қандай көркем шығармаларды білесің? 
______________________________________________________________ 
5.Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің? 
______________________________________________________________ 
6. Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатыр дегеніне келісесің бе? ______________________________________________________________ 





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"

Автор: Шарипхан А. Сағатбекова Ж, Садуакасова Г, Журтбаева Г. ИбрагимоваБ.

Дата: 21.11.2016

Номер свидетельства: 361171

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""?ыз т?рбиесі - ?лт  т?рбиесі ""
    ["seo_title"] => string(22) "kyztrbiiesiulttrbiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "329446"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463936202"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері.  ?ыз-?ріс, ?ыз-?она?. "
    ["seo_title"] => string(56) "k-azak-khalk-ynyn-salt-d-sturlieri-k-yz-oris-k-yz-k-onak"
    ["file_id"] => string(6) "201923"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429153898"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Саба? жоспары:" Ыбырай Алтынсарин ?нгімелері""
    ["seo_title"] => string(41) "sabakzhosparyybyraialtynsarinnghimielieri"
    ["file_id"] => string(6) "270664"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451228338"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "?демі - ай."
    ["seo_title"] => string(8) "diemi-ai"
    ["file_id"] => string(6) "312180"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459316534"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы» "
    ["seo_title"] => string(32) "otbasy-t-rbiiesi-u-lt-bolashag-y"
    ["file_id"] => string(6) "157065"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421521690"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства