kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Батыры Ұлы даламның"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тама Есет батыр Көкіұлының 350жылдығына орай өткізілген танымдық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Батыры Ұлы даламның"»

Айнара: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгін біз біздің мектебіміз үшін ең елеулі мереке Есет батыр Көкіұлы бабамыздың 350жылдық мерейтойына арналған «Батыры – Ұлы даламның » атты танымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Венера: Кештің мақсаты – бүгінде қара шаңырағымызға аты берілген бабамыз, ел Тәуелсіздігі жолында күрескен батыр, ел арасында көрегендікпен есімі аталатын дана тұлға Есет Көқіұлы туралы мәліметтермен жете таныстыру.

Айнара: Ендеше кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп – интернат директоры Ташенбаев Ғабиден Ұлықпанұлына береміз.

Венера: Олай болса кешімізді жалғастырып, татымды мәліметтерді түрлі әдіс – тәсілдермен жеткізетін біздің оқушыларымызға кезек берейік.


Кеш жүргізушілері: Қалдыбай Нұрхан, Тілепов Мырзабек

1-жүргізуші: Саламатсыздар ма ұстаздар және болашақ Қазақстанның айбынды азаматтары, ел чемпиондары!

2-жүргізуші: Бүгінгі шарамызда Есет атамыз туралы барынша мол мәліметтер ұсынамыз деген ойдамыз. Олай болса, назар салайық:


Көрініс:

(көрпе үстінде жиылған адамдар, Көкі батыр тыпыршып отырады.)

Жылаған баланың дауысы

- сүйінші, сүйінші! Дүниеге атқа мінер ұл келді.

- Ал, Көкі батыр құттықтаймыз!

- бауы берік, үлкен азамат, елін қорғар өзіңе ұқсаған батыр болсын!

Көкі: - иә, жұртым, рахмет сендерге. Мінеки жеті ұлым болды. Өзімнен ергеннің бір буыны тең болар, қалғаны қара болар –дағы...

- ол не дегенің, батырдан батыр туады емес пе?!...

(музыка фон, мәлімет оқылғанда бәрі жаймен тұрып кетеді)


Оқушы:

Мінеки, 1667жылы Тама Базарқұлұлы Көкінің шаңырағында бүгінгі есімі ел жадында сақталған Есет батыр дүниеге келеді. Шыққан тегі, Кіші жүздің Жетіруы ішіндегі Тама руының, Аташал тармағынан. Әкесі Көкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатын болғандықтан «Таймас батыр» деген ат алған. Ал нағашы жұрты Әжібай би деп танылса, Өзі атақты кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы.



Оқушы:

Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен тұрғыластары сияқты сияқты Есет те ел қорғау ісіне ерте араласады. Жеке ерлігімен көзге түсіп батыр атанады. Тәуке хан тұсындағы жеңісті шайқастарда Есет батыр Кіші жүз қолын бастайды. Осындай шайқастардың бірінде найзагерлігімен көзге түсіп, ерен ерлік көрсеткен Есетке риза болған Тәуке хан өз батасын берген екен. Осы бір сәтті көрініспен тамашалайық.


Көрініс:

(Фон. Тәуке хан тағында отырады. Қасында екі көмекшісі отырады. Сырттан уәзір келеді.)

- Хан ием, баяндауға рұқсат етіңіз...

Тәуке хан:

- рұқсат

Уәзір:

- Бөгембай батыр бастаған халық құрамы жоңғарларға ойсырата соққы беріпті. Әсіресе, кіші жүз қолын бастаған Есет Көкіұлы асқан ерлік көрсетіпті деседі.

- ммм, дұрыс болған. Батырлардың өздері қайда?

(батырлар ішке кіреді)

- Жарайсыңдар батырлар! Ерліктеріңді естіп жатырмын. Бізге киліккен қандай жаудың да сыбағасын берер батырлардың арамызда барына әрдайым сенімді едім. Ішкі сезімім алдамайтынына тағы да көзім жетті. Есет ерлігіңмен талай көзге түсіп жүрсің, ерлігіңе ризамын. Мен саған өз батамды берейін деп шақырған едім. Қолыңды жай: «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын»!!! (хормен батырлар: аумин!!!)


ӘН:

1-жүргізуші:Ғалымдар Есет батыр Көкіұлының өмірін екі кезеңге бөліп қарастырады. Мәлімет тыңдай отырайық.


Оқушы:

Алғашқысы – 1690 – 1710жылдар аралығындағы уақыт. Бұл кезеңде Аюке хан бастаған Еділ қалмақтарының әскерімен шайқасып, қазақ жері үшін төнген қауіптермен күрес үстінде жүреді. Алғашында аталығының, кейін руының намысын қорғап, атқа қонған бабаның Кіші жүзге аты шығатын тұсы осы. «Бөкенбай батыр, Арал батыр, Баймұрат батыр, Есет батырлар Аюке сияқты ханға күресу үшін бүкіл Кіші жүз әскерін біріктіре бастайды. Енді Есет аташалдық, яғни рулық деңгейден, кіші жүздік деңгейге көтеріледі.», - деп жазады тарих ғалымдарының кандидаты Өтеген Есмырзаұлы.

Оқушы:

1710 жылдан бастап Есет батырдың өмірінің екінші кезеңі басталады. Мұнда ол бүкілқазақтық, жалпыұлттық мәселелерге араласып, жиындарға қатысады. Соның бірі – әйгілі Қарақұм құрылтайы. Мұқым қазақ баласы бас қосқан ұлы жиында екі мәселе қаралады: біріншісі – жоңғарларға тойтарыс беріп, жерден қуу, екіншісі – кіші жүзге хан сайлау. Осы құрылтайда кіші жүздің ханы етіп Әбілқайыр сұлтанды тағайындайды осы 1710 жылдан1748 жылға дейін Есет батырдың есімі хан Әбілқайырмен бірге аталады.

Оқушы:

Яғни, Есет батырдың кейінгі өмірі Әбілқайыр ханның саясатымен тығыз байланысып жатады. Ханның қасында болып, ақыл кеңесін береді, хан мен халық арасына түскен жарықшықты дәнекерлеп бітістірушісі болады. Әсіресе, орыс патшасының қол астына өтер кездегі хан басына үйірілге қауіп бұлтын сейілтуде ол сол кездің тарихи ірі тұлғалары Бөгенбай, Жәнібек батырлармен бірлесе отырып, оған үлкен көмек көрсетеді. Россиямен қарым қатынасты жақсартудағы сіңірген еңбегі үшін патша үкіметі оған 1743 жылы «Тархан» атағын берді.

Есет батыр сексен екі жасында өзінің атамекенінде, өз ажалынан қайтыс болады.Денесі қазігі Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ елді мекенінде жерленген.


2-жүргізуші: Иә, бабамызға арнап қандай теңеу, қандай арнау айтсақ та жарасады. Олай болса, ортаға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Қызметкері Шынболат Ділдебаевтың «Есет мазары басында» атты өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

Кешір, ата, кейіме кешіктің-деп!

Дауысымды неге кеш есіттің-деп!

Тоқыраудың тартқанда қасіретін

Таба алмадық кіретін тесікті іздеп.

Кешір, ата, кейіме кешіктің деп.

Заманымды білемін тарылтты кім.

Қайта келді басыңа халық бүгін.

Сабырменен осы бір күнді күтіп,

Жатыр ма едің тып-тыныш жарықтығым.

Әулиесі даламның,байтақ елдің,

Айта бергім келеді,айта бергім.

Әруақ өлмейт деген сөз шынға айналып.

Арасына халқыңның қайта келдің.

Шыдап небір тағдырдың салмағына.

Қатты іліндің кәпірдің қармағына.

Құдай жоқ деп күнәға белден батып,

Бүтін дән ек айналдық жармағына.

Заманның құрсауы қысып,алып,

Дінсіздердің жолына түсіп анық.

Кешір ата,біздерді кешіре гөр,

Біз осындай тұйыққа ұшырадық.

Сарсаң болдық,санымыз жүзге жетпей,

Жүзге жетсек қырылдық күзге жетпей.

Тоқыраудың торына аласұрып,

Жатып қалдық қолымыз сізге жетпей.

Сиынармыз өзіңе сиынсақ та,

Қиылармыз өзің деп қиылсақ та.

Ұрпағыңбыз бел буған, ел болуға,

Жебеуші де өзің бол қиын шақта!

2-жүргізуші:Мінеки бабамыз туралы біраз мәліметтерді ортаға салдық деген ойдамыз, енді батырға арналған бұрышымызды таныстыру үшін кезек берейік.

(көрмеге қойылған заттарды таныстыру)


1-жүргізуші: Ал, құрметті оқушылар. Бүгінгі танымдық сабақты қорытындылау үшін сіздермен сұрақ – жауап жүргізсек:

  1. Есеттің әкесі кім? (Базарқұлұлы Көкі)

  2. Ол кім болған? (Батыр)

  3. Қандай атақ берілген, батырлығына байланысты? (Таймас батыр)

  4. Неше ұлы болған?(7 ұлы)

  5. Есет Көкіұлы қай жылы дүниеге келді? (1667жылы)

  6. Кім деген хандардың тұсында өмір сүрді? (Аюке, Тәуке, Әбілхайыр хан)

  7. Қандай батырлармен аты бірге аталды? (Бөкенбай батыр, Арал батыр, Баймұрат батыр Жәнібек батыр)

  8. Россиямен қарым қатынасты жақсартудағы сіңірген еңбегі үшін патша үкіметі қай жылы, қандай атақ берді? (1743 жылы «Тархан»)


2-жүргізуші: Батырлығы, ерлігі, жомарттығы,әулиелігі туралы халық арасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан шежіре.Есет батырдың халық ауызындағы батырлығы мен әулиелігі туралы айтылған біраз әңгіме есінде қалыпты дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Омарова Ұлмекен Есет батырдың ауылынан, Қаракесектің қызы, бұл әулетке келін болып түскелі сыйлы үлкен кісілерге шай құйып отырып, талай әңгімелерді зердесіне тоқыған кісі.

Есет батырдың халық ауызындағы батырлығы мен әулиелігі туралы айтылған біраз әңгіме есінде қалыпты. Ертеректе жылқысын іздеп шыққан жігіттер әбден торыққан соң, әулиелігін көрейік деп, қорымның қасына түнеп жатып: «Жылқым табылса ұшқан әулиесің, табылмаса тышқан әулиесің» дейміз деп ұйқыға кетеді. Ертең оянса өзеннің жиегінде иіріліп тұрған жылқыны көріп, кешегі айтқандарынан қорқып, бір жылқыны сойып, сол жердегі елге таратып, құран оқытып, әулиеден кешірім өтініп аттанып кетіпті.


1-жүргізуші: Мінеки, ер — ел қорғаны. Батыр — байтақ даланың, қалың жұрттың айбары. Сондай ірі тұлға — Тама Есет Көкіұлы өз заманында қолына ту ұстап, қазақ деген халықтың ар-намысын биікке көтерген айтулы батыр. Оның ерлігі — бүгінгі ұрпаққа үлгі.

Есет батыр қазақ тарихында ерекше өз орны бар, біздің тәуелсіздік жолын ұдайы нұрландырып тұратын батырларымыздың қатарында. Қазақ елінің азаттығын аңсап өткен, өмірі теңдесі жоқ ерлікке толы батыр бабамыздың халқының жүрегінен мәңгі орын алатындығы әркімге аян.

Артық кімдер бар еді,

Ертеде туған Есеттен.

Ақ сүңгісін өңгерген,

Аламанға жел берген,

Азын көпке теңгерген.


2-жүргізуші:

Бүгінде бабамыздың есімі берілген біздің қара шаңырақ Есет батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында тәрбиеленудеміз. Біз соны мақтан тұтамыз. Және биыл бабамыздың туғанына 350 жыл мерейтойы. Ендеше Бабаның өзі өлсе де, артындағы ұрпағы біздерміз. Ендеше:

Хормен: Біз спортты сүйеміз, біз дарынды, біз бақытты баламыз!!!

ӘН: «Біз дарынды баламыз» хор


Айнара: Осымен танымдық кешіміз өз мәресіне жетті. Балаларға көп рахмет. Қажетті мәліметтермен таныстырылды деген ойдамыз.


Венера: Биылғы Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерейтойы баршамызға құтты болсын! Батырдың ұрпағы деп мақтанышпен айтып жүрер ел азаматтарын тәрбиелеуде ұстаздарға үлкен жетістіктер, ал оқушыларымызға елім, Отаным деп соғар жұдырықтай жүректеріңіз ЖЕҢІСке деген сенімділікке толы болсын дейміз!

Аман сау болыңыздар!!!

«Батыры – Ұлы даламның»

Есет Көкіұлының 350 жылдығына орай ұйымдастырылған танымдық кеш!




Есет батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық

мектеп – интернаты







«Батыры – Ұлы даламның»

(Есет Көкіұлының 350жылдығына орай ұйымдастырылған танымдық кеш)







Ұйымдастырушылар: Бөлекбаева В.М.

Исламбекова А.Б.







2016 – 2017 оқу жылы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Батыры Ұлы даламның"

Автор: Бөлекбаева Венера Миканқызы

Дата: 19.11.2017

Номер свидетельства: 439523

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?уелсіздік т?т?асы - бізге аманат !"
    ["seo_title"] => string(31) "tuielsizdiktutkasybizghieamanat"
    ["file_id"] => string(6) "268073"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450537491"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Конспект на тему "Қазақстаным менің мақтанышым""
    ["seo_title"] => string(52) "konspiekt_na_tiemu_k_azak_stanym_mienin_mak_tanyshym"
    ["file_id"] => string(6) "369386"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481655316"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс іс-шара"?аза? ханды?ына 550 жыл""
    ["seo_title"] => string(49) "synyptan-tys-is-shara-k-azak-khandyg-yna-550-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "266520"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450180698"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "«Же?іс к?нін тойлаймыз» "
    ["seo_title"] => string(24) "zhien-is-kunin-toilaimyz"
    ["file_id"] => string(6) "217949"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433531135"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Т?уелсіздік та?ы - ат?ан к?н!»"
    ["seo_title"] => string(29) "t-uielsizdik-tan-y-atk-an-kun"
    ["file_id"] => string(6) "290828"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455026868"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства