kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыз сыны бай?ауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: ?ыз балаларды? жан д?ниесіндегі к?ркемдік тал?амын ?алыптастыру, ?аза? хал?ыны? ?ыз т?рбиелеу салт - д?ст?ріне байланысты ?дептілікке, инабаттылы??а, ізеттілікке тірбиелеу.

К?рнекілігі: «?ыз - елді? к?ркі» (?лтты? киімді ?ыздарды? суреттері), «?нер таусылмас азы?» (?ол?нер т?рлеріні? фотосуреттері), ма?ал - м?телдер, ?анатты с?здер жазыл?ан слайдтар.

1-ж?ргізуші: Армысыздар ??рметті ?она?тар, бізді? мектепті? ?стаздары ж?не бай?ау?а ?атысушы арулар!

2 – ж?ргізуші: Кеш жары?, ?адірменді ?она?тар, аяулы ?стаздар. «?ыз – ?лт болаша?ы» атты ?ыз сыны бай?ауына ?ош келді?іздер!

1 – ж?ргізуші:  Армысы?, ?нер с?йер асыл хал?ым,
Мереке ??тты болсын ауылдасым.
Та?ы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын ?аза?ымны? д?ст?р - салтын.

2 – ж?ргізуші:  Б?гінгі ?ткізіліп отыр?ан бай?ауымызда «?ыз – ?лт болаша?ы» деп тегін ата?ан жо?пыз. Елімізді? ерте?і мына ?рпа?ты? ?олында. Б?гінгі ?л – ерте?гі ?ке, б?гінгі ?ыз ерте?гі ана. Сол себептен ?лтымызды? салт - д?ст?рін, ?дет - ??рпын оларды? бойына сі?іріп ?сіру – басты ма?сатымыз. Сонды?тан осы бай?ауда ?ыздарымыз к?п біліп, ?з білімдерін к?тереді деп ойлаймыз.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыз сыны бай?ауы»

«Қыз - ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауының сценарииі

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер жазылған слайдтар.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар!

2 – жүргізуші: Кеш жарық, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар. «Қыз – ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші: Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр - салтын.

2 – жүргізуші: Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызда «Қыз – ұлт болашағы» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймыз.

1 - жүргізуші: Ендеше, сайысқа бағын сынайтын аруларымыздың бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін сайыс барысында байқайтын боламыз.
Туған жер азаматтың мекені екен,
«Мектеп аруы» бас бәйгеге
Кімнің бағы жанып жетеді екен?
Намысты бермеу үшін қолдан өзі
Мінеки, Арулар да сынға түседі екен.

Сіздерге сәлем беріп көрінуге, Арулар сахнаға шықсын енді.- демекші аруларымызды қошеметпен шақырайық.

  1. -----------------------------------------------------------------------------------------

  2. ----------------------------------------------------------------------------------------

  3. -----------------------------------------------------------------------------------------

  4. ----------------------------------------------------------------------------------------

  5. -----------------------------------------------------------------------------------------

  6. ----------------------------------------------------------------------------------------

  7. ---------------------------------------------------------------------------------------

  8. ----------------------------------------------------------------------------------------

  9. ----------------------------------------------------------------------------------------

( Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға, ортаға қатар - қатар келіп тұра бастайды. Осы кезде «Қыз сыны» әнінің әуені ойналып тұрады. )

2 - жүргізуші: Бірінші ару - ақша маңдай, үлкен - кіші мақтағандай.
1 - жүргізуші: Екінші ару - өз әлінше, жақсыларды жақтағандай.
2 - жүргізуші: Үшінші ару - достарын сары алтындай сақтағандай.
1 - жүргізуші: Төртінші ару - көңілді, сыны жоқ, оқуын да даттағандай.
2 - жүргізуші: Бесінші ару - ажарлы, ақша бетті ұқсаған жұмақтағы хор қызына.
1 - жүргізуші: Алтыншы ару – келеді, еркін басып, шекесіне үкі таққан.

2 - жүргізуші: Жетінші ару - ай көрік, қылығы – күн.
1 - жүргізуші:Сегізінші ару - таудай биік талабы зор.

2 - жүргізуші:Тоғызынша ару- жанары жаны жаздай жайраңдаған.

1 - жүргізуші: Ендеше, аруларға сәттілік тілей отырып, жеребе тартқызайық. Қанекей келіңіздер, мархабат, мына қоржынан өз нөмерлеріңізді алыңыздар.
( Осы кезде жүргізуші қоржынды сайыскерлерге ұсынады. Қоржын ішіндегі асықта нөмірлері болады, сол бойынша жауап береді. Нөмірі бар эмблема кеуделеріне тағылады.) Рахмет барып дайындала берулеріңізге болады.


2 - жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.

Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек. Әр сайыс 10 ұпаймен бағаланады. ( қазылар алқасын таныстыру не болмаса тағайындау)

1.________________________________________________________

2.________________________________________________________

3.________________________________________________________

1 - жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек.
Сайыс кезеңдері:

1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру. 2мин
2. «Өнер әлемі» өз өнерін көрсету. 3мин.

3. «Бәйге» салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру. 1 мин.

4. «Қонақ күте білеміз бе?» үйден әзірлеп әкелген дәмділерді ұсыну.
5. «Сұлулық әлемі» киім және шаш үлгісін көрсету.


2 - жүргізуші: Аруларымызды шақырайық, бірінші сайыс «Мен қазақтың қызымын».


