kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бір тойым бар.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

арпларррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррркарррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бір тойым бар.»»

«Бір тойым бар...»

Әдеби кеш



  Кіріспе:

«Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

      Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

      Бірақ … Бірақ …

      Ешкімді де билетпей қайтармаймын!

      Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,

      Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам,

      Сәбилерге ағаны үлгі етемін,

Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін», – деп жырлап, армандаған сол бір тойына жете алмай кеткен ақиық ақынымыз Төлеген Айбергенов егер көзі тірі болғанында биыл 80 жасқа шыққан болар еді. Өкінішке орай, өмірден ерте қиылған біртуар тұлғаларымыздың қатарында Төлеген ағамыз да бар. «Бір тойым бар ...» атты Төлеген ағамызды еске алу кешіне қош келдіңіздер, құрметті өлең сүйер қауым!



Бұл кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз – қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген Айбергеновтың өмір жолы мен асыл мұраларын оқушыларға таныстыру арқылы туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

Қазақтың поэзия әлемінде Әбіш Кекілбаев ағамыз айтқандай, «Көктемнің жазға ұласар жайсаң шағында» өмір сүріп, ұлы «Бір тойында» айтылатын сағыныш өлеңін ұрпағына аманаттап кеткен қазақтың ақыны – Төлеген Айбергенов ару көктем Алматыға қанат қағып, құс қанатына мініп келген сайын әр наурыздың 8 жұлдызы, Төлеген Айбергенов ақынның туған күні поэзия күнтізбесінде қызыл түспен белгіленіп жүректерді жырға толтырып отырады.

Өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік талантты тұлға Төлеген ақынның өмір жолын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ендеше, бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек. (№1 бейнебаян)



Қазақ поэзиясында өзіндік үн-ерекшелігімен танылған ақын көп. Алайда, Төлеген Айбергеновтің дара даусы, ақындық қолтаңбасы ешкімге ұқсамайды, ешкімді қайталамайды. Позэияда өзінше соны бір із салған Төлегеннің жырларын парақтап оқып отырсақ, жеткізбей жүрген бір арманына қол созған ақынның ақпа күшін аяқтатпай алып қашқан тым биік мұнаралар көз алдымызға келеді. Бүгінін емес, ертеңін көп ар­ман еткен ақынның жырлары жаңа ғасырда да өз оқырмандары-ның көз қуанышына айналды. Олай болса, ақынның жүріп өткен өмір белестері мен оның қаламынан туындаған, асыл қазынамыздан орын тепкен мұралар тізбесімен таныс болыңыздар.

Шыңғыс: Ақын 1959ж. Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген. 1959-62 ж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағын 1974 ж. қайтыс болғаннан кейін алды. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 ж. шыққан «Жас дәурен» атты топтама жинақта басылды. 1997 ж. ақынның «Таңдамалы өлеңдер» жинағы мен ол туралы жазылған «Біргемін мен сендермен» атты естелік кітап, 2001 ж. «Бір тойым бар» атты жыр кітабы жарық көрді.

Аружан: Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары – «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ, орыс тілінде «Мир созвездья» (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың «Ақ ерке – Ақ жайық», «Жаңғырған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар», т.б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін).

Гүлдана: «Сағыныш»! Ақын соншама неге сағынышты ұлы сезімге балап сомдаған? Бұ жерде ол «Махаббатсыз дүние бос» деп түйген ұлы Абаймен үндеседі. Өмірге деген махаббат жалын кеудесін өртегендер ғана сағына алмақ. Сағынған, сүйген жандар ғана тазара алмақ. Тірлікті тазарта алмақ. Сондай жандардың ғана өкшесі жерден бір елі көтеріліп, періште қанат әулие сезімге бөленбек. Сондай жандар ғана өмірге шапағат нұр, жарық шашпақ. Сондай ақынжандылар арқасында ғана «мына дүние тас қаптап кетпей» «аруана – бауыр» қалпында асқақтай бермек. Төлеген кейде шабыт қысқанда көкке парлай, самғай көтеріліп дүниенің тас төбесіне шығып алып, қиядан жүзіктей жұмыр жер, жалпақ әлемге назар салатын қыран көз, періште-қанат ақын. Ол ата жұрт – қазақ еліне қиырдан сағынып келді. Өле-өлгенше сол сағынышын баса алмай кетті. Алмағайып жылдарда айырылып қалған ата жұртының әрбір тау мен тасына, көл мен шөліне шөліркеп, алыс тарихи сапардан оралған аруана-бауыр жанның іңкәр көзімен қарады.

Төлеген Айбергеновтің сөзіне жазылған әнші әпкеміз Гүлмира Саринаның орындауында «Сағыныш» әнін тамашалайық. (№2 бейнебаян)


Б.Мадина: Кешегі кеңестік аласапыран жылдарда артта қалған ата жұртқа деген сағыныш шеттегі қазақтардың бойына ана құрсағында жатқанда-ақ қанмен, зармен бірге дарыды. Дүниеге қарақалпақ жерінде келген Төлеген тал бесікте тербеліп жатып-ақ, алыста қалған ата жұртқа деген құтаймас сағыныш мұңына суарылған бесік жырымен көз ашты. Балалық шағы шығыс шайырлары шарлаған шайырлы, құнарлы топырақ Хорезмде өтті. Жас Төлеген Новаи, Мақтымқұлы, Бердақтардың рухы тұнған, ізі қалған қасиетті өлкені шарлады. Балаң санасын қашан қалыптасқанша үздіксіз де үзіліссіз күмбірлеген бабалар үні, жыраулар сарыны тербетіп тұрды. Ғасырлардан-ғасырларға көшкен жыр дәстүр осылайша бала құлағына, санасына ұя салды.

Маржан: Қанша құнарлы десек те Қазақстаннан шет өлке қазақы өршіл рухы көкірегіне симаған Айбергеновтей арқалы ақынға өсе келе тарлық ете бастады. Анау бір қиырда толықсып аламан бәйгелер мекені ұлан-байтақ Қазақстан жатыр. Қазақтың қалың елі тербетілген тал бесік. Шетте, жат елде жүрген қазақтың көз салар құбыласы, мәңгілік Меккесі, мәңгілік сағынышы.

Жұлдыз: Ақынның Мұхтар інісіне деген сағынышы, бақсақ, ел мен жерге сағына қауышқан ақынның күллі қазақ ұлына деген жүрекжарды тарихи сағыныш екеніне көзіңіз жетер еді. «Ботасын шайнап өлтіріп туған жеріне тартып отыратын аруана – бауыр дүние» ел мен жерден алыс кеткен алаштың ата жұртқа сыңсып ағылған сағыныш көші екеніне көз жеткізер еді. Егер, ақынның ата-бабалары тоталитарлық тепкінге шы­дамай, Ақтөбе жерінен Қарақалпақстанға жер аумағанда, балауса ақын ата-жұрттан алыста жүріп қалыптаспағанда, жүрегін алыс ата жұртқа деген құтаймас сағыныш сормағанда, кім біледі, мүмкін сағыныш туралы қазақ поэзиясының мәртебесін асырған осынау Төлеген толғаулары өмірге келер ме еді, келмес пе еді, кім білсін ?...

Рамилям: Жас ақын шыңнан да қазығын таппай қайырылмады. Бір қолтығында Ташкент педогогикалық институтының дипломы, екінші қолтығында болашақ жары Үрниса, Төлеген ақын Қазақстанға бет түзеді. Алғашқы орын тепкен жері – Оңтүстік Қазақ­стан, рухани ұлт ордасы. Әлі елге белгісіз Төкеңнің отбасын досы, жазушы, журна­лист Зәкір Асабаев құшақ жая қарсы алды. Зәкеңнің өзге де достарының арқасында жас ақын Сарыағашта кешкі мектеп директоры болып жұмысқа орналасты. Бірақ, ақын аңсары Алматыға ауды да тұрды. Ақыры дегеніне жетпей қоймады. Жұмысың мынау деп отырған астана жоқ болса да, бала-шағаңмен кіре қояр баспана жоқ болса да, ақын алған бетінен қайтпай, бәрібір көшіп келді. Алматының Ташкент көшесінің бойынан бір бөлмелі жер үй жалдады. Бірінші курс студенті кезіміз, сол үйдің табалдырығын алғаш аттадық. Ең алдымен көзге ұрғаны – үй толған шүпірлеген шиеттей бала еді. Қара торының әдемісі Үрниса жеңге күліп жүріп, дастархан қамымен зыр қағып жүр. Тіптен таң қалдым. Бозөкпе бала қонаққа мұнша ықылас көрсеткеніне қысылғаным есте. Төлеген аға мен Үрниса жеңгей отбасында қазақы қонақжай дәстүр қаймағы бұзылмай тұрғанын аңғардық. Бұл дәстүр Алматыда сұйылып кеткенін аңғарып жүрген кезіміз еді. Сөйтсек, бұл ата дәстүрге Төлеген отбасында әлі сызат түспеген. Төкеңнің «Болады менің кейде жүз қонағым, соның бәрін күтпесең сызданамын!» дейтіні де содан болса керек, жарына арнап.

Олай болса, Төлеген ағамыз бен оның адал жары Үрниса апамыз туралы Төлегеннің досы Зәкір Асабаев және Төлегеннің қызы Салтанат Айбергеновалардың берген сұхбаттарына құлақ түрейік. (№3 бейнебаян)


М.Мәдина: Жерге төсеген қарапайым дастархан, сол дастарханға сирек қонақтаған қарапайым дәмдер. Бірақ, ағамыз бен жеңгеміздің көңілі неткен дархан, неткен көл-көсір! Бір бөлмелі жатаған үйдің төрі мен босағасы мен үшін, бірінші курс студенті үшін хан сарайдай кең көрінді. Не айтса да күліп айтатын, не айтса да күлдіріп айтатын мына жағасы жайлау ақжарқын үй иелерінің жанында жоқшылық, таршылық деген сұғанақ ұғымдар орын таба алмай, өз-өзінен тоз-тозы шығып кеткендей. Төрт қабырға даладай далиып кеткендей. Маған, студент балаға, сол сәтте Алматыдағы ең кең үй, ықылас, пейілге толы үй осы Төлеген ақынның жалғыз бөлмелі жатаған үйі тәрізденді. Төлеген ақын әлі сиясы кеппеген, түнде жазған өлеңдерін оқыды. Өлең оқысы бөлек. Жатқа оқиды және тура шаршы топқа шапқалы тұрған революция дауылпазы Маяковскийше екпіндетеді. Әрбір өлең жолының аяқталуы балғамен ұрғандай салмақты. Дүңкілдейді. Дүңкілдеп дабыл соғылғандай, жорық дабылы ұрылғандай. Оқыс қуат-қайрат сізді де баурап, арқаңыз қозып, күреске, ерлікке шыңдалып, ширығып бара жатқандайсыз.

Шыңғыс: Ташкент көшесінің бойындағы жұпыны ғана жатаған ақын үйі көп ұзамай сол кезде­гі әдебиет есігін жаңа аша бастаған, бірақ та үйсіз, күйсіз Жұматай бастаған жас ақындардың тұрақты шұбыратын Меккесіне айналды. Үй иесінің жұмыссыз, қаржысыз қысылып жүргеніне қарамастан, бұл үйде күнде сауық, күнде той. Үрниса жеңгей қабақ шытуды білмейді. Нағыз Құдай қосқан ақынның жары. Үйге топ-тобымен келіп жатқан отқанат жас ақын қонақтарға Төкең қалай қуанса, Үрниса жеңгей де солай қуанады. Бұндай пейілді аңғарғыш ақындар бір емес, бірнеше келеді. Тіпті қона-жастана дүрілдетіп өлең оқып, керілдесіп әдебиет мәселесін осы үйде шешіп жатады. Үй иелеріне осының бәрі қызық. Бәрі той. Қабақ шытпайды. Олар үшін дүниеге бір жақсы өлең келсе нағыз мереке сол тәрізді. Бұл үйден Төкеңдер көп ұзамай кетіп, қарызданып жүріп, Алматының тау жағынан бір арзан үй сатып алды. Ұмытпасам, бұл да бір бөлмелі. Жас ақындар тобы енді Алматының тау жағына қарай шұбыратын болды. Келушілер қатары молая түсті. Әйгілі Шәмші бастаған композитор, әнші, журналистер күн демей, түн демей осы үйде жиналады. Жаңа ән, жаңа өлеңдер осы үйде үздіксіз туып жатады.


Мұғалім: Ақынның қысқа да нұсқа жырларының өзі асыл тастан мөлдіретіп құйылған моншақтай көздің жауын алатынын қайтерсің! Тек тастан жасалған моншақты жан жоқ қой, ал Төлеген ақын керісінше, жансыз дүниеден жанды әлемді мегзеп, өз оқырмандарының көңілін соған еріксіз аударып, жан дауасына айналдырып жібергеніне таңданасыз.

Міне, осынай үздіксіз туып жатқан жырларының бірі – «Бір тойым бар» өлеңі. Бұл өлеңнің де өзінің шығу тарихы бар екен. Назар аударайық. (№4 бейнебаян)



Оның сол бір қиын-қыстау заманда бар жиған-тергенін ортаға салып, тамаша бір той ғып өткеретінін өзінен басқа ешкім де аңғарған жоқ-ты . Тіпті сол тойының қашан, қайда және қай күні болатынын да ақын ашып айта алмады. Солай десек те ақынның өзі осынау өмірде болсын-болмасын, сол бір тамаша тойдың ерте ме, кеш пе, әйтеуір күндердің бір күнінде болатынын сезген сыңайлы.

 

«Мен марттағы найзағай күркірімін», – деп өзі жазғандай, күркіреп келіп, «аймаңдай алуан дарынның» көкірегіндегі ұшқынды тұтандыра білген Төлеген Айбергенов қазақ өлеңіне тұтас бір дәуір сыйлады. Төлеген жырларының халыққа етенелігі соншалық, оның өлеңдерін жатқа оқымайтын қазақ аз.

Келесі кезекті қара өлеңнің кетігіне кірпіш боп қалана қоймаса да, қара жаяу еместігін көрсететін оқушыларымызға берейік. (мәнерлеп оқу сәттері)

1. Гүлдана «Қаратау»

2. Аружан «Жиырма бес»

3. Б.Мадина «Табиғатпен кездесу»

4. М.Мәдина «Досқа сын»

5. Шыңғыс «Біздің жігіттер»

6. Жұлдыз «Ақындық»

7. Маржан «Туған еліме»

8. Рамилям «Қоңыратқа»

9. Аяулым «Қарақалпақ жырлары»

10. Қуаныш «Әму жағасында»

11. Гүлмира «Білмедім мен»

12. Әдел «Ақпейіл жан»

13. Шарапат «Үш кезең»

14. Әсем «Ана»

15. Н.Диас «Өкпелемеңдер, ағалар!»

16. Нұрсерік «Арал толқындарында»

17. Динара «Арал қызына»

18. Карина «Сырымды айтам, шырайлым»

19. Ерсұлтан «Ұстазға»

20. Бекарыс «Ұстазға»

21. Мөлдір «Жаңбырда»

22. Замира «Апрельде кел»



Мұғалім: Ақынның «Ақ ерке, Ақ Жайық» деген халық арасында кеңінен танылған әнін білмейтін қазақ болмаса керек. Бұл ән Шәмші Қалдаяқов пен Төлеген Айбергеновтың Атырауға келген шығармашылық сапарында туған.

Көңілді өткен жыр-ән кешінен соң атыраулық жас қаламгерлер Алма­тыдан ат арытып келген қос талант­ты Жайық бойымен серуендетеді. Толқындары ай сәулесімен ойнаған түнгі Жайықтың керілген көркем келбеті ақынның да, композитордың да шабытын оятқандай. Кенет, жанындағы дабырлай сөйлегендерге Шәмші қолын көтеріп «тоқта» деген­дей белгі береді. Ешкім ештеңе түсінбей үнсіз қалады. Жүзінде қан ойнап, ойлы көздері ұшқын атқан Шәмші құлағын Жайыққа тосып, «Естідіңдер ме, Жайық ән салып жатыр» дейді. Композитордың бұл қылығына түсінбегендер күлерін не күлмесін білмей тұрып қалады: Жайық та ән сала ма екен?! Со­дан шабыттың шаңқан бозына мінген Шәмші әннің музыкасын, Төлеген әннің сөзін бір түн ішінде сол кездегі «Атырау» газетінің қызметкері, белгілі ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтың үйінде жазып, сөйтіп атақты «Ақ ерке, Ақ Жайық» Жайық жағасында өмірге келеді. Бұл жайды жазушы-драма­тург Берік Қорқытов әннің жазылу тарихы туралы жазған мақаласында айтады.

Ендеше, келесі кезекте 5а сынып оқушыларының орындауында «Ақ ерке, Ақ Жайық» әнін бірге тамашалайық.



Мұғалім: «Өлгеннен кейін көп жоқтап жүрміз біз сені, Өлмеске аяқ басқаның шығар бұл сенің!» – дегендей, қазақта дәл Төлеген сықылды өлең арналып, естеліктер жазылып, жоқталған ақын да көп емес. Поэзияда оны Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т.б. жас ақындар ұстаз тұтты. Осы сында Төлеген ағамыздың шәкірттерінің бірі ақын Мұхтар Шахановтің өзінің досы туралы айтқан сұхбатын тыңдап көрелік.

(№5 бейнебаян)



Мұғалім: Өлең жазсам, тал бойым,

                        Қорғасын боп балқиды.

                        Шертіп бір сырлы сан күйді,

                        Домбыра көңілім шалқиды.

                       Жақсы өлең туса құттықтап,

                       Жатады шулап ну орман.

                       Орындалғандай бір арман

                       Қалам бір шығып құмардан.

  Бұл ақынның өлең туралы толғанысы еді. Арамызда Айбергенов жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды. Төкең жайшылықта ет пен сүйектен жаралған пенде көрінгенімен, өлең оқығанда мүлдем өзгеріп кететін, арқаланып лапылдап жанатын. Сондай шабыттана жазған Сәкен, Қасым, Мұхтар сияқты ақын ағаларына арнаған арнау өлеңдеріне тоқталайық.

1. Ернар «Шоқан Уәлихановқа»

2. Әли «Қасымға»

3. Амина «Мұхтарға»

4. Мухамет «Сәкенге»

5. Адилет «Ы.Алтынсарин»

6. Мирас «Сәлем саған, Қажымұқан!»

7. «Ілиясқа»



Мұғалім: Енді бір сәт Рахмет Аяпбергенұлының жеке мұрағатынан алынған ақынның арнайы 80 жылдығына орай шығарылған күнделіктеріне назар аударайық!

(төмендегі күнделік мәтіні слайдта көрсетіледі)


(Ақын күнделігінен: елу төрт жыл бұрынғы жазбалар)


***
1963 жыл, 1-қаңтар, сейсенбі:
Жаңа жыл! Сенімен қанша арманым жалғасты, əсіресе биыл. Өмір бойғы. Күні бүгінге дейінгі арманым болған «Арман сапары» атты жинағымның шыққан жылы ғой биыл! Ол үшін мен нелерді құрбан етпедім?!.

***
1963 жыл, 3-қаңтар, бейсенбі:
Таңертең тұра Ташкентке билет алуға аттандым… Көп көзінен тасалап барып, айдалада ешкім сезбейтін Ташкентте ұзақ күн жыладым. Əрине, анамның тағдырын ойлап. О, тағдыр, оның бұл кетуі менің босағамнан біржолата кетуі болмағай, əйтеуір. Арман мен үмітке толы осы босағаға тағы да оралғай!

***
1963 жыл, 7-қаңтар, дүйсенбі:
…Шоқпытов Сағынның менің əкеммен достығы, əкемнің колхоздастыру дəуіріндегі ерен еңбегі жөніндегі ұзақ əңгімесі жүрегімді ыстық сезімге бөледі. Қашан да болса ол туралы керемет бір өлең жазуым керек.

***
1963 жыл, 10-қаңтар, сейсенбі:
…Бұл күннің ауырлығын айтып жеткізуге болмайды. Анам қоштасарда қолымнан сүйіп, бүкіл жүрегімен, жан дүниесімен «Алтыным менің», «Қуатым менің» деп қалды. Бұрын өмір бақи оның аузынан бұндай сөзді мұншалық тебіреніспен айтқанын, əсіресе «Алтыным» дегенін естіп көрмеп ем…

***
1963 жыл, 12-қаңтар, бейсенбі:
Қарақалпақстан радиосынан Қарақалпақстан туралы жазған өлеңдер циклімді оқыдым… Кешке Тəжен мен Қаржаубай аэропортқа шығарып салды… Қош, Қарақалпақстан, менің анамды сауалтып қойың, анам аман болғай!

***
1963 жыл, 14-қаңтар, сенбі:
Бүгін жұмысқа бардым. Таңертеңнен кешке дейін ойымнан қайда барып келгенім, онда анамның қалғаны, жағдайы не болады деген уайым шықпай-ақ қойды. Жұмыстарды бір жөн реттестіргендей болдым. Көңілім едəуір көтерілгендей болды. Мұңды серпілтер бірден-бір осы жұмыс болса керек.

***
1963 жыл, 16-қаңтар, дүйсенбі:
Əлі де сол мұң. Күнде кешке жұмыстан соң өлең жазуға, яғни Қарақалпақ циклінің соңын жалғастырып отырам. Қанша сарылсам да ешнəрсе шықпайды. «Амудария» туралы жазбақ болған өлеңнің алдында құл болдым десем болар. Сарсылтып-сарсылтып барып, шаршатып төсекке құлатады күн сайын…

***
1963 жыл, 18-қаңтар, сəрсенбі:
…Басын бастап қойған «Анна Каренинаны» қолыма алдым. Л.Толстойдың ұлылығына бас ие бастадым. «Литературная газетаның» биылғы нөмірлерінен тігінді жасап, қатар қалдырмай оқып келем. Бір жыл түгел оқығанның өзінде ой-көзімді терең ашатынымды сезіндім. Бұл ұлы орыс əдебиетінің де тереңдігінде сүңгудің бірден-бір көзі болмақ.

***
1963 жыл, 21-қаңтар, сенбі:
Қанша толғансам да өлең тумай қойды. Жиырма күнге шамалас уақыттан бері бір ғана Амудария туралы өлең жазуды ойлап едім. Əлі түк шығара алмай келемін. Я менің өзім əлсіз, дарынсыз бірдеңемін де, я мені анам туралы ешкімге шешілмей ойланған ішкі қиналысым екі-үш айлық өлеңімді құрбан етіп, шөгендетіп тастады ма деп қорқамын, не де болса қоймауым, оқуым, ізденуім, ізінен қалмауым керек.

***
1963 жыл, 23-қаңтар, дүйсенбі:
Бүгін əсіресе, қатты болып отырмын. Қоңыраттағы апаларыма тастаған анам еске түсіп, оның үстіне Салтанаттың əжесін сағынып ұзақты күн жылауы қанша отырсам да өлең жаздырмады… Бүгін «Анна Каренинаның» біріншісін тамамдадым. Қарақалпақ жөніндегі (барып келсем де) жазам деген тамаша халім де ойымдағыдай орындалмайды-ау деп қауіптенемін. Кім біледі, бəрін де уақыт көрсетер…


(Бұл үзінділер Рахмет Аяпбергенұлының жеке мұрағатынан алынды)



Мұғалім: «Өлгеннен кейін көп жоқтап жүрміз біз сені, Өлмеске аяқ басқаның шығар бұл сенің!» – деп Меңдекеш жазғандай, қазақта дәл Төлеген сықылды өлең арналып, естеліктер жазылып, жоқталған ақын да көп емес. Ақын туралы замандастары жазған естеліктердің бірсыпырасын ұсынып отырмыз.


Әбіш КЕКІЛБАЕВ

Көктемнің жазға ұласар жайсаң шағы

Мен онда бұлай боларын білген жоқпын. Көктемнің жазға ұласар шағы еді. Алматының әсем бір таңында Жазушылар үйінің алдында оған жолықтым. Қайқы төсін жасыл теректердің арасынан жасырынып ескен майда лепке тосып, алыстан менің келе жатқанымды көріп, амандасқалы тоқтаған екен. Бұрын ылғи жолыққан сайын, Жазушылар одағының фойесіндегі шеттеу орындыққа жайғасып алып ол маған Қашағаннан жыр соғатын. Сол әдетіммен: «Қалай, Қашекеңді айтасың ба?» деп едім, ол: «Қызметке орналасатын болдым, бүгін-ертең бір-екі ақынды ертіп Қарақалпақстанға жүрмекпін», – деді.

Бұл біздің ақырғы жолығысымыз екенін онда екеуіміз де білген жоқпыз. Ол майса көктемнің табиғаттың пісіп-толар сарша тамызға ұласар шағы еді.

«Құмдағы мұнараларды» оқып отырғанда сол біз ақырғы жолығысқан көктемнің жазға ұласар жайсаң шағы еске түседі. Бақсақ, Төлегеннен тек табиғаттың ғана емес, өз творчествосының да нағыз бабына келген келісті шағында айырылып қалыппыз.

Ол өз буыны өкілдерінің көбінен кейін келсе де, жедел ілгері шығып, көш басына оза бастап еді. Бұл, ең алдымен, Төлегеннің жер астынан бәрібір жарып шықпай тұрмайтын гейзер суындай қуатты да мол талантының арқасы. Сосын соңғы жылдардағы қазақ жырындағы қаулап өсу, қауырт биіктеудің арқасы. Мұндай шынайы творчестволық бәсеке шын талантты шығандатып өсіреді де, күйкі талантты күйретеді. Кейінгі жылдары Қ.Мырзалиев, Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаевтардың кесек-кесек ақындық тұлғамен керінуі жас қауымда орынсыз көбейіп кеткен өлеңшілер тобының қатарын саралаңқырап, ақындықтан дәмелілерге өзінше бір еріксіз сұрыптау жасады. Сол сұрыптауда суырылып ілгері шыққандардың бірі – Төлеген Айбергенов... .

... Сөз жоқ, Төлеген жырлары – қуаныш жырлары. Бірақ бұл гүлге елтіген, көбелек қуған серуеншінің қуанышы емес, қиынды көрген, қайғы мен қасіреттің де ащы дәмін татып байқаған азамат адамның жүзеге асқан мақсаты мен орындалған арманының қуанышы. Сондықтан мұндай қуаныштың бояу әлемі, әуен әлемі бір ғана гаммадан тұрмайды. Онда сонау көкірек айырар күрсіністен бастап барша сезім түгел бар, түгел көрінеді. Осындай сезім байлығы оған өмір байлығын танытады.


Қадыр МЫРЗА ӘЛИ

Қазақ жырына домбырадан келген

Мен Төлеген Айбергеновтің өлеңдері туралы өз пікірімді әр жерде жазып та, айтып та жүрмін. Қазақ поэзиясына сондай бір ақын келу керек еді, ол келді де, әттең… ұзақ тұрмады. Бізге мәлім бір-ақ Төлеген ғой бұл. Шын мәнінде, Алтай мен Атырау арасында қаншама Төлегендер болды. Олар әлі де бар. Айбергеновтің өмірі де, өлеңі де жаңа өспірім жас таланттарға қамқорлықпен, сеніммен қарау керек деген ақиқатты одан сайын ұқтыра түседі.

Оның тіл сындырып, әліп таныған мектебі домбыраның бауырынан өрбіген өлең-жырлар әлемі еді. Қазір қазақ жырына домбырадан келетін ақындар аз, ендігі жерде оңдайлар тіпті азая бермек. Мұның жақсылығы да, жамандығы да бар. Лайым, жақсылығы басым болғай. Бірақ бұл – тілек қана. Тілек жүзеге асу үшін күресу керек. Бардың нарқын, жоқтың парқын білмеумен күресу керек. Басбұзарлыққа қарсы жұмыс жасалынып жатса, тілбұзарлыққа қарсы сонша жұмыс атқарылуы тиіс.

Айбергеновтің самалдың желі секілді ақпа-төкпе, ақжарма өлеңдерін оқып отырғанда осындай ойлар келеді. «Пайғамбар сынды қарттардан» тәлім-тәрбие алып өскен ол өнерге үлкен құрметпен қарайтын. Сыпыра жыраудан бастап, бергі Қашағанға дейінгі халық ақын-жырауларын түгел жатқа білетін. Соңғы жазған «Космонавт монологы» оның творчествосындағы жаңа бетбұрыстың басы еді. Жақсы ақындар өмір бойы ізденіп өтеді.


Фариза ОҢҒАРСЫНОВА

Ғасырға жол

Шын дарын жаспен өлшенбейді. Нағыз поэзия иесінің том-том кітаптарының қалыңдығымен немесе санының көптігімен бағаланбайды. Елуге келмесе, елемейтін әдеттің қасаң заңдылығын Төлеген де өлгесін бұзды, таласып-тартыспай, жағынып-жалбарынбай, бұғалыққа көнбес буырқанған жырларымен бұзды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы оған өзі дүние салғаннан кейін берілді. Бұл баға – біздің ұрпақтың ақынға деген тағзымы. Бұл тағзым ұрпақ жаңарған сайын қайталанады. Өйткені Төлеген Айбергеновтің жалын жырлары оны тоқталмас өмір сапарындағы әр жолаушыға серік етеді, жанам деген жүрекке от берер асау арман лықсыған Төлеген поэзиясы, біздің дәуіріміздің шындығындай, арыны асау армандарға бастап, болашақпен жалғаса береді. Оған ақынның жырлары куә. Жыр бағасын жүрегімен салмақтар талғамды оқырман куә.

Әр түрлі гүлзарларымен, даланың самалымен, жусанның иісі, таудың бұлағымен – өзімен-өзі тыныш жатқан қазақ поэзиясының қалғымалы тірлігіне кенет көтерілген мұхиттың жал-жал толқындарындай, ағысты екпінмен әсер еткен Айбергенов поэзиясы қазақ өлеңінің өресін биікке көтерді.


Сырбай МӘУЛЕНОВ

Өлеңнен жаралған жан

Жақында кітаптарымды жинастырып отырсам, Евгений Долматовскийдің Москвада шыққан «Өзіміз туралы өлеңдер» деп аталатын кітабы қолға ілікті. Кітаптың ішкі бірінші бетінен мынадай жазу ұшыраса кетті:

«Аса қадірменді ұстазға – Сырбай ағайға алыс Сарыағаштан шәкірттік, інілік ыстық жүректен, құрметтес көңілден естелікке!

Деніңіздің сау, үй-ішіңіздің аман, творчествоңыздың шабытты да шалқар болуына тілектеспін.

Аса құрметпен ақын ініңіз Төлеген Айбергенов.

12.06.1965 ж.».

Осыны оқып өмірден, өлеңнен ерте кеткен ақын інім туралы күрсіне ойға баттым. Өткен жылдар көз алдымда тұрып алды.

1965 жылдың күзінде оңтүстікке жолым түсті. Қасымда жазушы Танаш Дәуренбеков бар, жолшыбай Сарыағашқа соғып, Төлегеннің үйіне түстік.

– Сенің маған осы жазда Долматовскийдің кітабын сыйлағаныңа қайран қалдым, – дедім мен Төлегенге амандық сұрасқаннан кейін.

– Сіз Алматыда өз үйіңізде болғанымызда Долматовский сөзіне жазылған әскери әндерді айтып едіңіз, Долматовский кітабын жіберуіме сол себеп болды, – деді ол.

Содан кейін біраз ойланып отырды да:

– Аға, мына Сарыағаштағы кешкі мектептің бірқалыпты прозалық өмірі жалықтырып барады. Осы прозаны поэзияға айналдырайын, мені бір аптаға сұрап алып, қасыңызға ертіп әкетіңізші. Бір серпіліп, бір блокнот өлең жазып қайтайын, – деп өтініш айтты.

Оқу бөлімімен келісіп, орнына бір жолдасын уақытша қалдыратын болдық та, Ташкентке беттедік. Мирмухсин мен Миртемир үйлерінде мейман болып, өзбек жазушыларымен кездесіп, Сырдария облысына сапар шектік.

Ол үнемі машинаның арт жағында отырады. Көк блокнотын жан қалтасынан суырып алып, жол бойы жаза береді, жаза береді. Жазғанын жазғанынша оқып та үлгереді. Жол үстінде ол менен «Москва, Ленинград ақындарынан кімді жақсы көресіз? Кімдермен таныссыз?» – деп сұрайды.

– Ақын деген жалындап жанып жүруі керек қой. Оның сонында әр түрлі аңыз еріп жүрсе, ақынды биіктете бермек. Қарапайым өмірдің қалыбынан шыға алмай, қарабайыр күн кешкен адамның несі ақын, – деп қояды сөздерін ерекше бір екпінмен өрекпи айтып.

Сырдария облысында үш-төрт кездесу өткізілді. Төлеген жолда жазылған махаббат өлеңдерін оқып жүрді. Оның өлеңдерінде Шығыс поэзиясының сарыны молырақ жатқан сияқты көрінеді. Соны бір ескерткенімде:

– Мен Қарақалпақстанда туып-өстім ғой. Қазақ ақындарымен енді-енді араласып келемін. Сіз Абдолла мен Қасым жайында айтыңызшы. Оларға сенімді серік болдыңыз ғой, – дейді Төлеген.

Абдолланың жанының тым нәзіктігін, Қасымның қажыр-қайратын, өршіл рухын айтқанда оның жас баладай жаны толқиды.

– Шіркін, екеуі де ерлікке емтихан тапсырған қаһарман ақындар емес пе? Өздері батыр, сөздері батыл, халықтың ойын дөп басып, елдің арманын шертетін өлеңдерді жазып кеткен ғой, – дейді. Жолшыбай Сарыағашқа қайта соғып, Төлегенмен үй алдында қоштастық:

– Сіздермен бірге болған бір апта мына блокнотқа өлең болып түсті. Амандық болса келесі шығатын кітабыма кіреді ғой, – дейді.

Ол өлеңнен жаралған жалынды жас еді.


Сейфолла ОСПАН, ақын

Құйма жырдың киесіндей ақын

Арғы тегі Ақтөбе өңірін жайлап, кейінгі кер заманда бірсыпырасы әрі кетіп, бірсыпырасы бері кетіп, яғни Кеңес үкіметінің қолдан жасаған аштық топалаңынан әркім ауған жаққа жол кезіп кеткен ұрпақтың ата-аналарының елімен қайта тоғысып, енді-енді ес жия бастаған сыңайлы. Соның кепілдігі болар жан-жаққа шашырап кеткен жандардың сәулелі санасы, ізгілікті істердің өз атамекеніне ойыса бастағаны. Біз де соған куә бола бастадық, әйтеуір. Осы жайдың бір куәгеріндей туған жері мен жүрген жерін, қала берді, ата-бабаларының атамекенін аңсап, сол өңірдің барша құнарын аталарының қанымен, аналарының ақ сүтімен бойына сіңірген Төлеген Айбергенов сияқты дүниеден жастай кеткен ұлы ақындарымыздың жөні бір бөлек еді. Мен білетін Төлеген сонау ертеректе Арал теңізінің солтүстігіне көзі жәудірей қарағанымен, оңтүстігінде дүниеге келген сағынышы қай елді мекенді болмасын көгертіп-көктетіп, әлсін-әлі жыр арқауына өзгеге өрнек төктіріп отырғандығы барша қазаққа аян.

Олай болса, бұл кісінің де өзінің түп-тамырындағы ұлы ағынға қайта оралып қауышып жатқандығы содан болар. Өз заманында қолы жетпей-ақ кеткен ақын арманының орындалуы ғажап десе болғандай, үлкен қуаныш екендігінде сөз жоқ. Сол үшін де ол барша қазақ еліне өзінің дән ырзалығын айтып, сәулелі сөз қанатымен қара бұлтты қақ жарып дегендей, көктегі күннің әппақ нұрын жыр арқауына қондырып, сол кездегі астанамыз Алматыға келген еді. Ақындық жүрегін қолына ұстап, алып-ұшып келгені тап кешегідей көз алдымызда. Және жай келмей өзінің бойына жаратылысымен біткен үш қасиетімен жүрегі жарыла келіп еді. Ол өзінің ата-бабаларының мәңгілік ірге тепкен «Атамекен» және бұған қоса «Адамға» деген сүйіспеншілігін «Ақындық» жоралғысымен ала келгендей.

Бұл тұста Жұмекен, Мұқағали бастаған көп ақындардың әлі сара жолға түсе қоймаған шағы еді. Бұл уақытта заманымыздың ұлы ақыны Әбділда Тәжібаевтың тілімен айтқанда «… Біз поэзиямыздың тағы бір алтын тұтқасын аштық. Аштық та, Төлеген дүниесін көрдік». – дегізген және тағы бір классик майталман ақынымыз Қуандық Шаңғытбаевтың «…Ақынның асқақ жырын ғажайып ғұлама жылдардың шежірелі беттерінде сөйлеп тұрған сырға балап, осынау сыр жылдар парағы аударылғанда жабылып кетуі мүмкін екенін тыңнан тауып айту арқылы өлімнің өзін сылқым образға айналдырған Айбергенов өлеңдеріндегі су жаңа нұсқалылықты эпитет көлегейлеп, көрсетпей тұрған жоқ, қайта айқындап, аша түсіп тұр», – дегізген сөздеріне куә болдық. Шындығы керек, сол кездегі кендір жіптей өрілген бір жағы ұранды сөздің ұңғысын танытатын жырлардың қабатына бұл ақынның жыр жолдары жібектей елдің жүрегін жібітіп жібергені ақиқат. Ә дегеннен елдің аузына іліккен Төлегеннің тұтастай тұнба жырлары елдің арасына бейне аңыздай тез тарады.

Төлеген ағамыз Алаштын ардакты азаматы. Жырларында тамаша мән мен мағына жатыр ғой. Әттең ас тұзы ерте таусылған. Дегенмен Абай атамыз айтқандай “Өлді деуге болама, өлмейтұғын артына із қалдырса” демекші халық барда Төлеген Айбергенов ешқашан өлмек емес.


Серікбай Маханұлы ақын, сазгер

АҚЫН РУХЫНА
(1974 жылы Темірлан ауылынан көше бергіздім.)
Дейтіндер бар өз биігімде құласам,

Соның бірі ақын болар сұрасаң.

Өлең жазып – ой маржанын тізгілеп,

Мәңгілікке үлгі болар жыр содан.
Жыр арқауы бостан-босқа өше ме?

Ақын жаны тас мүсін боп кете ме?

Шабытпенен сілкінгенде өлеңге

Білесің бе ақын жасы нешеде?
Есте қалды кездескен күн өзіңмен,

Нұр бейнеңді елестетем сөзіңнен.

Бір тойыңды қазағыңа жасадың,

Жыр туындап оттай ыстық сезімнен.
Өлең-жырлар өз тұлғаңнан өрілген,

Дүниеге бір құдірет келтірген.

«Құлагерін» ерттеп мінген Ақандай

Аққан жұлдыз – Илияс болдың Төлеген.
Айтқан сөзің жыр шумаққа айналған,

Өткен өмір келсе шіркін қайтадан.

Ұрпағыңа бәйтерексің бұл күнде

Көрінесің ашық көңіл айнадан.
Махаббаттың жырларына сөз берген,

Есіміңе көше бердік көз көрген.

Естелікпен жазып шыққан жырларым

Ақын рухын бар әлемге тербеген.

Мен Төлегенмен бір жылдары 1937 жылы 29 шілдеде дүниеге келіппін, бір жылғы төл болғасын құрдас едік.1963 жылдары жаз айлары болатын. Қазақстан жазушылар одағының үйінің алдында Шәмші Қалдаяқов, Балта Исаев, Дүкенбай Досжанов және мен барлығымыз әңгімелесіп тұрғанбыз, Одақ үйінің ішінен орта бойлы, сылыңғыр, ақ құбалау келген бір жас жігіт шығып, есік алдында тұрған біздермен амандасып болғаннан соң бірден дауысын көтере “мен сендерді үйде дастархан жайып күттім, келмедіңдер, енді неменеге келіп тұрсыңдар? – дегені.
Мен қасымда тұрған Шәмші ағадан “мына жігіт кім , өкпесін айтып тұрған”, – дедім, өйткені бірінші көруім Төлегенді.
Әңгіменің барысы былай екен. Төлеген үйіне біраз жолдастарын қонаққа шақырады, келген жолдастары аз екен, соған өкпелеп тұр, – деді Шәмші аға. Мен жас жігітке қарап, Өкпелеме жігітім, бір тойың болары сөзсіз мүмкін“, – деппін. Сол жерде Төлегенмен танысып ресторан, кафелерге қарай бет алдық барлығымыз тамақтануға. “Бір тойым бар менің” деген өлеңі осылай шыққан еді.
1965 жылы үйленіп Алматыдан Темірланға келдім.

Елге келген соң Бердуәлі Тұрмаханбетов деген журналист ағамыз көшеде мені
тоқтатып “Серік інім, сен Төлеген Айбергеновтың “Бір тойым бар” өлеңін жатқа біледі дейді, рас па? – деп сұрады. Мен шынымды айттым, жатқа білмеймін, мәнерлеп оқып бере аламын, – дедім.
– Сол өлеңге ұйытқы болған сен екенсің, – деп Төлеген өзі айтты маған. Мен Төлегенге ұстаз болғанмын Сарыағашта, – деді.
1967 жылы Алматыға бір іс сапармен бардым, Кластас досым Балта Исаевтың үйіне соқтым. Балта мен Сақыш екеуі Төлегеннің үйіне бара жатырмыз дегені. Жайша мА? – дедім мен.
Төлеген Нөкіс қаласында қайтыс балыпты, сол жаққа жерлепті деген сөзі төбемнен жайдың оғы тигендей әсер етті маған.
Отыз жас орда бұзар кезде о дүниелік болып кетті қас пен көздің арасында бір ұшқын болып.
Ол ұшқын болған жоқ. Жанып тұрған жанар тау болды қазақ әдебиетіне жазған жырлары мәңгі тірі, ұрпақтарға үлгі болмақ.

Серікбай Маханұлы.
Тыл еңбек ардагері.
Ордабасы ауданы.
Темірлан ауылы.
Т.Айбергенов көшесі № 10 үй.



Мұғалім: Міне, Төлеген ағамыздың ақ жарқын, ақ пейілді жан екендігін замандастары жазған осындай естеліктерден де байқауымызға болады.

Төлеген ағамыз өмірден озғаннан кейін оның адал жары, балаларының тұрмысы қалай болды екен? Бұндай қызықты оқиғаларды мына бейнематериалдардан көруге болады: (№6 бейнебаян)



Оқушылар:

1. Гүлдана. Араға 40 жыл салып сол күндерге, жер бетіндегі Төлеген ақынның соңғы жыл, соң­ғы күндеріне ой көзін қыдыртқанымызда, пайғамбар жүрек қыршын жас жер бетін­дегі сапарының келте боларын сезді ме екен деген ой келеді. Бауыры ауыратынын айтатын. Сондықтан да, түнді-түнге ұрып, таңды-таңға ұрып, тірлік шуағын ұзартуға талпынды ма екен деген ой келеді. Жанын паршалап, санасын сабылтып, сергелдеңге салған сезім өртінен өлең өруге асықты ма екен деген ой келеді.

2. Мөлдір. Шаршы топқа шыққанда ақын найзағайша жарқылдап, күн болып күркірейтін. Бұн­дай ақындарды ол кезде “трибун ақын” деуші еді ғой. Төкең туа біткен трибун еді. Төлеген сахнада жарқылдау үшін туған талант еді. Төлеген ақынның қалғып-мүлгіп отырған аудиторияға жаны қас болатын. Оны қағып-сілкіп дүрілдетіп, дуылдатып жібергенше асығатын. Пышақтың қырындай сылыңғыр, ұзын бойлы, қыр мұрын, бұйра толқын шашты отқанат ақын сахнада қырандай саңқылдап өлең оқығанда, залда отырған қыз-келіншектердің жанарлары шырадай жанып, шоқтай маздайтын.

3. Ақбота. «Өзгеге қалай көрінетінін білмеймін, мен үшін ойлану мен қиялға берілу бүкіл өмірімнің бас қызығындай саналады. Осы аз өмірімнің ішінде ойланып өткізген уақыттарымды өз міндетін атқарып өткізген, саналы өткен, даңқты өткен уақыт деп есептеймін. Сондықтан да мен ойлар үшін, ойлану үшін қаншама уақытым кеткен болса да, ол үшін өмір бойы өкінбей өтемін ғой деп ойлаймын. Мен үшін өкініштісі сол, арзан күлкі мен болмашы ләззатқа бола жылап кеткен алтын сағаттарым болса керек. Мен осы күнге дейін қанша ойларды қағаз бетіне түсіре бергенде ғой, басқа  үшін елеулі дүние болмағанмен, өзіме көп пайдасын тигізер еді-ау, шіркін!» (Төлеген Айбергенов)

4. Гүлмира. Жер бетіндегі сапары небәрі 30-ақ жылға созылған Төлеген ақын Айбергеновты қазақ баспасөзі жыл он екі ай жоқтады. Бұл қаза жақын-жуық, жора-жолдастарына қатты батты. Төкең төбесіне көтере дәріптеген сол кездегі жас ақын, бүгінгі бас ақындарымыздың бірі Мұхтар Шаханов былай деп толғады:

Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр,
Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр.
Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл.
Міне, содан ұлтымызды рухсыздан күзетіп,

Сенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр.
Пайымдаймын, мойындаймын, сен данасың, мен – бала,
Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.
Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.

Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты
Толғандырған, таң қалдырған
Махамбет пен Сен ғана.
Заманының ыңғайына жүрмей кеткен іңкәрім,

Саф өнерде қызғанышты білмей кеткен іңкәрім,
Иығына бүтін бешпет ілмей кеткен іңкәрім,
Жер астынан сәлем жолдап жатырсың сен күн сайын,
Қазағымның маңдайына сыймай кеткен сұңқарым.

5. Аяулым. Төлеген ақын: “Бұл қазақта небір жігіттер бар мар­қасқа” дегенде осындай азаматтарды есте ұстаса керек. Егер жыр жұлдызы бү­гінде тірі болғанда

80 жасын тойлар еді. “Бір тойым болары сөзсіз менің” деп бас­талатын алты алашқа мәшһұр өлеңінде арман еткен айтулы күнге ақын жете алмай кетті. Алайда өзінің өлең өлкесіндегі салтанатының “мәңгілік тарқамауы мүмкін оның” дегені шындыққа айналды. Жер бетінде қазақ деген ел барда, қазақ тілі мен жыры барда жыр жұлдызы Төлеген Айбергеновтің өлең тойы мәңгілік тарқамасы анық.

6. Әсем. Айбергенов ақын жәйлі бұдан асырып айту қиын. Асылдардың артын күту – азаматтық белгісі. Ерте кеткен ерлерді ескеру – елдік белгісі. Айбергенов ақын қазақ жырындағы жалпыұлттық құбылыс болса да оның соңын күту, осынау жұл­дызды жыр жампозын ұлықтау осы күнге шейін жалпыұлттық сипат ала алмай келеді. Алайда, алтынды жылтырауықтан ажырата білетін азаматтар Төлеген мұра­сын дәріптеуді доғарған емес. Солардың бірі Төлеген ақынның өмірі мен поэзиясы туралы деректі фильм түсірген кинорежиссер Доқтырхан Тұрлыбек, екіншісі ақтөбелік кәсіпкер Базаркелді Ертуған. Бұл азамат өз қаржысына ақынның ата­жұрты Ақтөбе облысы, Темір ауданындағы Шұбарқұдық ауылдық мектебінің үздік оқушыларына соңғы 7 жылдан бері “Төлеген Айбергенов” атындағы ақшалай стипендия беріп келеді. Бұл оның ақын аруағын ұлықтаудағы атқарып жүрген іс-шарасының тек бір парасы ғана.

8. Жандос. Даланың самалымен, жусанның иісімен, таудың бұлағымен қалғымалы тірлік кешіп жатқан поэзия әлеміне мұхиттың жал-жал толқынындай соны серпін, асау ағыс алып келген Т.Айбергенов шығармашылығы – расында өлімді жеңіп шыққан өмір шаттығының жыры. «Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты, Мен өлемін өзімнің биігімде», – деп ақын өзі айтып кеткендей, бүгінде ақын өзінің биігінде, әлі де асқақтығында жасай бермек.



Қорытынды: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағынан перзенті – ақын десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де – халық. Халқы аманда ақынға өлім жоқ, біздің сөнбес жұлдызымыз Төлеген ағамыз да ерте өлімімен емес, жырдағы ерекшелігімен, ақындықтағы қырын қимылымен жыр дүниесінде, біздің есімізде мәңгі сақталмақ.

Төлеген ағамыз – Алаштын ардакты азаматы. Жырларында тамаша мән мен мағына жатыр ғой. Әттең ас тұзы ерте таусылған. Дегенмен Абай атамыз айтқандай “Өлді деуге болама, өлмейтұғын артына із қалдырса” демекші, халық барда Төлеген Айбергенов ешқашан өлмек емес.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Бір тойым бар.»

Автор: Смайлова Миргул Алланазаровна

Дата: 05.06.2017

Номер свидетельства: 420450

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Айбергеновтің «Бір тойым бар» өлеңі"
    ["seo_title"] => string(38) "aibierghienovtin_bir_toiym_bar_olien_i"
    ["file_id"] => string(6) "360092"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479462337"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "«Бір  тойым бар» (?деби сазды кеш) "
    ["seo_title"] => string(31) "bir-toiym-bar-diebi-sazdy-kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "193712"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427689312"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "То?ыз??мала? ?лтты? ойынны? ?дістемелік ??ралы "
    ["seo_title"] => string(53) "tog-yzk-u-malak-u-lttyk-oiynnyn-distiemielik-k-u-raly"
    ["file_id"] => string(6) "211688"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431673077"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Т?рбие са?аты " Наурыз –Мерекем!    Наурыз – Берекем!""
    ["seo_title"] => string(51) "t-rbiie-sag-aty-nauryz-mieriekiem-nauryz-bieriekiem"
    ["file_id"] => string(6) "323006"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461739950"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Т?рбие са?аты " Наурыз –Мерекем!    Наурыз – Берекем!""
    ["seo_title"] => string(53) "t-rbiie-sag-aty-nauryz-mieriekiem-nauryz-bieriekiem-1"
    ["file_id"] => string(6) "323007"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461739969"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства