Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге, елін құрметтеуге, халқын ардақтауға, рухы биік азаматтарды тәрбиелеуге шақыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Елбасы - ел тірегі»
Тәрбие сағаты. «Елбасы – ел тірегі» 8-сынып.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге, елін құрметтеуге, халқын ардақтауға, рухы биік азаматтарды тәрбиелеуге шақыру. Көрнекіліктері: Н.Назарбаевтың қанатты, ұлағатты сөздерімен безендірілген кітап көрмесі, слайд.
1 – жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан — Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. Елбасыны құрметтейтін ерекше Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушыар!
Өздеріңізге белгілі 1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні. Бүгінгі біздің бас қосуымыз осы мерекеге арналады. Олай болса, айтулы күнге арналған жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
ҚР Әнұраны орындалады.
2 – жүргізуші:
Қазақстан жерімді мақтан етем,
Тарих жолын мәңгіге сақтап өтем.
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай бабалардың,
Көтерген туын қалайша айтпай өтем.
Масаттанып мақтанамын ерлікке,
Бабалардың биік рухы шақырар.
Жеңіспенен қаһармандық өрлікке,
Өрлей бер, туған жер – алтын бесік Қазақстан.
Тәуелсіздіктің жиырма алтыншы жылын еңсеріп, еңселі ел атандық. Дәл осы, бір аз уақыттың ішінде, бірнеше ғасырға жүк болатын кезеңнен өттік десек артық айтқандық емес. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде, алдымыздан шыққан сын сағаттардан сүрінбей өтіп, бұл күнде, әлем санасатын дәрежеге жеттік. Мұның бәрі де «Елбасы біреу, халқы оған тіреу» қағидасын берік ұстағаынмыздың жемісі екендігі де ақиқат.
Олай болса алғаш сөз кезегін мектеп директорына береміз.
Тұңғыш президент күні – ол қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.
2 – жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Баяндама. «Н.Ә.Назарбаев кемел кезеңдері».
1 – жүргізуші: Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттері бүгінгі ұрпаққа үлгі болғандықтан осы тұлғаның есімін көптеген балалар иеленді. Осындай балалар біздің мектебімізде де оқып жатыр. Ендеше Елбасы Нұрсұлтанмен аттас балаларды ортаға шақырайық.
Нұрсұлтандар шеруі.
2-жүргізуші: Әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастықты, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналылығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған Елбасымызға арналған өлең жолдарына кезек берейік.
Өлең жолдары.
2 – жүргізуші: Елбасы туған халқын, кең даласын жанындай жақсы көретін адам. Елге деген сүйіспеншілігін сөзімен де, ісімен де, жүрегінен жарып шыққан еңбектерімен де дәлелдеп келеді. Ол кісі ән айтқанды және ән тыңдағанды ұнатады. Ендеше, Елбасы сүйіп тыңдайтын әндерге кезек берейік.
Концерттік бағдарлама:
«Қазақ елі» әні
«Батырлар ұраны»әні.
«Саржайлау» әні.
2 – жүргізуші: Елбасының халыққа деген ынтымақ тілегін мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп тұр.
Ұлы той көппен көрген халқың үшін,
Ешқашан адастырмас салтың үшін.
Жаратқан,
Қазағыма ынтымақ бер,
Тұрғанда мына заман тартып ішін.
Флешмоб «Жаса Қазақстан»
1 – жүргізуші: Тұңғыш Президент – бұл қазақстандықтардың кез-келген кедергілер мен қиындықтарды жеңудің рәмізі. Тұңғыш Президент күнін мерекелеу жас ұрпақты жеңімпаздық рухына және жасампаздыққа бастауға және Қазақстанның әрбір азаматының жүрегіне сенім ұялату үшін қажет. Олай болса, Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы арта берсін! Осымен тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шарамыз аяқталды.