Мұғалім: Ертеде бір әумесер хан болады. Ол бір күні өзінің қоластындағы бүкіл халқын жинап алып «ер адам артық па, әйел артық па?» деп сұрайды. «Әйел артық» — деп жауап бергендердің басын алмақшы болады. Ханнан қорыққан жұрт «ер адам артық, сіз емес пе бәрімізді билеп отырған» — дейді. Сол кезде бір адам ғана ханның қаһарынан қорықпай «әйел артық»,- дейді. Хан қатуланып, әлгі кісіні ортаға шығарып, «сен неге бұлай деп тұрсың, қане, дәлелде әйелдің артық екенін» — дейді. Сонда әлгі кісі: «Хан ием мен сіздің ақылыңызға шек келтіріп тұрған жоқпын, бірақ айтыңызшы,сізді дүниеге әкелген әйел – ана емес пе?» — дейді. Сонда хан сөзден тосылып, райынан қайтқан екен. Мұхаммед пайғамбар хадистерінде «Ең әуелі анаңды сыйла, содан соң тағы да анаңды сыйла, содан соң атаңды сыйла» делінген.
Ойлан, топтас, талқыла
Сіздер ананың артық екенін өздеріңізше дәлелдеп көріңіздерші?
І жүргізуші:Сәулетті ана болғанда даналық ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негізі, тарихтың көзі- жайнаған осы жауқазындар. Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана, бақыт – байлық ошағы, адамзаттың ойы – өркендеп, тәлім – тәрбие алатын қасиеттің ұясы. Ал әйел – солқасиетті ұяның алтын тірегі, отбасының ұйтқысы. Халақ аузында қыздар туралы мақал-мәтелдер аз емес.
Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер
Қыздың қырық жаны бар.
Жақсы қыз — жағадағы құндыз,
Қыздың қабағында құт бар.
Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.
Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.
Қызда қырық көліктік бақыт бар.
Қыз – қонақ.
Қыз өссе елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі.
Қыздың көзі қызылда.
Қыздың жолы жіңішке.
Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.
Қызды ауылдың қызығы көп.
Қызды қымтам ұстаған ұялмайды.
Қыздың ұяты шешеге.
Қызды асырап білмеген күң етер,
Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Қызың өссе қылықтымен ауылдас бол.
Қыз қылығымен.
Шешесіне қарап қызын ал,
Аяғына қарап асын іш.
Қызы бардың назы бар.
Қызға қырық үйден тыйым.
ІІ жүргізуші:Ата-бабаларымыз өзінің ұрпағын ақылды, ар-намысты болуға, адамгершілікке, мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенін сүюге, Отанын қорғауғ дайын тұруға баулыған. Қазақ халқы адамның ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар деп, ұрпақтарының болашағын жеті ауыз сөзбен түйіндейді.
Олар мыналар:
1. Адамның басшысы – Ақыл
2. Жетекшісі – Талап
3. Жолаушысы – Ой
4. Жолдасы – Кәсіп
5. Қорғаны – Сабыр
6. Қорғаушысы – Мінез
7. Сынаушысы – Халық
І жүргізуші:
Қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «қызға қырық үйден тыйым» деп білген. Қазақ халқында халықтың құрметіне бөленген, ақылына көркі сай ару қыздар аз емес.
ІІ жүргізуші:Қыз баланың тәрбиесі қашанда аса мәнді. Қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты.Қызың көргенді де ибалы, сөз – сынын, ісі- түзік, киімді бойына жарастырып киіп, жымиып қана күліп, сызылып жәймен жүріп, айтқаныңды екі етпесе- ажарың.Ал тіліңді алмай бедірейіп, кісі көрсе кекірейіп, топ ішінде қарқылдап, ұятты жерде саңқылдап, етегін кесіп, омырауын ашып, көрінгенге көзін тессе, күндіз кетіп, түнде келіп жатса - азабың. Қазі қыздар арасында тәртіпсіздік, жағымсыз қылықтар көбейіп барады. Қыздар бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді?
Қазақ қыздарына мынадай он түрлі талап қойған:
1. Әдептілік
2. Ар-ұждан пәк болу
3. Кеңпейіл, шапағатты болу
4. Мейір – шапағатты болу
5. Ақыл – парасатты болу
6. Сабырлы, салмақты болу
7. Адал, ақжарқын болу
8. Моральді, мұратты болу
9. Өжет, батыр болу
10. Ұят, намысты болу
Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралғылар бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.
Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу – халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау – ежелгі дәстүр. Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.
Қыз баланың тәрбиесі ата – анаға да үлкен сын болған. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып, еркін өсірген. Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі. Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» деп қызға сеніммен арқа сүйеу де тек қазақта.Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын одан да артығырақ жақтырады. Қызды тәрбиелеу, өсіру – ең маңызды мәселе. Қыз өсіру – гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек. Қазақта әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салып отырады. Білген білімін аямайды. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады.Қазақ қыздары ғасырлар бойы осындай отбасылық тәрбиемен өсті. Олардың отбасынан алған бар тәрбиесі жақсы келін болу ғана еді. Одан өзге ешқандай мамандықтары болған жоқ. Жан-жақты білім беретін, әртүрлі мамандықтарға үйрететін, өз бойындағы өнерін өрістететін мемлекеттік тәрбие алуға қазақ қыздарының қолы XX ғасырдың орта кезінде ғана жетті. 1944 жылы Алматыда қазақ қыздарына арналған Мемлекеттік педагогикалық институт ашылған. Бұл институт өз қыздарын жақсы келін болуға ғана емес, әр саладағы жақсы мамандар болуға тәрбиеледі. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамға тоқталсақ, тәуелсіз, еркін еліміз осы заманның даму үрдісі жылдамдығымен зымырап келеді. Ұлттық сана-сезімге сіңіп, арғы тегімізден келе жатқан адами қасиеттерімізді жойып алмауды қажет етеді. Қазақ халқы ежелден келе жатқан мәдени мұрасымен тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрін жалғастырып келеді. Осы байлықты нарықтық заманда қалыптастырып, ұлттық қасиетін жоймау керек. Ең басты мәселе адам тәрбиесі, оның қоғамдағы алатын орны. «Орта түзер ойыңды, ойың түзер – бойыңды» – деп, Абай атамыз айтқандай мемлекеттік тұрғыда назар аударуды қажет ететін ұлттық сана-сезім, тәрбие бар. Осы орайда – болашақ сүйікті жар, ардақты ана – қыз баланың алар орны ерекше.
Қыз бала туралы мақал-мәтелдер
Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
Ауру – астан, дау – қарындастан.
Бір қыз күйеуге шықса, мың қыз түс көреді.
Жақсы қыз – жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.
Жыршы қызға – сыршы күйеу.
Қыз назы қырық кісіні мас қылады.
Қыздың қабағында құт бар.
Қыздың қабағы күлімдесе, құт келеді.
Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.
Қызда қырық көліктік бақыт бар.
Қызға қырық үйден тыйым.
Қыз бала кісінің кісісі.
Қыздың жолы жіңішке.
Қыз – қонақ.
Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.
Қызды ауылдың қызығы көп.
Қызды қымтап ұстаған ұялмайды.
Қыз бен жылқы жаудікі.
Ауылдан қыз кетсе, қызық та кетеді.
Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Қасынан қыз өтсе, сексендегі шал басын көтерер.
Қайтып келген қыз жаман,
Қайта шапқан жау жаман.
Қыз ат байлатар.
Қыз ұшқан қу.
Қыз бала өкпешіл болса,
Қалың малы көп болар.
Қызға берген көрінбес.
Қыздың көзі қызылда.
Қызды ауыл өсекшіл.
Шыққан қыз шиден ары.
Төркін десе қыз төзбейді.
Тойған қыз төркінін танымас.
Қыз бала үйге жаққан бояу.
Қыз өссе елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі.
Қыздың ұяты шешеге.
Қызды асырап білмеген күң етер,
Жібекті түте алмаған жүн етер.
Қызың өссе, қылықтымен ауыл бол.
Қыз қылығымен.
Шешесіне қарап қызын ал,
Аяғына қарап асын іш
Сабақтың тақырбы: Қыз қандай болу керек? Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін ұғындырып меңгерту. Өнерге деген құштарлын оята отырып, имандылық салтын қалыптастыру. Оқушыларды салт дәстүр сыйлауға құрметтеуге тәрбиелеу. Құрал – жабдықтар: Плакат, нақыл с өздер. Тәрбиелік деңгейі: Ана – үйдің берекесі, Бала – үйдің мерекесі. Бұтағымен ағаш сымбатты, Ұрпағымен адам қымбатты. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. Біздіің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын. Бұл қыз баланың айырықша әдепті де, көрікті болатынын аңғартады. Халқымыз қыз баланы ардақтайды. Оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсірген. Өйткені, қызды жат – жұрттық бала, қыз- қонақ, оның көретін құрметі де әкесінің үйінде деп ерекше сыйлаған. Қыз үйге кіргенде ақсақалды қарт орнынан тұрып, төрден орын берген, бұл-қазақ дәстүрі. Өлең сөз – деп бабаларымыз осылай жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызды «Бүгінгі ару - ертеңгі ана» болатын қыздарымызбен ой қозғағамақшымыз. Сол себептен оқушыларымыз екі топқа бөлініп отыр. «Қыз баланың мынау тіршіліктегі міндет – парызының жүгі ауыр әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпғын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, күйеу күтетін адал жар, ата - ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын бұл өмір заңы» деген. Барлық халық қыздарды өмірдің жалғасы, болашақ ана , өмірлік жар, ол-еңбекқор, ол-қоғам қайраткері деп бағалаған. Бүгінгі жас өркен қыз баласы- ертеңгі өркениетті қоғам мүшесі. Ол физиологиялық, психологиялық жағынан жетілген, өркениеттілік пен ғылым жетістіктерін меңгерген, қоғам сұранысына сай болумен қатар әлемдік және ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіре білу керек. Ұлттық құндылықтардың негізгі саласының бірі – салт – дәстүрдің шығу тарихын, қолдану заңдылықтарын зерттей келе оның қыз бала тәрбиесінің өзекті арқауы екеніне көз жеткіземіз. Оның тәрбие беру мазмұны мынаған келіп тіреледі. Сіздер көріп отырғандай «Қазақ қызы қандай болу керек» - деген осыдан туады. Біз сол туралы біраз ой қозғаймыз. Қазақ қыздарына тән ұяңдық , инабаттылық, әсемдік, ұстамдылық, биязылық неге қазіргі бойжеткендеріміздің бойынан алыстап барады. Оларға не көрінді ? Қайда кетіп барады ? «Біреулер бақытсыздыққа тағдырдың таяғымен барады, ал біреулер өз аяғымен барады» деген қазақта аталы сөз бар. Барлық кінәні қазіргі уақыттың қиындығына, тағдыр тәлкегіне аудара бермей, кейде базбір жандардың қисық жолға түсіп, кетуіне өздері де кінәлі-ау деп ойлаймын. Біреу өмірдің қыспағына түсіп, ақшадан қысылғаннан тәнін саудаға салып, жезөкшеліктің жолына түссе, екіншісі оны күнделікті кәсібіне айналдырған. Бірақ уақыт бір жерде тұрмайды. Олардың көбісінің бұл «мәз-мейрам» өмірінің қысқа , ертең, уақыт келе, олардың біразы төмен құлдырап, «саудасы» арзандап бір тойып ішетін тамаққа да зар күйге айналады. Сынаптай жылжып жылдар өте шығады. Бетінің бояуы кетіп, жүзінің нұры қашып, денесі босап, ұсқыны жоғалады. Олардың тұрмыс құрып, бала сүйіп, бақытты ои басы болуы екі талай. Алдамшы өмірдің жетегіне кетіп, баянсыз өмір соқпағына қалай түсіп кеткенін де байқамай қалады. Сол кезде ғана алыста қалған жастықтың албырттылығын қия басқан сәттері өкінішпен еске алатын болады. Құрметті бойжеткен қыздар қазақ қызына тән өқасиеттерді жоғалтпай, инабаттылықты, адамгершілікті, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсете білейік. Үні таққан сәукелі, Зерлі камзол кигені оның Қос бұрымын қайта өреді, Тік қарауға именеді – деп қазақ қызы осындай болуы керек деп сабағымызды аяқтаймыз.
«Қыздарға» М. Шаханов
Тән сұлулығы деген бар жан сұлулығы деген бар
Тән сұлулығы – сыртқы көз арбар көрініс.
Жан сұлулығы – бұл әйелдің ішкі дүниесі,
Сезім шынайылығы, мінез байлығы,
Пейілі кеңдігі, ар алдында адалдығы.
Тән сұлулығы – теңіз бетіндегі көпіршігі мол толқын.
Жан сұлулығы – бұл тереңдегң ағын.
Осы екі қасиет бір адамның басында ұштасса,
Ғұмыр бойы айналаын нұрға бөлеп өтер еді.
Бет пішіні келіскен, сөзі сыпайы,
Өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз – Ару.
Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін,
Болмашыға пісіп, күймейтін, келбетті қыз- Сұлу
Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын,
Өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз – Көрікті.
Баппен біліп тұратын қыз – Әдемі.
Дене бітісі жинақы, сөзі салмақты қыз — Ажарлы
Бұрынғы қазақ қызы Қазіргі қазақ қызы
Бұрынғы қазақ қызы мен қазіргі қазақ қызының арасындағы айырмашылықты айту.Қазақ
қыздарыныңбойынанқандайқасиеттердікөргіңкеледі?
3. Қорытынды бөлім:
«Болмасаң да ұқсап бақ» деп ұлы Абай айтқандай, қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болсын! Қыз – қарындас, қыз –апаң, қыз – болашақ жарың, қыз ертеңгі ана , қыз – ұлтымыздың келешегі.