1 - жүргізуші: Сайыстың таныстыруын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Аруларды ду қол соғып қостайық. Алдарыңызда:

№1нөмірлі ару

№2 нөмірлі ару -



№3 нөмірлі ару -



№4 нөмірлі ару -



№ 5 нөмірлі ару -



№6 нөмірлі ару -



№ 7 нөмірлі ару -



№ 8 нөмірлі ару -



№9 нөмірлі ару - қарсы алайық.
(арулар өздерін таныстырады)



2 - жүргізуші: Қазақ жұрты киелі
Өнерліні сүйеді
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,
Би билеп, ән салып бер енді.


1 -жүргізуші:
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та. «Өнер әлемі» өз өнерін көрсету. 3мин.



  1. -----------------------------------------------------------------------------------------

  2. ----------------------------------------------------------------------------------------

  3. -----------------------------------------------------------------------------------------

  4. ----------------------------------------------------------------------------------------

  5. -----------------------------------------------------------------------------------------

  6. ----------------------------------------------------------------------------------------

  7. ---------------------------------------------------------------------------------------

  8. ----------------------------------------------------------------------------------------

  9. ----------------------------------------------------------------------------------------



2 -жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.



1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, сайыскерлерімізді сахнаға шақырамыз. Ендігі сайысымыз «Бәйге» деп аталады. Сұрақтарға 1 минут ішінде жауап берулеріңіз керек.
(сайыскерлер кезек - кезек сұрақтарға жауап береді, жауап берген сахнадан кетіп, келесі кезеңге дайындалады)



2 - жүргізуші: Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Анасын көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш» демекші қыздарымыздың бал бармағынан жасалған дәмді тағамдар жасау шарты бойынша «Қонақ күте білеміз бе?» кезеңінде аруларымыздың әзірлеп әкелген дәмдерін бағаласақ.

1 - жүргізуші: Аруларымыз келесі кезеңге дайындалғанша ------------------------------------------------------------------ орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.


2 - жүргізуші: Уа, халайық ықыласпен демелік,
Арулардың сынға түскен сайыстарын көрелік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік.

1 - жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. «Сұлулық әлемі» аруларымызды киім және шаш үлгісін көрсетуге шақырамыз.

  1. -----------------------------------------------------------------------------------------

  2. ----------------------------------------------------------------------------------------

  3. -----------------------------------------------------------------------------------------

  4. ----------------------------------------------------------------------------------------

  5. -----------------------------------------------------------------------------------------

  6. ----------------------------------------------------------------------------------------

  7. ---------------------------------------------------------------------------------------

  8. ----------------------------------------------------------------------------------------

  9. ----------------------------------------------------------------------------------------



2-жүргізуші: Алдарыңызға әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып ортаға шақырайық.
(«Қыз сыны» әнінің әуенімен сайыскерлер сахнаға шығады)


1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, қазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанша әсем әнге кезек берсек.

(қазылар алқасы қорытындысын айтады)

Марапаттау кезеңі.
«Мектеп Аруы – 2016»
«Инабатты Ару»
«Өнерлі Ару»
«Сымбатты Ару»
«Зерделі Ару»
«Көрікті Ару»

2 - жүргізуші:
Ару қыздар, ай көрік, қылығы - күн,
Сезбейсіздер өздерің мұны бүгін,
Сезбейсіздер керемет қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн текті ұлылығын,
Бұл сендер құлпырған, кұндыз бәрің,
Серпіп алға жалғайтын тіл тағдырын,
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдырын,
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры


1 - жүргізуші: Ф. Оңғарсынованың осынау нәзік жандарға арнаған өлеңімен бүгінгі «Қыз – ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауын аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

































12 ақпан сағат 14.00 – де Мәжіліс залында өтеді.

(Әр сыныптан 2 қыз бала қатысады. 8,9,10 сыныптар)

«Қыз - ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауының кезеңдері:

Сайыс кезеңдері:

1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру. 3-5 минут


2. «Өнер әлемі» өз өнерін көрсету. 3-5 мин.



3. «Бәйге» салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру. 1 мин.



4. «Қонақ күте білеміз бе?» үйден әзірлеп әкелген дәмділерді ұсыну.


5. «Сұлулық әлемі» киім және шаш үлгісін көрсету.


















































































1-жүргізуші: «Бәйге» кезеңінде салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру. 1 мин.Сұрақ – жауап алу.
Қағаз жетонды бірінші көтерген және дұрыс жауап берген адамға 1 ұпай беріледі.


Уақыт 1 мин.
1. Енші деген не?
2. Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
3. Байғазы деген не?
4. Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
5. Ерулік деген не?
6. Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
7. Көрімдік деген не?
8. Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
9. Бастаңғы деген не?
10. Мақалды жалғастыр. Әдепті бала - арлы бала.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
11. Сыбаға деген не?
12. Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма.....

13.Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
14.Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
15.Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
17.Ою - өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).



























































Сұрақтардың жауабы.
1. Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата - анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар..... (шеше көрген тон пішер)
2. Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.)
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге.....( қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік
береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе..... ( Ұшқанда соны іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның
маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер..... (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,
жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын - сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала - арлы бала..... ( Әдепсіз бала – сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет
мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма.....( адамның баласы бол)



2 - жүргізуші: Алтынбек, аруларымыз тағам дайындағанмен қатар таныстырып































































































1-жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз «Сұлулық әлемі» киім және шаш үлгісін көрсету.(Қыздар келесі сайысқа дайын болғанша әсем ән тындайық)








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ыз сыны бай?ауы

Автор: Жумадилова Анар Калибаевна

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 303839


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства