kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қыз сыны -2017 байқауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Қыз сыны" байқауы өткізу барысында қазақ қыздарының бойына ұлттық дәстүр, тәрбие білім беруге тәрбиелейміз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қыз сыны -2017 байқауы»

Көктем аруы-2017

Мақсаты: Өзін-өзі таныстыра білу, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп оқу. Әдептілікке, сыпайылыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, тілін дамыту.


Жүргізуші:  

Құрметті жиналған қауым!
                      Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
                    Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
                    Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
                    Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.


  Бүгінгі «Көктем аруы – 2017» атты арулар сайысына қош келдіңіздер!
«Көктем аруы – 2017» байқауын тамашалауға келіп отырған құрметті қонақтар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар, сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған 8-наурыз  Халықаралық әйелдер мерекесімен  құттықтаймыз.
               

Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  
 
                Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
                Аруы деп мектептің жүрейікші.
                Әділқазыларға тек әділдікті,
                Ал аруларға сәттілік тілейікші.


 Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1. 5-сынып оқушысы – Абляш Жанерке
2. 5-сынып оқушысы – Акимбаева Ақнұр
3. 6-сынып оқушысы – Абляш Айымгүл
4. 6-сынып оқушысы – Нығмет Аяжан
5. 7-сынып оқушысы – Абикиеева Айсана
6.7-сынып оқушысы – Қажымұрат Ділнәз


Жүргізуші:  Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. 2.
3. Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1.  Өзін -өзі таныстыру. (қыздарымыз өздерін таныстырып өтеді)
2.  Сән үлгісі (шаш, көйлек үлгісін көрсетеді)
3.  Өз өнерін көрсету (ән айту, би билеу сияқты өз бойында бар өнерін көрсетеді)
4.  Салт-дәстүрді білесіз бе? (берілген сұрақтарға жауап береді)
5.  Үй тапсырмасы (дайындаған тамақ, қолдан жасалған бұйымдарын таныстырады)


Келесі кезекте аруларымыздың реттік нөмірлерін білейік.
(Қатысушылар әділқазы  алқасының  алдынан нөмір  алады да, кезекпен  өздерін таныстырады.)

Жүргізуші:

I кезең. Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

( әділқазы алқасы бағаларын береді)


Жүргізуші:

6-сынып қыздарының «Айналайын» әнін қабыл алыңыздар!


ІІ кезең. Сән үлгісі
Ал, халайық, ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
( әділқазы алқасы бағаларын береді)


Жүргізуші:

Көкеш Жұлдыздың орындауында «Көзімнің қарасы» әнін қабыл алыңыздар!


III  кезең. Өз өнерің көрсету Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

( әділқазы алқасы бағаларын береді)


Жүргізуші:

Жанатова Мадинаның орындауында «Балапан қаз» әнін қабыл алыңыздар!

IV кезең. Салт-дәстүрді білесіз бе? Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.


Салт-дәстүрді білеміз бе? (Сұрақтарға жауап беру)

1. Ерулік дегеніміз не? (Ауыл арасына жаңа көшіп келсе, сол ауылда бұрыннан тұратын адамдар жаңа үй иелерін ерулікке шақырады, яғни ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа көшіп келушілерді бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.) 2. «Төрт аяқты бота тату, Екі аяқтыдан бөле тату» деген сөздегі «бөле» кім? (бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балалары.) 3. Қымызмұрындық деген не? (ол бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Бие сауылып, оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-қолаңдар «қымызмұрындыққа» шақырады.) 4. Шілдехана қандай дәстүр? 5. Жүннен жасалған бұйым (Киіз) 6. Сәндік бұйым жасайтын адам? (Зергер) 7. жиен кім? (күйеуге шыққан қыздан туған баласы) 8.Ұлыс күні жасалатын тағам? (Наурызкөже)
9. Түйенің сүті? (Шұбат)
10. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (Соғым)
11. Қазақ қыздарының бас киімі (Сәукеле)
12. Екі ақынның сөз өнерімен сайысы (Айтыс)
13. Ең құрметті, қасиетті, жанашыр адам (Ана)

14. Теріден тігілген киім (Тон)
15. Жылқы атасы (Қамбар ата)
16. Қыс қолайсыз болып малдардың жаппай қырылуы (Жұт) 17. Төрт түліктің жайылымы (Өріс) 18.Келін түсіру тойы (беташар қыз ұзату сияқты өтеді)

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

 

V кезең. Үй тапсырмасы ( үйлерінен жасап әкелген тамақтарымен қолдаң жасалған бұйымдарын көрсетеді)  ( әділқазы алқасы бағаларын береді)


Жүргізуші:

Келесі кезекті «Көктем аруы – 2017» атанған қызымызға өзінің тәжін тапсыруға келіп отырған «Көктем аруы – 2016» -ның аруын шақырамыз.






Жүргізуші:

«Қыз – ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.

Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт-береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.



































Қ.Кемеңгеров атындағы орта мектеп





Мектепішілік қыз сыны байқауы



«КӨКТЕМ АРУЫ – 2017» САЙЫСЫ

5 – 7 –СЫНЫПТАР АРАЛЫҒЫНДА







ӨТКІЗГЕН : АҒА ТӘЛІМГЕР Г.Қ. КАСЫМОВА







2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Қыз сыны -2017 байқауы

Автор: Касымова Гульнар Кайруллиновна

Дата: 10.03.2017

Номер свидетельства: 398843

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "?ыз сыны  бай?ауы"
    ["seo_title"] => string(14) "kyzsynybaikauy"
    ["file_id"] => string(6) "303839"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457610933"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "сценарий "?ыз сыны""
    ["seo_title"] => string(17) "stsienariikyzsyny"
    ["file_id"] => string(6) "281449"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453535330"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) "Қыз сыны"
    ["seo_title"] => string(9) "k_yz_syny"
    ["file_id"] => string(6) "399293"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1489250256"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "«Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны байқауы"
    ["seo_title"] => string(45) "k_yzdar_koktiem_ghuli_atty_k_yz_syny_baik_auy"
    ["file_id"] => string(6) "469093"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1525979686"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "8 наурыз "К?ктем аруы" (?ыз сыны бай?ауыны? сценариі) "
    ["seo_title"] => string(54) "8-nauryz-koktiem-aruy-k-yz-syny-baik-auynyn-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "233750"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443202074"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства