kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Білім биржасы" сыныптан тыс саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні: 20.10.14 Сыныбы: 9 «Б» сыныптар арасында Та?ырыбы : «Білім биржасы» зияткерлік ойыны. Ма?саты: о?ушыларды? білімге деген ??штарлы?ын арттыру, ?ызы?тыру ар?ылы білімін тере?дету, зияткерлік ?абілетін дамыт Ойынны? барысы: Ойын?а 6 адамнан 2 топ ?атысады. Ойын 4 турдан т?рады І тур. Білім аукционы. ІІ тур. Эрудиттер сайысы ІІІ тур. Та?дау табысы. ІV тур Сыйлы?тар аукционы. V тур. Білім табысы Шара?а ?ажетті к?рнекіліктер: интербелсенді та?та, слайдтар, евро а?шалар, кеспе ?а?аздар ?айырлы к?н, ??рметті ?она?тар, ?стаздар мен білімге ??штар жас ?рендер! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойын?а хош келді?іздер! Ойынымызды? алдында білім сайысыны? ?діл эксперт м?шелерімен таныс болы?ыздар. Алдары?ызда ?з білімімен, а?ыл- ойымен, эрудициясымен ерекшеленген білімді о?ушылардан ??рал?ан екі топ келіп отыр. Ендеше кезек топтарда (?р о?ушы ?з аты мен ?ранымен таныстырады.) І топ. Топты? аты – «С???ар» ?ранымыз: Білім алып б?гін алтын ?яда, Ерте? ?лі шары?таймыз ?ияда ІІ топ. Топты? аты – «Т?лпар» ?ранымыз: Асау т?лпар желдей ескен арынды, О?у менен е?бекке сал бары?ды. «Адам байлы?ыны? ішіндегі е? тамашасы – білім»,- деген екен шы?ыс ??ламасы ?бу-р- Райхан ?л Бируни. Ендеше, білім байлы?ы сауда?а т?сер аукционымызды бастайы?. Аукцион шартымен таныс болы?ыздар. Б?гінгі аукционымызда сауда «эврика» с?зінен алын?ан «эвро» атты а?ша бірлігімен ж?ргізіледі. ?зірше ?р топта 50 эвродан бар. Б?л- бастап?ы капитал. ?з капиталдары?ызды к?бейту – ?з ?олдары?ызда. Аукцион?а ?аза? тілі ж?не ?дебиеті п?ндері ?ойылады. П?н бойынша с?ра?ты? бастап?ы ба?асы- 10 эвро. ?р о?ушы ба?аны 10 эвродан жо?арылата алады. Е? жо?ары ба?а ?сын?ан со? с?ра? о?ылады. Егер д?рыс жауап айтылса – ба?а ??ны сол о?ушы?а беріледі, ал ?ате жауап айтылса, онда о?ушы ?з капиталынан сол а?шаны ?айтарады. Ескерту: егер о?ушы ?орында бар барлы? сома?а с?ра? сатып алып ?ателессе, онда- банкрот, ?кінішке орай, ол топ аукцион?а ?атыса алмайды. Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалда?, ал біліктілік- сол білімді іске асыру да?дысы»,- деген ?лы ?стаз Ахмет Байт?рсыновты? с?здеріне с?йеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайы?. « С???ар» тобына с?ра?тар : Аукцион?а №1 лот – ?аза? тілі п?нінен ?ойылады. Сауданы бастаймыз. Бастап?ы ба?а- 10 эвро. ?ай акционер жо?ары ба?а береді? ….. сатылды. Д?рыс жауап берген жа?дайда о?ушы ?з ?орына … эвро ?осады. №1. ?аза? тілі ?андай тілдер тобына жатады? Жауабы : Т?ркі тілдер тобына 2 лот. (сауда ж?ргізіледі) – “Т” ?рпінен басталатын ?аза? тілі терминдерін ата. Жауабы : (т?йы? етістік, тарихи с?з, табу, толы?тауыш) 3.С?ра?ы: ?аза? тілінде к?сіби с?здер деген ??ым бар “К?сіби” с?зіні? т?бірі ?айсы? Жауабы: (к?сіп) 4. С?ра?ы : “Биыл” ?стеуі ?алай жасал?ан? Жауабы : (б?л жыл) 5.С?ра?ы: – Бірнеше с?зден т?ратын,бір с?ра??а жауап беретін,бір ма?ынаны білдіріп,бір с?йлем м?шесі болатын,??рамында?ы с?здерді бас?а с?здермен ауыстыру?а болмайтын с?здер тобы. Жауабы: (т?ра?ты тіркес) «Т?лпар» тобына с?ра?тар : 1.С?ра?ы: – Тіл біліміні? негізін салушы? Жауабы: (Ахмет Байт?рсын?лы ) 2 лот. (сауда ж?ргізіледі) – Жал?ы есімдер ?алай жазылады? Неге? (бас ?ріппен) Жауабы : (себебі адам, жер су атаулары) 3.С?ра?ы: С?раулы с?йлемні? со?ына ?андай тыныс белгісі ?ойылады? Жауабы: (с?ра? белгісі) 4. С?ра?ы : С?зді? ма?ынасын ?згертетін ?осымша ?алай аталады? Жауабы : (ж?рна?) 5 . С?ра?ы : Батыр с?зіне жуы? м?ндес с?зді ата. Жауабы : (ер, ?а?арман) Осымен І тур ая?талды. Жо?ары капитал жина?ан топ … К?рермендермен ойын : «Си?ырлы ?обдиша» д.а. ?обдишада не жасырын?ан? К?к??танша а? айдында, Бiр ая?пен т?рады. Т?мсы?ымен ол м?нда, Шыр айналып шы?ады. (циркуль) Ж??а та?тай б?лшегi, ?зынды?ты? ?лшемi. (Сыз?ыш) Бізді? екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. ?р о?ушы?а берілген уа?ыт – 5 секунд ?рбір д?рыс жауап ??ны- 10 эвро. С?ра?ты? жауабын білмеген жа?дайда «келесі» деп айту с?ралады. Ендеше, «Тіл ?аруы – с?з, с?з ?аруы – ой, а?ылды ой, ал?ыр с?з – адамны? е? жо?ар?ы ?асиеті»,- деген ?абиден М?стафинні? с?зімен сайысты е? к?п капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уа?ыт! ІІ тур. Эрудиттер сайысы. ?аза? тілі мен ?дебиетінен араласып келеді с?ра?тар «С???ар» тобына 1-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: Тіл біліміні? салаларын ата? (лексика, фонетика, морфология, синтаксис). 2-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: ?дебиет ?ай тілден енген с?з, ?андай ма?ына береді? ( Араб тілі, асыл с?з ) 3-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: « ?ылым таппай ма?танба» Кімні? ?ле?і ( Абай ??нанбай?лы) 4-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: ?аза? жерінде е? ал?аш рет мектеп аш?ан кім? (Ы. Алтынсарин) 5-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: ?ш биді ата?ыз? ( Т?ле би, ?азыбек би, ?йтеке би ) 6-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: Зат есім ??рамына ?арай нешеге б?лінеді? (дара, к?рделі) «Т?лпар» тобына 1-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: Морфология саласы нені зерттейді ? (с?з ??рамын) 2-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: .“?ыры? мысал” жина?ыны? авторы, тіл біліміні? атасы кім? Жауап- Ахмет Байт?рсын?лы 3-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: ?аза? тілінде неше жал?ау бар??андай? (4) 4-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: Дауысты дыбыс тілді? ?атысына ?арай нешеге б?лінеді? (жуан, жі?ішке) 5-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: ?йлену салтына байланысты жырларды ата (тойбастар, сы?су, жар жар, беташар) 6-о?ушы?а арнал?ан с?ра?тар: А.Байт?рсынов «?аза?ты? бас а?ыны» деген ма?аласы кім туралы? (А.??нанбаев) К?рермендермен ойын : ?абат-?абат ?аттал?ан, Керегі?ді жазасы?, Асыл с?збен аптал?ан. Жазып алып бол?ан со?. Пара?ы бар с?йлейтiн, ?ойыны?а саласы? (блокнот) Ол ?азына ?лмейтiн. (Кiтап) Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда ?апы ?алып ж?рмейік»,- деген Абылай ханны? ойлы с?зімен келесі турымыз?а к?шейік. ІІІ тур «Та?дау – табысы» деп аталады. С?ра? ??ны – 50 евро. Та?дауды капиталы аз топ та?дайды. ?дебиет – с?з ?нері. ?дебиет - ?семдік ?лемі. ?дебиетті ?ла?атты адамдар «адамтану ??ралы» десе, біз «адам т?рбиелеу ??ралы» дер едік. ?йткені ?деби шы?армаларды о?и отырып, с?з маржаныны? ?ыр-сырын игеріп ?ана ?оймай, ?мірді? е? ?ымбатысы, е? асылы – жа?сылы?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Білім биржасы" сыныптан тыс саба? »

Күні: 20.10.14

Сыныбы: 9 «Б» сыныптар арасында


Тақырыбы : «Білім биржасы» зияткерлік ойыны.


Мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.


Ойынның барысы: Ойынға 6 адамнан 2 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.


І тур. Білім аукционы.


ІІ тур. Эрудиттер сайысы


ІІІ тур. Таңдау табысы.


ІV тур Сыйлықтар аукционы.

V тур. Білім табысы


Шараға қажетті көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайдтар, евро ақшалар, кеспе қағаздар


Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!


«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.


Алдарыңызда өз білімімен, ақыл- ойымен, эрудициясымен ерекшеленген білімді оқушылардан құралған екі топ келіп отыр. Ендеше кезек топтарда (әр оқушы өз аты мен ұранымен таныстырады.)

І топ. Топтың аты – «Сұңқар»

Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда


ІІ топ. Топтың аты – «Тұлпар»

Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.


«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р- Райхан әл Бируни.

Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.


Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «эврика» сөзінен алынған «эвро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топта 50 эвродан бар. Бұл- бастапқы капитал. Өз капиталдарыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.


Аукционға қазақ тілі және әдебиеті пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы- 10 эвро. Әр оқушы бағаны 10 эвродан жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол оқушыға беріледі, ал қате жауап айтылса, онда оқушы өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер оқушы қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда- банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.


Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыру дағдысы»,- деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.



« Сұңқар» тобына сұрақтар :

Аукционға №1 лот – қазақ тілі пәнінен қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға- 10 эвро. Қай акционер жоғары баға береді? ….. сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда оқушы өз қорына … эвро қосады.

№1. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

Жауабы : Түркі тілдер тобына


2 лот. (сауда жүргізіледі) – “Т” әрпінен басталатын қазақ тілі терминдерін ата.

Жауабы : (тұйық етістік, тарихи сөз, табу, толықтауыш)


3.Сұрағы: Қазақ тілінде кәсіби сөздер деген ұғым бар “Кәсіби” сөзінің түбірі қайсы?

Жауабы: (кәсіп)


4. Сұрағы : “Биыл” үстеуі қалай жасалған?

Жауабы : (бұл жыл)


5.Сұрағы: – Бірнеше сөзден тұратын,бір сұраққа жауап беретін,бір мағынаны білдіріп,бір сөйлем мүшесі болатын,құрамындағы сөздерді басқа сөздермен ауыстыруға болмайтын сөздер тобы.

Жауабы: (тұрақты тіркес)



«Тұлпар» тобына сұрақтар :

1.Сұрағы: – Тіл білімінің негізін салушы?

Жауабы: (Ахмет Байтұрсынұлы )


2 лот. (сауда жүргізіледі) – Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)

Жауабы : (себебі адам, жер су атаулары)


3.Сұрағы: Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Жауабы: (сұрақ белгісі)


4. Сұрағы : Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?

Жауабы : (жұрнақ)


5 . Сұрағы : Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата.

Жауабы : (ер, қаһарман)

Осымен І тур аяқталды. Жоғары капитал жинаған топ …


Көрермендермен ойын : «Сиқырлы қобдиша» д.а. Қобдишада не жасырынған?


Көкқұтанша ақ айдында,

Бiр аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады. (циркуль)

Жұқа тақтай бөлшегi, ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)

Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр оқушыға берілген уақыт – 5 секунд Әрбір дұрыс жауап құны- 10 эвро. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті»,- деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт!


ІІ тур. Эрудиттер сайысы. Қазақ тілі мен әдебиетінен араласып келеді сұрақтар


«Сұңқар» тобына

1-оқушыға арналған сұрақтар: Тіл білімінің салаларын ата? (лексика, фонетика, морфология, синтаксис).

2-оқушыға арналған сұрақтар: Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? ( Араб тілі, асыл сөз )

3-оқушыға арналған сұрақтар: « Ғылым таппай мақтанба» Кімнің өлеңі ( Абай Құнанбайұлы)

4-оқушыға арналған сұрақтар: Қазақ жерінде ең алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)

5-оқушыға арналған сұрақтар: Үш биді атаңыз? ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би )


6-оқушыға арналған сұрақтар: Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)


«Тұлпар» тобына

1-оқушыға арналған сұрақтар: Морфология саласы нені зерттейді ? (сөз құрамын)

2-оқушыға арналған сұрақтар: .“Қырық мысал” жинағының авторы, тіл білімінің атасы кім?

Жауап- Ахмет Байтұрсынұлы

3-оқушыға арналған сұрақтар: Қазақ тілінде неше жалғау бар?Қандай? (4)

4-оқушыға арналған сұрақтар: Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)

5-оқушыға арналған сұрақтар: Үйлену салтына байланысты жырларды ата (тойбастар, сыңсу, жар жар, беташар)


6-оқушыға арналған сұрақтар: А.Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласы кім туралы? (А.Құнанбаев)

Көрермендермен ойын :

Қабат-қабат қатталған, Керегіңді жазасың,

Асыл сөзбен апталған. Жазып алып болған соң.

Парағы бар сөйлейтiн, Қойыныңа саласың (блокнот)

Ол қазына өлмейтiн. (Кiтап)


Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,- деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.


ІІІ тур «Таңдау – табысы» деп аталады. Сұрақ құны – 50 евро. Таңдауды капиталы аз топ таңдайды. Әдебиет – сөз өнері. Әдебиет - әсемдік әлемі. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз «адам тәрбиелеу құралы» дер едік. Өйткені әдеби шығармаларды оқи отырып, сөз маржанының қыр-сырын игеріп қана қоймай, өмірдің ең қымбатысы, ең асылы – жақсылық пен ізгілікті үйренеміз. Әдебиет – еш уақытта көзге көрінбейтін сезім қырлары арқылы ақыл иесі – адамды өз ырқына жетелей алатын қасиетті дүние. Бұл кезеңге алдын ала ақша тігіледі. Дұрыс тапса евро қосып алады, таба алмаса ұпайларынан шегеріледі. Екі топқа қазақ әдебиеті бойынша екі шығармадан үзінділер беріледі. Шығарманың авторын, атын табуымыз керек.

Сұрақтар ұяшық түрінде беріледі :

10 евро



10 евро



10 евро



10 евро







1-ұяшық.

Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

2-ұяшық.

“Әкесі баласының атын кім қоям десе де өз еркінде емес пе,өзіне ұнаған есімін қояды.Шығарма да жазушының баласы тәрізді.Дегенмен басты кейіпкердің атын Қожа қоюымның тағы бір себебі: біздің мектепте Қожа атты бір бала болды.Оны да “қара Қожа” дейтінбіз.Шығарма жазу барысында мектептес досымның осы есімі көкейден кетпей,тілге оралады да тұрады.Бірақ ол өте жуас,қой аузынан шөп алмас момын бала болатұғын.Неге екенін сол баланың атын басты,әрі тентек кейіпкерге бергенді жөн көрдім.” Бұл кімнің сөзі? Жауап – Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа»

3-ұяшық.

Жетішатыр – жақсы қала.

Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы – қымыз, ойын-сауық – «кататься». Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес.

Маскүнем. Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса пароход, паром, желқайық, жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйт соққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней... Қызық думан... Қайткенмен сергек қала. (Ж.Аймауытов «Әнші»)

4-ұяшық.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін! (М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»)


Көрермендермен ойын :

Тұрады ылғи сөреде,

Іші толы өнеге (Кітап)


Бөлінгенді табыстырар,

Жыртылғанды жабыстырар (желім)


Енді біз ең қызықты келесі тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.


Аукционға сыйлықтар қойылады. Сұраққа жауап беру үшін ақша тігуге болады немесе сыйлықтар таңдауға болады. Сұрақтар жұмбақтар түрінде болады, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға – 10 эвро. Кім жоғары баға ұсынады? (50-ге дейін)



№1

Он екі парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап.(дәптер)


№2


Ол – оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады. (өшіргіш)


№3

Оқуыма төрешi,

Тоқуыма төрешi.

Парақтасам байқалар.

Бiлiмiмнiң өресi,

Онда және жазылған,

Кестем де бар келесi. (Күнделiк)

№4


Күн-күн сайын жыртылдық,

Өміріміз бір жылдық.(күнтізбе)


№5

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.(қарындаш)


2-топка

№1


Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)


№2


Бірге барып сыныпқа,

Бірге үйіне қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады. (күнделік)



№3 Жіп жіңішке денесі, ортасында шегесі (қарындаш)


№4 Жазу жазып жалықпаған, жаза жаза арықтаған (бор)


№5

Екі аяғы бар,

Бір сирағы біз,

Бір сирағы салады із. (Циркуль)




V тур. «Білім қоры» деп аталады.

Бұл турда екі топқа ортақ бір сұрақ қойылады да ол сұраққа алдына ала ақша тігіледі. Содан кейін барып сұрақ оқылады. Егер сұраққа жауап берсе қойған ақшаларын қосып алады, жауап бермесе ұпай қоржынынан алынып тасталады.

Сұрақ : Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Осындай тілге байланысты айтылған нақыл сөзге көңіл бөліп, бір сәт ойланып көрейік. Олай болса тапсырма : «Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» ,- нақыл сөздің авторын тап. Мұхтар Әуезов


Бірінші көмек : бірақ тіккен ақшадан 10 евро алынып тасталады (С.Аронұлы айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп баға берген)

Екінші көмек : 20 евро («Көксерек» «Қараш-қараш оқиғасы» шығармаларының авторы)

Үшінші көмек алса : 30 евро (Абайды әлемге танытқан академик, жазушы)


«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыз.

11



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Білім биржасы" сыныптан тыс саба?

Автор: Коныршина Ерсин Сериковна

Дата: 27.01.2015

Номер свидетельства: 162380

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Биологиялы? сайыс"
    ["seo_title"] => string(19) "biologhiialyk-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "284747"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454037744"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства